Лексикалық тақырып: «Студенттік асхана және дәмхана» Студенттік асхана және дәмхана Француз философы Пьер Тейляр де Шарден: «Жақсы ойлау үшін, тамағың тоқ болу керек. Бір кесек нан қанша ойды өмірге әкеле алады»



Дата02.12.2023
өлшемі130,52 Kb.
#194524
Байланысты:
Студенттік асхана және дәмхана 12-АПТА



Лексикалық тақырып: «Студенттік асхана және дәмхана»
Студенттік асхана және дәмхана
Француз философы Пьер Тейляр де Шарден: «Жақсы ойлау үшін, тамағың тоқ болу керек. Бір кесек нан қанша ойды өмірге әкеле алады» – десе, қазақ жазушысы Бауыржан Тойшыбаев: «Аш адамның миында асқазаны тұрады», – деген. Сондықтан адам үшін, әсіресе, оқып жүрген, студент жастар үшін жақсы, сапалы тамақтанудың маңызы ерекше (Сын есім).
Университет қызметкерлері мен білім алушыларын ыстық та қол жетімді тамақпен қамтамасыз ету үшін жарық та жайлы, өте таза 50 орындық асхана жұмыс істейді. Халық даналығы «Бақытты адамдарды көрсең, олардың аспазы кім екенін сұра» дегендей, университет асханасы білім аулшылар мен ұжымның гастрономиялық қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Асханада жоғары кәсіби, тәжірибелі аспаздар жұмыс істейді. Асхана аптасына алты күн қызмет етеді, тек жексенбі күні жұмыс істемейді. Асханада күнде жаңа тағамдар ұсынылады, әртүрлі тағамдарды дайындауда әр азық-түліктің дәрумендері, калориясы міндетті түрде ескеріледі. Тамақтанушылар таңғы, түскі, кешкі өз қалаулары бойынша ас мәзірін (меню) таңдайды (Зат есім).
Асханада түрлі әдіспен дайындалған тағам түрлері ұсынылады: бұқтырылған, буда дайындалған, пісірілген, қуырылған және әртүрлі салат түрлері. Қандай да болмасын тағам дайындаларда қолданылатын азық-түліктің санитарлық-гигиеналық талаптары қатаң сақталады және сапасы тексеріледі. Университет асханасында аспаздардың өздері ұн тағамдарын, кулинарлық және кондитерлік тағам түрлерін, ыстық, салқын сусындарды, шырындар мен компот т.б. дайындайды.
Тағам тізімінің түрлілігі, молдығы, ас дайындаудың жоғары сапалылығы, дәмділігі, сонымен қатар өте сыпайы аспаздар университет ұжымы мен білім алушылардың көңілінен шығуда. Асхананың жұмыс уақыты кімге де болсын өте ыңғайлы: оқу басталуға жарты сағат қалғанда ашылып, жұмыс күнінің соңына дейін жұмыс істейді.
«Жақсы өмір сүру үшін жақсы тамақтану қажет», – деген екен британдық аспаз Гордон Рамзи. Университет асханасының дизайны қазіргі заман талаптарына сай сәнді және заманауи.
Асхананы студенттердің креативті аймағы деп те атауға болады, себебі бұнда білім алушылар дәмді тамақтанып қана қоймайды, сонымен қатар бір-бірімен әңгімелесіп, уақыттарын жақсы өткізулеріне болады.
Мәтінмен жұмыс:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыздар.

  2. Мәтіннен сапалық сын есім мен қатыстық сын есімді теріп жазыңыз.

  3. Модаль сөзі қолданылған сөйлемдерді жазыңыз.

  4. Сөйлемдегі асты сызылған етістіктердің жасалуын түсіндіріңіз.

  5. Мәтіннен біріңғай сөйлем мүшелерін теріп жазып, қай сөз табынан жазалынғанын түсіндіріңіз (Нужно выписать однородные члены предложения и определить от какой части речи они образованы).

  6. Төмендегі берілген жағдаятты орындаңыз:

1- жағдаят
Б үгін облыстық әкімдікте конференция өтті. Конференцияға басқа облыстардан әріптестеріңіз келіп қатысты. Сіз конференцияда ескі досыңызды кездестірдіңіз. Досыңызды түскі асқа дәмханаға шақырдыңыз. Досыңызға және өзіңізге тапсырыс беріңіз. Досыңыз қандай тағамдарды жақсы көреді.
Қажетті репликалар: даяшы, тапсырыс, ыстық тағам, сусын, салқын тағам, не ішесің?, ас болсын!

Лексикалық тақырып: «Қазақтың ұлттық тағамдары»
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қ азақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан – ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас – адамның арқауы», «Ас атасы – нан», «Жаман ауруға – жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.
Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.
Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған.
Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.
Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген. Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.
Мәтінмен жұмыс:

  1. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз.

  2. Мәтіндегі «Жаман ауруға – жақсы ас» деген мақалды қалай түсінесіз?

  3. Мәтіннен күрделі зат есімді теріп жазып, жасалуын түсіндіріңіз.

  4. Мәтіннен болымсыз түрде тұрған етістікті теріп жазыңыз.

  5. Ас, тамақ туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіз?



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет