Мамандығым мақтанышым



Дата13.09.2017
өлшемі13,51 Kb.
#32073

Мамандығым - мақтанышым

  • ДАЙЫНДАҒАН: МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУ
  • ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ Д.Т.ТОПЫШЕВА

Білімділік: Тыңдаушылардың тақырыпқа қатысты білімін жүйелеу, толықтыру. Дамытушылық: Тыңдаушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Сауатты жазуға, қазақша сөйлеуге бейімдеу. Тәрбиелік: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

  • Сабақтың мақсаты:

Сөзжұмбақты шешіңіз

Бұл кім?

Бұл кім?

Бұл кім?

Берілген сөздерді тәуелдеңіз: Мамандық, жұмыс, лауазым, міндет

  • Менің ...........
  • Сенің ............
  • Сіздің ...........
  • Оның ...........

Тиісті жіктік жалғауларын жалғаңыз:

  • Мен – мұғалім..... Сен – суретші.... Мен – ұшқыш...... Ол – аспаз...... Мен – жүргізуші...Сен – дәрігер... Ол – сатушы.... Мен – есепші.... Сен – заңгер....

Жақшада берілген сөздерді аудара отырып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.

  • 1.Менің мамандығым – (учитель).
  • 2.Дәурен (строитель) болып жұмыс істейді.
  • 3. Айжанның анасы – (портниха).
  • 4.Әсел дүкенде (продавец).
  • 5. Болаттың әкесі (бизнесмен).
  • 6. Андрейдің мамандығы – (архитектор).
  • 7. Маралдың досы – (юрист)

Сәйкестіріңіз және сөз тіркестерін көшіріп жазыңыз:

  • Мұғалім сурет салады
  • Құрылысшы оқытады
  • Суретші тамақ пісіреді
  • Сатушы тігеді
  • Тігінші емдейді
  • Жүргізуші аударады
  • Аудармашы сатады
  • Аспаз көлік жүргізеді
  • Биші билейді
  • Дәрігер үй салады

Мамандығымыз - мақтанышымыз

  • Менің атым – Майра. Менің достарым өте көп. Олардың мамандықтары әр түрлі. Менің мамандығым – суретші, сурет саламын. Жанардың мамандығы – мұғалім, мектепте сабақ береді. Айнұр – заңгер, сотта жұмыс істейді. Марал – сатушы, дүкенде азық-түлік сатады. Қанат – құрылысшы, әдемі ғимараттар тұрғызады. Ержан – дәрігер, науқастарды емдейді. Бәріміз әр түрлі салада жұмыс істегенмен, әркім өз мамандығын мақтан тұтады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береңіздер:

  • Майра не істейді?
  • Жанар қайда жұмыс істейді?
  • Айнұрдың мамандығы кім?
  • Марал дүкенде не сатады?
  • Қанат немен айналысады?
  • Ержан кімдерді емдейді?

Сұхбатты оқыңыз:

  • Сіздің атыңыз кім?
  • Менің атым – Андрей
  • Сіз қайда жұмыс істейсіз?
  • Мен құрылыс басқармасында жұмыс істеймін.
  • Кім болып жұмыс істейсіз?
  • Мен бас маман болып жұмыс істеймін
  • Сіздің мамандығыңыз кім?
  • Менің мамандығым – құрылысшы
  • Сұхбатты пайдалана отырып, берілген тірек сөздерді негізге ала отырып өзара сұхбаттасыңыздар.

Сабақтың мақсаты:

  • Сабақтың мақсаты:
  • Білімділік: Мамандыққа байланысты мәтін арқылы тіл үйренушілердің лексикалық қорын байыту.
  • Дамытушылық: Тіл үйренушілердің ой-өрісін кеңейтіп, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелілік: Тыңдаушылардың бойында өз мамандықтарына деген сүйіспеншілігін арттырып, оны құрметтеп бағалауға үйрету.

Ойлап тап

  • Қ, Р, Ұ, Ы, Ш, Ы, Л, С, Ы
  • М, Ғ, А, Л, І, Ұ, М.
  • Р, Ә, Р, І, Г, Д, Е.
  • С, Р, У, І, Ш, Е, Т.
  • З, Ң, Е, Р, Г, А.
  • Е, Г, Қ, Р, А, Ж, Ы, Р.

Мамандығым - мақтанышым

  • Өмірде мамандық түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
  • Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әр адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі.
  • Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу - игілікті істердің бастысы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым ең қажетті мамандықтардың бірі. Сондықтан да мамандығымды мақтан тұтамын

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Қандай мамандық түрлерін білесіз?
  • Дәрігер не істейді?
  • Құрылысшы не жұмыс атқарады?
  • Тігінші не істейді?
  • Мамандықты қалай таңдау керек? Сіздің мамандығыңыз қандай?

Жаңа сөздер

  • Ерекшелік – особенность
  • Жүрегінің қалауы бойынша – по желанию сердца
  • Жауапкершілік - ответственность
  • Қиындық – трудность
  • Қызық – интерес
  • Мақтаныш – гордость

Екі бағандағы сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз

  • Жүрегімнің қалауы бойынша Армандадым
  • Жауапкершілікпен Ән айтады
  • Мен бала күнімнен Бала оқытады
  • Дәрігер Үй салады
  • Оқытушы Адам емдейді
  • Құрылысшы Атқарады
  • Әнші Таңдаймын

Бос орындарға керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз

  • Менің білімім - ............, мамандығым - .............. Мен ..............болып жұмыс істеймін. Жұмыс өтілім - ......... жыл.
  • Жолдасым - .......... Оның білімі - ............ Ол - ......... жұмыс істейді. Жұмыс өтілі - ...... жыл.
  • Бұл менің досым - ............ Оның мамандығы - ............. Ол ............. жұмыс істейді.

Берілген сын есімдерді пайдала отырып жағдаят бойынша хабарландыру жазыңыздар.

  • Үлгі: Бөлімнің бас маманы лауазымына конкурс жарияланады. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
  • Мамандығы – заңгер.
  • Білімі – жоғары.
  • Еңбек өтілі – мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс істеуі қажет.
  • Арлы, әділ, алғыр, ақылды болуы керек.
  • Директор қызметі бойынша не білу керек?
  • Аудармашы, хатшыға қандай талап қоясыз?
  • Заңгер мамандығы бойынша не білу керек?
  • Бағдарламашыға қандай талаптар қояр едіңіз?

Сабақты бекіту

  • Бүгін не туралы айтылды?
  • Мамандықтың түрлерін атаңыз.
  • Сіздің мамандығыңыз қандай?
  • Ол сізге ұнай ма?
  • Тест жұмысын орындау.

Берілген тақырыпқа эссе жазу



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет