Лекция №2. Жаңа османлы және мешрутиет кезеңІ 1876ж кезеңІ



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата15.02.2022
өлшемі77,25 Kb.
#131858
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
Дәріс 2 (Лекция) 0f6e7a48413f21cc7b12bb5a544bbdc2
бағ 14


ЛЕКЦИЯ №2. ЖАҢА ОСМАНЛЫ ЖӘНЕ МЕШРУТИЕТ КЕЗЕҢІ 1876Ж КЕЗЕҢІ
1865 жылы Стамбулда «Жаңа Османдар қоғамы» деп аталатын жсырын ұйым
құрылды. Оның құрамына 250 адам кірді, негізінен интеллигенция мен шенеуніктердің
арасынан шыққандар еді. Қоғам империяда реформаның шешуші түрде іске асуын
қолдады. Ұйым мүшелері либералдық көзқарастарымен танылған Мұрадтты таққа
отырғызуды көздеді. 1867 жылы көзқарастары ашылып қалған жаңа османдар - Намык
Кемаль, Зия Бей Лондонға эмиграцияға кетіп, осында «Еркіндік» деген газет шығарды. 
Газет арқылы конституциялық монархияны талап етті. Газет үкіметті танзимат
реформасының сәтсіздігі үшін сынады. Елде ағартушылықтың жылдам іске асуын талап
етті. Тағы бір ерекшелік, «жаңа османдар» аз ұлттардың азаттық қозғалысына, оларға
автономия беруге қарсы болды. Жас түріктердің османизм идеологиясы бойынша, Осман
империясының барлық мүшелерінің бір отаны бар, сондықтан, өзін-өзі басқаруға
ұмтылудың қажеті жоқ.
XIX ғасырдың аяғында түрік интеллигенциясының саны артты. Дәрігерлер,
заңгерлер, шенеуніктер, офицерлер әртүрлі компаниядағы қызметкерлер саны көбейтілді.
Олардың идеялық көзқарастарында және қоғамдық іс-әрекеттерінде сол кезеңдегі түрік
қоғамындағы болып жатқан өзгерістер анық байқала бастады. ХІХ ғасыр Осман
империясы тарихында еуропалық мемлекеттердің өркениетіне, зайырлы мемлекет
сипатына ұмтылумен сипатталады. Танзимат реформалары Осман империясының
қоғамына маңызды экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер алып келді.
Түркияның буржуазиялық жолға біртіндеп ауысуына, ескімен жаңаның күресі
нәтижесінде өркениеттің жаңа бетін ашуға мүмкіндік алды.
Батыстан алынған буржуазиялық идеялар әртүрлі салалардан көрініс алды. Атап
айтқанда, құқықтан, мемлекеттік басқарудан, ағарту саласынан.Ал қоғамда реформалық
әрекеттерді одан әрі тереңдетуді қоштаған либералдық топ-саудагерлер, кәсіпкерлер
еуропалық біліммен тәрбиеленген қызметкерлер мен әскерлер болды. Олар 1865 жылы
«Жаңа османдар» дейтін жасырын ұйым құрды. Оның жетекшісі белгілі жазушысы
Намык Кемал болды. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді
тақтан түсірді. Сөйтіп, сұлтандық билікке II Абдул Хамит келді. Ол 1876 жылы
желтоқсанда конституцияны екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі
құқықтары мен бостандықтарын жариялады. Конституция мемлекеттік тіл - түрік тілі,
мемлекеттік дін – ислам діні деп жарияланды.
XIX ғасырдың соңында реформаторлықтың жаңа толқыны түріктердің
ұлттық қозғалысы түрінде көрініс берді. Түріктердің ұлттық қозғалысы XIX ғасырдың 50-
60 жылдары басталды. Қозғалыстың бастапқы кезеңінде артушылық сипаты басым еді.
«Жаңа Османдар» ұйымының мүшелері және белгілі ағартушы, жазушы Намык Кемал
бастаған бірқатар зиялы топтар түрік тілінің дамуының және оның әдеби тіл дәрежесіне
көтерілуіне, ағарту ісіне зор үлестерін қосты. Ендігі реформалық қозғалыс толқынының
өкілдері империяның тұтастығын сақтау шараларын іздестірді. 1889 жылғы Стамбулда
«Бірлік және прогресс» (Иттихад ве теракки) партиясы құрылды. Бұл ұйымның бөлімдері
провинциялары мен шетелде де құрылды. Ұйымның алға қойған жақын арадағы мақсаты
– конституциялық мемлекет құру болатын. Реформалық шаралар жүгізіп, елдің
экономикасын көтеру, қоғамды жан-жақты жаңарту көзделді. Бұл қозғалыстың өкілдерін
«жас түріктер»деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет