Тауар – қажеттілікті,мұқтаждықты не тұтынысты қанағаттандыруға назар аудару, иелену, пайдалану не тұтыну үшін нарыққа ұсынылатын барлық зат.
Тауардың жіктелуі
ТАУАР
Пайдалану ұзақтығына қарай:
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Пайдалану мақсатына қарай:
Тұтынушылық
Өндірістік
Тауардың өміршеңдік кезеңі және оның фазалары
Тауардың өміршендік кезеңі дегеніміз тауардың нарықтағы өмір сүру мерзімі, өмір сатылары болады.
ТӨЦ тұжырымдамасын американдық ғалым Теодор Левитт 1965 жылы эзірлеген болатын. Тауардың нарықта өмір сүру кезендерін сипаттайтын өзіндік өмірлік циклі болады. Тауар ерте ме, кеш пе жетілген немесе кымбат емес басқа тауардың нарыққа келуіне байланысты нарықтан ыгысады. ТӨЦ өнімге деген нарықтағы сұранысты, фирма табысын, тауар ассортиментін, нарық сегментін, бәсекелестердін іс-қимылын жэне оның әр кезеңцегі маркетингтің стратегиясын зерттеуге мүмкіндік береді.
Тауардың өміршеңдік кезеңінің фазалары:
нарыққа енгізу,
өсу,
кемеліне жету,
құлдырау.
Тауардың нарыққа шығуы немесе оның нарыққа ену кезеңі. Бұл кезеңнің мақсаты - тауарды өткізетін нарықты қалыптастыру. Енгізу кезеңінде технология жаңадан дами бастайды, нарық элі анықтала қоймаған, өндіріс қуаттылығы толық іске қосылмаған, тауар аз партиялармен шығарылатындықтан фирма шығындары өте жоғары болады.
Өсу кезеңі. Бұл кезеңде тауарды жаңғыртып, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы біліп, сатып ала бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды. Өндіріс толық қуатпен жұмыс істейді. Тауарды ірі сериямен шығаратын кэсіпорындарда өндіріс қуаты жетіспей қалуы мүмкін. Жаңа тауар үлкен көлемде сатыла бастайды, бірак нарықта оның бэсекелестері туындайды. Тауар сапасы өте жоғары болғандықтан сату көлемі де, пайда да тез өсе бастайды.
Тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді. Кемелдену сатысы мерзімі бойынша ТӨЦ-тің ең ұзақ кезеңі болып саналады. Бүл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген жэне өндіріс қуаттылығы толық қолданылады. Тауар ірі партиялармен шығарылып, оның ассортименты кеңейту жэне тереңдету шығындары жоғары болады. Фирма сұранысты қанағаттандыру мақсатында тауарларды үлкен көлемде шығара бастайды. Тауардың сапасы өте жақсы болып, дәстүрлі тауарлар қатарына қосылады.
Құлдырау фазасында сату көлемі төмендей түседі. Бұл фазада тауардың қасиеттерін зерттеп, оны жаңарту мүмкіндіктерін немесе оны өндірістен шығаруды қарастыру қажет. Фирмалар бәсекелік күрестен шыға бастайды. Тұтынушылар саны азаюы есебінен бэсекелестер саны да қысқарады.
Тауар ассортименті және оның белгілері
Тауарлық ассортимент дегеніміз функционалды жэне тұтынушылық сипаттамасы, сондай-ақ бөлу арналары бойынша ұқсас тауарлардың тобы. Мысалы, «ФудМастер» компаниясы әрқайсысы өзіндік
маркетинг стратегиясын талап ететін сүт өнімдерінің ассортиментін (әр алуан тауар жинағын) өндіреді.
Тауар түрі (автокөлік, трактор, станок, т.б.) функционалды айырмашылықтарына, сапасына, бағасына қарай ассортиментік топтарға бөлінеді.
Әр топ топтастырудың төмен сатысын көрсететін (тауар түрлілігі немесе таңбалары) ассортименттік позициядан тұрады.
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Ассортимент ені
Ассортименттік топтардың саны
Ассортимент
салыстырмалылығы
Бағаға,таралу аумағына,тұтынушыларға байланысты ассортименттік топтардың қатынасы
Ассортимент тереңдігі
Ассортимент топтарындағы тауар саны
Тауар белгісі дегеніміз - заңдық түрғыдан қорғалған және басқа тауарлардан сөз, бейне, колем жағынан айырмашылығын білдіре алатын ұғым. Тауар белгілеріне:
термин;
таңба;
сурет;
символ;
әріптер немесе сандар жатады.
Тауар белгісі фирма тауарын даралап көрсететін құрал болғандықтан, ол сауда маркасы немесе фирма белгісі ретінде қарастырылады.
Тауар таңбасы дегеніміз басқа тауарлардан оны айыру үшін, қабылданған тәртіпке сәйкес тіркелген тауарға берілген белгі болады. Ол сурет, рәміз (символ), біріккен әріптер немесе цифрлар сипатында болуы мүмкін.
Таңбалық ат дегеніміз атаулы тауардың таңбасының бөлімі.
Таңбалық белгі деп суреттеп белгіленген тауар таңбасының бөлімі.
Тауар белгісі интеллектуалды меншік объектісіне жатады және заң арқылы қорғалады. Тауар таңбасының иелері сол тауарға деген өз құқығын Патент жэне сараптама институтында тіркеу арқылы заңды түрде қорғайды.
Штрихкод - бетіне қолданылатын графикалық ақпарат, өнімнің таңбалануы немесе қаптамасы, техникалық құралдармен оқу мүмкіндігі - қара және ақ жолақтардың кезектілігі немесе басқа геометриялық пішіндер.
Тауардың өзінде, немесе оның орауында штрих кодтың болуы фирманың беделін көтеріп, тауар мен оны өндірілетін кәсіпорынды жарнамалау рөлін атқарады.
Қазақстанның штрих-коды
487