Қарым-қатынас – бұл табыс пен өмірлік мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал. Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар, жақсы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін өткір сезінді. Өйткені, бірдеңеге қол жеткізу үшін таныс керек болды. Мысалы, ет сатушы сізге сүйек емес, жақсы ет сатқанын қаласаңыз, онда онымен жақсы таныс болуыңыз керек болған. Бүгін де жағдай қатты өзгерген жоқ – жақсы өмір сүру үшін барлық жерде танысың болғаны жақсы.
Біз сіздерге адамдармен жақсы қарым-қатынас құруға көмектесетін жиырма бір алтын қағиданы жинастырдық.
1. Ыңғайы келсе адамдарды әрдайым қолдап, мадақтап тұрыңыз. Сіздің қолпаштауыңыз оларға күш-қуат береді.
2. Ешкімді ешқашан келемеждеп, қорламаңыз.
3. Адам жайлы тек жақсы нәрсе айтыңыз. Егер ол жайлы жақсы ештеңе айта алмасаңыз, онда үндемегеніңіз дұрыс
. 4. Адамдардың ісіне зейін салып қараңыз. Сонда жағымпаздануға емес, шын мақтауға себеп табылады.
5. Адамның жақсы қасиеттерін көбірек байқауға тырысыңыз. Егер ол адам сіздің көзіңізде әлі бекзаттық пен ақылын көрсете қоймаса, оны бәрібір сондай адам ретінде қабылдаңыз. Сол кезде ол адам міндетті түрде соған сай болуға тырысады
6. Адамдарды сынап, мінемеңіз. Егер сынағыңыз келіп бара жатса, онда оның тек ісін сынаңыз, жеке басын емес.
7. Үнемі басқа адамдардан артықшылығыңызды көрсетіп жүруден аулақ болыңыз. Бұлай тек дұшпандарыңызды көбейтіп аласыз. Адамдармен дос болғыңыз келсе, онда адам сіздің жаныңызда өзінің маңыздылығын сезінсін. 8. Әрдайым өз қателіктеріңіз бен кінәларыңызды байқап жүріңіз – және кешірім сұраңыз.
9. Елдер сізді тыңдасын десеңіз, онда бұйырып емес, ұсынып үйреніңіз.
10. Ашулану – бұл адамның көмек пен қолдауға зәру екендігін білдіреді. Сондықтан адамның мұндай күйіне түсіністікпен қарауға тырсыңыз.
11. Тыңдап үйреніңіз және аз сөйлеңіз.
12. Кейде жақсы ойды, идеяны әңгімелесушіңіз айтқандай, басымдық беріңіз. Кімнің бірінші айтқаны маңызды емес қой, маңыздысы – жақсы нәтиже шығару.
13. Егер әңгімелесушіңіздің ойы қате болса, онда оның сөзін бөліп, тоқтатамын деп ойламаңыз. Өз ойын айтып бітпейінше, ол бәрібір райынан қайтпайды.
14. Кез келген ұрысты тоқтату үшін, бәлкім, менікі дұрыс емес дей салыңыз. Сонда жанжалдың неден шыққаны да, ұрыс та тыйылады.
15. Адамдарға еш себепсіз жиі сыйлық жасап тұрыңыз. Бұл сіздің еш мейрамға қарамай, адамды әрдайым қуантқыңыз келетінін көрсетеді.
16. Егер сіздің бірдеңеге ашуыңыз келіп тұрса, сабырлық танытыңыз, үндемеңіз, эмоцияңызды іште сақтаңыз. Бәрін шорт кесуден аулақ болыңыз. Жай ғана адамға ойындағысын айтуға, ісін түсіндіруге мүмкіндік беріңіз, ал сосын өзіңізге жағатын сөздеріне мән беріңіз. Әңгіме біткен соң, оның сөздерін тағы саралап көремін деңіз.
17. Адамдарға қызық боламын деп емес, оларға қызығып өмір сүріңіз.
18. Жымиып жүріңіз.
19. Адамды толық атымен атаңыз. Осылайша оның жеке басына сыйластығыңызды білдіресіз.
20. Әңгімені аяқтағанда, әңгімелесуші жақсы көңіл-күйде қалғанын қадағалаңыз.
21. Кешірімді болыңыз.