Мақсаты: Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету. Міндеттері



бет1/2
Дата14.10.2022
өлшемі21,18 Kb.
#152939
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Көркем жазу 1 сынып


Түсінік хат
«Көркем жазу» таңдау пәнінің негізі мақсаты сауат ашу сабақтарындағы алған білімдерін одан әрі шыңдау. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастыру болса, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазу қиын да, маңызды да қағидалардың бірі болып табылады.Оқушылардың каллиграфиясын жақсарту үшін арнайы жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру, саусақтарының әріп жазу икемділігін қалыптастыру арқылы көркем жазуға дағдыландыру. Ал каллиграфия ережелерін сабақ үстінде оқушыларға толық меңгерту оңайға түспейді. Ұсынылып отырған жоспар 1-сынып бағдарламасына сәйкестендірілген. Жатқа жазу, көшіріп жаз, шағын шығармалар оқушылардың зейінін, есту қабілеттерін, есте сақтауды дамытады. Сондай-ақ жоспарда оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейтуге өз ықпалын тигізеді. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын көбейтіп, сөйлеу тілін жетілдіреді.
Көркем жазу әдісі – тікелей жазу тарихымен байланысты. Әдемі жазу – өнер. Таза, анық, әдемі жазуды оқуда жеңіл, ондай жазумен берілген ойды түсіну де оңай. Көркем жазу оқушыларды сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелейді, сөздік қорын молайтып, сөйлеу тілін жетілдіреді. Сабақ үстінде оқушылардың негізгі білім, білік дағдыларын қалыптастырады, ауызша айтқандарын дәптерге каллиграфия ережелерін сақтап жазуға үйретеді.
Мақсаты: Балаға хат таныту, әріп таңбаларын әдемі көркем етіп салуға жаттықтыру, жазу мен оқуды үйрету.
Міндеттері:

  • Әдемі, сауатты, қатесіз жазуға үйрету.

  • Әріптерді дұрыс бейнелеу.

  • Әріптерді бір-бірімен дұрыс жалғастырып жазу.

  • Үлгі бойынша жазу және ұқыптылық пен жылдамдыққа үйрету.

  • Әріп пен сөз, сөйлемдердің жазылу бейнесін сұлу көркем етіп жазуға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Әріптерді дұрыс бейнелей алады.

  • Әдемі, сауатты, қатесіз жазуға үйренеді.

Үлгі бойынша жазып, ұқыптылық пен жылдамдыққа үйренеді.

  • Өз бетінше жазуға үйренеді.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет