Махамбет Өтемісұлы – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жаршысы, әскер түрі – атты әскер.
1803 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында дүниеге келген. (Бөкей Ордасы, Жасқұс)
1824-1828 жылдары Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды.
1829 жылы Махамбет Ішкі Ордаға Жайықтан жасырын өтті деген айыппен ұсталып, Калмыков бекетіндегі абақтыға 2 жылдай қамалды.
1831 жылы түрмеден қашып шықты, бірақ артынша ақталды.
1834 жылы Исатай батырман бірігеді.
1838 жылы 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырайды.
1841 жылы 4 наурызда Тілекеев деген қазақтың үйінде Махамбет қолға түседі.
1841 жылы 7 шілдеде сот «бүлікшілікке» тағы араласса, қатаң жазалансын деген үкіммен тұтқыннан босанып, шекарадан өтпеуді қатаң ескертті.
1846 жылы 20 қазан, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Индер ауданында дүниеден озады.
Шығармалары
«Мұнар күн» жыры «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б.
Исатай мен Махамбет Көтерілісі
1836 жылы халық көтерілісі басталды. Оның қозғаушы күші қатардағы бақташы қазақтар болды. Көтеріліс туының астына бірқатар старшындар да жиналды. Сұлтандар мұның ақыры не болар екен деп, әліптің артын бағып, бейтарап қалды немесе көтерілісшілерге қарсы шықты.
Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1803-1845) басқарды. Оның екеуі де беріш руының жайық атасынан болатын.
Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы жақсы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.