Латын графикасына көшу – рухани жаңҒырудың басты қҰндылығЫ



Дата15.09.2017
өлшемі66,73 Kb.
#32705
ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА КӨШУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Б.Ж.Мырзабева, аға оқытушы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Соңғы жылдары қазақ графикасының төңірегінде көптеген пікірлер айтылып жүр. Бұл мәселеде де қарама-қайшылықтар бар. Дегенмен де, диалектика заңдылығы бойынша қарама-қайшылықсыз даму жоқ. Сол үшін бұл – заңды құбылыс. Қазақ жазуын латын графикасына көшіруде қазақ зиялылары екіге бөлінді. Бірі – графиканы көшіруді қолдаса, екіншісі – кириллицада қалғанды жөн санап отыр. Қазақ жазуы туралы Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақ алфавитін 2025 жылдан бастап, латын графикасына көшіру үшін дайындықты осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпарат тіліне айналдырады...» деп, графиканы өзгерту мәселесіне өзіндік ойын ашық айтып, қолдайтынын нақты түрде жеткізген.

Қазақ жазуын латын әліпбиі негізіне ауыстыру – әбден пісіп жетілген қазақ тілінің дамуына қажетті мәселе. Әліпбиді ауыстыру – мүлде қаражат шықпайтын шаруа емес. Әліпбиді ауыстырудың ең маңызды, ең салмақты нәтижелері – жаңа әліпби қазақ жазуының кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, тілдің дамуына, қолданысын кеңейтуге оң әсер етеді, қазақ тілінің табиғатына айрықша мән беріп, қазақ тілін үйренуге құлшыныс танытады.

Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазу мен қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар. Көне жазу нұсқаларын талдап оқи білу ерте заманда өмір сүріп, қазірде өлі тілдерге айналған тілдермен танысуға немесе қазіргі тілдердің ертедегі қалпымен танысуға және оны білуге мүмкіндік береді. Мұның тіл тарихын зерттеуде орасан зор маңызы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу - тіл білімі ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы, археология мен этнография үшін де айрықша маңызды. Жазудын, жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды немесе дыбысты белгілейді. Әрбір жазбаша таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады. Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу. Әріп жазуының таралуы біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Араб алфавиті дауыссыздар мен жартылай дауысты әріптерден құралған. Араб жазуы құрылысы жағынан флективті, сөздерінің түбір құрамы консонантты болып келетін семит тілдері үшін қолайлы болғанмен, басқа тілдер үшін жанасымды бола алмады. Араб жазуы түркі тілдерінде сөйлейтін халықтарға ертеректе тараған болатын. Араб жазуы түркі тілдерінің дыбыстық құрамына, яғни агглютинативті сипатына сай келмеді. Сондықтан оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып өзгертті, қосымша әріптер мен диакритикалык белгілер енгізді. Қазақ тілі – түркі тілдері тобындағы біршама жас тіл екеніне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен, құрылымы әр түрлі тіл. Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық дамуында үш негізгі тармақ бар екенін көрсетеді. Олар: 1) әр түрлі стильдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл; 2) жергілікті немесе әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен говорлар; 3) жалпыхалықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі. Осы күнгі ұлт тілінің жоғарыда айтылған үш тармағын тек кейінгі заманда пайда болған деп қарауға болмайды. Оның негізі халық тілі қалыптасқан кезде салынған. ХҮ – ХҮІ ғасырлар мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысы аралығындағы қазақтың халық тілі де үш тармақтан: 1) ауызша әдеби тілден; 2) жергілікті диалектілер мен говорлардан; 3) ауызекі сөйлеу тілінен тұратынын көреміз.

Қазақ жазуының өзіндік даму тарихы бар. Оның бірнеше рет өзгеріске ұшырағаны тарихтан аян. Қазақ жазуының дамуына көптеген ғалымдарымыз зор үлесін қосты. Солардың бірі – А.Байтұрсынов. Ол 1910 жылдардан бастап қазақтың жазу таңбасын ретке келтірумен шұғылданады. Бұрыңғы араб жазуын сол қалпында қолданудың қолайсыздығын ескеріп, енді оны қазақ тіліне икемдеп жөндей бастайды. Қазақ дыбыстарының табиғатын терең зерттей отырып, оларды білдірмейтін араб таңбаларын алмау, ы, е, и, о, ұ, ү дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу, тұтас сөздің жіңішкелігін білдіру үшін (к, г дыбыстарынан басқа дыбыстар арқылы жасалған сөздерде) сөздің алдынан дәйекше қою қажеттігін дәлелдейді. Араб жазуын қазақ тілінің дыбыс заңдылықтарына сай осылайша реформалау нәтижесінде «Жаңа емле» деп аталатын қазақтың әліпбиі пайда болды. Әліпби мен оған лайықталған жазу жүйесі 1924 жылы Орынбор қаласында өткен қазақ оқығандарының тұңғыш съезінде қабылданды. Бұл әліппені қазақ халқы 1929 жылы латын әліппесіне көшкенге дейін пайдаланады. Ол графиканың қазақ тілінің дыбыс ерекшелігіне, үндесу заңдылығына негізделіп жасалғандығын осы күнгі лингвист ғалымдар дәлелдеп отыр. А.Байтұрсынұлының пікірін М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, А.Байтасұлы, І.Ахметұлы, т.б. қолдады.

Бір елдің жазуын өзгерту оңай шаруа емес. Бірнеше рет жазуды өзгерту арқылы халық жаппай сауатсызданады, өткенінен қол үзеді. Ол отарлау саясатын жүргізген мемлекеттерге тиімді болса да, жергілікті халықтар үшін саяси-экономикалық және мәдени мен ұлттық сананың құлдырауына әкеледі. Кеңес үкіметі осындай мақсаттағы миссиясын 1924-1940 жылдар аралығында жүзеге асырды. Мұны Алаш зиялылары жақсы түсінді. А.Байтұрсынұлының төте жазу жобасының да ғұмыры ұзақ болмады. А.Байтұрсыновтың реформалауынан кейін араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таныса да, күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынды. Латын жазуына қарсыларға саяси айып тағылып, тіпті заң қорғау орындары да араласа бастайды. Жаңа әліпби қабылданғаннан соң, араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады.
«Латын жазуын қабылдағанда қол жетер нәтижеміз неде?» деген тәрізді сұрақтар өз уақытында қойылғанмен, оларға жауап бұрмаланып, бүркемеленіп, басты саяси-идеологиялық мақсатты құпия қалдырып келді. А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуымен тез арада, әрі жеңіл, оп-оңай сауат аша бастаған қазақ халқын тағы да жаңадан латын таңбасымен қайтадан сауат ашуға мәжбүр етті.

Сөйтіп латын графикасының қазақ қоғамында орын алуы тек саяси идеологиялық түрткі жайтқа негізделді.

Осылайша қазақ халқы 1929 жылы латын графикасының негізіндегі жаңа алфавитті қабылдады. Ғалым М.Мырзахметұлы: «1924-1940 жылдар аралығында ұлт зиялыларының қарсылығына қарамай латын жазуын зорлықпен алдырды. Әрине, латын жазуын алдыру уақытша саяси маневр болғанын біз білеміз. Негізі сонда қаланған қазақша бейімделген латын жазуынан несіне жерінеміз. Бүкіл түркі халқы латын жазуына көшіп жатқанда біз не себепті олардан оңашаланып бөлектенеміз. Біздің тегіміз түркі халықтарының тобына жатады...» деп, латын графикасына көшу – заман талабы екенін айтады. Осы жылдары еліміздегі түркі тілдерінде сөйлейтін басқа халықтар латын алфавитіне көшті. Латын алфавитінің сауат ашуда болсын, баспа ісінде болсын, араб жазуы негізіндегі алфавитке қарағанда, әлдеқайда прогрестік маңызы болды. Латын алфавитіндегі әрбір әріп өзінің жеке тұрғандағы қалпын сақтайды. Бұл алфавиттің құрамында 29 әріп берді. Сол кездегі латын графикасындағы алфавит сауатсыздықты қысқа мерзім ішінде жоюға көмектесті.

Кейін 1940 жылы қазақ халқы орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті қабылдады. Орыс алфавитіндегі 32 әріп түгелдей қабылданып, оған қоса орыс тілінде жоқ дыбыстарды таңбалайтын 9 әріп алынды да, әріп саны 40-қа жетті. Оған екі таңба (ь-ъ) қосылды. Міне, содан бері крилиицамен жазудамыз. Сол кездегі қазақ жазуының мәселелерін көтеріп, оны шешу жолдарын Алаш зиялылары «Дала уалаяты», «Айқап», «Қазақ» баспасөз беттерінде жариялады. «Жазу тәртібі», «Тіл сақтаушылық», «Оқу мәселесі», «Школдарда ана тілімен оқыту», «Туған тілге» және т.б. осындай мақалалар мен өлеңдер жарық көрді. Осындағы жарияланған мақалалардың көздеген мақсаты бір ғана еді. Ол – қазақ тілінің табиғатын бұзбау, акустика-артикуляциялық заңдылығын ұстау. Қазақ тілінің үйлесімділік заңын сақтау.

Бәлкім, сол кезде зорлықпен кириллицаны енгізбегенде, қазірде латын графикасына көшу қажеттілігі тумас та еді.

Кезінде Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын өзгерткенде мына мәселелерді басты назарда ұстаған:



  1. араб әліпбиін қазақ тілі­нің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қосымша таңбалар ендіру;

  2. араб әліпбиіндегі (алфавитіндегі) қазақ тіліне сәйкес келмейтін басы артық әріптерді қолданыстан шығару;

  3. араб жазу заңдылығына тән харакат, ташдид, сукун, тануин сияқты диакритикалық белгілерді қолданбау;

  4. үш дауыстыға ғана негізделген араб әліпбиіндегі дауыс­тылар жүйесін қазақ тілінің үндестік заңына сәйкестендіріп дәйекше арқылы беру;

  5. ұзақ ғасырлар бойы «ескі тілде» қызмет етіп, «бөтендік сипатта» болған жазу жүйесін барша қазақтың түсінікті сөйлеу тіліне бейімдеп, негіздеу.

Латын графикасының жобасын А.Байтұрсынұлының осы қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманауи тілге сай жасау қажет. Сонда тіл тазалығы сақталып, әріп сандары кемиді. Осылайша компьютерге сыйымды болады. Оның үстіне түрік халықтарымен ортақ графика шығып, саяси-мәдени қарым-қатынасымыздың дамуы оңай өрбиді. Сондай-ақ санамыздағы күнде әсер етіп отырған кеңестік идеология мен дүниетанымнан арыламыз.

Алаш зиялыларының ана тілін дамытудағы идеологиясын ұстана отырып, Елбасының «Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!» деген сөзін жадымызда түйіп, мемлекеттік тілдің жаңа даму сатысына жетелейтін латын графикасына көшу мәселесі – уақыт талабы тудырған тарихи, рухани қажеттілік.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» туралы Қазақстан халқына Жолдауы

  2. Мырзахметұлы М. Түркістан тараз арасы.-Астана, 2002

  3. А. Байтұрсынұлы. Тіл тағылымы.

  4. Хасанова С. Қазақ жазуы мен оқуының бастаулары (көне түркі және араб, латын жазбалары). – Алматы: 2007. -264 бет

  5. «Қазақ» газеті. Қазақ энциклопедия баспасы, 1998

  6. «Айқап» газеті. Қазақ энциклопедия баспасы, 1998

  7. «Дала уәлаяты газеті».- Алматы: Ғылым, 1992

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет