Машинаның жұмыс істеу тәртібі Маркісі мок-1250 1-сурет) машинасының үстіңгі



Дата07.02.2022
өлшемі251,23 Kb.
#91225
Байланысты:
картоп ашу машинасы (1)


Картоп аршуға арналған машиналар



  1. Машинаның жұмыс істеу тәртібі

  2. Маркісі МОК-1250 (1.1-сурет) машинасының үстіңгі жағында цилиндрлі жұмысшы корпустың ішінде айналмалы конус бар. Конустың бетіне түрпілі материал жапсырылған. Бұл конус корпусқа гайкі арқылы бекітілген. Конустың жазық бетінде өнімді араластыруға арналған толқынды бұдырлар жасалған. Жұмысшы камерасының ішінде ауыспалы түрпілі сегменттер бекітілген. Камераның үстіңгі жағындағы қақпақ бар. Машина жұмыс істеп тұрған кезінде қосымша қақпақ жабылып, өнімнің, судың сыртқа шашырамауын қамтамасыз етеді. Машинаға берілетін су жең арқылы беріледі. Өңделінген өнім есікше арқылы сыртқа шығарылады.




1.1 –сурет.Маркісі МОК-1250 картоп аршу машинасы

Машинаның жұмысшы органының білігін айналдыру электрқозғағыш және сына белдікті беріліспен жүргізіледі. Білік мойынтіректерге орнатылған және тазартылған көкөністі түсіруге арналған есік болады. Машина тіректер арқылы негіз тақтасына бекітіледі.


Төменде (1.2-сурет) машинаның кинематикалық сұлбасы көрсетілген. Мұнда электрқозғағыштың (6) білігі (5) шкив (4) арқылы сына белдіктің (3) көмегімен қозғалысты жетектегі шкивке (7) береді. Бұл шкив білік (2) арқылы конусты жұмысшы органмен (1) байланысқан.

Картоп аршуға арналған УММ-5 механизмі (1.3-сурет) кіші өлшемді әмбебап УММ жетектерінің ауыстырмалы механизмі болып табылады. Механизм корпустан (1) оның үстіндегі қақпақтан (3), ішіндегі жұмысшы


орган металл табақшасынан (7) тұрады. Металл табақша бетіне түрпілі материалдан құйылған табақша (6) бекітілген. Металл табақшаның астыңғы жағында екі қалақша (5) бар, олар арқылы өнім қабықтары сыртқа шығарылады. Жұмысшы орган білікке (12) бекітілген, ал біліктің төменгі жағына бір сатылы конусты тісті беріліс (11) бар.
Корпусқа бекітілген құйрықша (10) арқылы механизм әмбебап жетекке жалғанады.
Машинаның жұмыс істеу тәртібі. Тиеу қақпағы арқылы камераға берілген көкөністер түрпілі қаптамасы бар айналып тұрған конустың табақшаға түсіп ортадан тебу күштерінің әсерімен камера қабырғасына үйкеліп қозғалады. Бір-бірімен үйкеліскен картоп түйіршіктерінің сыртқы қабықтары аршыла бастайды да, жең (4) арқылы берілген сумен жуылады. Өңделген картоп камерадан (13) есікше арқылы шығарылады.




Жоғарыда аталған машиналарды пайдаланар алдында олар тексеруден өтуі қажет. Тексеру кезінде жұмыс камерасының есігі жабық болып тұруы керек. Содан соң машинаны өнімсіз бос жүргізе отырып бақылаудан
өткізеді. Картоп пен көкөністер жұмыс камерасына машина жүргізілгеннен және камераға су берілгеннен кейін ғана түсіріледі. Жүк шамадан тыс көп салынған жағдайда түйнектер дұрыс дөрежеде өңделмейді және мұндай жағдайда машинаның электрқозғағышына шамадан артық күш түседі. Жүк тиелгеннен кейін өңдеу камерасының қақпағы жабық болуы керек. Картопты аршу 2-5 минут аралығында жүргізіледі.
Машина жұмыс істеп тұрған кезде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы тиіс. Жұмыс аяқталғаннан соң судың берілуі және электрқозғағыш жұмысы тоқтатылып, жұмыс камерасының есігі ашылады. Өнім түсіріліп болғаннан кейін есік қайтадан жабылады.



  1. Маркісі МОК-1250 картоп аршу машинасын табыңыз.



2

3



  1. Машиналармен жұмыс істегенде сақталатын қауіпсіздік ережелері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет