Математика және информатика сабақтарында Қазақстан Республикасының атаулы даталарын қолдана отырып, патриоттық тәрбие беру жолдары



Дата03.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#3069
Математика және информатика сабақтарында

Қазақстан Республикасының атаулы даталарын қолдана отырып,

патриоттық тәрбие беру жолдары.

Ж.С.Абдыкадырова

«Шелек политехникалық колледжі» МКҚК

математика және информатика оқытушысы

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек селосы

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев



Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, сонымен қатар оқушыларға есептердегі тарихи мәліметтер арқылы патриотизмге тәрбиелеу. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. 
Ұрпақ тәрбиесі қай уақытта болсын күн тәртібінен түспеген келелі мәселелердің бірі де бірегейі десек, артық айтқандық болмас еді. Бұл мәселе қазіргі күні де айрықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер мен даму қарқыны ағымында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеу оңай шаруа емес. Оларға ұлттық тәрбиені дарыту одан да күрделі. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлы мұрасын оқу-тәрбие ісінде пайдалану – кезек күттірмейтін мәселе. Біздің ұлтымыз “Біз өнерлі халықпыз!” – деп мақтануға тұрарлық өнер тудырған және сол өнері әлемге танылған халық.
Халық өнері бұл – рухани байлық. Ол – биік рух пен отансүйгіштіктің бастауы. Қилы заманды басынан кешірген халқымыз салт-дәстүрлерімізді сақтап қалды. Сол сан ғасырлар бойы ұмытылмай бізге жеткен бай мұраны келер ұрпаққа да жеткізе білу керек.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде” атты еңбегінде: “Ұлттық мәдениетке, ана тілге еркіндік беру, оны тәлім-тәрбие құрылымына айналдыру, тәрбие мәселелесінде ұлттық ізгілік пен өркениетті әлемдік имандылық үрдісінің ортақ мүддесін жаппай сезіну және оны кіріктіре пайдалану арқылы іске асыру керек” – деп атап өткен.
Әрбір адам алған білімін әркез оқыған әдеби кітаптары, газет-журналдары арқылы жетілдіріп, түрлі жаңалықтарға толы теледидарды көру арқылы, интернетті қарау арқылы, радио тыңдау арқылы толықтырып отырады. Ал бүгінгі жас ұрпақ өз білімін қалай жетілдіруде? Бүгінгі күні теледидардан гөрі интернетпен жұмыс жасауға құмар жас ұрпақ қалай тәрбиеленуде?
Ерте кезде әрбір сәби тал бесікте әже әлдиімен тербеліп, ертегі тыңдап өсіп, ержететін. Ал қазір теледидардың өзінде қазақша ертегілерден гөрі түрік, корей, батыс кинолары үзілмей қойды. Тіптен балалар интернеттің өзінен ертегілердің батыстық нұсқаларын оңай тауып көре алады. Ендеше, ұлттық тәрбиені біз әдеби кітаптар мен теледидар, интернетке ғана жауапты етіп қалдырмай, әрбір мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіннің бойына күнделікті сабақ арқылы да сіңіре аламыз.
Әрбір сабақта мұғалім оқушыны ұлттық тәрбиемен сусындатып отырса, ол ұрпақтың тілі мен дінін, дәстүрі мен салтын қастерлейтін азамат болып өсері хақ. Оқушылардың қызығушылығын арттыру, әрі тәрбиелік жағын көрсету мақсатында информатика сабағын қазақ салт-дәстүрлерімен байланыстырып өттім. Сабақ тақырыбы «Алгоритм құру», осы сабақты мен Наурыз мерекесі қарсаңында өткіздім. Сабақтың негізгі мақсаты: алгоритмды қолданып есеп шығару арқылы қазақ халқының салт- дәстүрлер әлеміне саяхат жасау, сөйлеу қабілетін дамыту, тұрмыстық салт-дәстүрлер туралы білімін жетілдіру.Ұйымдастыру кезеңінде топ 4 командаға бөлінеді («Алға», «Қыран», «Наурыз», «Тұлпар»), команда басшылары сайланады. Сабақ 4 кезеңнен тұрады: 1 кезең- «Бәйге», 2 кезең- «Қазақтың ұлттық ойындары», 3- «Тапқырлар сайысы», 4- команда басшыларының сайысы.

1-«Бәйге» (бұл кезеңде жалпы 15 сұрақ қойылады, әр дұрыс және жылдам жауап берген командаға ұпай беріледі)

«Қазақ осы көкпар тартып, қыз қууға жаралған»,- деп Қадыр Мырзалиев айтқандай, келесі кезең - «Қазақтың ұлттық ойындары» ( әр команданың капитандары тапсырма таңдайды, әр тапсырмада ұлттық ойындар жазылған, сол ойындарға алгоритм құру керек. Мысалы, «Асық ойнау», Қыз қуу», «Ақ сүйек», «Көкпар» ойындарындағы амалдарды рет-ретімен жазып, яғни алгоритм құру керек)

3 кезең-«Тапқырлар сайысы» (әр топқа дайын алгоритмдер беріледі, сол алгоритмдерді оқып, салт-дәстүрдің, әдеп-ғұрыптың атын анықтау керек. Мысалы, «Иткөйлек»: Нәресте туылады, сәбиді қырқынан шығарады, сәбидің көйлегіне тәтті түйеді, сол түйіншекті иттің мойнына байлайды, итті жібереді, балалар иттің артынан қуады, мойнындағы көйлекті шешіп алады, тәттісін бөліп жейді, көйлекті баласы жоқ келіншекке ырым қылып береді. Дәл осылай, «Байғазы», «Бастаңғы» т.б)

4 кезең – топ басшыларының сайысы. Әр басшы «Наурыз көже әзірлеу» алгоритмін құрады.

Осы сабақта аз болсада салт-дәстүрлерге саяхат жасап шықтық. Көріп отырғанымыздай, әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білсек, біздің ұрпақ тек ұлтшыл болып өсері анық. 

Патриотизм-әр азаматтың ұлтын, Отанын сүю деген мағынаны береді. Қазір бұл ұғымның аясы кеңи түскен. Мәселен, әлемдік деңгейде оны бейбітшілік пен тыныштықты сақтау мәселесі тұрғысынан да қарастырып жүр. Қазақстандық патриотизм дегеніміз- еліміздегі  әрбір  азаматтың қазақ мемлекетін Отаным деп сезініп, оны көркейтуге, қорғауға дайын болуы.



Қазақстан – көптеген этнос өкілдері қоныс тепкен мемлекет. Сондықтан да патриотизмді қалыптастыру бір ұлттың шеңберінде ғана жүргізілуі мүмкін емес. Елге, жерге деген сүйіспенщілік Қазақстанның әр азаматына қатысты болуы үшін ортақ саясат жүргізілуде. Яғни, біздегі идеология ұлты мен дініне қарамау, татулық  пен бірліктің туын жоғары көтеруге бағытталған . Соның арқасында елімізде бейбітшілік пен ұлтаралық татулық  нығайып келеді.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру, әрі тәрбиелік жағын көрсету мақсатында «Есептеуіш техника негіздері» пәнінен «Паскаль тіліндегі өрнектер және олардың жазылуы» тақырыбына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап ашық сабақ өткіздім. Сабақтың басты мақсаты: сабақ барысында Паскаль бағдарламалау тіліндегі өрнектер және оларды жазу әдістерімен таныстыру, оқушылардың білімді меңгеруін қамтамасыз ету, салыстыра білуді, сөйлеу және мінез-құлық мәдениетін дамыту, білімді терең меңгеруге ұмтылуды қалыптастыру, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Берілген өрнектерді Паскаль тілінен қарапайым түрге келтіру және есептеу. Есептердің жауаптары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік шежіресіне сай жылдар.

Көріп отырғанымыздай, әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білсек, біздің ұрпақ тек ұлтшыл болып өсері анық. 
Математикалық есептерді шығарудың күрделілігі білімнің жетіспеуінен емес, білімді қай жерде қалай қолдануды керегін пайдалануды білмеуден көрінеді. Қазақ ақын- жазушыларының өмірі мен мен шығармашылығын еске түсіре отырып, жас ұрпақты тілін, әдебиетін сүюге тәрбиелейміз. Мысал ретінде 1 курс білімгерлерінің «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінің «Туындыны есептеу» тақырыбындағы сабақты халық десе жүрегі жырлайтын, жүрегі соғатын ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жылдығына арнап өткіздім. Бұл сабақтың тапсырмалары ақынның өмірбаянымен, атақты даталармен байланыстырылған. Сабақ 2 бөлімнен тұрады:

  1. «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны)

  2. «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Мәнерлеп оқу)

  1. Бөлім «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны)

Бос орындарға қажетті айнымалыларды қою керек. Әр жауаптың астында ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянына қатысты даталар жазылған. Ол қандай күндер?

  1. (х)/ = …

  2. (5х2 ) / = ... х

  3. (... х4 ) / =16х...

  4. (7 ...) / = ... cos х

  5. (-2х-6 )= … х

  6. ( …) / = 1/ cos2 х

  7. (-6 cosх) / = ...

  8. ( 4х+ … 3х-4 - …)/ = -16 х-5 -... х-5 -0

Жауаптары: 1931ж- туылған жылы, 9 ақпан туылған күні, Қарасаз -туылған жері, Мұхамметқали азан шақырып қойылған аты , 10 жас әкесіне арнап өлең шығарды, 1948 ж- тұңғыш өлеңі жарық көрді , 1949 ж- жары Лашынмен отау құрды , 1976 ж – қайтыс болған жылы.

Дұрыс жауап берген білімгерлерге бағалау фигуралары беріледі.



2 – бөлім «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» (Мәнерлеп оқу)

Берілген есепті шығарып , жауабына сәйкес ұяшықты ашып ақынның қай өлеңі екенін анықтау және өлеңнің шұмағын жалғастыру керек.

1.f (х) / = х2 -3х +1 ; f (2) /=?

2. f (х) / = -6х2 - 13х-45; f (1) /=?

3. f (х) / = 7х8 -8х 7 ; f (0) /=?

4. f (х) / = 3х •( х+1) ; f (1) /=?

5. f (х) / = 3х / ( х+1) ; f (1) /=?

6. f (х) / = х5 -2х3 +3х-7; f (0) /=?



1

2

3

4

5

6

1

-25

0

9

0

3

1-Жүргенде қатал тұрмыс илеуінде

Білмеймін сүйдім бе мен сүймедім бе? ............. (Махаббатым өзімде)



-25- Мен бақыттымын, бақытты жерде туылдым ........ (Қарасазым)

  1. Ана тілім- жүрегісін анамның......... ( Ана тілім)

9- Асыл анам, есіл анам , елжіреп есіркеймін есіме алам ...... (Анашыма)

  1. ............ Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба? О, тәңірім! Неткен жан..... (Ғашықпын)

  1. Өзен де жоқ сыймаған арнасына, жылға да жоқ даламен жалғасуға .... (Аққұлар ұйықтағанда)

Дұрыс жауап берген білімгерлерге бағалау фигуралары беріледі.

Релаксация (сергіту сәті)- Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді тыңдау және анықтау.

Жоғарыда көрсетілген сабақ тек тәрбиеге, патриотизмге ғана бағытталған емес, сонымен қатар алгебра сабағын қазақ әдебиетімен, тарихпен, географиямен, қазақ эстрадасымен байланыстырып отыр. Сабақ арқылы оқушылар қазақ әдебиетімен бір сусындады.

«Қазақтың бүкіл тарихы- бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық»- деп Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. 2015 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толды. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Осы мерейлі датамен байланыстыра отырып, мен геометрия пәнінен «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі. Нүктелердің арақашықтығы» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабақтың басты мақсаттары: планиметрия мен стереометрия арасындағы пәнаралық байланыс пен ұқсастықты қолданып, білімгерлердің «тікбұрышты координаталар жүйесі» туралы түсінігін кеңейту, негізгі ұғымдарын меңгеру, жазықтықта және координаталар осінде жатқан нүктелердің координаталарын тани білу және кеңістіктегі нүктелердің координаталарын анықтай білу.Оқушылардың дәлдік, есте сақтау , байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту. Патриоттық тәрбиеге баулу. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

«Еске түсіру» әдісі бойынша жаңа сабаққа дайындық


  1. Тікбұрышты координаталар жүйесі деген не?

  2. Координат деген не?

  3. Координаталық осьтер дегеніміз не, қандай осьтерді білесіңдер?

  4. Қай ғалымның құрметіне декарттық координаталар жүйесі деп аталған?

Рене Декарт туралы бейнеролик көрсету

Сабақ барысында Қазақ хандығына саяхат жасап координаталар жүйесі туралы және нүктелердің арақашықтығын анықтауды меңгеріп мақсатымызға жету.



Жаңа сабақ бастар алдында «Ой шақыру» әдісі бойынша қайталау. Берілген координаталды координаталар жүйесіне белгілеп атақты адамдардың есімдерін анықтау керек.

  1. Р (3;5), Й(7;9), Е(2;3), К(1;1), Е(5;8)

  2. Б(-4;-3), Ә (-7;-8), Е(-3;-2), І(-5;-5), Ж (-9;-9), К( 0;0), Н(-6;-6)

  3. С(5;-3), Ы(10;0), А( 7;-2), Е(2;-7), Ң(3;-6), Р(8;-1), К(1;-9), Е(4;-4)

Осы есімдер Сіздерге нені білдіреді? Олар кімдер?


Керей хан Жәнібек хан Кеңесары Қасымұлы

Негізі Қазақ хандығы 1465-1847 жылдары өмір сүрген мемлекет. Кеңістік сызылады




Қазақ хандығы

Бұл геометрияда қалай аталады? Кеністік деген не? Тәуке хан кезінде Қазақ хандығы жүздерге бөлінеді. Яғни біздің кеңістігімізде өзара перпендикуляр қиылысқан үш ось пайда болады . Біз оларды х, у, z деп белгілейік. Сұрақ: планиметрия мен стереометриядағы координаталық жүйелердің айырмашылықтары қандай? Координаталар әдісін алгебрамен қосып қолдану геометрияның аналитикалық геометрия деп аталатын бөлігін құрайды. Бұл әдісті алғаш қолданғандардың бірі- француздың атақты философы әрі математигі Рене Декарт. Сондықтан тікбұрышты координаталар жүйесін декарттық жүйе деп атайды. Кеңістіктегі координаталар жүйесі 3 осьтен құрылған. Координаталар жүйесінде орналасқан нүктелердің арақашықтығын есептеп табуға болады.



Мысалы АВ кесіндісінің арақашықтығын мына формуламен есептеуге болады:

АВ=  (х2 –х1 )2 + (у2 – у1)2 +(z 2 +z 1 )2

Егер АВ кесіндісінде орталық нүктесісе орналасса оның координаттарын келесі формуламен табуға болады:

Х=(х1 + х2 )/ 2

у=(у1 +ух2 )/ 2 C (Х;У;Z)

z=(z1 +z2 )/ 2

Релаксация (сергіту сәті) – «Қазақ хандығы» атты бейнеролик (Турсынбек Қабатов)

Мысал көрсету. Есеп шығару

1 Егер А(3;-1;2), В( 9;7;2) болса, онда нүктелердің арақашықтығы нешеге тең болады?

Қазақ елінің бостандығын сақтай білген, үш жүзді біріктірген хан-Абылай хан. Қазақ халқының ақыны М.Жұмабаев «Батыр Баянда» Абылайдың саясаткерлігін былай суреттепті:

«Алыстан орыс, қытай- ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды қалың қалмақ,

Артында- ор, алдында - көр, жан-жағы жау

Сол кезде елге қорған болған Абылай,

Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап.

Осы есепті дұрыс шығарсақ , Абылай ханның тақта неше жыл отырғанының саны шығады . (10 жыл, 1771-1781)

2 Кеңістікте екі нүкте берілген А( 7;6;5), В( 7;8;9). Орталық нүктесінін координаталарын табыңдар. Шешімін дұрыс тапсаңыздар Тәуке хан басқару кезіндегі мұсылман халқының қасиетті санына сәйкес шыққан Заңы шығады. Ол қандай Заң? (7, «Жеті жарғы»)

Сабақтың нәтижесін білу үшін синквейн әдісін қолданып қорытынды шығарамыз.

Көріп отырғанымыздай, әр сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырып, ұлттық құндылықтарымызды насихаттай білсек, біздің ұрпақ тек ұлтшыл болып өсері анық. 
Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу.
Ендеше, ұлтжанды әрбір қазақ баласы – біздің болашағымыз!

Әдебиеттер тізімі:



  1. «Геометрия» , 10 сынып, В.Гусев, И.Бекбоев, Ж.Қайдасов, А.Абдиев

  2. «Алгебра және анализ бастамалары» , 10 сынып, А.Е. Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, В.Е.Корчевский, З.А.Жұмағулова

  3. Интернет-ресурстар

  4. «Қазақстан тарихы» энциклопедиясы

  5. «Мұқағали» журналдары, Жақыпжан Нұрғожаев

  6. «Информатика әлемінде», А. Т. Жарқымбекова, Ж. Б. Қадырова,

А. С. Бейсенова.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет