Курсы: ІІІ семестрі: V тақырыбы


ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімнің гигиенашы дәрігер



бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#11597
1   2   3   4

ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімнің гигиенашы дәрігері – бөлім бастығына бағынады, қоғамдық тамақтандыру объектілеріне үнемі санитарлық қадағалау жасап отыруға жауап береді.

Ол:

  • жаппай зақымдану ошағында санитарлық – гигиналық және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысуға;

  • ЭҚЖО әрекет ету аумағындағы тамақтандырудың жылжымалы пункттерінің, қоймалардың және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің орналасқан жерін білуге;

  • тамақтық азық – түлікті тасмалдау және сақтау ережелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға;

  • қоғамдық тамақтандыру бъектілеріне санитарлық бақылау жасауға және тамаққа улы инфекция түсудің алдын алу бойынша нұсқау талаптарын қадағалап отыруға;

  • қоймаларға және басқа қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қатерсіздендіру шараларын жүргізуді бақылауды жүзеге асыруға;

  • берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы санитарлық – эпидемиологиялық бөлімнің бастығына баяндауға;

  • УЗ (ҚӘУЗ) – нан азық – түлік тамақтарын қорғау жөніндегі шаралардың өткізілуіне бақылау жасауға;

  • азық – түлік қоймаларына және басқа қоғамдық тамақтандыру объектілеріне жасалатын қатерсіздендірудің дұрыс жасалуын бақылап отыруға;

  • азық – түлік объектілерінің жұмысшыларына азық – түлік тамақтарының, судың сынамасын сұрыптап алу тәртібі және олардың УЗ (ҚӘУЗ) – бен қаншалықты зақымданғандықтарын анықтау үшін санитарлық – химиялық зертханаға жеткізу тәртібін түсіндіруге;

  • аудандағы санитарлық – эпидемиологиялық зерттеулерге қатысуға және апат ошағына белгіленген карантиннің және тамақ объектілеріндегі обсервациялық шаралардың жүзеге асуына бақылау жасауға;

  • қоғамдық тамақтандыру объектілеріндегі эпидемияға қарсы жұмыс режимінің орындалуына бақылау жасауға;

  • жеке қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалауға, шұғыл алдын алу, сақтандыру құралдарын дер кезінде қолдануға, киім мен аяқ киімді залалсыздандыра отырып, санитарлық тазалау – өңдеу тексерісінен толық өтуге;

  • азық – түлік тағамдарымен жабдықтау қызметінің қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыруына бақылау жасауды жүзеге асырып отыруға міндетті.

ЭҚЖО зертхана бөлімінің бастығы (ол бактериологиялық зертхананың бастығы) – ЭҚЖО бастығына бағынады және зертхана бөлімінің жұмысқа дайындығы мен келіп түскен сынамалардың және материалдардың тексеруден сапалы өтуіне жауап береді.

Ол:



  • бөлімнің орналасуына және оның дер кезінде жұмысқа дайын болуына басшылық жасауға;

  • бактериологиялық, санитарлық – химиялық және радиологиялық зертханалардың жұмыстарын ұйымдастыруға, оларға өзінің берген тапсырмаларының орындалу барысын бақылап отыруға;

  • су қоймасы мен тағамды бактериялық тексерістен жүргізуге;

  • бактериологиялық зертхананың жұмысына тікелей басшылық жасауға және келіп түскен материалдарға бактериологиялық тексеру жүргізуге;

  • тамақ және сумен жабдықтау көздеріне бактериологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

  • бактериологиялық зертханалары жоқ мекемелер мен құрылымдарға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға;

  • аурудың инфекциялық сипатын анықтау үшін талдаулар жасауға және жұқпалы аурулардың жазылып шығу мерзімдерін анықтауға;

  • медициналық персоналдардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтауына және бактериологиялық зертханалардың жұмыстарына бақылау жасауға;

  • зертхана ғимараттарында тазалық сақтауға және олардың сапалы тазалануы мен залалсыздандырылуына бақылауды жүзеге асыруға;

  • персонал жұмыстарына басшылық жасауға, болған жағдайға сәйкес жеке құрамды бөлуге;

  • зерттеудің нәтижесі туралы қорытынды жасауға;

  • қол астындағыларға жұмыстың ерекшелігін, УЗ (ҚӘУЗ) – бен зақымданғандардан сынама қабылдау кезінде және оларды тексеріп – зерттеу барысында жеке қауіпсіздік ережесі туралы түсініктеме нұсқау беруге;

  • жеке және медициналық қорғаныс құралдарын дер кезінде пайдалануды қамтамасыз етуге;

  • бөлімде қажетті газсыздандыру шараларын жүргізуді ұйымдастыруға;

  • химиялық зақымдалу ошағы (ҚӘУЗ) шекарасының жылжымалылығын ескере отырып, химиялық жағдайлардың өзгерісі жөнінде әрдайым біліп отыруға;

  • жеке құрамның арнайы тазалау – өндіруінен өтуін қадағалауға;

  • қоздырушы бактериологиялық құрал ретінде қолданылуы мүмкін, әсіресе қоздырушылары оба, тырысқақ, сібір түйнемесі және ботулизма сияқтыларға тексеру жүргізгенде қысқа көлемде жүргізу әдістерін білуге;

  • санитарлық – эпидемиялық барлау кезінде, индикация мен сараптама үшін сынама зерттеулерін жүргізуге; барлық мәдени шаралардың есебін жүргізуге;

  • жүргізілген залалсыздандырудың сапасына бактериологиялық бақылауды жүзеге асыруға;

  • ЭҚЖО бастығына алға қойылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап отыруға міндетті.

ЭҚЖО радиологиялық зертханасының бастығы – зертхана бөлімінің бастығына бағынады және зертхананың жұмысқа дер кезінде дайын болуы мен келіп түскен сынаманы зерттеудің дұрыс шығуына жауап береді.

Ол:

  • дер кезінде зертхананы орналастырып, сынама қабылдау үшін жекелеген ғимаратты жабдықтауға және осы препараттардың активтілігін өлшеу үшін, олардын препараттар дайындауға;

  • ауыз суы мен азық – түлік тағамдарының радиоактивті заттармен зақымдануына сараптаманы жүзге асыруға;

  • медициналық көшіру кезеңінде түскен зақымданғандарға дозиметриялық бақылау жүргізуді ұйымдастыруға, қатерсіздендіру мен санитарлық өңдеуден сапалы өткізуді тексеруге;

  • радиоактивті материалдармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігін қадағалау және онымен айналысу тәртібі туралы зертхананың жеке құрамына нұсқау беруге;

  • сынамасы зерттеліп отырған заттың қасиетіне байланысты препараттарды дайындау ережелерін қатал бақылауға;

  • радиометриялық аппаратураның дұрыс жұмыс істеуіне және барлық құралдардың күтіліп ұсталуына, ғимараттардың тиісті тәртіпте жабдықталуына қадағалау жасауға;

  • жасалған талдаулардың есебін жүргізуге және зерттеуге келіп түскен сынаманың нәтижесі туралы тұжырымдама беруге;

  • дозиметриялық бақылауды және сәулеге шалдыққан жеке құрамның есебін жүргізуге;

  • жеке құрамды дер кезінде радиоактивті заттардан қорғайтын препараттармен қамтамасыз етуге;

  • жұмсалған материалдар мен радиоактивтерді дер кезінде толықтыруды қамтамасыз етуге;

  • ЭҚЖО – нің зертханалық бөлімінің бастығына алдыға қойылған тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндап отыруға;

  • зертхананың жабылуына басшылық жасауға, жеке құрамды толық санитарлық өңдеуден өткізуге, қорғаныс құралдарын, киімдерді, аяқ киімдерді, мүлікті, техникаларды қатерсіздендіруге және зертхананы келесі тапсырмаларды орындау үшін қалпына келтіруге;

  • ЭҚЖО – нің бастығына алға қойылған тапсырмалардың орындалуы туралы баяндап отыруға міндетті.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Бақылау тапсырмаларды орындау:

1-билет

1.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайың сәттілігі.

2.Кенеттен шабуыл жасалу кезінде.

2-билет

1.Сәтсіз санитарлық-гигиеналық жағдай.



3-билет

1. Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сәтсіздігі



4-билет

1. Санитарлық-эпидемиялық төтенше жағдайы.



5-билет

1 ЭҚЖО бастығының функционалдық міндеттері.



7-билет

1. ЭҚЖО бастығының міндеттері,күнделікті дайындық кезінде.



8-билет

1. ЭҚЖО зертхана бөлімінің бастығы міндеттері.



9-билет

1. ЭҚЖО радиологиялық зертханасының бастығы міндеттері.



10-билет

1.ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімнің гигиенашы дәрігері

міндеттері.

11-билет

1.ЭҚЖО санитарлық – эпидемиялық бөлімі бастығының функционалдық міндеттері.



12-билет

1.Бейбітшілік кезінде ТЖ пайда болу қаупі төнгенде және болған жағдайда.

13-билет

1.Химиялық зақымдалған ошақтағы іс – әрекет кезінде және АҚ – ны әскери

жағдайға көшіру кезінде.



12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: ТЖ ошағында адамның шоғырланған жерінде зардап шегушіге жасалатын санитарлық-гигиеналық мөлшер.

Қ- 11,12 2 мин(5%)



Сабақтың тақырыбы: Модуль 6. ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиеналық іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыру

4 Сабақ: ТЖ ошағында адамның шоғырланған жерінде зардап шегушіге жасалатын санитарлық-гигиеналық мөлшер



1.Сағат саны: 45 мин (100%)

2.Сабақ түрі: тәжірибелік

3.Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: ТЖ ошағында індетке қарсы және санитарлық-гигиениялық іс- шараларды жүргізуді қамтамасыз ететін және жұмыс істейтіндердің негізгі қалыптасуларын оқып-үйрену;

  • тәрбиелік: әкімшілік аумағына тәуелді ТЖ ошағында жұмыс істеп жүрген санитарлық-эпидемиялық бригадалардың санын санауды жіті меңгеруге баулу;

  • дамыту: қалыптасудың міндеттері мен мақсатын, топ және топтар арасындағы қарым-қатынасты дамыту.

4. Оқыту әдісі: пікірталас, бейне материалдар көру, кіші топта жұмыс істеу, бақылау тапсырмаларын орындау

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а)техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә)көрнекі және дидактикалық құралдар: презентация, кестелер, суреттер, кеспе қағаздары, тест, бақылау тапсырмалары.

б) оқыту орны: 116 аудитория.

6.Әдебиеттер:

Негізгі:(Н)

1. Баубеков С. Ж. Өмір қауіпсіздігі негіздерін оқытудың әдістемесі : оқу құралы: 0109000 - Тіршілік қауіпсіздік негіздері және валеология. - Алматы : Эверо, 2013.

2. Нәбиев Е. Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері: оқу құралы. - Астана:Б.ж 2012.

3. Немеребаев М. Н. Тіршілік қауіпсіздігі: оқу құралы. - Алматы : Эверо, 2012.

4. Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері: оқу-әдістемелік құрал / С. Тайжанов. - Алматы : Эверо, 2010

5. Төтеншежағдайлардазардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 1 бөлім. Болуы ықтимал апат оқиғалары (Жер сілкінісі). Бір демалыс күнінің оқиғалары(Сәтсіз сапар) = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 1 : жаднама. - Алматы : Б. ж., 2006.

6. Төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі халыққа арналған жаднама. 2-бөлім = Памятка населению по оказанию первой помощи пострадавшим в чрезвычайных ситуациях. Ч. 2 : жаднама . - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Төтенше жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетудi ұйымдастыру : оқулық / О. Д. Дайырбеков [ ж. б.]. - Шымкент : ОөмМА баспаханасы, 2000.

8. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности". Кн. 1: учеб.пособие / сост. А. А. Суровцев. - Алматы : Б. ж., 2005.

9. Учебное пособие для студентов высших учебных заведений по курсу "Безопасность жизнедеятельности.Кн. 2; учеб. пособие. - Алматы : Б. ж., 2005.

10. Фефилова, Л. К. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учебник для студентов средних мед.учеб. заведений. - М. : Медицина, 2005.

11. АлдешевА. А. Введение в сестринское дело. Безопасная больничная среда. Инфекционная безопасность и контроль:учебное пособие / А. А. Алдешев. - Шымкент : Б. и., 2005.

12. Саудабеков К. Е. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: учебное пособие. - Алматы :КазГЮУ, 1999.

13. ҚР АҚ ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулық – Алматы: 2000ж., 196 бет.

14. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, І кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

15. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы, ІІ кітап, Алматы: 2003ж. 240бет

16. Нәбиев Е. Н.Апат медицинасы: оқу құралы. - Астана : Б. ж., 2012.

17. ҚР Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы, Алматы: 2009ж.



Қосымша:(Қ)

1. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылатын оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

2. Ұйымдардағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс бойынша сабақтарға арналған оқу құралы: оқу құралы. - Алматы : Б. ж., 2012.

3. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс : энциклопедиялық анықтамалық / бас ред. Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2011.

4.ТЖ және Ақ саласындағы басшылық құрамының біліктілігін арттырудың Республикалық курстарының тыңдаушыларына көмек ретінде ұсынылған оқулық: оқулық. - Алматы : Б. ж., 2008.

5.ТЖ-да зардапшеккендергепсихологиялықкөмеккөрсетубойыншажаднама.3-бөлім = Памятка населению по оказанию психологической помощи пострадавшим в ЧС. Ч. 3-і:жаднама. - Алматы : Б. ж., 2008.

6. Төтенше жағдайлар жүйесінде қолданылатын орысша - қазақша терминдер сөздігі = Русско - казахский словарь терминов, применяемых в системе чрезвычайных ситуаций : сөздік. - Алматы : Б. ж., 2006.

7. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы заңдары : заңдар. - Астана : Б. ж., 2005.

8.Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық : нұсқаулық. - Алматы : Б. ж., 2003

9.Пособие в помощь слушателям Республиканских курсов повышения квалифиации руководящего состава в области ЧС и ГО : учеб.пособие. - Алматы : Б. ж., 2008

10.Вандышев, А. Р. Безопасность жизнедеятельности и медицина катастроф : учеб. пособие . - Ростов н/Д : Изд. центр " Март", 2006.

11. Медициналық радиобиология негізі.Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов.-Алматы: «Эверо», 2011ж.-276б.

12. Торгаутов Б.К., Сералиева М.Ш. Жалпы гигиена: Оқулық.-Шымкент, 2009.-428бет

13. АҚ жәнеТж медицинақызметінің лауазымды тұлғаларына арналған оқу құралы, Атматы қ., 2012ж, 102бет.



7.Ұйымдастыру кезеңі: 3 мин (15%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (30%)

  • Тақырыптың негізгі сұрақтары:

    1. Радиациялық қауіптілікті бақылау.

2.Радиациялық зақымдалу кезіндегі алғашқы көмек көрсету.

3. Өндірістік микроклимат.

4. Өндірістік шаң.

9. Жаңа сабақты түсіндіру: 7 мин (20%)

10.Ақпараттық материялмен жұмыс

Радиациялық қауіптілікті бақылау

Адамға белгілі болғандай ядролық энергия потенциалды түрде өте қауіпті, ал АЭС-ына ерекше көңіл бөлу керек, себебі аппаттық жағдайда қауіпсіздікті сақтау қажет.

Радиациялық зақымдалу кезіндегі алғашқы көмек көрсету.


  1. Мөлшерден тыс радиациялық зақымдану апат кезіндегі және бақылаудан тыс жөндеу жұмыстарын өткізу кезіндегі қызметкер ережені бұзған жағдайда туындайды.

  2. Мына көрсетілген жағдайда жұмыскерлердің гамма сәулеленуі, немесе әртүрлі радиациялық факторлардың сәулеленуі, контакталық бетта – сәулелену асқазан ішек шырышты қабықтар арқылы организмге радионуклидтердің түсуі.

  3. Барлық қызметкерлер жалғыз жағдайда көмек көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету (дәрігерлерге дейінгі) әдістерін білуі керек.

  4. Ішкі жарақат немесе сыртқы сәулеленудің ерте кезеңінде мына шаралар орындалады:

  • Тез арада дәрігерлерге дейінгі алғашқы көмек көрсете отырып, апат болған жерден алып шығу керек.

  • Санитарлық өңдеу, тері жабындысын тазарту.

  • Организмге радиоактивті заттардың сіңуін тоқтату және олардың организмнен шығуын жылдамдату.

  1. Тері жабдықтың ластану кезде ластанған беттің дедактивациясы қысқа уақыт ішінде иіс сабыннан ағынды сумен жуылады. Қажет болса арнайы жуғыш заттар |Защита| 116 пастасы, |Деконтамент| ерітіндісі, немесе тұрмыстық жуғыш заттар: «Эра, Астра, Лотос» қолданылуы. Радиоактивті заттардан аластату дененің ластанған бөлігінен басталады.

Ластанған бөлек аймақтар өңделген соң, зақымдалған адам сабын қолданып, душ қабылдау арқылы санитарлық өңдеуден өтуі керек.

Дененің үлкен аймағының радиоактивті заттармен зақымдалғанда зақымдалушы, душ астында өңделуі керек.

Шашты радиоактивті заттардан аластату үшін шампунь, иіс сабын қолданылады. Ауыз қуысы радиоактивті заттармен зақымдалғанда, ауыз қуысы қажет болса ас содасы қолданылған жылы сумен 10-15 рет шаю керек.

Радиоактивті заттармен көздің шырышты қабаты зақымдалғанда көзді дистилденген жылы сумен немесе 20%ас содасы ертіндісімен жуу қажет.

Радиоактивті зат мұрынның шырышты қабығына тиген жағдайда мұрын жолдарына жылы сумен немесе 2% ас содасы ертіндісімен жіберу керек.


  1. Радиоактивті заттармен ластанған немесе жарақаттанғанда, дәрігерге дейінгі көмек қысқа уақытта жүргізілуі керек және жарақатты ағынды сумен 3-5 минут бойы жуып, тампонмен өңдеп салу керек.

Егер жарақат сілті немесе қышқылға күюмен қатар жүрсе, онда оларды жедел түрде нейтрализациялау керек (сумен) жуу 3%бор қышқылы ертіндісі, 10% натрий гексаметафосфаты ертіндісі, 2-3% сода ертіндісімен.

  1. Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдылану қызметкерлердің жаттығу уақытында өткізіледі.

  2. Жаттығу уақытында дәрігерлердің қатысумен қан тоқтатудың қарапайым әдістерін, бас және дененің әртүрлі аймақтарына таңғыш салуды, соның жағдайында қозғалтпауды қамтамасыз етуді (иммобилизация), тасымалдау әдістеріне.

Иондаушы сәулелердің әсер ету деңгейіндегі нормалық принциптер «радиациялық қауіпсіздік нормасы РҚН-99 негізгі құжат болып табылады, бұрын Ресейде, қазір Қазақстанда». Иондаушы сәулелерде қорғануды қамтитын шаралар жиынтығы радиациялық қауіпсіздік.

Химиялық қорғаныс сияқты биологиялық қорғаныста дәрі – дәрмек арқылы пайдаланады. Ондай дәрілер белгілі әсер көрсетпеген радиацияға қарсылық көрсетеді, оларды – адоптогендер дейміз. Радиацияның өтімділік әсерін физикалық қорғаныс қорғай алады, бірақ адам организміне әсер етуі төмендейді.

Жылдық жіберілу шегі де (ЖШШ), орташа жылдық активті көлемі (ОЖАК) және өздік белсенділігі осының бәрі негізгі дозалық шекке байланысты, яғни мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалауда болады. Тұрған халықтың жылдық сәулелену дозасы негізгі доза шегінен аспау керек. Егер сәулелену деңгейін қорғаныстық шаралар сақтап қалса, онда ол А-шегінен аспайды, сондықтан қорғану шараларының қажеттілігі жоқ .

Апатты кезеңңнің басында қолданылатын шешім қабылдау критерийлері.


Қорғаныс шарала-ры

Алғашқы 10 сөткедегі зода болжамы, мГр

Барлық денеге

Қалқанша без, өкпе, тері

А деңгейі

Б деңгейі

Адеңгейі

Б деңгейі

Паналау

5

50

50

500

Иодтық іс-шара:

Еркектер

Балалар

-

-


-

-


250*


100*

2500


1000

Эвакуация (көшу)

50

500

500

5000

*-тек қалқанша безге



Өндірістік микроклимат

Өндірістік микроклимат өндірістің технологиясына және мерзімдік метеорогиялық жағдайға байланысты.

Адам ағзасына әсер ететін микроклиматтық жағдайлар өте көп, оларды шартты түрде 4 топқа бөлуге болады:



  1. Өндіріс технологиясы ыстық бөліп шығарумен байланысты емес өндірістік бөлмелердің микроклиматы. Мұндай бөлмелердің микроклиматы жергілікті жердің климатына, жылыландыруына және ауа алмасуына байланысты болады. Бұл жерлерде жаздың қатты ыстық кездерінде аздаған қызып кету және қысқы кездері жылыландыру жеткіліксіз болған жағдайда салқындау болуы мүмкін.

  2. Жылудың көп мөлшерін бөліп шығаратын өндірістік бөлмелердің микроклиматы (1 сағатта әр 1м куб ауданға 20 ккал- дан көп жылу бөлу). Мұндай өндірістік бөлмелерді «ыстық цехтар» деп атайды. Қазіргі кездегі өндірістерде мұндай цехтар көптеп кездеседі: домна және мартенді цехтар, наубайханалар, қант зауытының көптеген цехтары, қазандықтар, темір балқытатын цехтар және т.б.

  3. Ауасы жасанды түрде салқындатылатын өндірістік бөлмелердің микроклиматы. Оларға әр түрлі мұздатқыш камералар мен қоймалар жатады.

  4. Ашық атмосфера микроклиматы, ауа райы және климаттық жағдайға байланысты. Мысалы, ауылшаруашылық, құрылыс, ағаш кесетіндердің және жол жөндеушілердің жұмыстары.

Дене еңбегі кезінде ауаның жоғары температурасы мен жылулық сәуленің әсері бір кезде болса, ең алдымен жүрек қан тамыр жүйесінің қызметінің өзгеруі байқалады. Перифериялық қантамырлары кеңейіп, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы (пульс) жиілеп, бір минутта 150 және одан да көп рет соғады. Тердің көп бөлініп шығуына байланысты, ағза әр жұмыс ауысымына 6-8 литрге дейін су жоғалтады және суда еритін витаминдерді жоғалтады, осыған байланысты ағзада су – тұз балансы бұзылады. Өзгерістер жүйке жүйесінде де туындауы мүмкін, әсіресе шартты рефлекторды іс – әрекеттерде: көңіл аудару қабілеті нашарлайды, жылжу үйлесілімділігі бұзылады. Адамның қызып кетуін туындататын жағдайлар адамның өзін нашар сезінуіне, жұмыс қабілетінің нашарлауына әкеліп соғады, соның салдарынан жұмыс кезінде болатын сәтсіз оқиғалар саны көбейеді.

Дене қатты қызып кеткен кездерде жылу беру және жылу бөлу балансының бұзылуы байқалып, адамның денесінің температурасы 38 градус және одан да жоғары көтеріледі, мұны гипертермия (дененің қатты қызуы) дейді.

Адамды жұмыс кезінде жақсы микроклиматпен қамтамасыз ету үшін әр түрлі цехтарға өндірістік гигиеналық нормалар белгіленген.

Ыстық бөліп шығармайтын өндіріс орындарында қысқы уақытта цехтың температурасы жеңіл еңбек түрінде 20-230С, орташа ауыр еңбек түрінде 17-200С, ал ауыр еңбек түрінде 16-180С болу керек. Ауа ылғалдылығы 40-60% болу керек, ал ауа жылдамдығы жеңіл жұмыс кезінде – 0,2м/сек, басқа еңбек түрлерінде – 0,5м/сек-қа дейін болу керек. Жазғы уақыттарда бұл цехтардың температурасы даладағы температурадан 30С-ке көп болмауы керек. Жазғы уақытта бұл цехтарда ең жоғарғы температура 280С – ден көп болмауы керек.



Өндірістік шу және діріл

Өндірістік процестің көбі шумен байланысты. Шу дауыстың жиілігіне байланысты есту қабілетіне теріс әсерін тигізуі мүмкін. Дауыс жиілігі жоғарылаған сайын, оның теріс әсері жоғарылай түседі.

Өндірістік шумен күрес қазіргі кезде өзекті және күрделі мәселе болып саналады. Еңбек гигиенасының алдына қойған мақсаты шудың қарқындылығын ең төменгі мөлшерге жеткізу. Қазіргі кезде қолданылып жүрген санитарлық нормалар мен ережелерге сай оймен атқарылатын жұмыс бөлмесінде шудың мөлшері 50дБ, басқару бөлмелерінде – 60дБ, шу шығаратын қондырғылар орналасқан бөлмеде 80-85 дБ – дан көп болмауы керек. Одан басқа шудың әсер ету ұзақтығына және түріне байланысты өзгертулер қарастырылған.

Жеке қорғаныс құралы ретінде шуға қарсы құралдар (противошумдар, антифондар) қолданылады. Олар ішкі және сыртқы шуға қарсы құралдар болып бөлінеді. Ішкі шуға қарсы құралдар – мақтадан жасалған шариктер, кейде оларға балауыз сіңдіріп қолдануға да болады, одан басқа арнайы резеңкеден жасалған қаптама қолданылады, оны сыртқы есту жолына қояды. Мұндай шуға қарсы құралдар адамдарда жағымсыз сезім тудырады, есту жолдарының беткі қабаттарын тітіркендіреді. Олар шудың мөлшерін 8-10дБ –ға азайтады.

Сыртқы шуға қарсы құралдар гигиеналық жағынан тиімді болып саналады, оларға арнайы шуды азайту материалдарынан дайындалған құлақшалар (наушниктер) жатады. Бұлар шудың мөлшерін 20-25дБ – ға азайтады. Жұмыс кезінде шуға қарсы құралдар 2-3 сағат қолданғанның өзі шудың зиянды әсерінен қорғанудың тиімді шарасы болып саналады.

Қарқындылығы 115дБ және одан да көп шудан қорғану үшін шудан қорғайтын шлемдер кию керек.
Электрлік және магниттік өрістер

Электромагнит өрістер әсері қазіргі кезде өндірістерде, медицинада және ғылымның әр саласында кеңінен қолданылып жүр.



Өте жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістер радиобайланыста, радиолокацияда, теледидарда, физиоемдерде және әр түрлі ғылыми мақсатта қолданылады.

Ультра жоғары жиіліктегі сәулелену радиобайланыста, физиоемде жиі қолданылады. Жоғары жиіліктегі сәулелену темірді термиялық өңдеуден өткізген кезде, диэлектриктерді жоғары жиіліктегі электр өрісімен қыздыру кезінде (ағаш кептіру, пластмасты қыздыру және оларды дәнекерлеу кезінде) қолданылады.

Жоғары жиіліктегі электромагниттік өрістің ұзақ әсерінен адам ағзасында орталық жүйке жүйесінде және жүрек – қан тамыр жүйесінде функциналды өзгерістер байқалады: жүректің соғуы нашарлайды, қан қысымы төмендейді, зат алмасу процестері бұзылады. Клиникалық және эксперименталды бақылаулардың нәтижесінде сәулелену қарқындылығының шектеулі рұқсат етілген деңгейі белгіленген. Электромагниттік өрістің жоғары жиіліктегі мөлшері – 20В/м, ал ультражоғары жиіліктегі сәулелену мөлшері – 5В/м.



Өндірістік шаң

Кәсіптік аурулардың туындауына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – шаң болып саналады. Шаң көптеген өндірістік процесс кезінде пайда болады: майдалау, тегістеу, егеу, елеу, бөлу, электродәнекерлеу, әр түрлі жару жұмыстары және шаң шығаратын материалдарды тасымалдау кезінде. Шахталарда, кен өндіретін жерлерде және бірқатар ауылшаруашылығы жұмыстары кезінде сол жердің аумағында қатты шаңдану байқалады. Шаңның көп концентрациясы жұмысы нашар ұйымдастырылған өндірістерде және алдын алу шаралары орындалмаған жағдайларда болады. Шаңның адам ағзасына әсері оның химиялық құрамына, ауаның шаңдану дәрежесіне, шаң бөлшектерінің өлшемдеріне және пішініне байланысты. Шаңдану дәрежесі дегеніміз 1м3 ауадағы шаңның мг-мен анықталған мөлшері. Ауасы таза жердегі шаңның мөлшері 0,1мг/м3 – тан аз болу керек.

Ауаның шаңдануы жоғары болған сайын, оның адам ағзасына әсері де өседі. Шаңның көлемі оның ауада қалқып жүру ұзақтығына және тыныс алу жолдарына ену тереңдігіне әсер етеді.

Диаметрі 10 мкм ірі шаңдар ауада тез тұнады. Олар жоғары тыныс алу жолдарына шөгіп, сол жердің шырышты қабығына әсер етеді. Олар шырышпен суланып, адам сөйлегенде, түшкіргенде, жөтелгенде ауаға шығарылады. Құрамында шаңы бар шырыштың кейбір бөліктері жұтынған кезде ағзаға түсуі мүмкін. Егер шаң құрамында улы заттар болса, асқорыту жүйесінің шырышты қабығы арқылы сіңіп, ол ағзаға токсикалық әсер етеді.

Ірі шаңдар өкпенің альвеолаларына жетпейді, өйткені олар жоғары тыныс алу жолдарында ұсталып қалады. Көлемі 10 мкм – ден аз шаңдар ауада ұзақ уақыт қалқып жүреді, олар тыныс алу жолдары арқылы өкпенің терең жерлеріне барып шөгеді де, пневмокониоз ауруын туындатуы мүмкін. Оның негізінде өкпе фиброзы және сонымен байланысты өзгерістер жатады.

Гигиеналық нормативтер бойынша өндірістік цехтардың ауасының құрамындағы токсикалық емес шаңдардың мөлшері 10мг/м3 – тан көп болмауы керек. Егер шаңның құрамында бос кремний қышқылының мөлшері 10%-ға дейін болса, оның шектеулі рұқсат етілген концентрациясы (ШРЕК) 4мг/м3, егер 70%-ға дейін болса – 2мг/м3, ал 70%-дан көп болса 1мг/м3 – тен аспауы керек.



Өндірістік улар және уланулар

Мамандыққа байланысты өте қауіпті зияндылықтардың бірі болып өндірістік улар саналады. Улар адам ағзасына өте аз мөлшерде түсіп, оның қалыпты жұмысын бұзады да, әр түрлі аурулар туындатады.

Улы газдың көп мөлшері жиналатын жабық бөлмелерді: цистерна, ашытатын ыдыстар, канализация құдығында жұмыс жүргізер алдын ол жердің ауасының тазалығын арнайы –экспресс әдіс мысалы, индикаторлық қағаздар қолданып, тексеріп алу керек, содан кейін ғана жұмысты бастауға болады.

Ондай жерде жұмысты кемінде екі адам жүргізу керек. Бір жұмысшы сыртта қалады да, қажет болған жағдайда арқан арқылы уланған адамды шығарып алып,көмек көрсетеді.

Біздің еліміздің еңбек туралы заңында улы заттармен жұмыс істейтіндердің жұмыс уақыты 4-6 сағатқа дейін қысқартылып, қосымша демалыс қарастырылған. Бұл шара улы заттардың ағзаға әсерін азайтады және қалпына келу процесінің жақсы жүруіне әсер етеді.

Өндірістің медицина қызметкерлері өндірістік цехтардың ауасының тазалығын зауыт және санитарлық зертхананың қатысуымен үнемі қадағалап тұру керек. Қорытындыларды санитарлық нормативтер бойынша ауадағы улы заттардың ШРЕК –гымен (шектеулі рұқсат етілген концентрация) бағалайды. Өндірістік бөлменің ауасының құрамында ең көп дегенде аммиак – 2мг/м.куб, бензин - 30 мг/м.куб, хлор - мг/м.куб, болу керек.



Ауырлық көтеру мөлшері заң талаптарына сай болу керек: 16-18 жастағы ер балалар – 16,4 кг,сондай жастағы қыз балалар – 10,2 кг, ересек әйелдер – 20 кг-нан көп емес жүкті бір ауысымда көтеруге болады.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 15 мин(25%)

Тест:

1.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. белгілі күштегі электрлі ток

  2. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. электромагнитті кеңістік

2.Аса қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қыздырылған зат

  2. ауаның шаңдануы және газдалуы

  3. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  4. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  5. электромагнитті кеңістік

3.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

  2. электромагнитті кеңістік

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. қолайсыз метеорологиялық жағдай

4.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. биіктіктен әртүрлі заттардың құлау қауіпі

  2. электромагнитті кеңістік

  3. ауаның шаңдануы және газдалуы

  4. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  5. қолайсыз метеорологиялық жағдай

5.Қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. атмосфера қысымының жоғары болуы

  2. электромагнитті кеңістік

  3. вибрацияның әсері

  4. шу әсері

  5. ауаның шаңдануы

6.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электромагнитті кеңістік

  2. белгілі күштегі электрлі ток

  3. қыздырылған зат

  4. атмосфера қысымының жоғары болуы

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

7.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қолайсыз метеорологиялық жағдай

  2. атмосфера қысымының жоғары болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток

  4. қыздырылған зат

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

8.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. ауаның шаңдануы және газдалуы

  2. атмосфера қысымының жоғары болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток

  4. қыздырылған зат

  5. жұмысшының биіктіктен құлау қауіпі

9.Зиянды өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. шу, ультрадыбыс және вибрацияның әсері

  2. атмосфера қысымының жоғары немесе төмен болуы

  3. белгілі күштегі электрлі ток және ұшқын

  4. ауаның шаңдануы және ластануы

  5. қыздырылған зат

10.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электрлі ток

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. микроағзалардың әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. еңбектің бір қалыптылығы

11.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. қозғалыстағы көліктердің кинетикалық қуаты

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. микроағзалардың әсер етуі

  5. эмоцианалды шаршау

12.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. газдың жоғарғы қысымы

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. микроағзалардың әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. адам ағзасына зиянды заттар

13.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. шу, вибрация және ультрадыбыс деңгейінің шамадан тыс жоғары болуы

  2. эмоцианалды шаршау

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. ауаның шаңдануы және ластануы

  5. қыздырылған зат

14.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. жарықтың жеткіліксіз болуы

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. желдеткіштің әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. адам ағзасына зиянды заттар

15.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. электромагнитті кеңістік

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы

  4. қозғалтқыштардың дауысы

  5. ауа райы

16.Физикалық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. ионды сәуле

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. желдеткіштердің әсер етуі

  4. эмоцианалды шаршау

  5. қозғалтқыштардың дауысы

17.Химиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. адам ағзасына зиянды заттар

  2. еңбектің бір қалыптылығы

  3. ионды сәуле

  4. электромагниттік кеңістік

  5. жарықтың жеткіліксіздігі

18.Биологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының

бірі - ... .

  1. микроағзалардың әсер етуі

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. еңбектің бір қалыптылығы және шаршау

  4. ионды сәуле

  5. эмоцианалды шаршау

19.Психофизиологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. эмоцианалды шаршау

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. электромагнитті кеңістік

  4. ионды сәуле

  5. шаң-тозаң

20.Психофизиологиялық зиянды және қауіпті өндірістік факторларының бірі - ... .

  1. еңбектің бір қалыптылығы

  2. адам ағзасына зиянды заттар

  3. ионды сәуле

  4. жарықтың жеткіліксіз болуы

  5. ауаның салқындауы

12. Сабақты қорытындылау. 3 мин (10%)

13. Үйге тапсырма: Азаматтық қорғаныстың медициналық қызметінің (АҚМҚ) және ТЖ эпидемияға қарсы құрылымдары. Н2, 156-160 2 мин(5%)



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет