«Ұлттық тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері неде?» Ұлттық тәрбиенің міндеті



бет1/2
Дата24.04.2017
өлшемі2,84 Mb.
#14719
  1   2
Тақырыбы: «Ұлттық тәрбиенің бала тәрбиесіне әсері неде?»

Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова­циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын

Ұлтық тәрбие адамгершілікке баулиды. Олай болса тәрбиелік кілті-халық педагогикасында деуге толық негізі бар. Өйткені халқымыздың тәлім тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайрымдылықты,мейірбандылықты дәріптейді. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығынқазақ халқы ерте түсінген, ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған.Әңгімелер,ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады.Атақты педагог Ы. Алтынсарин : « Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрінде ертегіден алады »,-деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, жауыздық, қорқыныш пен әдлетсіздік бар екенділігі белгілі. Сондай ақ олардың бір- біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын- қыстау жағдайда қалай жеңіл шығу мүмкіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, балалардың танымдық қаблетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңыздары зор.Ойын- баланың бірінші әрекеті . Ол баланың қабылдау,ойлау, қиял есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын тереңдететінде ойын.Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт- дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығымен ықылас-ынтасы артады. « Көкпар», «Алтын сақа», « Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік ойындар бала қиялын дамытып , мүмкіндіктерін ашып, жаналыққа бәсекелеске ұмтылуға мүмкіндік береді.

Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Біздің мақсатымыз – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.

Балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары

арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамытамыз. Әдеби шығармалар арқылы өзара қарым қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстырылады . Құрдастарымен және үлкендер м ен бірлескен іс-әрекет барысында қарым – қатынас ережелері сақталады. Досына қамқорлық жасап, қолдан келгенше көмектеседі.

Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым –қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылайды, өз көз қарасын білдіруге тәрбелей отырып әдебиетке қызығушылығы оянады. Ертегілер мен әдеби шығармалар кейіпкерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау және оларға өзінің қатынасын білдіру іскерліктері қалыптастырылады. Баланың жас ерекшесіне байланысты жылдан жылға бағдарлама күрделенеді, себебі, бала есейген сайаын дамиды.Оның деңгейі, білімі арттырады. Әр баланың жас ерекшелігіне сай ертегіні окып беру.


ІІ. Сәбилер: «Қасқыр мен лақ», « Үш аю», «Үш торай», «Үйшік» , «Қисық үйрек», «Тышқан, ит және мысық»,

Ортаңғы:


«Тырна мен түлкі», «Түлкі мен қоян», «Түлкі, тасбақа және кене», «Түлкі мен маймыл».

Ересек:


«Ай мен күн», «Тазша бала», «Дәулет құс», «Жақсылық пен жамандық»

Даярлық:


«Қыт-қыттың сыры», «Үндемес ит», «Ақыл. Ғалым.Бақыт», «Тазы мен елік», «Үш тенгеге бір қой», «Теңіздін суы неге ащы»

етегілер баланың жасына сай оқылады.



Ертегі түрлері: «Қыт-қыттың сыры», «Үндемес ит», «Ақыл. Ғалым.Бақыт», «Тазы мен елік», «Үш тенгеге бір қой», «Теңіздін суы неге ащы»





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет