Мўќаєали – мјѕгілік єўмыр



бет2/3
Дата08.09.2023
өлшемі50 Kb.
#180481
1   2   3
Байланысты:
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр сыныптан тыс іс-шара (1)

1-жүргізуші:
Ақындықпен айналысқан 30 жыл ішінде М.Мақатаев көзімен көргендерін, ақындық санамен түйгендерін төгілтіп жырлай берді.
2-жүргізуші:
Туған жерге, туған елге, халқына, Отанына деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді. Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеген ақын:
Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,
Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса,
Қара көзден неге қан ағызбайын – дейді.
Кезек ақын өлеңдерінде оқитындар:» «Қара өлең» оқитын Дінсламов Қыдыр,
«Елім барда» - Абдулла Нұрислам,
« Ұям менің»- оқитын Жанасыл
Махамбет пен Абайдан бірдей қуат алып өскен Мұқағали ағамыз 200 жыл- дық мерейтойы ЮНЕСКО бойынша аталып өткен әрі ақын, әрі батыр Махамбетті пір тұтқан, ұлы Абайдың мақсаты өз мақсатым деп білген екен.
«Махамбеттер , Абайлар - ай» өлеңі,оқитын– Бақыт Дильназ
1-жүргізуші:
Ақын жүрегі нәзік, сезімтал. Кей-кейде өмірден безініп, ол өзіне сүйеніш, тірек болар адамды іздейді. Кез келген адам ақын жанын түсіне бермейді. Ақынды ақын жұбатады.
Ақынды ақын оятпаса, ол – қайғы,
Ақынды ақын таяқтаса, ол – қайғы,
Ақынды ақын күйелесе, ол – қайғы.
Қиналғанда нағыз ақын өзінің тілін ұғатын ақын іздейді. Сондай уақытта
Мұқағали Фаризаны тапты. Енді бізде Мұқағали болып, Фаризаға мұң шағайықшы.
Өлең «Фаризаға», оқитын –Кеңес Дарын


2-жүргізуші:
Иә, Мұқағали аға есімі мәңгілік аңызға айналды. Оның есімін жап-жарық сәулетті де, дәулетті жырлары паш етіп тұр.
Жырым көп менің әлі жазылмаған,
Кенім көп менің әлі қазылмаған.
Қалдырып болар-болмас қазынамды,
Неліктен бір күні мен жазым болам.


1-жүргізуші:
Қуалап тіршіліктің көбелегін,
Қап қойды қапелімде көп өлеңім ...
Жалғызым, жаным менің – жырым менің,
Қалдырып сені артыма неге өлемін.
«Жас қайың» оқитын: Дәнсламова Қаракөз, «Жалғыз көкек»оқитын Мұхажаддин Нұраддин
2-жүргізуші:
Жазайын, жалықпайын, жасырмайын,
Қашан қалғып кеткенше басылмаймын.
Ая деп ажалға мен бас ұрмаймын,
Шоқ шайнап, оқ бүріккен Қасымдайын!
1-жүргізуші:
Көкейкесті жырлар жаз жез киіктей,
Мақтау, даттау, жәдігөй сөзді күтпей.
Өлең керек, ұрпаққа, өзің мейлі,
Көлеңкеде қалсаң қал, көзге ілікпей.
2-жүргізуші:
Ақын өлеңдерін толқи, тебірене оқи отырып, өмір шындығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа тағы да бас иеміз.
«Болашаққа арыз жазып кетейін» өлеңі,оқитын:Нұрланұлы Арнұр
1-жүргізуші:
Иә, ол арамызда жоқ.
Ажал, ажал! Көкірегі толы мейірімді шырақ, жүрегі толы махаббат пен ырыс, арманы мен қиялына кезек мініп, өмірінің келесі кезеңіне қарай тартып бара жатқан ақынды тым ерте жолынан қайырғанда да сен едің! Ол қылшылдаған 45 жасында дүниеден өтті. Соны сезгендей ол жанұшыра:
Өмір сүрсем енді бір жиырма жыл,
Жиырма жыл;
Шынымен қиын ба бұл?
Қиын болса он жыл да жетіп жатыр,
Тек жүректен атылсын құйын-дауыл.
«Пай-пай,өмір!»оқитынҚайырбекДильназ,«Өміржайлы»оқитын Ерланбекқызы Азиза
2-жүргізуші:
Осал өмір емес қой , қырықтамын ,
Кешір мені , болашақ , ұмытпағын!
Қажетіңе жараса қабылдарсың,
Қарапайым темірдің сынықтарын, - дейді.
«Күрсінбеші» оқитын Мыханғали Сырым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет