Мўќаєали – мјѕгілік єўмыр



бет1/3
Дата08.09.2023
өлшемі50 Kb.
#180481
  1   2   3
Байланысты:
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара (1)
Zam.-ruk.-kaz-15.05.2020, МЕЗОЛИТ НЕОЛИТ, Task 5 Cells Assess questions, Инфектология экзамен



Тақырыбы: Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.
Мақсаты:
Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату, сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне, жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.
Оқушыны сөз мәдениетін дұрыс меңгеріп, жырларды мәнерлеп оқуға, өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу, рухани танымын кеңейту.
Туған халқының талантты ақынына , әдебиетіне, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация « Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!», акт залын безендіруге арналған заттар, ақын кітаптарынан көрме,портреттер,ақын шығармашылығына арналған буклеттер, интерактивті құрылғылар;


Кештің барысы:
1-жүргізуші: Қымбатты ұстаздар қауымы және оқушылар!
Бүгін сіздер мен біздер қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жарқырап өткен ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайлы, оның өрелі өлеңдері жайлы ой өрбітпек мақсатта бас қосып отырмыз. Іс-шарамыздың тақырыбы Мұқағали – мәңгілік ғұмыр.

Бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында қазақтың ұлы ақыны М.Мақатаев бізге ұланғайыр мұра қалдырып кетті.


2-жүргізуші: Бүгін сіздермен бірге өмірге іңкәр, өмірді жанындай сүйіп жырлап өткен сыршыл да сезімтал ақын жайлы сыр шертіп, ақын әлеміне, өлең атты құдіретті мұхитқа сапар шексек, оның өлеңдеріне өрілген сұлу сазға тербелсек деп отырмыз.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім – деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. «Қарасазым» оқитын Қайратқызы Аружан.
1-жүргізуші:
Поэзия!
Меніменен егіз бе едің?
Мен сені сезесің бе, неге іздедім,
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім,
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
2-жүргізуші:
Аламан бәйге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы әр алуан. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз, енді бір сәт оның өмірінен деректерге жүгінсек.
Ақын өмірбаяны. Оқитын – Отанова Айару
1-жүргізуші:
Осы орайда ақынның жырларына кезек берсек.
«Ана»-оқитын 8-сынып оқушысы Орынбай Нұрдәулет
«Үш бақытым » -оқитын 7-сынып оқушысы оқушысы Әшірбекұлы Ерлік ,
2-жүргізуші:
Ақын жүрегі сезімтал ғой. Ол өз замандастары мен кейінгі ұрпағының өзін өлеңдерімен бірге есіне алып жүрерін алдын-ала сезді ме?..
Ақ қырау тұрған ақпанда,
Ағаштар сырға таққанда,
Бозарып тұрып ақ таңда,
Есіңе мені алғайсың,
Есіңе мені алғайсың – деп толғанады, ендеше кезек осы өлеңге жазылған Л. Әбдіхалықованың әніне беріледі.
«Есіңе мені алғайсың» әні. Орындайтын:Әріпбекқызы Ақторғын
Қайырбек Дильназ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет