АХМЕТКАЛИЕВА ГУЛЬНАР КЕНЕСБЕКОВНА ЭКСПЕРТ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Эссе жазу жолдары Өскемен қаласы химия- биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ЭССЕ ДЕГЕН НЕ? Анализ, синтез –негізгі бөлімде Коммуникация- эссенің өн бойынан табылу керек Эссенің мақсаты: Өз ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту
Бір нәрсенің әсерінен болатын толғаныстан туған шағын әдеби шығарма.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіндеберілген анықтама осындай болса, француз тілінде талпыныс, байқау, очерк, латын тілінде салмақтау деген мағыналарды береді.
Сонымен қоса, эссе – білім алушының пәндік білімі мен білігін танытатын қорытынды жазба жұмыс түрі. Эссенің басқа ғылыми жұмыстардан өзгешелігі – берілген тақырыпты қысқа, әрі нақты жеткізе білуінде ( Мемлекеттік Университет – Экономика жоғары мектебі, Москва қаласы).
Эссе (білім) ( college writing, college composition, college essay) — алғашқы оқу жылдарында студенттердің дағдыларын қалыптастыру үшін АҚШ және басқа елдердің көпшілігінде оқытудың базалық пәні болып есептеледі. Оқыту барысында студенттер эссе құрылымының принциптері мен негізгі түрлерінен мағлұмат алады. Соңғы жылдары осы тектес эссе түрлері Ресейдің филологиялық емес жоғары оқу орындарына да енгізілген.
Эссе – бірнеше абзацтан тұратын жазба жұмысы. Ол көп жағдайда бір тақырып аясындағы мәселені қозғайды. Бір тақырыпты бір абзацта жазу күрделі болғандықтан, бірнеше абзацқа бөлуге тура келеді. Әр абзац бір мәселеге ғана негізделеді. Кейін барлық абзацтар кіріспе және қорытынды бөлімдер арқылы біріктіріледі.
Эссе жазу бір абзацты жазуға қарағанда күрделірек, алайда ұйымдастыру талаптары бірдей. Егер оқушы жақсы абзац жаза алса, онда жақсы эссе де жазады.