Лекция 1-2 Қазақстандағы өлкетанудың міндеті мен мақсаты.
Өлкетанулық зерттеулер Пәннің міндеті, мақсаты Өлкетанудың түрлері мен формалары Қазақстанда өлкетанулық зерттеулердің кезеңдері
Академик С.В. Колесниктің анықтамасы бойынша, өлкетану – кіші территорияларды жан-жақты зерттейтін пән. Жеке бақылауларды және зерттеулерді, экскурсияларды жүргізу және түрлі материалдар жинау үшін кіші территория ең қол жетерлік болып табылады. Бұл территорияда зерттеу құбылыстары таза жергілікті, үнемі өзгеріп тұратын жағдайлармен анық байланысы байқалады, сондықтан табиғат ерекшеліктерін, сонымен бірге халықтың өмірі мен іс-әрекетін толық анықтауға мүмкіндік бар. Кіші территория (өз жерің) – адам өмір сүретін әкімшілік аудан, қала, кент. Кіші отан – адам туылған, елді мекен. Отан – адам туылған, сонымен бірге, туылған мемлекет, адамның тамыры, ата-бабалары шыққан, тағдырына өзінің рухани ортақтығын сезетін жер. Нағыз Отан – ол адам, өзін сол жердің бір бөлігі болып сезетін жер. Жасына және жағдайларға қарамастан, адам қайта оралуға ұмтылатын мемлекет. Отан – біз оны сақтап, қорғап, аялауға тырысатын, және өзімізді жақсы және еркін сезетін орын. Отанды сүйю және қорғау – ол әр адамның міндеті. Оны анықтайтын ұлт немесе тұратын орын емес, ол ішкі сезім. Қазақ жері жайлы алғашқы мәліметтер. Қазақстанды мекендеген халықтардың мәдениетінің ежелгілігіне қарамастан, оның географиясы және табиғи жағдайлары жайлы әдебиет деректері өте тапшы болды. Ежелгі кезде қазақ жері жайлы ең құнды географиялық мәліметтерді көрші араб және азиаттық халықтар алған. Европалықтар Орта Азия мен Қазақстанды зерттеушілер ретінде, тек XIII ғасырдан бастап пайда болады. Бұл кезең Қазақстан географиясы, өлкенің табиғаты жайлы алғашқы мәліметтерінің жиналуына, үлкен әсер етті. Кемшілігі – бұл жерде тек оңтүстік-батыс, және оңтүстік бөліктері – Каспий, Арал теңіздері, Ілі, Талас, Шу, Сырдарья өзендері жайлы мәлеметтер ғана көрсетілген. Қазақстан халқының мәдени өмірінде ежелгі және ортағасырлық қолжазба кітаптарының үлкен әсері болған, солар арқылы ортағасырлық мектептер мен медреселерде оқушылардың сауытын ашқан. Мүсылман мектептерінде аль-Фарабидің, Ұлықбектің, Баласағұнидың, Ясауидің қолжазба шығармалары,трактаттары таралған. Ортаазиялық қолжазбаларының ерекшелігі – көп алфивитті және көп тілді болған, сондықтан оларды зерттеу қиынға түскен. Уақыты бойынша кейініректері, араб алфавиті мен жазылған. Ондай қолжазбалардың алғашқысын XI ғ. жазылған Юсуф Баласағунидің «Құтадгу билік» еңбегін атауға болады. Көптеген қолжазбалардың арасында қазақ халқының тарихына тікелей қатысты, ежелгі қолжазбаларда бар. Сондай ескерткіштерге «Огуз-Наме», Қарқыт ата жайлы әңгімелер мен аңыздар, Алпамыс поэмасы, Манас эпосы т.б., және ойшыл, ақын Ясауидің, тюрколог Махмут Қашғаридің еңбектері де жатады. Орыс-қазақ байланыстарының орнатылған кезіндегі Қазақстанның географиялық тануы (XVI ғ. - XIX ғ.). Осы кезеңде қазақ жерлерінің табиғи жағдайларын сипаттайтын көлемді материалдар жиналды. Бұған орыс-қазақ байланыстары себепші болды. Географиялық саяхаттардың мәліметтері арқасында, дүниежүзілік ғылым Орынбор өлкесі, Арал-Капий бассейні, Ілі Алатау жайлы көлемді және анық географиялық мәлеметтерге ие болды. XVI ғ. аяғында- XVII ғ. басында, алғашында Мәскеуде, кейін Қасымов қаласында өмір сүрген, қазақ Қадырғали Хошум Жалаири «Джами ат-таварих» («Сборник летописей») кітабын шығарады – қазақ халқы және оның жері туралы құжат. Кітап Борис Годуновтың сұрауы бойынша жазылған. Қолжазба Қазан университетінде сақталған, тек 1854 жылы профессор И.Н. Березинмен жарыққа шығарылған. 19 ғ. 30-шы жылдарына дейін Қазақстанның табиғат жағдайы туралы жиналған көлемді материалды – Орыс География Қоғамын құрушылардың бірі, А.И. Левшин жинақтауға тырысты. 1832 жылы ол өзінің «Қырғыз-қазақ, немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген үш бөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Осы бірегей әрі іргелі еңбегі үшін ол «Қазақ тарихының Геродоты» деген атаққа лайықты ие болды. Автор өз зерттеуінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы және географиясы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер келтіреді. Географиялық орнын қарастыратын, Туранның табиғи шекарасын және «қырғыз даласының» ландшафттық сипаттамасын беруге ұмтылатын географиялық бөлімі үлкен қызуғышылық тудырады. Туранды ол: Алтай, Ертіс, Тобол, Ұйыл, Орал, Каспий, Арал, қытай шекарасы радиусында жатқан үлкен кеңістік деп түсінеді. Осы кеңістікті, негізіне климаттық ерекшеліктері мен топырақ сипаттамасын алып, автор 7 алапқа (зонаға) бөледі. Кітапта «қырғыз казактарына және Түркістанға жататын жерлер картасы» берілген. А.И. Левшиннің кітабы Қазақстанның географиялық зерттеулерінің 19 ғ. 30-шы жылдарына сәйкес жалпы денгейді көрсетіп, үлкен мағынаға ие болды. Сонымен қатар, Левшиннің кітабы букіл Қазақстан жайлы географиялық мәліметтерінің толық еместігін де көрсетті. 1845 жылы Орыс географиялық қоғамы (ОГҚ) құрылды, құрылғанына екі жыл болмай олар Орта Азия мен Қазақстан территориясының географиялық зерттеуіне аса көңіл аударды. Жүйеге келтіру және Орынбор мен Петербург архивтерінде сақталған Қазақстан және Орта Азия географиясы және халқының тарихы туралы бай материалдарды өңдеу барысында, сол кездегі, әйгілі орыс географтары, Я.В.Ханыков пен М.И.Иванин 1847-1861 жылдары қазақ халқы туралы көптеген материалдарды жарыққа шығарды . Я.В.Ханыков – дарынды географ, картограф 15 жыл аралығында Қазақстан жерін зерттеумен айналысқан. 1839 жылы оның «Орынбор өлкесіне географиялық шолу» атты бірінші жұмысы жарық көрді, бұл еңбегінде географиялық орны, статистикалық, географиялық және этнографиялық мәліметтер келтірілген. 1841 жылы «Ішкі Қырғыздар ордасының күйі жайлы очерк» - батыс Қазақстан бойынша саяхаты туралы жол очеркі жарық көрді. 40-50 жылдары ол картографиялық және баспа жұмыстарымен айналысып «Арал теңізі мен Хива хандығы, оның айналасы», (1851 ж.), «Қырғыз жерінің Ішкі және Кіші ордасының картасы» (1845), «Орта Азияның солтүстік-батыс бөлігінің картасы, қосымшасымен» атты карталарды құрастырды. М.И. Иванин – Орыс Географиялық Қоғамының мүшесі (1801-1874) Орынбор өлкесінде 1835-1855 жылдары жергілікті офицер корпусында, Ішкі Бөкей ордасының Уақытша кеңесінің кеңесшісі және басқарушысы болып қызмет етті. 1846 жылы ол Манғыстау түбегінің көп бөлігін зерттеп мұнай, глаубер тұзы, құрылысқа жарамды әктастың бары туралы айтты. Жұмысына түбектің картасын тіркеді. Оны кіші жүз қазақтарының рухани мәдениеті қызықтырды – қонақжайлылығы, ұлттық дәстүрлері, медициналық білімдері, діні. Қазақстанда өлкетанудың пайда болуы мен дамуы. Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулердің тарихы ұзақ та қызықты. Қазақстанда өлкетану қозғалысының тарихы 3 кезеңге бөлінеді: Революцияға дейінгі кезең. Бұл Ресейдің шет жақтарында ұйірмелер, қоғамдар және мұражайлардың пайда болу кезеңі. Жергілікті тарихты зерттеумен алдыңғы қатардағы орыс ғалымдары, саяхатшылары (И.К. Кириллов, А.И.Тевкелев, П.С. Паллас, И.П. Фальк, П.И. Рычков, А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тяньшанский, Н.А. Северцов, И.В.Мушкетов, В.В. Радлов, Л.Мейер, М.Красовский, А.И.Добросмыслов, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В.Бартольд, П.П.Румянцев, В.Даль, С.У. Ремезов); саяси жер аударылушылар, поляк жер аударылушылар, декабристер, народоволецтер айналысты. 1917 жылдан бастап 20-шы ғасырдың ортасына дейін өлкетанудың пайда болуы, қалыптасуы және даму кезеңі. Бұл кезеңде өлкетану жаңа қоғамдық ғылыми-мәдени қозғалыс ретінде болды. 20-шы ғасырдың ортасынан 30-шы жылдардың ортасына дейін көпшілік өлкетанулық қозғалыстың қалыптасуы. Осы кезеңде Қазақстанда тарихи өлкетанудың негізі қаланды. Революцияға дейінгі кезең. Қазақстан жерінде ұйымдастырылған өлкетанулық зерттеу, Орыс География Қоғамының бөлімімен, ғылым Академиясымен, Орыс Археология қоғамының Шығыс бөлімімен, жаратылыстану, антропология және этнография сүйюшілер Қоғамымен XIX ғасырдың аяғында басталады. Қазақстан территориясын орыс ғалымдарымен қарқынды зерттеуі, 60 жылдардың аяғында, жергілікті ғылыми қоғамдардың бөлімдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызды. 1867 жылы бірінші болып Орыс География Қоғамының Орынбор бөлімі құрылды, ол Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерін ғылыми зерттеуін қолға алды. 1870 жылы Ташкентте Жаратылыстану, Антропология және Этнография сүйюшілер қоғамы, 1877 жылы Омбыда - Орыс География Қоғамының Батыс-Сібір бөлімі құрылды. Орта Азияны толығырақ зерттеу мақсатымен 1897 жылдың ақпанында Орыс География Қоғамының Түркістан бөлімі ашылды. 1902 жылы Қазақстан территориясында Орыс География Қоғамының Орынбор, Батыс-Сібір, Түркістан бөлімдерімен бірге Семей бөлімшесі жұмыс істеді. XX ғ. басында Геология комитеті мен Қоныс аудару басқармасы дала зерттеу жұмыстарына кірісті. XIX ғ. аяғында Қазақстанның облыс орталықтарында статистикалық комитеттер құрылады, олар өлкенің экономикасын, географиясын және тарихын зерттеуде айтарлықтай үлесін қосты. Орыс ғалымдары, әкімшілік мекемелердің чиновниктері мен офицерлері осы қоғамдарды ұйымдастырып, солардың жұмысына белсенді қатысты. Әйгілі өлкетанушылар Ш. Уалиханов, Н. М. Потанин, Н. М. Ядринцев, И. Алтынсарин. Н. Бекчурин, Г. С. Карелин, Н.Н және В. Н. Белослюдовтар ОГҚ мүшелері болды. 19 ғ. екінші жартысында Қазақстанның территориясын географиялық зерттеуі нәтижелі жетістіктермен белгілінді. Таулы және жазық аудандардың, көлдер мен теңіздердің карталар мен атластары құрастырылды. Физикалық-географиялық зерттеулер жүйелі және кешенді жолға қойылды. Осы кезеңде Балқаш, Арал, Каспий теңіздері, Тянь-Шань таулары зерттелді. Саяхатшы ғалымдар көңілдерін Тянь-Шань мәселелеріне бөлді. П. П. Семенов, Ч. Уалиханов, И. А. Северцов, И. В. Мушкетовтардың зерттеулері бойынша Тянь-Шаньнің орографиялық және геологиялық құрылысының ғылыми дәлелденген схемасы жасалды. 1887 жылдың желтоқсанында Орынборлық ғылыми мұрағаттық комиссия құрылды. Комиссияның мақсаты – генерал-губернатордың канцеляриясында жатқан мұрағаттық құжаттарды реттеу және ғылыми зерттеуге дайындау. Мұрағаттық комиссияның әрекетінің күрделі бағыты, Орынборда мұражай ашу болды. Бірақ Орынборда мұражай ашу ойын губерндік статистикалық комитет іске асырды, 1888 ж. ол қалада тарихи-археологиялық мұражай ашу жайлы қаулыс қабылдады. Орынбор ғылыми мұрағатық комиссияның ең белсенді мүшесі И. Катанье болды. Ол өзінің ғылыми әрекетін екі бағытта өткізді: қазба жұмыстарын жүргізді және қазақ даласының ежелгі мәдениет ескерткіштерінің тізімін жасаумен айналысты. Әсіресе оның қазақ даласының археологиясы бойынша мәліметтерді жүйелеу жұмысы табысты болды. Көп жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде Қазақстанның барлық облыстарының ескерткіштері сипатталған еңбегі болды. Орта Азиядағы жалғыз тарихи-ғылыми мекеме – Туркістандық археологияны сүйюші ұйірмесі Қазақстанның оңтүстік бөлігін археология жағынан нәтижелі зерттеді, ол 1895 жылы желтоқсан айында ашылды. Қазақ ғалымдарының, ағартушылардың туған өлкені зерттеудегі рөлі. Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуші ретінде Ш. Уалихановтың ғылыми еңбегі дүниежүзілік ғылыммен танылған. Еңбектері орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде басылып шыққан. Ол тарих, география және этнографияға арналған бірқатар құнды еңбектерді жазып үлгерген. Абай Құнанбаев – ұлы ақын, жазушы, қоғамдық қайраткер, қазақтың жазба әдеби тілінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және европа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Ыбрай Алтынсарин - қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. "Қазақ хрестоматиясы" атты оқулық, "Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы" атты дидактикалық оқу құралын жазды. Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма жанрын қалыптастырды. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар арасындағы Торғай облысының төрт уезінде ( Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) уездік жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебін, 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды. Өлкетанудың пайда болу, қалыптасу және даму кезеңі. Совет өкіметі орнағаннан кейін барлық сәулет ескерткіштері, кітапханалар, мұрағаттар ұлттандырылды. Осы кезден бастап Қазақстанда өлкетанулық қозғалыс кең көлемде жүргізіле бастады. 1920 жылы «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» құрылды. Құрылтайшылық жиналасы 1920 жылдың 15 қазанында өтті, қоғамның төрағасы болып, қазақ халқының тарихы туралы алғашқы жұмыстардың авторы А.П. Чулошников тағайындалды. Сол, Республикада мемлекеттік ғылыми мекемелер болмаған кезде, Қазақстанды зерттеу Қоғамының қатарында зиялы қауымның басым бөлігі біріккен болатын. Қоғамда С.Д. Асфендияров, А.Диваев, А.Л.Мелков, С.Сейфуллин, Т.Рыскулов, Калмыков, М. Ауэзовтер қызмет атқарды. Осы жылдары жалпыресейлік өлкетану жұмысының ғылыми-методикалық орталығы пайда болды – өлкетанудың Орталық бюросы (ӨОБ), ғылым Академиясы жанынан. Ол 1921 жылы бірінші Бүкілресейлік өлкетану конференциясында құрылды. ӨОБ мүшелері болып сол уақыттың әйгілі ғалымдары Д.Н.Анучин, Н.Я. Марр, А.Е.Ферсман, П.Г.Смидовичтер болды. Советтік өлкетанудың ұйымдастырушыларының бірінші қатарында педагогтар А.П. Пинкевич и С.Т. Шацкийлер де болды. ӨОБ-ның облыстарда бөлімшелері болды, өлкетанулық журналдармен, жинақтары шығарылып тұрды. 1923 жылдан бастап «Краеведение» журналы шыға бастады, ал 1925 ж. – «Известия ЦБК». 1930 ж. олар «Советское краеведение» журналы болып бірікті (1936 ж. дейін шығып тұрды). 1937 ж. ӨОБ жойылды. Оның ресми жабылуы 1932 жылы Ғылым Академияның қазақстандық базасының пайда болуымен байланысты. Өлкетану зерттеулер орталығының ролін одан ары География қоғамының өлкетану комиссиясы өз қол астына алды. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар 1. “Өлкетану”, “туған өлке”, “кіші аумақ” түсініктеріне анықтама беру. Туризм мамандары үшін туристік-өлкетану жұмыстарының мағынасы неде? Өлкетанудың түрлері қандай негізде бөлінеді, оларды атап сипатамасын беру? Өлкетанудың формалары қандай негізде бөлінеді, оларды атап сипатамасын беру? Ресейдің өлкетану зерттеулерінің негізін қалаушысы деп кімді санайды? Неліктен Ш. Валихановты қазақтың бірінші өлкетанушысы деп санайды? Ұлы қазан төңкерілісіне дейін Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттеді? Ұлы қазан төңкерілісінен кейін Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттеді? Қазақстанда мектеп өлкетануының кезеңдерін анықтаңдар Кәзіргі кезде Қазақстан аумағын қандай мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар зерттейді?
Лекция
№ 3-4 Өлкетану сүйенетін деректер Лекция жоспары Өлкетанудың деректерімен ұстанымдары Өлкетану зерттеулерінің негізгі кезеңдері Зерттеулер әдістерінің жіктелуі 1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары Туристік-өлкетанулық жұмыстар туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оған туған өлке туралы білім алу, мәліметтерді жинақтай білу, бақылау әдістерін үйрену, алынған мәліметтерді өңдеу дағдылары мен сараптай білу, алынған дағдыларды туристік фирма жұмысының тиімділігін арттыруда қолдана білу жатады. Өлкетанудың ұстанымдары: ғылыми, жүйелілік және реттілік, кешенділік және аймақтылық. Өлкетанудың деректері: әдеби, картографиялық, мұрағаттық, статистикалық, құжаттық (деректік), бақылау. 2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдеріне жатады: 1) Кітапханалардан, ұйымдар мен мекемелерден әртүрлі әдеби және өлкетанулық мәліметтерді жинау, зерттеу және жалпылау. 2) Алдын – ала таңдалған пункте жүйелі түрде бақылаулар жүргізу. 3) Арнайы бағытталған жорықтар мен экскурсиялар кезінде бақылаулар жүргізу, өлкені зерттеу. 4) Алынған мәліметтерді өңдеу (жоспарлар, карталар, графиктер, диаграммалар, коллекциялар және т.б. құру). 5) Алынған мәліметтерді жалпылау және сараптау. 3. Зерттеу әдістерінің жіктелуі Жалпы өлкетанудың негізгі әдістеріне әдеби, картографиялық, статистикалық, далалық бақылаулар, визуалды, сауалнама, салыстырмалы-тарихи және т.б. жатады. 1) Өлкетанулық әдеби деректерін зерттеу өлкетанулық зерттеулердің бірінші кезеңінде, алдын – ала мәлімет алу үшін жүргізіледі. Өлкетанулық мәліметтің деректері: - оқулық пен оқу құралдары, статистикалық анықтамалықтар; - туризм мен өлкетануға байланысты анықтамалық – библиографиялық шолулар; - «Вопросы географии» жинақтары (1930 жылдан бастап 120 шығарылымы болды, мысалы, № 93 «География и туризм», № 110 «Топонимика на службе географии»); - «Преподавание истории в школе», «Преподавание географии в школе», «География және табиғат», «Казакстан мектебi», «Социологические исследования» журналдары; Газет мәліметтері. Қарастыратын баспаларды алдын-ала белгілеп, оның ақпараттық бағытын анықтап, хронологиялық рамкаларын белгілеу керек. Тақырыпқа сәйкес келетін бөлімдерге көңіл аударған жөн. Алынған мәлімет карточкаға енгізілу керек. Үзіндіде автордың аты – жөні, мақаланың атауы, жылы көрсетілген баспаға нақты сілтеме, газет немесе журналдың беттері мен саны көрсетілу қажет. 2) Зерттеудің картографиялық әдісі зерттеліп отырған аумақтың табиғи, шаруашылық, тарихи, археологиялық және т.б. объектілер мен құбылыстардың кеңістікте орналасуын анықтауға бағытталады. Барлық өлкетанулық зерттеулер зерттеліп отырған жердің карта немесе жоспарын құрастырудан басталғаны жөн. Карта - зерттеу нәтижесін түсіретін негіз болып табылады. 3) Далалық зерттеудің негізгі стационарлық және экспедициялық әдістері бар. Бірінші әдіс зерттеушінің тұрғылықты жерінде немесе ұзақ тұрған жерінде жүргізіледі. Ал екінші әдіс саяхат немесе жорық кезінде қысқа мерзімді тұрған жерінде жүргізіледі. Саяхат кезінде бақылау әдісінің ең тиімдісі болып визуалды немесе сауалнама табылады. 4) Статистикалық әдіс сандық көрсеткіштерді іріктеу мен сараптауға негізделеді, оның нәтижесінде карталар, сұлбалар, таблицалар, графиктер, диаграммалар құрастырылады. Өлкетанушылар бұл әдісті өлкенің шаруашылығын, халқын және өзге аумақтармен экономикалық байланыстарын зерттеген кезде кең қолданылады. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар: 1. “Қағида” дегеніміз не? Өлкетанудың қағидалары неде? 2. Түрлі библиографиялық мәліметтер типтерімен жұмыс істеу әдістері қандай? 3. Мемлекеттік архивтерде жұмыс істеу үшін қандай рұқсат құжаттарды алу қажет? 4. Статистикалық бюллетеньдерден туризм бойынша қандай мәліметтерді алуға болады? 5. Сауалнама құрастыру ұстамдары, әлеуметтік сауалнама жүргізу әдістері? 6. Аймақтарда өлкетанулық зерттеулерді жүргізудің түрлі кезеңдерінде қандай әдістер қолданылады?
Лекция № 5-8 Физикалық - географиялық зерттеулер Лекция жоспары: Физико-географиялық зерттеүлердің мақсаты Физико-географиялық зерттеүлердің түрлері Геологиялық зерттеулер Геоморфологиялық зерттеулер Метеорологиялық зерттеулер Гидрологиялық және гляциологиялық зерттеулер Зоологиялық және геоботаникалық зерттеулер 8. Туристік-өлкетану жұмысындағы өсімдік және жануар дүниесін қоргау мәселелері Кәзргі кезде өлкетану жұмыстары, көбінде туристік-экскурсиялық мекемелермен жүргізіледі, олардың іс-әрекеттері жергілікті рекреациялық ресурстарды және экскурсиялық объектілерді пайдалану. “Туристік энциклопедияда” өлкетану деп мемлекеттің нақты бір бөлігін –жергілікті халық үшін туған жер болып саналатын (облыс, аудан, қала, ауыл) аймақты зерттеуін айтады . Өлкетануда физикалық георафиялық зерттеулер туған өлкені зерттеу үшін негізгі болып саналады, себебі олар табиғаттың барлық компоненттері және табиғи –территориалдық кешендер (комплекстер) жайлы сипаттама алуға мүмкіндік береді. Өлкетанушылардың зерттеуіне табиғат компоненттері болып табылатын: аймақтың геологиялық құрылысы мен тау жыныстарының құрамы, жер бедері, климат, гидрология, топырақ, өсімдік, жануарлар, ландшафт (аймақтық табиғи кешендер).Физгеографиялық зерттеулер бір неше сатыдан (кезеңнен) тұрады, олар жұмыстың методикасымен түрлі жер туралы ғылымдардың тәсілдерін анықтайды. Дайындық сатысында әдебиет пен, фонд материалдары мен (болашақта жорыққа баратын аудан туралы) танысады. Картографиялық материал дайындалады. Өлкетану зерттеулер жүргізу үшін ең қолайлы масштаб 1 сантиметрде 0,5 – 1,5 километр (1:5000, 1: 5000000) Осы дайындық кезінде түрлі бұрын туристік топтармен жазылған отчеттармен, жорық ауданында болған саяхатшылардың материалдарымен, суреттермен, карта кескіндерімен танысу қажет - өте мете “жорық ауданының физика георафиялық шолу” Бұл кезеңде қолданатын тәсілдер: салыстырмалы, анлиз және синтез, картографиялық, бейнелеу т.б. Дала зерттеулері кезінде келесі пайдаланылады – маршруттар, профильдер, өзікті бөліктер. Үшінші сатысында жиналған материалдарды алдын-ала өңдеу кезінде барлық материалдар қарастырылып, жүйеленеді, тау жыныстар, топрақ, өсімдік сипаттамалары комплексті және компонентті карталардың, профильдердің варианттарын құрайды. Өлкетану зерттеулерінің рекреациялық бағытын еске ала тұрып, карторафиялық тәсілдерді пайдаланған кезде келесі бағыттарды бөліп шығаруға болады. Туристік ресурсының жеке түрлерін зерттеу Туристік ресурсының бірнеше ұқсас түрлерін бірге зерттеу Ресурстардың динамикасын зерттеу Туристік ресурсқа сапалы баға беру Туристік ресурстың сиымдылығын анықтау Туристік ресурсқа әсер ететін факторлары зерттеу (ауарай жағдайы) Табиғаттың әр бір нақты компонентін зерттегенде, жалпы тәсілдермен қоса, арнайы тәсілдер пайдаланады. Геологиялық құрылым (тау жыныстардың орналасу формалары) - жер қабығының жеке бір бөлігінің тектоникалық формаларының жиынтығы. Өлкетануда бір жергілікті орынды бейнелеген кезде сол жердің геологиялық құрылымының жалпы сипаттамасы жеткілікті, себебі ол жер бедерінің негізгі түрлерін, тау жыныстарының құрылымын, және пайдалы қазбаларын анықтайды. Геологиялық құрылымы туралы мәліметті атластардың тектоникалық және геологиялық карталарынан, және жарыққа шыққан арнайы регионалдық монографиялар мен картадан алуға болады. Тау жыныстары - құрамы өзгермейтін минерлдар агрегаты. Жаратылысы бойынша магмалық, метаморфоздық және шөгінді болып бөлінеді.Тау жыныстары туралы мәліметтерді екі этапқа бөліп жинауға болады: дайындықкезінді және дала зерттеулері кезінде. Дайындық кезінде мәліметтер әдебиет және картографиялық деректерден алынады. Екінші этапта, зерттеулерді маршрутта жүргізген кезде, өлкетанушылар сипаттамасына немесе картаға қалыптасқан тау жыныстардың орындарын нақты белгілейді Жер бедері –жер бетінің тегіс емес формаларының жиынтығы. Олар көлемі, геологиялық жасы, пайда болуы, және даму тарихы бойынша әр түрлі болады. Метеорология элементтерін бақылау үшін тәулігіне 4 немесе 8 рет метеорологиялық аспаптарының көрсеткіштерін алады. Ол үшін халықаралық мерзімдері белгіленген: 1, 4, 7, 10, 13, 16, 19, және 22 сағат кездерінде. Көрсеткіштер арнайы журналға белгілі түрде жазылады. Гидрологиялық және гляциологиялық зерттеулер Планетамыздағы су кабығын — гидросфераны: оның қасиеттерін, ондағы өтіп жатқан процестерді, оның ат-мосферамен, литосферамен және биосферамен байланы-сын зерттеумен айналысатын ғылым саласы гидрология деп аталады. «Гидрология» сөзі екі грек сөзінің (гидро — су, логос — ғылым, ілім) косылуынап пайда болған, ягни су туралы ғылым дегенді білдіреді. Гидрология жердің және оның су қабығының физикалық, географиялық қасиеттерін зерттейтін ғылымдар кешені жатады. Гидрология пәнінің көмегімен келесі су объектілері: мүхиттар, теңіздер, өзендер мен көлдер, бөгендер, батпақтар, мұздықтар, топырақ және жер асты сулары зерттеледі. Гидрология ең алдымен метеорологиямен яғни атмосфера және ондагы өтіп жатқан процестерді, оның ылғал айналымы және судың булануын зерттейтін білімдерімен өте тығыз байланыста. Су қабығы мен жер қыртысының (литосфера) өзара байланысы жер бетінің тікелей судың әсерімен қалыптасатынынан айқын көрінеді. Ал жер бедері өз кезегінде су ағыстарының пайда болуына улкен әсер етеді. Сондықтаң гидрология пәнінің геоморфология ягни жер бедерінің қалыптасу және даму заңдылыктарын зерттейтін ғылым саласымен көп ортақтығы бар. Мухиттар мең теңіздерде өтіп жатқан процестердің өзендер мен көлдердегі және мұздықтардағы процестерден көп айырмашылығы болатындықтан жалпы гидрология пәні мұхиттар гидрологиясы (мүхиттану) және қүрлықтар гидрологиясы болып екіге бөлінеді. Зерттеу объектілері бойынша кұрлықтар гидрологиясы мына салаларға тармақтанады: өзендер гидрологиясы (потимология); көлдер мен бөгендер гидрологиясы (лимнология); батпақтар гидрологиясы (тельматрология); жер асты суларының гидрологиясы (гидрогеология); 5) муздықтар гидрологиясы (гляциология); Қурлықтар гидрологиясы зерттеу объектілерінен өзге негізгі зерттеу бағыты және тәсілдері бойынша мынадай салаларга белінеді: - жалпы гидрология саласы су кабыгында кездесетін жалпы зандылықтарды және оның (судың) ауа қабығы (атмосфера), жер қыртысы (литосфера) арасындағы жалпы байланыстарды зерттейтін сала; - гидрография – жер беті суларының географиялық таралу заңдылықтарын, сонымен бірге географиялық жағдайын олардың режимі мен шаруашылықтағы маңызын қаоастырумен айналысады; - гидрометрия – су объектілерінің режимін бақылау әдістерімен, ондағы қолданылатын құрал-жабдықтар, сонымен бірге бақылау нәтижелерін өңдеу әдістерімен айналысады; - инженерлік гидрология - халық шаруашылығының суранымдары бойынша гидротехника, мелиорация, жол кұрылысы және баска салалар қажеттілігі үшін гидрологиялық анықтаумен айналысады. Су объектілерінің зерттеу әдістері Қазіргі гидрология ғылымы су объектілерін зерттеу барысында мынадай негізгі әдістерді пандаланады, олар 1) тұракты бакылау (стационар); 2) экспедициялык, 3) тәжірибелік (эксперименттік), 4) теориялык. Тұракты бақылау әдісі су объектілерінің гндрологнялық режимі элементтерінің мерзімдік қозғалысын (динамикасын) зерттеу үшін қызмет етеді. Гидрологиялық режим дегеніміз — су объектілерінің жайкүйінің белгілі бір зандылықпен қүбылуы яғни су денгейінің, шығынының, температурасының, мүз қату құбылыстарының және т. б. сипаттамаларының. тәуліктік, маусымдық және көпжылдық қүбылмалылығы. Гидрологиялық режимді жүйелі түрде бақылау гидрологиялық, бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Бұл бакылаулар бірыңғай бағдарлама бойынша ғылым мен техниканың мақсатына сәйкестендірілген. Бақылау материалдары өңдеуден өткен соң географиялық корытындылар шығару үшін, анықтамалар күрастыру үшін, атластар мен гидрологиялық сипаттамалардың картасын жасау, сонымен бірге теориялық және қолданбалык максаттар үшін кеңінен пайдаланылады. Экспедициялық әдіс қыска мерзім ішінде су объектінің физика-географиялық сипаттамалары жөнінде маңызды деректер алуға, далалық ізденістер негізінде олардың режимдік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Экследициялық зерттеулердің нәтижесінде алынған деректер мамандарға гидрологиялық ұқсастық әдісін сенімді турде пайдалануға жағдай туғызады. Тәжірибелік (зксперименттік) әдіс жалпы гидрологиялык кубылыстарамен қатар процестердің жекелеген жақтарын тупкілікті зерттеуге қызмет етеді. Зертханада немесе далалык жағдайда жасалатын тәжірибе көмегімен өзен арналарының қалыптасу заңдылықтары, мұз қату және еру, судың топыракқа сіңуі мен беткейлерден ағып тусуі, су бетінен және жер бетінен булану және баска да көптеген құбылыстар зерттеледі. Зерттеудің теориялық әдісі гидрологиялық мақсаттарды физиканың жалпы заңдары және математикалық тәсілдердің көмегімен шешуге негізделген. Теориялық әдістің нәтижелері дәйекті материалдың көмегімен тексеріліп отырады. Су объектілері және олардың режимі жөніндегі ең толық мәліметтер жоғарыда келтірілген төрт әдіс бірге пайдаланылған жағдайда алынатын болады. Туристік жорық кезіндегі зерттеулер Әдетте, гидрологиялық бақылаулар халық шаруашылығында маңызы зор кіші өзендерді зерттейді. Туристік топтар бұл жағдайда зерттеу ұйымдарына көмек көрсете алады. Саяхаттау кезінде келесідей сұлба бойынша гидрографиялық сипаттама жүргізу керек: - өзен туралы жалпы сипаттама: оның атауы, ол кесіп өтетін аудан, облыс, өлке, республика; қайдан бастауын алады, қайда құяды, қай ірі өзеннің бассейіне жатады, қандай ірі салалары бар; - жақын аймақтың, аңғар мен өзен арнасына сипаттама (участок бойынша); - су шығынын өлшеу мәліметтері, әрбір участкіде бар гидротехникалық құрылыс туралы мәлімет; - сауалнама арқылы жиналған өзеннің режимі туралы мәлімет; - өзеннің жеке участкіде және толығымен пайдаланылуы туралы мәлімет; Турист-гидрологтың құрал-жабдығы: компасы мен визирлоқ сызғышы бар көзбен түсіруге арналған планшет; ұзындығы 20-25 см, метрі көрсетілген созылмайтын, мықты бау (немесе шпагат), тереңдікті өлшейтін сантиметрі көрсетілген, ұзындығы 1,5-2 м жіңішке таяқ, секундтық бағыты бар сағат немесе секундомер, фотоаппарат, далалық күнделік немесе қойын дәптер, қарандаштар мен өшіргіштер. Гляциологиялық бақылауларды таудағы саяхат кезінде фирн зоналары мен мұздықтардан өтетін тек қана тәжірибелі туристер ғана жүргізе алады. Халық шаруашылығында маңызды өзендер (суармалы, гидроэлектростанциялар және т.б.), әдетте, мұздықтармен қоректенеді. Гляциологқа келесі мәліметтерді түсіру қажет: - мұздықтың атауы, ол орналасқан беткейдің экспозициясы, «тілдің» аяқталу биіктігі, мұздықтың орташа ені мен ұзындығын, фирн сызығының биіктігін; - мұздықтың морфологиялық бетін: а) қоректену облысы (қоректену бассейін формасы, жарылымдардың таралуы), б) еру облысы (шеткі және орта мореналары, мұз құламалары, жарылымдар); в) мұздықтың аяқталу формасы; - жақында ғана болған мұздықтардың шегінуі мен алға жылжу жылдамдығы мен іздері; - мұздық типі (карлық, салбыраған, аңғарлық, ағаш тәріздес, жанданған және т.б.); - мұздықты бақылау мерзімі; Турист-гляциологтың құрал-жабдығы: фотоаппарат, сантиметр, дүрбі, қойын дәптер, суреттер үшін альбом. Геоботаникалық зерттеулер Жануар және өсімдік әлемін қарастырудан бұрын осы саланың түйінді терминдеріне тоқталып кеткен жөн. Ең бастасы «ареал» деген түсінік, «жануар, өсімдік әлемі». Ареал деп жануардың не болмаса өсімдіктің бір түрі таралған ауданды, аймақты атайды Өсімдік дүниесі ол өсімдік жамылғысы, жер бетінің, немесе бір регионның фитоценозының жиынтығы. Өсімдік тек қана түрлілік құрамымен ғана емес, санымен, түрлі тірі ақзалардың формаларының ұйқасымен, олардың динамикасымен және кеңістік кұрамымен сипатталады. Жануар әлемі - ол жануарлардың бір немесе бір неше түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы. Туристік-өлкетану саласының жұмысшылары табиғатты қорғаудағы келесі екі аспектіге көңіл аудару керек: Біріншісі – гидтерге және туристерге ұйымдастырушы мекеме мен (фирма мен)жорық немесе саяхат кезінде табиғатты қорғаудың негізгі ережелері жайлы ақпарат беру. Екінші аспект – туристік мекемелерінің табиғатты қорғау жұмысының материалдық базасы (маршрутты белгілеу және жабдықтау,бивактар үшін, табиғатқа кедергі жасамайтын құрал жабдықтардың жаңа түрлерін пайдалану) Жорық кезінде ботаникалық бақылауларды көбінде шипалы, жабайы және декоративті шөптерді анықтауға пайдаланады. Геоботаника туристердің қызығушылығын тудырады. Өсімдіктердің біртектілігі географиялық ортаның біртектілігінің көрсеткіші болып табылады, бір типтің екінші типке ауысуы климаттың, тау жыныстарының және табиғи ортадағы өзге өзгерістерге әкеледі. Сондықтан да өсімдіктердің біртектілігі аумақты аудандастырудың бір белгісі болмақ. Өсімдіктерді жазып қана қоймай, гербарий құрастыру қажет. Гербарий үшін жақсы дамыған жапырағы, гүлі және жемісі бар, бұзылмаған өсімдікті таңдаған жөн. Жаңбырлы күні немесе таңертеңгісін, шық кеппей тұрмай жинауға болмайды. Өсімдікті тамырымен қазып алып, оны қағаздың арасына ботаникалық папкаға немесе торға салады, папканы тығыз қылып байлайды, үлкен өсімдікті екіге бүктейді, жапырақ пен гүлді майыспайтындай қылып түзейді. Қылқан жапырақты ағаштардан міндетті түрде жаңғақ қоса алынады. Қылқан жапырақ кепкен кезде, шашылып қалмау үшін қылқанды ыстық құмда кептіреді. Жуан және бұлшықты жапырақ пен бұтаны кептірген қиынырақ. Оны ыстық суға пісіріп немесе спиртке аз уақытқа салып, содан кейін қағаз кулекке салып, оны ыстық құмммен көму керек. Егер өсімдік кепкен болса, ол ұшынан ұстап тұрған бұта тік тұрып, майыспайды. Жапсырмада реттік нөмері, өсімдік атауы, толық мекен-жайы мен өскен ортасы, кім және қашан жұлып алғаны көрсетіледі. Егер өсімдіктің ғылыми атауы белгіссіз болса, уақытша жергілікті атауын қолдануға болады. Өсімдіктердің адам үшін пайдалылығын турист–өлкетанушы оны қалай қолданаты арқылы анықталады: а) кеңістікте және уақыт бойынша бағдарлау; б) ауа райын болжау; в)тамаққа пайдалану; г) алғашқы медициналық көмек көрсету т.б. Бір неше өсімдіктер тірі компас болалады. Ақ қайынның, мысалы оң түстік жағында қабығы ақ және таза болады, сол тустігінде – қабығы жарылған, қара дақтар көп болады. Орман земляникасының оң түстік жағы қызылырақ болады, малина, ежевика, итмұрынның оң түстік жағы ертерек піседі. Өсімдікте биологиялық сағат ретінде пайдалануға болады. Мысалы одуванчик гүлі таңғы 5-6 гүлін ашып, кешкі 17 жабылады т.б. Сирек кездесетін және құрып бара жатқан өсімдіктерді жинауға рұқсат етілмейді, сондықтан да жорық немесе экспедиция алдында ҚР Қызыл кітабымен танысып алу керек. (слайдтар) Турист-ботаниктің құрал-жабдығы: өсімдікті кептіру үшін пресс, күрекше, үлкен бақшалық пышақ, тысы бар кішкентай күрекше, өсімдікті сақтау үшін фанералық таяқша, газет қағазы, қойын дәптер, жапсырма үшін дәптер, түрлі-түсті қарандаштар, өсімдікті анықтауыш. 7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер Зоология мен энтомологияны сүюшілер саяхат кезінде жануарлар туралы мәліметті және коллекцияны жинай отырып, елдің зоологиялық байлығын зерттеуге көмек тигізбек. Шыбын-шіркей, құстарды және сүтқоректілерді бақылау оңайырақ. Бақылауларды жүйелі түрде жүргізу керек: мерзімі мен жиналған орны, ауа-райы, бақыланатын объектінің атауы, оның орын тепкен жері, объектінің мінез-құлқы. Объектінің міндетті түрде жапсырмасы болуы керек. Оған күнделіктегі уақытты, объектінің жиналған орны, жинаған адамның аты-жөні жазылу керек. Турист-зоолог пен энтомологтың құрал-жабдығы: жердегі және судағы шыбын-шіркейді аулау үшін әртүрлі ебелектер, морилкалар, эфир, спирт, формалин, қорапшалар, мақта, скальпель, буланған қайшылар, пинцет, жіптер, инелер, газет қағазы, аузы мықты жабылатын ыдыс-аяқтар. Фенология – табиғаттың маусымдық даму заңдылықтары туралы ілімдер жиынтығы. Фенологиялық әдістің негізі көпжылдық бақылаулардың қайталануымен анықталады. Өлкетануды сүюшілер визуалды бақылайды. Бақылауларды дара экземплярға емес, популяцияға жүргізген жөн. Бақылауларды жыл мезгілдеріне байланысты, 2-3 күнде бір реттен кем емес жүргізген жөн. Өсімдіктерді бақылау. Осы аймақта жиі кездесетін өсімдіктерді таңдаған жөн. Көктем мен жазда келесідей құбылыстар бақыланады: - ағаштардағы сөлдің қозғалысын; - бүршік атыуын; - бүршіктің жарылуы – жапырақ ұштарының пайда болуын; - алғашқы жапырақтардың ашылуын; - гүлденудің басталуын; - гүлденудің аяқталуын; - бастапқы тұқымдануын; - жаппай тұқымдануын; - жапырақтардың түске боялуын; - жапырақтардың түсе бастауын; - жапырақтың толығымен түсінен айырылуын; - қоңыр күздің аяқталуын. Жануарларды бақылау. Тозаңдандырушы, бал тасушы, ауыл шаруашылық өсімдіктерге зиян келтіретін шыбын-шіркейді бақылаудың практикалық маңызы зор. Келесі құбылыстарды белгілеген жөн: - ірі түрлердің (имаго) алғашқы және жаппай пайда болуын; - жұмыртқа сала бастауын; - дернәсілдердің пайда болуын; - дернәсілдің көбелекке айнала басталуын. Құстарды бақылау үшін арнайы желі таңдалады. Құстардың белсенді кезі таңертеңгі уақытта бақылаған жөн: - құстардың келу (ұшып өту) уақытын анықтау; жаппай ұшып өту уақытын анықтау; - құстардың ұшып кету уақытын; құстардың жаппай ұшып кету уақытын белгілеу. Зоологиялық бақылаулар туристер үшін екі мәселеге бөлінеді: танымдық (номенклатура жайлы және жануарлардың ареалдары туралы ақпарат) сақтау (маршрутты қауыпсыз өту жайлы ақпарат) Өлкетанулық ақпаратты жүйелеу үшін фенологиялық бақылаулар жәйлі ақпарат қажет. Бақылауға және өзіндік жұмысқа арналған сұрақтар Өлкетанушылардың зерттеуі үшін қол жеткізерлік негізгі табиғи компоненттерін атаңыз? 2. Кешенді физикалық географиялық зерттеулер қандай кезеңдерден тұрады? Геологиялық жыныстарды зерттеу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет? Геоморфологиялық зерттеулер тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет? Туристік жорықтарда қандай құралдар арқылы топографиялық түсірілім жасалады? Метеобықылау жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет? Гидрологиялық зерттеулер тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет? Ботаникалық және зоологиялық зертеулерді жүргізу тәсілдері, ол үшін қандай құралдар қажет? Табиғи рекреациалық ресурстар Табиғи ресурстар деп тікелей және жанама тұтыну үшін пайдаланатын, материалдық байлықтың ұлғаюына? Еңбек ресурстарының ұдайы өсуіне, ұндіріске үлес қосатын және өмір сапасын жақсартатын табиғи нысандар мен құбылыстар аталады. Табиғи ресурстар өз қалпына келу мүмкіншілігі бойынша (қалпына келетін және қалпына келмейтін), шығу көзі бойынша (минералдық, энергетикалық, климаттық және т.б.), бір ресурсты басқасына алмастыру мүмкіншілігі бойынша (ауыстырылатын және ауыстырылмайтын) алуан түрлі болады. Шығу көзі мен пайдалану сипаты бойынша табиғи ресурстардың жіктелуі: Таусылмас энергетикалық ресурстары; Таусылар табиғи энергетикалық ресурстар; Минералдық рудалық емес ресурстар; Минералдық рудалық ресурстар; Құрлықтың су қоры; Дүниежүзілік мухит ресурстары; Климат ресурстары; Өсімдік ресурстары; Орман ресурстары; Жануар әлемінің ресурстары; Жер ресурстары; Азық-түлік рсурстары; Рекреациалық ресурстары; Экологиялық ресурстары; Эстетикалық ресурстары; Табиғи-эталондық рсурстары Табиғи рекреациалық ресурстар – адамның еңбек қабылеттілігі мен денсаулығын қолдау мен қалпына келтіру әдісі болып табылатын демалысты қамтамасыз ететін табиғи ресурстардың түрі, адамның рекреация мен туризм қажеттілігін қанағаттандыратын табиғи нысандар мен құбылыстар. Табиғи рекреациалық ресурстар ұлттық мұра болып табылады. Ерекше зор мағынасы бар нысандар ЮНЕСКО тізіміне әлемдегі мағынасы бар ескерткіштер ретінде енгізіледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) деп олардың шеңберінде орналасқан табиғи немесе табиғи-антропогендік нысандар мен құбылыстардың құндылығымен ерекшеленетін немесе айналысына щң әсер тигізетін кеңістіктер аталады. Антропогендік әрекеттеріне тыйым салу режиміне қарай ЕҚТА түрлері мынадай дәрежеде болады: табиғи ескерткіштер, қорықшалар, қорықтар,табиғи (ұлттық) парктер. Табиғи ескерткіштер – жергілікті аудан үшін үлгілі немесе қайталанбас болып белгіленген шағын нысандар (табиғи мекен, жартас, қүз, шағын орман, тоғай, бөлек тұрған ағаш және т.с.с.). Табиғи ескерткіштер мемлекеттің, жергілікті билік және қоғамның қамқорлығында болады. Қорықшалар - табиғи кешендердің, әйгілі ландшафтардың бөлек компоненттерін қорғау, қалпына келтіру және жаңарту мақсатымен ұйымдастырылады. Қорықшаның жері мүлік иесінен алынбайды, тек қана белгілі бір мезгілге әрекеттердің, кәсіптердің кейбір түрлеріне тыйым салынады (жер жырту,ағаш кесу,аңшылық, балық аулау. Туризм, т.б.). Қорықшалардың негізгі түрлері: зоологиялық және ботаникалық қорықшалар, аңшылық шаруашылықтар, орман питомниктері. Қорықтар (резерват) – табиғи жағдайларының толық кешенін, яғни ландшафтты толығымен қорғайды. Қорық ұйымдастыру үшін геожүйелердің жаратылған түрінде жақсы сақтау денгейі, олардың осы аудан үшін үлгілілігі (репрезентативтік) және биотасында сирек кездесетін элементтері болуы керек. Қорық жерінде шаруашылық әрекетіне толық тиым салынады, аумағының айналасында кәсіптің кейбір түрлеріне тыйым салынған буфер зонасы орналасады. Қорық аумағына арнайы рұқсатсыз кіруге болмайды. Қорғау мен ғылыми функцияларын орындаумен бірге, қорықтар табиғи-танымдық және экологиялық туризм орталықтары болып танылады. Алайда, қорық шеңберіндегі барлық туристік желілер арнайы жабдықталған жол соқпақтармен өтеді. Туристердің түнеуіне қорық аумағында тыйым салынады. Табиғи (ұлттық) парктер – көлемі ең үлкен ЕҚТА болып табылады. Ұлттық парктерде елеулі ландшафтарды қорғаумен бірге рекреациалық іс-әрекет қарқынды жүргізіледі. Ұлттық парк шеңберінде бір неше функционалды зона орналасады: Резерват, 2) рекреациалық, 3) қоныстану, 4) шаруашылық, 5) буфер.
Достарыңызбен бөлісу: |