Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік



бет1/13
Дата14.11.2016
өлшемі2,23 Mb.
#1713
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
ҰЛЫ БАБА ЕСІМІ

ДӘРІПТЕЛДІ

Жаңа кітап баспадан шықты

Кітап тұсаукесеріне әзірлік

Кетбұқа бабаға арналған алқалы жиын

Ұлытаудағы тарихи орындарды аралау

(фотосуреттер топтамасы)

Жергілікті және республикалық газеттердің беттерінен




«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық

бірлестігінің тапсырмасымен

баспаға дайындаған

Шахмұрат ИБАДАТОВ.
Жезқазған, 2014 жыл


Кетбұқа жайлы жинақ жарық көрді

Қаһарынан әлем дірілдеген Шыңғысханның өзі сыйлаған
қазақтың Кетбұқасын қазіргі Тәуелсіз елінің төріне, оның келешек
жас ұрпағына тұлғасын асқақтатып қайта оралту шараларын зиялы азаматтардың бастауымен қолға алған жезқазғандықтар осы реттегі тағы бір игілікті істі атқарып шықты:
Кетбұқа туралы «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» атты
жинақ жарық көрді.

Жинақ үш бөлімнен тұрады. Жинақтың аңдатпасында жазыл­ғандай, ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы түркі жұртының тарихында айрықша маңызды орын алатын, даналығына қаһармандығы сай Кетбұқа баһадүрдің өмірі мен ұлы істерін зерделеуге бағытталған тарихи-танымдық зерттеулер «Дерек көзі – тарих сөзі» атты бастапқы бө­лімге топ­тастырылған. «Көсем болмыс – көр­кем сөзде» атты екінші бөлімге Кетбұқа бабаның көркем бейнесін жасауды мақсат тұтқан әдеби көркем шығармалар топтастырылса, публицистикалық материалдар жинақтал­ған үшінші бөлім «Ұлылықтан нәр алған ұран сөзі» деп аталады.

Кітапта, сонымен бірге, «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлесті­гінің құрылған күннен бастап бүгінге дейін атқарған істерінен мағлұмат беретін материалдар жинақталған.

Кітаптың жауапты редакторы –белгілі өлкетанушы, Қ. И. Сәтбаев атындағы тарихи-өндірістік мұражайдың директоры Кенжал Балкенов, құрастырушысы – танымал журналист Шахмұрат Ибадатов.

Жинақ Астана қаласында «Фо­лиант» баспасынан 3000 данамен демеушілік қаржыға басылып шыққан.

Төлеш Асантегі.

(«Сарыарқа» газеті,
8 тамыз 2014 жыл).


КІТАП ТҰСАУКЕСЕРІНЕ ӘЗІРЛІК
Жезқазған қаласында өтетін «Абыз тұлға, аңыз тұлға Кетбұқа» кітабының тұсаукесеріне арналған іс-шараларды өткізетін (06.09.2014ж.)

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:
Төрағасы – Аханов Б.М.

Мүшелері: Бүкіров Т.Н.

Жараспаев А.А.

Бекмағанбетов М.

Жанботаев Д.

Шыңғысов Б.К.

Медебаев С.Т.

Нұрманов Ж.Н.

Тажбенов Т.А.

Балкенов К.Б.

Мұқашев Б.Т.


«Абыз тұлға, аңыз тұлға Кетбұқа» кітабының тұсаукесеріне арналған іс-шараларды ұйымдастыруға қаржылай көмектескендер:

  1. Жараспаев Алияр – 100 000 тг.

  2. Бекмағанбетов Марат – 100 000 тг.

  3. Нұрманов Жамбыл – 100 000 тг.

  4. Асансейітов Марат – 100 000 тг.

  5. Шыңғысов Бауыржан – 100 000 тг.

  6. Төлеуов Сәкен – 100 000 тг.

  7. Төкенов Тілеуқабыл – 100 000 тг.

  8. Мұқашев Бауыржан – 100 000 тг.

  9. Нысанбаев Саят – 100 000 тг.

  10. Байділдаев Абай – 100 000 тг.

  11. Медебаев Сәбит – 100 000 тг.

  12. Мағзұмов Мейрам – 100 000 тг.

  13. Алтынбеков Бекзат – 100 000 тг.

  14. Мұханбедин Мереке – 100 000 тг.

  15. Тажбенов Тоғызбай – 200 000 тг.

  16. ҚуанышовТөлеген – 50 000 тг.

  17. Асамиданов Амантай – 50 000 тг.

Барлығы: 1 700 000 тг.
Жезқазған қаласына шақырылған қонақтарға арналған

БАҒДАРЛАМА

(2014 жылғы 5-7 қыркүйек)



Іс-шара атауы

Уақыты

Жауапты тұлға

1

Әуежайдан Алматы-Жезқазған

ұшағынан қарсы алу, қонақ үйге орналастыру.



05.09.2014 ж.

Сағ.: 17.15



Тажбенов Т.

2

Әуежайдан Астана-Жезқазған

ұшағынан қарсы алу, қонақ үйге орналастыру.



05.09.2014 ж.

Сағ.: 18.00



Жараспаев А.

3

Қарағанды, Шымкент, Қызылорда-дан келетін қонақтарды қарсы алып, қонақ үйге орналастыру.

05.09.2014 ж.

Нұрманов Ж.

4

Кешкі ас беру. Марғұлан көшесі,

72 үй. Тел.: 78-13-35



Сағ.: 19.30

Мұқашев Б.

5

Таңғы ас «Байқоңыр» қонақ үйі,

ЖШС «Кеңгір» (Профилакторий)



06.09.2014 ж.

Сағ.: 08.00-

09.00


Тажбенов Т.

Жараспаев А.

Қожахметов Т.


6

Қонақтарды қала әкімдігінде

қабылдау.



9.30-10.00

Аханов Б.М.

7

Жезқазған тарихи-археологиялық

мұражайы.



10.00-10.50

Чумакова З.С.

8

Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи-

өндірістік мұражай.



11.00-11.50

Балкенов К.Б.

9.

С.Қожамқұлов атындағы драм-

театрында «Абыз тұлға, аңыз тұлға



Кетбұқа» кітабының тұсаукесері.

12.00-13.15

Бүкіров Т.

10.

Түскі ас «Дастархан» мейрамханасы.

13.30-14.30

Шыңғысов М.

11.

Алашахан-Жошыхан-Домбауыл

кесенелеріне бару.



14.30-19.30

Тажбенов Т.

Жараспаев А.

Балкенов К.


12.

Кешкі ас. «Дастархан»

мейрамханасы



20.00

Шыңғысов М.

13.

Қонақтармен пікір алмасу

21.00-22.00

Төралқа мүшелері

14.

Таңғы ас. «Байқоңыр» қонақ үйі

және «Кеңгір» ЖШС

(профилакторий)


07.09.2014 ж.

Сағ.: 7.30-8.00



Тажбенов Т.А.

Жараспаев А.

Қожахметов Т.


15.

Ұлытауға жол жүру

07.09.2014 ж.

Сағ.: 8.15-16.00



Тажбенов Т.А.

Жараспаев А.

Нұрманов Ж.

Балкенов К.



16.

Қонақтарды шығарып салу:

Алматыға


Астанаға

Қарағандыға

Шымкентке

Қызылордаға



07.09.2014ж.

Тажбенов Т.А.

Жараспаев А.А.

Нұрманов Ж.

Нұрманов Ж.

Нұрманов Ж.





«АБЫЗ ТҰЛҒА, АҢЫЗ ТҰЛҒА КЕТБҰҚА»

атты кітаптың тұсаукесеріне шақырамыз

Ұлығ жырау Кетбұқа Аталық би (1184-1260 жж.) – әлем тарихына бел­гілі ұлы тұлға, алты Алаштың абызы. Қиын қыстау күн туғанда, ел тұтастығы мен бірлігі үшін табандылық көрсетіп, кең байтақ жерімізге қорған болған Ұлығ би туралы ауқымды кітап жазылып жарыққа шыққанын көпшілікке құлақ қағыс етіп, сүйінші сұраймыз.

Ел тәуелсіздігін, іргелі де ынтымақты ел болуды аңсаған Кетбұқадай бабаларымыздың асыл арманы болғаны белгілі. «Кетбұқадай билерден, кеңес сұрар күн қайда?» Доспамбет жыраумен, Махамбет ақын да қазақ елі­нің бостандығын аңсап өтті.

«Кетбұқа бабамыз түбі бірге түркі­ге ортақ ұлы тұлға» – деп Президен­тіміз Н. Ә. Назарбаев асқақтата айт­қан болатын.

Түбі бірге туысқан түркі халықтарының бәріне ортақ данышпан тұлға Кетбұқа бидің қалдырған өсиеті мен мәдени мол мұрасы, қазіргі уақытта қырғыз, өзбек, башқұрт, қарақалпақ, хакас, ноғай елдерінде көптеп кездеседі.

2013 жылы қазан айында құрылған «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төралқа мүшелері, Ұлытау-Жез­қазған аймағы тұрғындарымен, тарихшы ғалымдармен, өлкетанушылармен бірігіп, Ұлығ жырау Кетбұқа Гурхан Аталық би Найманиден қалған мол мәдени мұраны зерттеп, зерделеу, насихаттау мақсатында көп­теген іс-шаралар, мекеме қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырды.

Осы кездесу барысында көпші­ліктің ұсыныс пікірлерін ескере отырып, қоғамдық бірлестіктің ұйымдастыруымен Астана қаласындағы «Фолиант» баспасынан «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» атты 380 беттік жинақ 3000 данамен басылып шықты. Пішімі 84х1086 шартты баспа табағы 20,16. ISBN 978-601-292-944-7, УДК 94 (574), ББК 63,3 (5 каз).

Кітаптың тұсаукесері С. Қожамқұлов атындағы театр ғимаратында 2014 жылы 6 қыркүйек күні сағат 12.00-де өтетінін көпшілікке хабарлаймыз.

Осы тұсаукесерге Алматы, Астана, Қарағанды, Түркістан, Шымкент, Қызылорда қалалары мен Қырғызстан Республикасынан белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері шақырылып отыр. Жезқазған, Сәтбаев қа­лалары мен Ұлытау ау­даны тұрғындарын, оқу орындары мен мекеме қызметкерлерін осы тұсаукесерге шақырамыз.

Қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі тектес халықтардың данышпан атасы, ақылгөйі, қыл қобыздың мұң­ды үнімен халқымыздың басынан кеш­кен қайғы-қасіретін бейнелеген Кетбұқа бабамыз мәңгі ұмытылмайды.



Бабасын дәріптеу – болар елдің белгісі.

Төлеген Бүкіров,
«Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Жүрсін Ерман
КЕТ-БҰҚА

Ұлытау.


Ұлық тастар.

Жасыл дала.

Қасиет қожыр-қожыр тасында ма.

Көзіме Ұлытау боп елестейді

Кет-Бұға құдіретті асыл баба.
Бұл тауға ішкен асым келді сіңбей,

Адамды адам сүйе алмас – елді сүймей.

Ошарылып жатыр ма ошақ тастар

Бабаның қойып кеткен белгісіндей.


Не дегісі келді екен сен арқылы?

Осы жер деді ме екен жер артығы.

Ұлытауда ұйысқан ұлтымызға

Ұлытау ұлы қазан болар түбі.


Әулиетау басынан бұлт асқанда

Қарайды екен күн салып жұрт аспанға.

Кет-Бұға тұлпарының ізі жатыр

Көңіл көзбен қарасаң бұл тастарға.


ІІ

Кие деп қадір тұтса енді Алашың

Құдайдың құдіретіне таңқаласың:

Ұлы жұрт Ұлытауға келтіреді

Оралтып Назарбайдың хан баласын.
Өзің кеп ат байлаған сол Көктөбе

Қимайды ерді өлімге, елді өкпеге

Желкенін жел кеулетіп жібереді

Қайырылса қара жерге шөлдеп кеме.


Тараған ұлы атадан Бағаналы

Көрінер қасиет боп маған әлі.

Бауыр тартып келгенде бауырласқан

Баласына қазақтың жоқ алаңы.


Ертегі боп кетсе де енді заты,

Қаһарынан шошынып келді жаты.

Сыймайды бір рудың құшағына,

Күллі қазақ елінің төлқұжаты!



ІІІ

Кет-Бұға – кемеңгер ме, данышпан ба,

Алысқан аждаһамен арыстан ба.

Алмас қылыш астында тіс жармаған,

Атқақтап тұрғаннан соң намыс қанда.
Дей көрме опат болды тек куәсіз,

Тарихың толмайды енді Кет-Бұғасыз.

Жөңкілген қалың қолың болғанымен

Қалайша Кет-Бұғасыз шеп бұзасыз!


ІV

Айлар, жылдар, ғасырлар өтті қалың,

Кім сейілтер заманның көк тұманын.

Ұлы баба есімін ұмыттың ба,

Ей, самарқау ұрпағы Кет-Бұғаның!
Сендер үшін төкті тер, төкті қанын,

Қазақ атын әлемге етті мәлім.

Алшаң-алшаң басып жүр аяғыңды

Мұрагері менмін деп Кет-Бұғаның!


Ат жалын тартып мінген ширақ тарлан

Қол бастап Мысыр барған, Ирак барған.

Атадан асып туған абыройы,

Аузынан – сөз, шанақтан күй ақтарған.


Хан алдында қаймығып ат сүрінбек,

Күйді бұзбау қашанғы дәстүрім деп.

Хан ажалын қаймықпай сол жеткізген,

Сақалының ұшында жас дірілдеп!


V

Қасиетіңе сенеді жұртың кәміл,

Ұлтыңнан – ұл, туады құлқыннан – құл.

Көше алмас көп ел болды Көктөбеде

Бір кезде бесігіңде бұлқынған ұл.
Ай мен кұн аман тұрса, тозбас ғалам

Алысқа ұрпағымен озбас па адам.

Ойқастап ел көшінің алдында жүр

Ұрпағың ел бастаған, сөз бастаған.


Өшкен жоқ есіміңе ерген дабыл,

Кеткен жоқ елден – ырыс, ерден – қадір.

Ұлысқа төрт босаға болған жоқ па

Ұрпағың Қадір, Шегір, Ерден, Бабыр.


Жоқтан бар жасауға енді жұрт үйірсек,

Тарихтың жарғақ тонын сілкіп ілсек.

Қаптаған қалың жұрттың тамырында

Қаны жүр Кет-Бұғаның бір түйіршек.


Жайы жаннат болсын деп Кет-Бұғаның

Қосып жүрем ішіне тек дұғаның.

Рухыңмен қолдай көр деп ұрпағыңды

Кемеңгерім, қолбасым, текті ханым!


VI

Жатыр деп қай қиырда шіркін басы

Жүректе жайықтай боп жыр тулашы.

Қағазға шимайлама суретін сап,

Қағазға симайды оның түр-тұлғасы.
Нұқыса нар шөктірген Найман батыр,

Демеңдер дерексізге айналды ақыр.

Айнаға бір қарашы, өзің болып,

Ер Кет-Бұға бабамыз айнаңда тұр!


Орнасын басқа дәстүр, басқа ғұрып,

Ескерткіш – Ұлытаудың тастары нық.

Елім деп еңіресең, Кет-Бұға боп

Жүректе жүру керек асқақ рух!


(Жезқазған қалалық «Сарыарқа» газеті,
5 қыркүйек 2014 жыл).


ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТТАРЫ
Қадірлі қауым!
Байтақ жұртымыздың біртуар ұлдарының бірі – баһадүр бабамыз, аңыз адам, абыз адам Кетбұқаның тарихи тұлғасына арналып, арнайы шығарылған жинақтың тұсаукесер рәсімі құтты болсын! Осы игі де іскер шараның ашылуымен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын.

Тұлпар мініп, ту алған, ақылымен аламан жұртты меңгерген, жапан даланың жауынгерлік рухын көтерген, дана сөздерімен даланың шежіресін байытқан бабамыз Кетбұқаның кейінгі ұрпаққа жеткен ұлағатты сөздері мен ұлы тілектерін жаңа заманның белесінде жасампаздықпен жүзеге асырып жатқан тәуелсіз еліміздің ертеңі осындай абыздарымыздың ақылы мен дана билігі, кейінгі заманға қалдырған қасиетті өсиеттері негізінде дами береді. Бұл үлгі-өнеге өрісін таба берсін.

Баршаңызды баһадүр бабамыздың аруағы қолдасын!
Құрметпен,__Қазақстанның_Халық_әртісі,_Мемлекеттік_сыйлықтың_иегері_Асанәлі_ӘШІМОВ._Қадірлі_отандастар!'>Құрметпен,__Қазақстанның_Халық_жазушысы_Қабдеш_ЖҰМАДІЛОВ.__Қадірменді_қауым!'>Құрметпен,__Қазақстан_Жазушылар_одағы_төрағасының_бірінші_орынбасары,_ақын__Ғалым_ЖАЙЛЫБАЙ.___Ардақты_ағайын!'>Құрметпен,__Қазақстан_Республикасы_Парламенті_Сенатының_депутаты,_Халық_Қаһарманы__Мұхтар_АЛТЫНБАЕВ.__Құрметті_жерлестер!'>Құрметпен,

Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаты, Халық Қаһарманы


Мұхтар АЛТЫНБАЕВ.

Құрметті жерлестер!
Іссапармен жүріп, Кетбұқа бабамызға арналған жиынға қатыса алмадым.

Ақын, жырау, күйші Кетбұқа бабамызға арнап құрылған қордың жұмысына сәттілік тілеймін!


Құрметпен,

Қазақстан Жазушылар одағы
төрағасының бірінші орынбасары, ақын


Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ.


Ардақты ағайын!
Қасиетті Кетбұқа бабамызға арналған кітаптың тұсаукесері құтты болсын!

Қазақтың Ұлық биі, ойшыл, жырау, көреген кемеңгер Кетбұқа ұлттың болашағын ойлап, болжап кеткен. Бабамыз Кетбұқаға қазақтың бәрі қарыздар.


Құрметпен,

Қазақстанның Халық жазушысы
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ.


Қадірменді қауым!
Қазақтың Кетбұғасының өмір жолы драматург-жазушыларға сұранып тұрған тақырып. Ұрпағымызды Отан қорғауға, ұлтжандылыққа, халықтың салт-дәстүрін, тілін қадірлеуге және ойшыл жырау, күйші ретінде өмірінің тәрбиелік мәні зор. Кетбұқаға арнап спектакль қойылып, кино түсіріліп жатса нұр үстіне нұр болар еді.
Құрметпен,

Қазақстанның Халық әртісі,
Мемлекеттік сыйлықтың иегері
Асанәлі ӘШІМОВ.

Қадірлі отандастар!
Ұлы жырау-күйші әрі Аталық би Кетбұқа бабамыздың кітабының тұсаукесеріне қатысуларыңызбен құттықтаймын!

«Тарихын білмеген келешегін болжай алмайды» деген даналық сөзді еске ала отырып, сіздер қазақ хандығының бастауы «Алтын Орда» екеніне, оның іргесін қалаушыларының бірегейі Кетбұқа бабамыз екеніне көздеріңіз жетер деп үміттенемін. Еңбектеріңіз халыққа елеулі, тарихқа теңеулі болсын.


Құрметпен,

ҚР мәдениет қайраткері,
Ұлытау ауданының Құрметті азаматы,
Серік ТІЛЕУБАЕВ.


ҚАЗАҚ АТЫН ӘЛЕМГЕ МӘЛІМ ЕТКЕН
(«Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа»

кітабының тұсаукесерінен)
Жезқазған музыкалық-драма театры.

6 қыркүйек 2014 жыл
Сценарийін жазған: Ғазиз Ештанаев, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі
Жүргізушілер: Ерке Бәйдешов, Дүйсен Кенжеев – С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының әртістері


  • Сахна төріне Кетбұқа портреті ілінеді;

  • Тұсаукесер атауы жазылады: «Абыз тұлға, аңыз тұлға Кетбұқа»

  • Халық жиналғанша шерпе күйлер ойнап тұрады

  • Қобыздың үні. Шымылдық ашылады.

  • Жүргізушілер шығады.

  • Сахнада жүргізушілер музыкалық фонда жыраулардың толғауынан үзінді оқиды.


1-әртіс: -

Тоғай, тоғай, тоғай су,

Тоғай қондым, өкінбен,

Толғамалы ала балта қолға алып,

Топ бастадым, өкінбен

Тобыршығы биік жай салып

Дұспан аттым, өкінбен.

2-әртіс : -

Туған айдай нұрланып

Дулыға кидім, өкінбен,

Зерлі орындық үстінде

Ал шымылдық ішінде

Тұлымшағын төгілтіп,

Ару сүйдім, өкінбен,

3-әртіс: -

Салпаң да салпаң жортармын,

Сары азбанға қосымды артармын,

Торлаусыз өскен құланмын,

Мезгілсіз жусап өрермін,

Байраққа біткен құрақпын,

Саусағым жерге түсірмен,

1-әртіс: -

Жаһанға біткен терекпін,

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын

Балталасаң да айрылман,

Сыртым құрып, жүзім болат,

Тасқа да салсаң майрылман!

2-әртіс : -

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екенбіз,

Күдеріден бау тағып,

Қамқапты киер ме екенбіз?!

Өзенге бие байлатып,

Төскейге орда орнатып,

Төрткілдеп ошақ қалдырып,

Төбел бие сойғызып,

Төменде бидің кеңесін

Біз де бір құрар ма екеміз?!
3-әртіс: -

Құлатты тауға қол салып,

Садақтың оғын мол салып,

Бетпақтың ең бір шөлінен

Төтелеп жүріп жол салып,

Қолды бір бастар ма екеміз?!


1-жүргізуші: – Армысыздар, қадірлі жезқазғандықтар!
2-жүргізуші: – Қайырлы күн қымбатты мысты шаһар атанған Жезқазғанның қонақтары. «Абыз тұлға, аңыз тұлға – Кетбұқа» атты кітаптың тұсаукесеріне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: – Осыдан 4-5 ғасыр бұрын өмір сүрген даңқты бабаларымыздың арман-үнін естігендей болдық әлгінде. Араға ғасырлар түссе де өмір-толқынымен арпалысып жүріп, өлмей, өшпей бізге жеткен осы аталы сөз астарынан аңғаратынымыз не?
2-жүргізуші: – Алақұйын заман, аласапыран уақыт, аты ауыздықпен су ішіп, ері етікпен су кешкен кезең.
1-жүргізуші: – Сол заман аталарымызды атқа қондырды, қолына қару ұстатты.
2-жүргізуші: – Сол бабаларымыз ел рухын көтермек мақсатпен күңірентіп қобыз шалды, күмбірлетіп домбыра тартты. Аспан мен жердің арасына жасын ойнатардай отты сөзін төкпеледі.
1-жүргізуші: – Осылардың бәрінде де өлмеске бекінген, мәңгілік өмір сүруге ұмтылған халықтың ұлы арманы жатты.
2-жүргізуші: – Сондай даңқты бабаларымыздың бірі – ХІІ ғасырдың соңғы ширегінде дүниеге келіп, 1260 жылы шейіт болған Кетбұқа бабамыз.

1-жүргізуші: – Есімі әйгілі Шыңғыс хан мен оның даңқты балаларымен қатар аталатын Кетбұқа бидің аты мен батырлығы, кемеңгерлігі қайсыбір тұстарда аталып қалғанымен, бірақ оның шынайы тарихи орны мен өмір тарихы толық зерттелмегені – ақиқат.
2-жүргізуші: – Ал Кетбұқа баба мен бүгінгі ұрпақтың арасын 8 ғасыр бөліп жатса да, ел жадынан өшпеуінің, уақыт құрдымына жұтылып кетпеуінің сыры неде деген сауал туады.
1-жүргізуші: – Тарих – қатал сыншы, үкімі күшті әмірші. Өз сараптауынан өткен тұлғаларды ғана ұрпақ жадына жазып тастайды. Әйгілі абыз, Шыңғыс ханның барұңғар жағын басып отырар кеңесшісі, әділ би, азуы бұта шайнар батыр, даңқты күйші Кетбұқа – осындай тарихи сүзгіден өткен дана тұлға.
2-жүргізуші: – «Кетбұқадай билерден кеңес сұрар күн қайда»,- деп ХVІ ғасырда өмір сүрген Доспанбет жырау. Төрт ғасырдан кейінгі ұрпағының жоқтауындай болған бұл толғау – Кетбұқа тұлғасын тіпті ұрпақ алдында биіктете түскендей.
1-жүргізуші: – Бүгінгі кітап тұсаукесеріне Кетбұқа бабамыздың рухына алыс-жақыннан тәу ете келген, Ұлытау бауырында басталған үлкен іске сәттілік тілей келген қонақтарымызбен таныстырып өтейік. Олар:
Екеуі кезектесіп:

  • Астана қаласынан келген қонағымыз, қоғам қайраткері, халықаралық «Төлегетай» қорының төрағасы Жекен Қалиев;

  • Қазақтың қабырғалы ақыны, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман;

  • Алатаудың екі жағын ен жайлап, қойы қоралас, қазан-ошағы аралас болған қырғыз елінен келген қонақтарымыз:

    1. Баянов Фархутдин – Қырғызстан Республикасының халық әртісі, профессор

    2. және Ибадуллаев Қайролла;




  • Ынтымағы келісті, ырзығы тасыған Шымкент жерінен Әбіш Дулат бастап келген 15 адамнан тұратын делегация құрметті қонақтарымыз болып келіп отыр;




  • Іргелес жатқан Қызылорда облысынан келген меймандарымызды республикалық «Төлегетай» қорының төрағасы Исқақов Дайрабай ағамыз бастап келіп отыр.

  • Ел ағасы, қайраткер азамат, 10 жылдай осы қала басшылығының тізгінін ұстаған ағамыз Жұмамәди Ибадилдин;

  • Медицина ғылымдарының кандидаты, Ұлытау, Талғар аудандарының Құрметті азаматы, «Қарсақбай-Жезқазған» гимнінің авторы Туғанбай Жанысбаев;

  • Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, республикалық «Ана тілі» газеті редакторының орынбасары Нұрперзент Домбай.


2-жүргізуші: – Қасиетті Ұлытау, кенді қала Жезқазғанның жерінде бір аталы оқиға болып жатыр деп ат терлетіп келген меймандар, Сіздерге айтар алғысымыз шексіз. Алла қадамдарыңызды сауаптан жазсын.
1-жүргізуші: – Кетбұқа бабаны тану жұмысы басталды, ағайын. Қала ардагерлері мен зиялыларының бастамасымен «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің құрылуы – сол игілікті істің бастамасы.
2-жүргізуші: – Құттықтау сөз «Қазақтың Кетбұқасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, тіл мен өлкетарихының жанашыры Бүкіров Төлеген мырзаға береміз.


Каталог: attachments -> article
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> История финансовой науки и ее развитие в России
article -> Програма за развитие на читалищната дейност в община пещера за 2016 година
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> «Мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет