Логикалық есептер – адамның жеке ойлау қабілетін жаттықтыратын және сынау қажеттілігін қамтамасыз ететін өзіндік « ой гимнастикасы» . Бұл бөлімде математика , физика , жаратылыстанудан, өлшеуге , дәстүрлі емес логикалық ойлауға және т. Б. Қызықты есептер берілген.
Логикалық есептер
1. 5 адам 5 сағатта 5 м ор қазады. 100 сағатта 100 м ор қазу үшін неше адам қажет ? ( 5 адам )
2. Менің отбасымда әкем,анам,апам,інім,інімнің 2апасы тұрамыз.Біздің отбасында неше адам бар?
Жауабы : 5 адам
Ағашта 9 құс отыр еді.5 құстан өзгесі ұшып кетті.Ағашта қанша құс қалды?
Жауабы: 5құс қалды
Мен екі сан ойладым.Оларды қосқанда 8 шықты.Азайтқанда да 8 шықты.Мен қандай сандар ойладым?
Жауабы: 8 және 0 , 8+0=8 8-0=8
Раушанның екі алмасы бар еді.Оның екі құрбысы келді. Ол оларға екі алмасын берді,ал олар Раушанға жарты алмадан берді. Қайсысы көп алма алды?
Жауабы:Раушан көп алма алды.
Сенбілік кезінде мектеп ауласына 10 көшет ектік.3 көшеттің түбін әктедік.Мектеп ауласында неше көшет болды?
9 парақ қағаз сатып алынды.Жасыл қанша болса қызыл сонша,бірақ көктен көп, ал сары жасылдан көп. Әр түсті қағаздан неше парақ алынған?
Жауабы: 2-жасыл, .2.-қызыл, 4.-сары,1.-көк
8) Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Жауабы : 48 жұмыртқа
9). Екі баланың 35 асығы бар.Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан бар?
Жауабы:бірінші балада 19 ,екінші балада 16,сонда 19+16=35 19-1
10) Қалам 8 теңге тұрады,кітап одан 4 есе қымбат.3 қалам мен 1 кітап қанша тұрады?
Жауабы: 8*4=32 (8*3)+32=56 теңге
Логикалық есептер
Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт та,нәтижені 2-ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап. ( 12 саны ) .
Мен бір сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтіп, нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым. (8 саны).
Үстел үстінде 5 майшам жанып тұр еді. Еркін оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды? ( 5-еу).
Математика олимпиадасында Азамат, Ерболат, Тілек алғашқы үш орынға ие болды. Азамат бірінші не екінші орын ала алмады, ал Тілек екінші орынды алған жоқ. Ерболат үшінші орын алған жоқ. Азамат нешінші орынға ие болды? Ерболат ше? Тілек ше? (Азамат 3 орын, Ерболат 2 орын, Тілек 1 орын).
Марат ойлаған санның төрттен бір бөлігіне 26-ны қосқанда 70 шықты. Марат қандай сан ойлаған? (44 саны).
Бір айда 5 рет жексенбі болуы мүмкін бе? (ия наурыз айында).
Сыныптағы 30 оқушының жартысы ағылшынша, жартысының үштен бірі әрі ағылшынша, әрі немісше, қалғаны тек немісше үйренеді. Оқушылардың нешеуі немісше, нешеуі ағылшынша үйренеді? Нешеуі әрі ағылшынша, әрі немісше үйренеді? ( ағылшынша 15 оқушы, ағылшынша әрі немісше 5 оқушы, немісше 10 оқушы )
Фархаттың массасы 21 кг, Мұрат 18кг, ал олардың әкесі 75 кг. 100кг жүкті ғана көтере алатын қайықты пайдаланып, олар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді? ( 21кг мен 75кг, сонан сон 75кг мен 18кг)
Әдия 5-қабатта, ал Гүлшат сол үйде, одан екі есе жоғары қабатта тұрады. Гүлшат қай қабатта тұрады? (10 қабатта)
(9 9) 9 = 162 қандай таңба болуы тиіс? (қосу және көбейту таңбасы)
11.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Ағаш басында балық отырмайды)
13. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Бақытжанның 4 ұлы,олардың әрқайсысының туған қарындасы бар.Бақытжанның неше баласы бар?(5)
Алдында 1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз бар? (Жауабы:3)
Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
(Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар:
1. 1+1+1=3 2. 1+2+0=3 3.3+0+0=3)
Салтанаттан «Сендердің сыныптарында неше озат оқушы бар?» –деп сұрағанда , ол былай деп жауап берді. –Егер ең үлкен үш таңбалы саннаң ең үлкен екі таңбалы санды шегерсе және нәтижені ең кіші үш таңбалы санға бөлсе, сонда озат оқушылардың саны шығады. Сыныпта неше озат оқушы бар? (Жауабы: (999-99):100=9 оқу озаты)
Мен бір сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтіп, нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым? (Ж. (7·6-2):5=8 (8·5+2):6=7)
Достарыңызбен бөлісу: |