Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Маханова Нұрбану Әбдіхалыққызы



Дата05.06.2017
өлшемі29,25 Kb.
#17561
  • Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектебінің
  • бастауыш сынып мұғалімі:
  • Маханова Нұрбану Әбдіхалыққызы
  • Баяндама
  • Тақырыбы : Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру.
  • Әлем елдерінің біразы бұдан 40-50 жыл бұрын игерген әдіс-тәсілдер мен озық технологиялар бұл күнде әрбір оқытушының басты құралы болып отыр.
  • Қазіргі уақыт талабы болып отырған
  • жаңа технологиялардың өзі жаңадан
  • пайда болған емес, оның негізі бұрын
  • қаланған, тек қазір өзгеріске ұшыраған
  • «...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»
  • Н.Назарбаев
  • Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауында он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын.
  • «Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен
  • аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді.
  • Білім берудегі интерактивтік технология -бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру көкейкесті мәселелердің бірі. Елбасының «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» жолдауында он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет деп айтылған болатын. «Интерактивті» сөзін ағылшын тілінен аударғанда «бірлесіп әрекет жасау» деген мағынаны білдіреді. Білім берудегі интерактивтік технология - бірін-бірі толықтыратын және барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту технологиясы. Бұл сабақ барысында оқушының ұжымдық жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз - өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі. Бастауыш мектептің оқушысы қазіргі заман талабына сай технологиямен жабдықталған сыныптарды оқуды аңсайды. Бала компьютерде ойын ойнауды ғана емес, қызықты сурет салуды, жұмыс жасауды, сөздік ( ағылшын,орыс, қазақ тілі ) қорын молайтуды, электрондық oқулықпен жұмыс жасауды үйренгісі келеді, онымен етене жақындасуға, достасуға тырысады. Бастауыш мектепте компьютерлік сауаттылық элементтерін қалыптастыру керек. Бастауыш мектептің оқыту үрдісінде жаңа ақпараттық технологияны пайдалану туралы құнды зерттеулер жүргізген.

  • Оқу-жазу арқылы интерактивті технология әдісімен ойлауды дамыту.
  • Топтау,
  • болжам, ойлану,
  • сергіту,адас-
  • қан объектіні
  • табу.
  • Қызығушылығын
  • ояту
  • Сөзжұмбақ,
  • тест.
  • Мағынаны тану
  • Венн диаграммасы
  • («Венн диаграмма»
  • стратегиясы.
  • Қабысып жатқан
  • 3 дөңгелектен тұрады.
  • Әуелі жеке қасиеттерін
  • жазады да,
  • ортаға екеуіне ортақ
  • қасиеттерді жазады.Бұл
  • диаграммамен өткен сабақ пен
  • жаңа сабақты байланыстыра-
  • мыз. )
  • Ой-толғаныс.

Интерактивті тақта сабақты түрлендіруге көмегін тигізіп, оқытудың барлық кезеңінде, яғни, бастауыш мектепте оқытуды қызықты да әсерлі өткізуге ықпалын тигізеді. Интерактивті тақта бастауыш сыныптар үшін өте қолайлы. Оқушылардың қызығушыларын арттыруда, сабақ барысында дидақтикалық материал түрінде қолдануға, жаңа тақырыптар меңгерген кезде мұғалімге түсіндіру барысында, оқушыларға тақырыпты меңгеруге көмекші ретінде қолданылады. Әр тұлғаның қайталанбас мүмкіндігін есепке ала отырып, әр оқушының өзіндік дамуына, өзіндік ізденуіне ықпал ету арқылы оның ой - өрісін кеңейту, біліктілігін нығайту. Бұл технология оқыту әдісінің тиімділігі, баланың жеке тұлға ретінде ашылуы, оның жан – жақты дамуына табиғи әсер етеді.

  • Үй тапсырмасын тексеру:
  • Сандардың құрамдарын қайталау
  • 2
  • 3
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 4
  • 5
  • 6
  • Қосындылар және айырмалар құр.
  • 10= +
  • 8= +
  • 6= +
  • 0
  • 1
  • 2
  • 9
  • 5
  • 7
  • 10
  • 6
  • 8
  • 3
  • 4
  • “Кім жылдам” ойыны.
  • Әйнекшені толтыр
  • 9 = +
  • 7 = +
  • 5 = +
  • 4= +
  • 3= +
  • 2= +
  • Қоянның тапсырмасы
  • "Тапқырлар"
  • "Зеректер"
  • "Алғырлар"
  • 6+3
  • 8-3
  • 5+4
  • 6+1
  • 10-1
  • 6-1
  • 4+3
  • Аюдың тапсырмасы
  • 7
  • 5
  • 9
  • "Алғырлар"
  • "Тапқырлар"
  • "Зеректер"
  • 10-5
  • 9-2
  • САЛЫСТЫР
  • Аюдың тапсырмасы

8+2=9 3+3=9 4+2=6 6-2=4 7-5=2 5+3=7 10<9 4>6 2<3

  • Менің қатемді тап!
  • "Зеректер"
  • "Тапқырлар"
  • 1, 2, 3, 1, 2, 3
  • Құстарға қарап ұш
  • Қаз қанатын жайды
  • Үйрек мойнын созды
  • Аққу көлге қонды.
  • 4, 5, 6, 7 құстар көлге жетті.
  • СЕРГІТУ СӘТІ
  • Түлкінің тапсырмасы
  • а) 8
  • ә) 9
  • б) 7
  • а) 8
  • ә) 7
  • б) 9
  • а) 5
  • ә) 4
  • б) 6
  • "Тапқырлар"
  • "Зеректер"
  • Суреттегі үшбұрышты табу
  • ЖАЗУДЫ ТОЛЫҚТЫР
  • 3+5>
  • 4-3<
  • 3+5 * 3+
  • 4-3 * -1
  • 5см-2см <
  • см * 3см+4
  • "Алғырлар"
  • "Тапқырлар"
  • "Зеректер"
  • Фигураларды ата
  • Сабақты бекіту:
  • Ш
  • "Тапқырлар"
  • С
  • Ребусты шешу
  • "Зеректер"
  • 4
  • 5
  • +2
  • -1
  • +0
  • -2
  • 6
  • +2
  • -1
  • +4
  • -2
  • +2
  • +1
  • -4
  • +2
  • 7
  • +1
  • +2
  • -2
  • +1
  • Н
  • О
  • Қ
  • Я
  • 7
  • 8
  • 9
  • 3

Педагогтар XXI ғасырды «Жаңа ақпараттық технология» кезеңі деп атайды, қазір кез келген ақпаратты табу жолдары оңай. Сондықтан оқушыларды қажет ақпаратты тауып, оны талдап ойластыруға үйрету - оқыту технологияларының бір аспектісіне айналып отыр, әрі таным белсенділігінің артуына тиімді әсерін береді. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында компьютер оқыту мен дидактикалық құралға айналып отыр. Сондықтан қазіргі білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқу құралдарын мектеп пәндерін оқытуға пайдалану өзекті мәселелердің бірі. Олай болса, бұл мәселелерді жан-жақты шешу үшін мұғалімдердің біліктілігін көтерудің орны ерекше. Аталған мәселені дамыту үшін білім беру қызметкерлері үшін түрлі тренинг, курстар өткізілуде. Оқу қызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есептерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз.

Мен, бастауыш сынып бірлестігінде осы мәселелерді қозғап, сыныптан тыс тәрбие сағаттарында, міндетті түрде осы мәселелер төңірегінде ой қозғау керек екендігін мұғалімдерге айтып, оқушыларды өзін-өзі жетілдірудің бірден-бір жолы-жетістікке жетуге ұмтылу екенін түсіндіремін. Міне, осындай жұмыс түрлерін жүргізе отырып, бастауыш сынып мұғалімдерінің мәртебесін көтеруімізге болады. Барлығы да мұғалімдердің іскерлігі мен білімі, ой ұшқырлығы мен біліктілігі арқылы жүзеге асады. Мүмкіндігі шексіз интерактивті тақта арқылы мультимедиалық мәтіндер жазылған бейне материалдар, слайдтар, суреттер, сызбалар, кестелер, диаграммалар, анимацияларды қолданып, мұғалім өз пәнінің, түсіндірген тақырыбының мазмұнын ашып көрсетуіне мүмкіндігі мол. Бұл жан-жақты, дарынды әрі бәсекеге қабілетті білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар. Жаңа технологиялар мен инновациялардың мүмкіндіктері шексіз, артықшылықтары орасан. Оған «оnlaіne» режимінде интерактивті байланыс арқылы көрсетілген сабақтар арқылы анық көз жеткізуге болады. Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгендей, кез-келген мұғалiм өзінің сабағында ақпараттық технологияларды пайдалануы олардың әлемдiк кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану оқушылардың кез-келген пәндi игеруге қызығушылықтарын арттырады. Ақпараттық технология бүгінгі таңның өзекті мәселесі, сондықтан 12 жылдық білім жүйесінде осы бағыт орынды қолға алынған. Ақпараттандырудың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi – мектепте компьютердi оқыту құралы ретiнде қолдану: оның мүмкiндiктерiн жаңа материалды баяндауда (бiлiмдi виртуальды өмiрде қолдану), үйрету программаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргiзу, баяндалған материалды бекiту (тренинг), Интернет-технологияларды қолдану.

Мектеп мұғалiмдерiн ақпараттық технологиямен алғаш танысу институт базасында өткiзiлетiн салаларының бiрi ретiнде қарастырылған. Негiзгi мақсаты: бiлiм мекемелерi қызметкерлерiнiң ақпараттық мәдениетiн қалыптастыруға жағдай жасау, оның iшiнде, жаңа технология құралын пайдалану арқылы өзiндiк жұмыстарды ұйымдастыру. Егер мұғалiм компьютермен таныс болмаса, онда оған психологиялық тұрғыдан зияндылық жасамау керек. Ақпараттық технология құралдарын пайдаланудың алғашқы ұғымдарын, оны дамытудың дағдысын қалыптастыру және мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы оқу ақпараттарын беру әдiстемесi элементтерiн демонстрация жасау. Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда. Интернетке қосылу арқылы әлемдiк бiлiмдiк кеңiстiкке шығу. Қашықтықтан оқыту формасына көшу.

Электрондық оқулық және оның құрылымы Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттi бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет. Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының интеллектiлiк ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi: жинақтылық, жүйелiлiк, эстетикалық көркемдiлiгi, жылдамдылығы және т.б. Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады. Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi. Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды. [6]

Жаңа ақпараттық технологиялардың құралдары

  • Компьютер
  • Электрондық оқулықтар
  • Электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар
  • Аудио және видеоматериалдар
  • Интернет желісі.
  • Тестілеу жүйесі мен білімді бағалау
  • Электрондық пошта
  • Интерактивтік тақта

Қорытынды Мұғалімнің және оқушының шығармашылық жұмыстарының ғылыми деңгейін қалыптастыруда, жаңа құндылықтар, ізденістер жасау. Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Оқушының дамуына әсер етуші әлеуметік фактор негізінде оқушы, мұғалім, ата-ана басқа пән мұғалімдері ынтымақтасуы керек. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану - білім саласындағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Сондықтан сабақ үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану арқылы оның тиімділігін, ұтымдылығын көрсету мақсатында «Бастауыш сыныптарда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту және сапасын арттыру» атты баяндамамды сіздерге ұсындым, назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

  • Көңіл қойып,
  • тыңдағандарыңызға рахмет!
  • Сау болыңыздар!

Каталог: uploads -> doc -> 05ce
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05ce -> Қазақ тілі 4-сынып Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет