МАҢҒыстау облысы ақтау қаласы "№15 жалпы білім беру орта мектебі" кмм



Дата25.08.2017
өлшемі65,84 Kb.
#27344
түріСабақ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ АҚТАУ ҚАЛАСЫ

"№15 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ

ӘБІЛХАНОВА ІЗБИБІ ҚАШҚЫНБАЙҚЫЗЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
Оқу ісінің меңгерушісі: ___________


Математика сабағы

Сабақ тақырыбы:



Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері

Мектеп:«№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні :15.10.2016ж




Мұғалімнің есімі: Әбілханова І.Қ

СЫНЫП: 4 «В»-сыныбы

Қатысқандар саны: 15


Қатыспағандар саны: 0

Оқу мақсаты:

Қосу және азайтудың жазбаша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету; есептеу тәсілдерін жетілдіру;




Ресурстар:

Математика оқулығы , слайд, т.б.


Тірек сөздер

Қосылғыш,қосылғыш, қосындының мәні. Азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні. Көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні.Бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні.

Сабақтың мақсаты:

Қосу мен азайтуды жазбаша орындау тәсілдерін қайталап пысықтау. Оқушылардың білім деңгейін тексеру,алған білімдерін тиянақтау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар.

Оқушылар сабақта мысалдардың қайсысы дұрыс,қайсысы қате және неліктен қате екенін табады. Оқушылар өздігінен орындайды.

Ақ түсті мата-әр орамда 50 м-ден 9 орам.

Көк түсті мата-120м.

Барлығы-?

Шешуі: 50*9+120 450+120= 570

Жауабы: барлығы 570 м мата түсірілді.

Әкелінгені-180 л

Жіберілгені-30 л және 3 л 18 құмыра сатылды.

Қалғаны-?

Шешуі: 180- (30+3*18)= 96

Жауабы: дүкенде 96 л сүт қалды.

Теңдеулерді шешу

Х*5 = 5000 6*х = 60000 х*1000= 426 000


5000/ х =100 60000/х= 10000 х/426= 1000

Слайдпен жұмыс.

1 слайд суретпен жұмыс. Суретке ұқсас мақал-мәтел таптырту. «Мектеп кеме, білім кеме» 2 слайд «Қосу және азайту» аралының тапсырмасы Тапсырма: Қосудың , азайтудың компоненттерін атаңдар.Оқулықтағы 1-тапсырманы орындаңдар. 3 слайд «Өрнек» аралы . Тапсырма:.Өрнектің қандай түрлері бар? 2-тапсырманы баған түрінде орындаңдар.4слайд «Өзіндік жұмыс » аралы .Тапсырма :4-5 тапсырманы орында.

1- топ 1-бағаны , 2-бағаны

2-топ 2-бағаны, 3-бағаны

3-топ 5 –тапсырманы орында

5слайд «Есеп » аралы.Тапсырма :Есептің құрамды бөлігін ата.

Оқулықтағы 6,7 тапсырманы орында. 6 слайд «Теңдеу» аралы . Тапсырма: Көбейту мен бөлудің компоненттерін ата.

Оқулықтағы 8-тапсырма

теңдеулерді шеш.7 слайд . «Сөзжұмбақ шешу» аралы.

1.Көпбұрыштың қабырғаларының қосындысы қалай аталады?

2.Төрт амалдың бірі.

3.Салмақ бірлігі.

4.Сандармен амалдардан құрастырылған жазу.

5.Ең кіші төрт таңбалы сан.

6.Дөңгелектің ауданын немен табады?

7.Қасиетті сан.

8.Сыйымдылықтың бірлігі.

9.Нашар баға.

10.600 бен 100-дің бөліндісі нешеге тең?

8 слайд. Өзара бағалау.

9 слайд.Рефлексия.

10 слайд.Қорытынды бөлім. Үйге тапсырма беру.



Бағалау

Смайликтермен рефлексия жасау



Оқушылар сабақ соңында: сабақтағы көңіл күйлерін смайликтермен көрсетеді.


Рефлексивтік жазба





Шара

Өту барысының сипаттамасы

1.

Математика сабағы

Тақырыбы: Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері




Пәнді сапалы оқытуда Шульманның пікірінше, (1-кесте) «үш ілімнің» негізінде оқыту ұсынылады. (Шульман, 2007). Осы үш көмекші: бас, қол, жүрек сабақ барысында осы үшеуін тоғыстырып отырдым. Бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау көрсететін, ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасап жатырмыз?», «Одан кейін не істеу керек?» деген сияқты оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екендігі ескертіліп отырылды .

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашанда өмірде өз жолын таба алады. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын apттыpa түсу үшін шығармашылық қабілеттерін дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйренеді.

Оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Бұл жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстыру оқушылардың оқуға деген ынта ықыласының артқандығының, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында келесі міндеттерді анықтадым. Математика сабағында А,В,С оқушылары зерттеліп тексерілді. А оқушы Темірлан. В оқушы Әмір. С оқушы Аяулым.

А оқушы Темірлан барлық тапсырмаларға жауап беріп отырды. Алғырлығымен көзге түсіп отырды. В оқушы Әмір тапсырмаларды орындағанда көп қатыса алмады. Жай екенін көрсетті. Әмірге алдағы уақытта да көбірек тапсырмалар беру керек. С оқушы Аяулым сабақта тапсырмаларды орындағанда мүлдем орындай алмай отырды.Аяулым жеке оқытуды талап ететін оқушы. Жеке оқытса, мүмкін түсініп шығарар.

Мазмұнға байланысты тапсырмалардың міндеттері:

1.Тапсырма шартын оқып танысады.

2.Не белісіз екенін анықтады.

3.Ережелерді еске түсіре отырып, топтастыру стратигиясы бойынша топтастырып сипаттай алды.

Оқушы әрекеті: 1. Өз ойын еркін жазу. 2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу. 3. Бірлесе әрекет ету. 4. Өз әрекетін талдау. 5. Өз мақсатын анықтау.








  1. Оқушыларды санды өрнек,әріпті өрнек,теңдеу,формула,натурал сан математикалық глоссариймен 3 топқа бөлдім .

  2. Сыни тұрғыдан ойлау модулі , қызығушылықты ояту .

  3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау модулі . Формативті бағалау әдісі .

  4. Оқушының оқу жетістігін бағалау критериі .

Критерий

Ұпай

лары


А

Математикалық тілмен математикалық ұғымдарды түсіну.

5


В

Математикалық тұжырым , ережелерді дәлелдей білу

4


С

Берілген проблемалық сұрақтардың шешімін нақтылап , анализ жасай білу

6


Барлығы

15




  1. Бағалау шкаласы :Барлығы 15, оның 15-і бағаланды .

Бағалау бетшесі арқылы топтық , өзін- өзі бағалау әдісі .

Оқушылардың қызығушылығы оян ып көпшілігі түсінетін, білетін, өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті болды.Оқушылардың көпшілігінің қызығушылығы оянды. Өзбетін ше жұмыс жасауға қабі летті болды.Оқу үдерісінің тиімділігі нәтижесінде әрбір оқу шыға қалай әсер еткендігін анықтау және баға лау сөйлеу дағдылары, ұйымшыл дық, бірлесіп жұмыс жасау дағдылары қалыптасты.Оқу үрдісінің тиімділігі нәтижесінде әрбір оқушыға қалай әсер еткендігін анықтау жә не бағалау, сөйлеу дағ дылары, ұй ымшылдық, бірлесіп жұм ыс жасау дағдылары қалыптасты .Жұмысты шапшаң және жай орындай тындығын анықтап, түсінген дерін бір- біріне айтып көмек береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет