Реферат Тақырыбы: Жағымды қарым-қатынас орнату әдістері Орындаған: Мырзағалиева Ә Топ: пти 20-12 Тексерген: Джакупова Ш



Дата29.04.2022
өлшемі96,94 Kb.
#141267
түріРеферат
Байланысты:
адам
Елеуов Асулан, Документ Microsoft ворд

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИЗАЙН,ТОҚЫМА ЖӘНЕ КИІМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ

Реферат


Тақырыбы: Жағымды қарым-қатынас орнату әдістері

Орындаған: Мырзағалиева Ә


Топ:ПТИ 20-12
Тексерген: Джакупова Ш

Алматы 2022


Қарым-қатынас – бұл табыс пен өмірлік мақсаттарды іске асыруға жетелейтін негізгі құрал. Кеңес Одағында өмір сүрген адамдар, жақсы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін өткір сезінді. Өйткені, бірдеңеге қол жеткізу үшін таныс керек болды. Мысалы, ет сатушы сізге сүйек емес, жақсы ет сатқанын қаласаңыз, онда онымен жақсы таныс болуыңыз керек болған. Бүгін де жағдай қатты өзгерген жоқ – жақсы өмір сүру үшін барлық жерде танысың болғаны жақсы.

  • Қарым-қатынас дегеніміз бұл –адамдар арасындағы байланыс орнату мен дамытуда пайда болатын жеке бас белгілерінің формасы;

  • Қарым-қатынас бұл- бір адамның екінші адамға ықпалы нәтижесінде пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. т.б.

Қарым-қатынастың бір-бірімен байланысты үш түрі бар.

  1. Коммуникативтік жағы – қарым-қатынас арқылы адамдар бір-бірінің ойын, мақсатын, алған беталысын айыруға тырысады.(Бұл процестің құралдарына сөз, сөйлеудегі ырғақ, мимика, денедегі әр түрлі қимылжатады)

  2. Интерактивтік жағы –адамдардың бірігіп жұмыс жасауы үшін статегиялық жоспар құру жатады.( міндеттерді өзара бөлісіп жасау кооперация, бақталастыққа бағытталған)

  3. Перцептивтік жағы- басқа адамның сыртқы пішініне қарай оның психологиялық қасиетін, мінез-құлқын білу, бірін-бірі қабылдау.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас түрлері


Жеке және


қызметтік
Екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жек көрушілік жас кезеңіне қарамай, барлық жас кезеңінде көрініс береді.
Әлеуметтік топ немесе мекеме мүшелері арасында олардың сол топтағы құқы мен міндеттеріне орай қалыптасады
Дара және
топтық
Бір адаммен оның психологиясын біле отыра қарым –қатынас жасау
Екі оданда көп адамдармен қарым-қатынас жасау
Тең құқықты
және тәуелді
Қарым-қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері теңгерілген жағдайда
Құқықтары мен міндеттері бірдей болмаған жағдайда
Қарама –қарсылықты және
дау-дамайлы
Топ мүшелері ішіндегі кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері еккінші біреудің келеңсіз ниеттерімен тоғысқан жағдайда
Адамның бір-біріне өшпенділігі болған жағдайда
Амбивалентті
қарым-қатынас
Адамаралық қарым-қатынас (ағылш. Interpersonal relationship) — саналы адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Адамаралық қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.[1][2]
Адамаралық қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамаралық қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қарым-қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Қарама-қарсы екі бірдей эмоция мен сезімнің қосарлана жүруі. Мысалға: бір адамға деген жек көрушілік пен құрмет сезімдерінің қатар жүруі.


Үйлесімді қарым-қатынас
Адамдар арасында қарама –қарсылық болмай , өзара терең сыйластық жайлаған ортада көрініс береді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет