Картоп
аршуға арналған машиналар
Машинаның жұмыс істеу тәртібі
Маркісі МОК-1250 (1.1-сурет) машинасының үстіңгі жағында цилиндрлі жұмысшы корпустың ішінде айналмалы конус бар. Конустың бетіне түрпілі материал жапсырылған. Бұл конус корпусқа гайкі арқылы бекітілген. Конустың жазық бетінде өнімді араластыруға арналған толқынды бұдырлар жасалған. Жұмысшы камерасының ішінде ауыспалы түрпілі сегменттер бекітілген. Камераның үстіңгі жағындағы қақпақ бар. Машина жұмыс істеп тұрған кезінде қосымша қақпақ жабылып, өнімнің, судың сыртқа шашырамауын қамтамасыз етеді. Машинаға берілетін су жең арқылы беріледі. Өңделінген өнім есікше арқылы сыртқа шығарылады.
1.1 –сурет.Маркісі МОК-1250 картоп аршу машинасы
Машинаның жұмысшы органының білігін айналдыру электрқозғағыш және сына белдікті беріліспен жүргізіледі. Білік мойынтіректерге орнатылған және тазартылған көкөністі түсіруге арналған есік болады. Машина тіректер арқылы негіз тақтасына бекітіледі.
Төменде (1.2-сурет) машинаның кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Мұнда электрқозғағыштың (6) білігі (5) шкив (4) арқылы сына белдіктің (3) көмегімен қозғалысты жетектегі шкивке (7) береді. Бұл шкив білік (2) арқылы конусты жұмысшы органмен (1) байланысқан.
Картоп аршуға арналған УММ-5 механизмі (1.3-сурет) кіші өлшемді әмбебап УММ жетектерінің ауыстырмалы механизмі болып табылады. Механизм корпустан (1) оның үстіндегі қақпақтан (3), ішіндегі жұмысшы