М. Т. Шаменова Cынып: 2 «ә» Оқушылар саны: 13 Сабақ



бет1/3
Дата21.07.2020
өлшемі23,8 Kb.
#63528
түріСабақ
  1   2   3

Тақырып: Күш бірлікте
Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Бірлік, сүйіспеншілік, қамқорлық, ұйымшылдық.


Мұғалiм: М.Т.Шаменова Cынып: 2 «ә» Оқушылар саны: 13
Сабақ мақсаты: Бірлік сөзінің мағынасын тереңінен ұғындыра отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
1. Білімділік: оқушылардың сүйіспеншілік, қамқорлық туралы ұғымдарын кеңейту және нақтылау.
2.Дамытушылық: ұйымшылдық қасиетін дамыту.
3. Тәрбиелік: тату - тәтті өмір сүруге тәрбиелеу.

Ресурстар:


(құралдар,
мәлiметтер)

Сабақ барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңi.

  2. 5 «Т» ережесін сақтауын өтіну.

Тыныштық сәті. № 1 Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді. Нұр бірте- бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір- түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзі ашуға болады.

Үй тапсырмасын тексеру.


59 - 61беттегі «Ырыс алды - ынтымақ» аңыз әңгімені оқып келу.

  1. Қария балаларына бірлік мәнін қалай ұғындырды?

  2. «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

  3. Тату - тәтті өмір сүру үшін не істеу қажет?

Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.


«Татулық - табылмас бақыт» (халық мақалы)

(оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2 рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4 рет айтып шығады)



  1. Татулық пен достық бір нәрсе ме?

  2. Бақытты болу үшін өзге адамдармен қандай қарым-қатынас жасауың қажет?

оқулық 63 бет

«Күш бірлікте» шағын бейнебаян тамашалау

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жануарлардың аман қалуына не көмектесті?

Әңгiмелеу 
«Өмірлік сый»

Б.Грасианның ізімен





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет