Телемедицина термині R.Mark 1974ж енгізілген, денсаулық сақтауда қолданылатын көптеген телекоммуникациялық және информациялық әдістерді біріктіреді.
Біздің заманымызға дейін жеткен ескі Қытайда мамандар емделушіге тамырын ұстау арқылы диагноз қоя білді. Бәрімізге белгілі бұрынғы замандағы дәрігерлер емделушіні тексермек түгілі, көругеде құқығы болмады. Тамырдың соғысын алыс замандарда емделушінің білегіне жіп байлау арқылы анықталған. Ал өзінің емделушісі бұл кезде сырт бөлмеде болды. Осы іс-әрекеттер телемедицинаның шығуының алғышарттары болатын.
АҚШ-та ең алғаш 1959 жылы теледидарлық байланыс арқылы психологпен кеңес жасау жүргізілді.1970-1980 жылдары НАСА бағдарламасы теледидарлық байланыс арқылы Аризонға, Бостонға, Канадаға клиникалық ақпараттарды жеткізді.
Швецияда 1905 жылы В.Эйнтховен тұңғыш рет электрокардиограмманы телефон арқылы жеткізді. Ал 1922 жылы Готтенбург университеттің ауруханасында радиоканал арқылы теңізшілерге медициналық кеңестері жүргізілген
Телемедицина –ол қазіргі заманғы медициналық қызметкерлер арасында информациялармен алмасу үшін компьютер және телекомуникациондық технологиялар жиынтығы.
Телемедицина –ол қазіргі заманғы медициналық қызметкерлер арасында информациялармен алмасу үшін компьютер және телекомуникациондық технологиялар жиынтығы.
Телемедицина – бұл жаңа модель, келешектің медицинаны жаңаша көруі. Оның басты мақсаты - алыс жерлердегі адамдарды жоғары білікті медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету, тап сол ара-қашықтыққа және үлкен алыстыққа сондай-ақ керекті объектіге қол жеткізу қиындығына байланысты проблемаларды шешу.