Лекция №3 Тақырып: «Іш сүзегі. А және В парасүзектері»
Анықтамасы. Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, фекальды-оральды механизмімен берілетін, ащы ішектің лимфоидты аппаратын зақымдануымен өтетін, клиникасы айқын интоксикациямен, жоғары түрақты қызбамен, розеолезді бортпемен, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюмен сипатталатын жедел антропонозды жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғышы - Salmonella typhi -ішек тұқымдастығына, сальмонелл тегіне, серологиялық Д тобына қатысты. Бактерия барлық анилин бояуларымен боялады, олар кәдімгі құнарлы ортада өседі. Salmonella typhi - Грам (-) аэроб. Лимфотропты қасиетімен сипатталады. Қоздырғыш ыдырағанда эндотоксин бөлінеді. Эндоксиннің әсері іш сүзегінің клиникалық және лабораторлық белгілерін түсіндіреді. Олар: айқын интоксикация, қызба, салыстырмалы брадикардия, ішектің парезі, метеоризм, лейкопения.
Өт қосылған қоректі орталарда жақсы өседі. Сыртқы ортада сүзек-парасүзек бакгериялары біршама тұрақты. Су мен топырақта олар бірнеше күннен бірнеше айга дейін сақталуы мүмкін. Бактерия үшін жағымды орта азық-түлік өнімдері (сүт, қаймақ, ірімшік, ет фаршы), мұнда олар тек сақгалып қоймай, сонымен бірге көбейеді. Микробтар қыздыруда тез жойылады (60°С-30 мин, ал 100°С -тіптен тез). Дезинфекциялық ертінділерге сезімтал.