Мақсаты: Оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету; қазақша байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру; сұрақтарға тез, дұрыс жауап беруді меңгерту; сөзжұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың білімдерін шыңдап, ой-өрісін кеңейту; мемлекеттік тілге деген құштарлықтарын арттыру; отаншылдыққа, мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: тапсырмалар жазылған қиықшалар, сөзжұмбақтар, нақыл сөздер жазылған плакаттар, кәртішкелер, түрлі-түсті дөңгелекшелер.
-
Құрметті, балалар, бүгін сендер тек қана қазақша сөйлемейсіңдер, бір-бірлеріңмен жарысасыңдар, сайысқа түсесіңдер, топ болып жұмыс істейсіңдер, кім сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол жеңімпаз болады.
Әр топқа қызыл түсті кәртішкелер беріледі. Әр топта екі оқушыдан 4-ші сыныптан біреу және 1-ші сыныптан бір оқушы. Қай топ кәртішкесін бірінші көтерсе, сол бірінші болып жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа түрлі –түсті дөңгелекшелер беріледі.
-
Топ болғандықтан әр топтың аты болуы тиіс, сондықтан сендер мына беттерге өз топтарының атын ойлап, жазыңдар! Қай топтың аты ең қызықты болады екен?
1-кезең- «Бәйге»
-
Республика астанасы қай қала?
-
«Понедельник» сөзінің аудармасын айт!
-
Бала оқытатын адам?
-
Биенің сүті қалай аталады?
-
Адамды кім емдейді?
-
«Ученик» сөзінің аудармасы?
-
«Красный» сөзінің аудармасы?
-
Күз айларын ата.
-
Күзде не піседі?
-
Бір аптада қанша күн бар?
2-кезең. «Шешуін тап»
-
Тұзда бар, суда жоқ.
Мұзда бар, буда жоқ. (ұ)
-
Гауһарда бар, Гүлнәрда жоқ.
Жауһарда бар, Сәуледе жоқ.(Һ)
-
Үйде бар, шиде жоқ.
Күйде бар, биде жоқ.(ү)
-
Қазда бар, үйректе жоқ.
Құрда бар, шілде жоқ.(қ)
-
Дәнде бар, елде жоқ.
Сәнде бар, селде жоқ.(ә)
-
Бірде бар, үште жоқ.
Екіде бар, бесте жоқ.(і)
-
Қарғада бар, сауысқанда жоқ.
Тоғайда бар, аққуда жоқ.(ғ)
-
Шөлде бар, далада жоқ.
Көлде бар, теңізде жоқ.(ө)
-
Аңда бар, әнде жоқ.
Шаңда бар, нанда жоқ.(ң)
3-кезең. Полиглот.
Көп тіл білетін адамды ғылым тілімен «полиглот» деп атайды.
Сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын қазақша тауып, оны орысшаға аударасыңдар!
-
Тімір тілді, Күміс үнді. (қоңырау-звонок)
-
Мамықтай ұлпа, қанттай ақ.
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады, немесе
Қыста келген,
Көктемде еріген. (қар –снег)
-
Қаласы бар, үйі жоқ.
Өзені бар, суы жоқ.
Орманы бар, бүрі жоқ.
Бақшасы бар, гүлі жоқ. (карта-карта)
-
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама! (кітап-книга)
-
Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп-школа)
-
Суға батпайды,
Отқа жанбайды. (мұз-лед)
-
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжи)
-
Оқушыға күнде еріп жүретін не? (сөмке-портфель)
4-кезең. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны.
Мына сөздердегі жоғалған әріптерді тауып, қоюларың керек!
Са...ат, жап...рақ, ша...ғы, қ...с, жи...аз, т...лкі, үк..., ...ріп, ...ала.
5-кезең. «Кім жылдам!»
Мына тақырыптардағы сызбаны кім жылдам әрі дұрыс толтырады?
1-топқа. Оқу құралдары
2-топқа. Апта атаулары.
3-топқа. Ай аттары.
6-кезең. «Орнын тап»
Кішкентайларға арналған ойын. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздерді сәйкес ұяшықтарға салыңдар.
Сөздер жазылған кеспелерді қолдану.
7-кезең. «Ойлан ,тап». Сөзжұмбақ шешу.
Әр топқа сөзжұмбақ беріп, жарыстыру.
-
Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңдар.
|
Е
|
С
|
К
|
і
|
к
|
Е
|
ш
|
е
|
ж
|
а
|
М
|
а
|
н
|
|
к
|
Е
|
м
|
е
|
б
|
а
|
Й
|
| -
Старый
-
Вчера
-
Плохой
-
Корабль
-
Богатый
|
к
|
Ө
|
п
|
|
|
а
|
л
|
а
|
С
|
а
|
|
|
ү
|
л
|
К
|
е
|
н
|
|
е
|
р
|
т
|
Е
|
ң
|
|
|
|
а
|
л
|
М
|
а
|
|
ә
|
д
|
Е
|
м
|
і
|
|
ұ
|
з
|
ы
|
Н
|
|
1.Много
2.низкий
3.большой
4.завтра
5.яблоко
6.красивый
7.длинный
|
ж
|
А
|
ң
|
а
|
к
|
е
|
С
|
т
|
е
|
|
а
|
Т
|
а
|
|
н
|
А
|
н
|
с
|
ы
|
Н
|
ы
|
п
|
|
қ
|
А
|
н
|
т
| -
Новый
-
Расписание
-
Дедушка
-
Хлеб
-
Класс
6. Сахар
-
Осымен біздің сайысымыз аяқталды, ал енді дөңгелекшелерді санайық.
Кімде ең аз сол топ 3 орында, қай топта орташа 2-орында, ал ең көп жинаған ойыншылар 1-орынды иеленіп, жеңіске жетеді. Сайыскерлерімізді құттықтаймыз!
Мақсаты: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, мемлекеттік тілде еркін де таза сөйлей білуге, оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Білім деңгейін көтеру. Тіл мәдениетін дамыту, көркем сөйлеуге баулу. Елін, жерін, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру. Патриоттық сезімге баулу.
Көрнекілігі: жетондар, фишкалар, кеспелер, сигналдар. Тақтадағы нақыл сөздер.
Мұғалым сөзі:
Эпиграф: Көп тіл білсең көкжиегін кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
-
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, қонақтар! Бүгін сіздер «Мемлекеттік тіл –менің тілім» атты сайысқа келіп отырсыңдар. Біздің сайысымызға өз білімдерін сынағалы үш команда келіп отыр. Әр топ өздерін таныстырып өтсе.
-
Ойыншылар өз орындарына отырады. Әр ойыншыға бір-бір сигналдан беріледі. Оларға сұрақ қойғанда, осы сигналдарын көтеріп жауап береді. Кім тез және толық жауап берсе, соған фишкалар беріледі. Фишкалар түрлі-түсті болуы керек.
1 тур.
Ойыншыларға қойылатын сұрақтар:
-
Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
-
Түркі тілдерінің тобынан тараған қандай тілдер? (қыпшақ, ұйғыр, татар, башқұрт, қарақалпақ)
-
Қазақтың жеті ырысына нелер жатады? (адамның ақылы, ой-санасы, ақ жаулық, бала, көңіл, жер, ат)
-
Тіл дегеніміз не? (адам қатынасының ең маңызды құралы)
-
Қазақтың үш биін ата?
-
Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны? (Қазақстан елінде тұратын адамдардың)
-
«Қазақ тілі – ҚР-ның мемлекеттік тілі» деп қайда жазылған? (ҚР-ның Конституциясында)
-
ҚР-ның Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991-ші жылдың желтоқсан айының 16-сы күні)
-
Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды? (1989 жылы)
-
Қай жылы Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды? (1991-ші жылдың желтоқсан айының 1-ші күні)
-
Тіт туралы алғашқы заң қашан қабылданды? (1989 жылы қыркүйек айының 22-сі күні)
-
ҚР-ның «Тіл туралы» Заңы екінші рет қашан қабылданды? (1997жылы шілденің 11-нде)
-
Тіл туралы 3 мақал-мәтел кім біледі?
-
Тәуелсіз ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды? (1992 жылы маусымның 4-і)
-
Елбасымыздың Республика халқына арнаған «Қазақстан -2030» Жолдауы қашан жарияланды? (1997-ші жылы)
-
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты мен міндеті қандай? (Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, гүлдендіру және тыныштығын қорғау)
-
ҚР-ның Мемлекеттік туының авторы кім? (Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков)
-
ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер? (Шота-Аман Уәлихан, Жандарбек Мәлібеков)
-
ҚР-ның Мемлекеттік Жаңа Әнұраны қашан қабылданды? (2006-шы жылдың қаңтар айының 7-і күні)
-
Жаңа Әнұранның сөзін жазған кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
-
Жаңа Әнұранның әнін жазған кімдер? (Ш.Қалдаяқов)
-
1998-ші жылға дейін Астана қаласы қалай аталды? (Ақмола)
-
Заттың түсін білдіретін сөздерден басталатын қала атаулары? (Қызылжар, Қарағанды, Ақтау, Көкшетау, Ақтөбе)
-
Тәуке ханның жасаған заң жобасы қалай аталады? (Жеті жарғы)
-
Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі қашан тойланады? (22.09)
-
Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Қытай, Өзбекстан, Түркия)
-
Желтоқсан оқиғасы қашан болды? (1986 жылы желтоқсанның 16 күні)
-
Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? (Т.Әубәкіров)
-
Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің. («Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Қыз қуу», «Асық», «Сақина салу», «Ақсүйек»)
-
ҚР-сы қандай мемлекет? (тәуелсіз, егеменді, демократиялық)
2 тур. Мақалдарды аяқтаңдар.
-
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
-
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
-
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз елінде ұлтан болған артық.
-
Отан оттан да ыстық.
-
Өмір – үлкен мектеп.
-
Мектеп-кеме, білім –теңіз.
-
Күлме досыңа, келер басыңа.
-
Күздің бір күні, қыстың бір айын асырайды.
-
Ұстаздан шәкірт озар.
-
Жаман жолдастан таяғым артық.
-
Күш-білімде, білім- кітапта.
-
Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім.
-
Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.
-
Жеті елдің тілін біл, жеті түрлі білім біл.
-
Сөз қадірін білмеген, өз қадірін білмейді.
-
Тіл – қылыштан өткір.
-
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
-
Өнер алды- қызыл тіл.
-
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
-
Ананың сүті тәтті,
Баланың тілі тәтті.
3 тур. Өлеңді жалғастыр...
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
.........................................................
(Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.)
4-тур. Еркін сөйле.
Өздерің таңдаған салт-дәстүрлер жайлы айтып беріңдер!
-
Тұсау кесу
-
Шілдехана
-
Беташар
5-тур. Жатқа айт.
Жаңылтпаштарты жатқа айтыңдар.
-
Ас аспай
Бас аспаз
Ас асты
Жас аспаз
-
Класта ақ бор бар
Көк бор бар,
Көп бор бар.
-
Тақпақ жатта,
Жатқа жатта.
Жаттамай жатпа.
6-тур. Қонақ сыйы.
Бір-бірлеріне дайындап әкелген сұрақтарды қойыңдар.
-
Осымен сайысымыз аяқталды. Енді алдарыңдағы фишкаларды санаңдар, қай топта көп болса сол жеңіске жетті! Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
-
«Тіл – достық пен келісімнің тірегі!» дегендей өз тілдеріңді де ұмытпай, мемлекеттік тіл – қазақ тілін әрқашан қастерлеп, мақтан тұта біліңдер!
Бәріңе, бәріңе, бәріңе!
Сөзжұмбақтар мен ребустарды шешіңдер!
«Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты
авторлық өлеңдер сайысына қатысыңдар!
Достарыңызбен бөлісу: |