«Тілі басқа – тілегі бір»
Мақсаты:
Тілтуралыбілімдерінкеңейтужәнетереңдету. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыра отырып,мұғалімдердің ой-өрісін, ұшқырлығы мен тапқырлығын дамытуға ықпал ету.
Сайыстың міндеттері:
А) білімділік:Қазақ халқының ұлы тұлғалары, мәдениеті,ұлттық ойындары, ҚР мемлекеттік мерекелері туралы білімдерін жан-жақты дамытуға ықпал ету;
Ә) дамытушылық: ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, шығармашылықтарын арттыру, ой-өрісін дамытуға ықпал ету;
Б) тәрбиелік: Елбасын, Отанға деген сүйіспеншіліктерін, мемлекеттік
тілге қызығушылықтарын арттыру, ұшқыр ойды дамыту, дүниетанымдық
көзқарастарын дамытуға ықпал ету.
Сайыс барысы:
Ән. Жүргізуші шығады. Екі топ ойыншыларын шақырады, әділ-қазылармен таныстырады.
Армысыздар қадірменді қонақтар, сайысымызға қатысушылар және жанкүйерлер!
Бүгінгі «Тілі басқа – тілегі бір» атты білім додасына қош келдіңіздер!
Ең алдымен біздің қатысушы топтарды ортаға шақырайық:
1-топ: өздерін таныстырады, ұрандарын айтады.
Бірінші топ:
1.Королькова Светлана Генадьевна
2. Дзюбо Ольга Николаевна
3. Доронина Елена Валентиновна
2-топ: өздерін таныстырады, ұрандарын айтады.
Екінші топ:
1. Степанова Наталья Павловна
2. Романова Наталья Олеговна
3. Батищева Наталья Михайловна
Сайыста бақ сыналар, бап сыналар,
Бас жүлдені білімді, тапқыр алар.
Кім білімді, кім тапқыр – шешу қиын
Қазылар алқасы болмаса нық сыналар.
Сонымен әділ-қазылар алқасымен танысайық:
1.А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының басшысы – Пепенжи Раушан Едигеевна.
2. Басшының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары - Абдибекова Гүлбаршын Сұлтанқызы.
3. басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Досмағамбетова Салтанат Қайсерқызы.
Сонымен қатар, бүгінгі сайыста эксперт - бағалаушыларымыз да бар
Олар: ағылшын тілі пәнінің ұстазы Байгенжин Талғат Айткулович және оқу ісінің орынбасары Нургалиева Бибигуль Галимжановна
Ал, сайыскерлер, дайынболсақбастайық. Баршаңызғасәттіліктілеймін.Ойын кезеңдерімен таныстырып өтейін:
Ойын 5 кезеңнен тұрады:
1 - кезең – «Кім жылдам? » сұрақ-жауап (20 сұрақ қойылады жетонды көтеру арқылы жауап беру, жылдамдыққа )
2 – кезең «Жеті жұрттың тілін біл» (жұмбақтар орыс тілінде жасырылады, жауап 3 тілде айтылады)
3 – кезең « Дода » капитандар сайысы («тілге» байланысты мақал-мәтелдер, білмеген жағдайда топ мүшелері көмектесуіне болады, бірақ ұпай саны 1 балдан кемиді)
4 - кезең – Үй тапсырмасы «Өнерлі өрге жүзер...» (ән немесе өлең оқылуға тиіс)
5 - кезең –Ұяшықтарда жасырылған әріптерге сөздер айтылу керек
БІРІНШІ КЕЗЕҢ
«КІМ ЖЫЛДАМ?»
Жүргізуші: Мен сіздерге 20 сұрақ қоямын. Дұрыс жауабын білген топ бірінші болып жауап қайтару тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі:
Екіадамныңсөйлесуі?(Диалог)
Қазақ тіліне тән дыбыстар (9)
ҚР тұңғыш президенті? (Н.Ә.Назарбаев)
Отбасында дүниеге сәби келген кезде қандай той жасалады? (Шілдехана)
Қуанышты хабарды жеткізуші адам не сұрайды? (сүйінші)
Қазақстанның мемлекеттік тілі (қазақ тілі)
Бала алғаш қадам басқан уақытта, ала жіп байланып жасалатын әдет-ғұрып (тұсаукесер)
Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
Қазақ тілінде неше септік бар? (7)
Қазақтардың жаңа жылы (Наурыз мерекесі)
Апта күндерін қазақша айт (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
Қыста ауа-райы қандай болады (суық)
Бір жылда неше мезгіл бар? (4)
Бір жылда неше күн бар? (365)
«Мұғалім» сөзіне синоним (ұстаз)
Қазақтың ұлттық тағамдары (бауырсақ, шұжық, қазы-қарта)
Келін түскен уақытта жасалатын әдет-ғұрып (беташар)
Қазақ алфавитінде қаншы әріп бар? (42)
« Қазан» сөзінде қанша буын бар? (2 буын)
Күз айларын ата (қыркүйек, қазан, қараша)
Сонымен әділқазыларға сөз берейік, ұпай сандарымен таныстырып өтсе.
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ
«Жеті жұрттың тілін біл»
Әр топқа 4 жұмбақтан жасырылады, жұмбақтар орыс тілінде, жауаптары 3 тілде айтылуы тиіс. Әр толық жұмбаққа жауап толық берілген топқа 30 ұпай, жартылай жауап берген топқа 20 ұпай:
Белый камешек растаял,
На доске свой след оставил. (Мел– Бор- chalk) тчок
В школьной сумке я лежу,
Все оценки покажу. (Дневник-күнделік -dairy) дэяри
Есть и в клетку и в линейку.
Написать по ним сумей-ка!
Можешь и нарисовать…
Что такое я? … (Тетрадь-дәптер-copybook)копи бук
Черные птички от рождения молчат,
А когда вдруг встанут в ряд
Сразу же заговорят. (Буквы-әріптер-letter)лэтә
Шел урок, а он молчал
Перемену, значит, ждал.
Только кончится урок,
Громко зазвенит… (Звонок-қоңырау-bell)бэл
Если ты его наточишь
Нарисуешь все, что хочешь!
Солнце, горы, море, пляж.
Что же это? (карандаш-қарындаш-pencil)пэнсл
Острым клювиком, как птица,
Она водит по страницам
И в моей тетрадке
Появились строчек грядки. (Ручка-қалам-pen)пэн
На каникулах скучает,
Тихо и спокойно в ней,
После — школьников встречает (Школа-мектеп-school) скул
Осы кезеңнің қорытындысын әділ – қазылар алқасы шығарады.
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ
Капитандар сайысы «Дода » капитандар «Тілге» байланысты мақал-мәтел айтып жарысады. Кім көп мақал айтады, топ мүшелері көмек бере алады, бірақ 1 балдан кемиді. (5 балл)
ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢ
Үй тапсрымасы «Өнерлі өрге жүзер...»
Әр топ өзінің дайындап әкелеген бағдарламмасын көрсетеді. (бағалануы) 10 ұпай
БЕСІНШІ КЕЗЕҢ
«Ұяшықтар» 6 қазақ тіліне тән дыбыстар жасырылады (Ғ, Ә, Ү, Ұ, Қ, Ө).Екі ұяшықты ашып, сол ұяшықтағы әріпке сөздер айту керек. Топпен жұмыс. 3 минут беріледі. (әр сөзге 5 ұпай)
Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Тілі басқа – тілегі бір» атты сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз беріледі.
МАРАПАТТАУ!
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталды. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!
А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы
Мемлекеттік тіл айлығы аясында
атты ұстаздар арасындағы сайыс
Дайындаған және өткізген
қазақ тілі пәні мұғалімі Айтмбетова Ж.М.
Арқалық қаласы
Мемлекеттік тіл айлығы аясында
атты ұстаздар арасындағы сайытың
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
№
|
Топтың аты
|
1 - кезең
«Кім жылдам?»
10 балл
|
2 – кезең «Жеті жұрттың тілін біл»
10 - 30 балл
|
3 – кезең « Дода » капитандар сайысы
5 балл
|
4 - кезең – Үй тапсырмасы «Өнерлі өрге жүзер...»
10 балл
|
5 - кезең –
«Жасырынған әріп»
5 балл
|
Қорытынды
|
1
|
БОЛАШАҚ
|
|
|
|
|
|
|
2
|
ДОСТЫҚ
|
|
|
|
|
|
|
Әділ – қазылар алқасы
1. А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының басшысы – Пепенжи Раушан Едигеевна. ______________
2. Басшының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары - Абдибекова Гүлбаршын Сұлтанқызы.__________________
3. Басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Досмағамбетова Салтанат Қайсерқызы._________________
Достарыңызбен бөлісу: |