«Құлыншақ» тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Тіл дамыту Тақырыбы:«Ас атасы-нан»



Дата12.10.2019
өлшемі14,35 Kb.
#49685
Байланысты:
0006fcd6-89ca3193
men-zhne-men-otbasym-bayandama, 0006fcd6-89ca3193, Кіріспе
«Құлыншақ» тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы:«Ас атасы-нан»

Мақсаты:Нанның маңыздылығын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетінін түсіндіру. Ас атасы нан туралы түсініктерін бекіту.Нанды қастерлеуге және диқандар еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.Баланың бақылағыштығын, қиялын дамыту.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті


Мотивациялық

қозғаушы


Жылулық шеңбері

Балалар шеңбер құрып отырады. Тәрбиеші ыдысқа салынған әр түрлі тағам түрлерін алып келіп, балалардан олар не білетінін сұрайды.

Тәрбиеші балаларға қолдарын жүрек тұсына қойып, нанға деген құрмет сезімдерінбілдіру үшін жылы сөздер айтуды ұсынады.

Балалар шеңбер болып отырып тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Балалар бөлке, бауырсақ, бәліш деп жауап береді.
Балалар қолдарын жүрек тұсына қойып, жылы сөздер айтады.



Іздену –

ұйымдастырушы

Балалар бүгін біз «Нан қайдан шығады?» ертегісін оқып, талдау жасаймыз.

Балалар ертегі не жайында айтылған?

Ал, балалар ойланып көріңдерші нан қайдан шығады? Нан туралы не білесіңдер?

Балалар сендер нантуралы тақпақ айтып беріңдерші.

Жарайсыңдар балалар, сендер нан туралы көп біледі екенсіңдер.
Олай болса сергіту сәтін жасайы

Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай

Трактор мен комбайн,

Жүргізуге мен дайын.


Балалар ертегінізейін қойып тыңдады.
Үлкендердің еңбегі жайлы айтылған.
Нанды ұннан жасайды, ұн бидайдан шығады.

Тақпақ, мақалдар білеміз.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.


Қолдарын жоғары көтеріп тербеліп тұрады.

Бастарын иеді.

Қолдарын алға соқып, трактор, комбайн жүргізетін сияқты бейнелейді



Рефлексивті

коррекциялаушы

«Не жасырылғанын тап?» дидактикалық ойын. Ұйымдастырылған оқу іс әрекетін қорытындылау.

Жақсы қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.




Балалар ойынның шартын тыңдай отырып ойынды аяғына дейін қызығушылықпен ойнады.

Қорытынды жасалды.




Күтілген нәтиже:

Біледі: Нанды қастерлеу керек екенін біледі.

Меңгерді:Нан-адамның тіршілік қорегі, дастарханға еңбекпен келетінін меңгерді.

Жасай алады:Ұннан әртүрлі тағам әзірленетінін біледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет