Математика 2сынып Математика сабағының мақсаттары: Білімділік



бет1/3
Дата02.11.2022
өлшемі126,5 Kb.
#156152
  1   2   3
Байланысты:
Жақшалы өрнек 2 сынып


.
Математика 2сынып


Математика сабағының мақсаттары:
1.Білімділік:
Жақшалы өрнектердің жазылуымен, амалдардың орындалу тәртібімен таныстыру, және жақшалардың ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін
анықтауға жаттықтыру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың ақыл –ойын, байқағыштық қабілетін, өз бетінше жұмыс істеуін, ізденушілігін, қиялын дамыту. Ауызша есептей алу дағдысын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:
Өз бетінше жұмыс жасай отырып, өзінің де, өзгенің де еңбегін қадірлей білуге ,алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбие беру.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап, өзіндік жұмыс, СТО стратегиясы
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, тест, деңгейлік тапсырмалар, ойын түрі.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен амандасу.
ә) балаларды сабаққа назарын аудару.
б) оқушыларға сабақтың ережесін еске түсіру.
Тыныштық сақтау.
Бір –бірімізді твңдау.
Ойымызды толық айту.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Барлығымыз көзімізді жұмып,
Мен, сабақта, мектептемін.
Менің зейінім тұрақты,
Мен жақсы ойланып отырмын.
-Балалар, қазір бізде қандай сабақ болады?
-Математика сабағы.
Бүгінгі біздің сабағымызға көптеген ұстаздар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады» демекші, біз ұятқа қалмауға тырысайық.
-Математика сабағымыздың міндеті мен мақсатымыз не?
Мақсатымыз - білім алу, өрнектерді ажырата білу, мәнін дұрыс таба білу.
Міндетіміз – еңбектеніп, дұрыс есеп шығара алу, 5-ке қол жеткізу
1
Міндеттері: Еңбектеніп, дұрыс есептер шығара алу, 5-ке қол жеткізе білу.


-слайд.
2-2-слайд. ІІ. Үй тапсырмасын ойын арқылы тексеру
“Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал”
- Қосудың компоненттерін ата.
- Азайтудың компоненттерін ата.

  • Қосуды не арқылы тексереміз? Мысал келтір.

  • Азайтуды не арқылы тексереміз? Мысал келтір.

  • 11-ден 20-ға дейінгі сандар құрамын анықтау.

3-слайд.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет