Мазмұны Кіріспе Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары. Қорытынды. Пайдаланған әдебиеттер Кіріспе


ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет2/3
Дата07.11.2016
өлшемі443,23 Kb.
#1196
1   2   3

2. ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ыбырай Алтынсарин балаларға сапалы білім ғана беріп қойған жоқ, саналы тәрбие берді. Тәрбиенің әр-түрлі бөліктеріне –адамгершілік, еңбек және дене тәрбиесіне баса назар аударды. Бала психологиясының жалпы сипаты туралы тақырыпта алғаш рет талдады.

Ағартушы ұстаз елге үлгі боларлық шығармалар жазу барысында алдына мақсат қойды. «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшыл тұрмыстың артықшылығына үйретудің өзі қазақ даласына тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білемін»-дейді. Өз шығармаларында адамгершілікке тәрбиелеу идеясын көтеріп, оны шешудің жолдарын іздестірді. Шығармаларының идеясы-шыншыл, еңбексүйгіш, әдепті, қоғам белсендісін тәрбиелеп және оларды ғылым-білімге үйрету еді.

Ата-ананы сыйлау, құрмет тұту ана қадірін түсіну, жақын достарын сыйлай білу керек деген жалпыхалықтық қағиданы әрқашан бала зердесіне салып отыру әр-бір тәрбиешінің міндеті дейді. «Ананың сүйюі» деген өлеңі бала жанын тебірентіп, ана қадірін аяққа бастырмауға үндейді.

Ананың балаға берілген сезімі мен ізгі ниетінжеткізе отырып, аналық мейірімнің молдығын асылдығын балаларға ұғындыру мақсаты көзделген. Ата-ананы сыйлай білген, оның қадір-қасиетін өз ата-анасындай құрметтей алатын болып өседі деген тұжырымды білдіреді. Сол сияқты «Аурудан-аяған күштірек» деген әңгімесін де осы тақырып кеңінен ашылады. Мұнда жас баланың, шыдамдылық, төзімділік, имандылық сияқты ерік-жігер қасиеттері сипатталады. Аяғын сындырып алған бала қиналғанын анасына білдірмейді. Бұған таң қалған сынықшы:--Аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой—деп сұрайды. Қасында шешесінің жоғын көрген бала «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр, бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе, әжем де қиналып, жүдемесін деп шыдап жатырмын»-депті.

Ал, «Асыл шөп» деген әңгімесі балаларды ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Бірдей жәшік көтерген екі қыздың бірі мазысданып :-Сен неге қуанып, мәз болып келесің?-деген сұрағына Бәтима:

Мен жәшігімнің ішіне жеңілдететін шөп салып алдым, аты «сабыр» дейді. Қысқа да нұсқа әңгіме мазмұны балалрға үлкен ой тастайды. «Бір уыс мақта» деген әңгімесі жастарды ұқыптылыққа тәрбиелесе, «Жеміс ағаштары» әңгімесінде бала тәрбиесінде дұрыс бағып қағудың, дұрыс бағыт берудің маңызды екенін ашып көрсетті.Аталған әңгіменің оқытушылар мен оқушылар үшін де тәрбиелік мәні зор. «Баланы жастан» дегендей жас кезінен түзу тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң, қисығын түзеу қиынға түседі. Баласының:

--- Мына ағаш неге тіп- тік, ана біреуі неліктен қисық біткен? – деген сұрағына әкесі:

-- Түзу ағашты қисық бұтақтан кесіп бағып қағумен өсірген, ал қисық ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен. Мұнда көп мәні бар. Сен де жас ағашшың, саған да күтім керек:- мен сенің қате істеріңді түзеп пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып орнына келтіресің, жақсы түзу кісі болып өсерсің, бағусыз бетіңмен кетсең сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - деп жауап береді.

Ұлы ұстаздың мұндай тәрбиелік маңызы бар әңгімелері адамзат баласы үшін қай заманда болсын құнын жоймайды.

Балаларға арналған хрестоматияға енгізген мақалалары мен әңгімелерінде ағартушы- ұстаз еңбектің аса зор маңызын көрсетіп, еңбекті қадірлеуге және сүюге тәрбиелеу мақсатын көздейді. Еңбек етсең ғана көздеген мақсатыңа жетесің. Өмірдің ащысы мен тұщысын еңбек еткен адам ғана біледі. Солардың кейбіреулерін мысал келтірейік:



«Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде әрқайсысы өзінше тамақ табумен шұғылдануда, еңбек етуде, өмір сүру үшін күресуде. Әңгімеде атасы өзінің кішкентай баласымен осы жөнінде кеңеседі.

-Анау өрмекші көремісің не істеп жүр?

---Көремін өрмек тоқып жүр.



  • Анау құмырсқа көремісің?

  • Көремін аузында бір нанның уалшығы бар.

  • Жүгіріп кетіп барады.

  • Жоғары қара аспанда не көрдің?

  • Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тістеген шөбі бар.

  • Сонда атасы айтты:

  • Олай болса шырағым, бұл кішкентай жәндіктер саған әбірет.

Өрмекші, маса шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне азық етуге, құмырсқа бала- шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң өзі жемей аузына тістеп, қуанып үйіне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя істеуге шөп жиып жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сені де құдайтағала босқа жаратпаған жұмыс, жұмыстауға әдеттенуге керек»- деді.

«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде оңай келетін олжаға қызықпай, қиналып тапқан дәулеттің баянды болатыны айтылады. Ұрлықпен күн көріпжүргенде қолға түсіп, ағасын балгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Ал ерінбей егін салып, еңбек еткен Сейітқұл отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, кәсіп меңгертеді. Ынтымақты, іргелі ел болып, сол жерді шаһарға айналдырады. Оқушыны жаман істен жирендіріп, қиындықтан қашпай, аянбай еңбек етсең ғана абыройың артады дегенді дәлелдейді.

Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі- талап. «Сәтемір хан», «Талаптың пайдасы», «Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адам баласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады.

Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап- жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін.Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дейді.

«Надандық», «Жамандыққа жақсылық», «Салақтық», «Таза бұлақ», «Әдеп» деген әңгімелерінің негізгі идеялары жастарды тазалыққа, адалдыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірбандыққа үйрету еді. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, тәкәппарлықты, надандықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті.

Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.



Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі «Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.

Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.

Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның «Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.

Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.

Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет «халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады.

Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын «орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» .

Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды.

Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады.

Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.

Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол «баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі.

Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын.

Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады.

Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.

Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.

Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. «Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде—халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.



Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. «Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай «қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан «Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен.

Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті.

Алтынсариннің балаларға арналған әңгімелерінен мазмұн әсерлілігін стильінің жанды тартымдылығы кейде юмордың кездесетіндігін анық байқауға болады. Иесіне қайсысы көп пайда келтіретін жануарлардың дауласқаны деген атақты шығарма өзінің өңдеуімен ауыз әдебиеті материалымен әдемі үйлескен. Жан- жануарлар туралы осы әңгімесінде ескі қазақ халқының жыл есебі туралы мағлұмат берілген. Осы әңгімеден үзінді:

Жылқы, түйе, сиыр, қой, тауық, тышқан және басқа жан- жануарлардың бәрі жыл басы болуға таласады дейді. Олар жыл басын кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп ұйғарды. Таласта түйе күшіне, бойына және шаруашылықта бәрінен көп пайда келтіретініне сеніп, менен өзге кім жыл басы бола алады деп тәкаппарланады. Тышқан не дерін білмейді. Сөйтіп тұрғанда тышқан өрмелеп түйенің өркешіне шығып алады да 12 жылдың жыл басы «тышқан» аталады.

Хрестоматияға енген тәлім- тәрбиелік мәні өте үлкен шығармаларына шолу, талдау жасауды аяқтай отырып, бұл шығармалар ұсақ болғанымен таза ақыл беретін, өзіне тән белгілі тәрбиелік идеясы бар шығармашылық екенін айта кеткен жөн.



Тағы да айта кетсек осындай ақыл үйрететін шығармаларға мыналар жатуға тиіс. «Әке мен бала»( жалқаулықты сынайды) «Асыл шөп» ( сабырлықты) «Шеше мен бала» ( қайырымдылықты) «Кішіпейілділік», «Түлкі мен ешкі» ( өтірікшілікті) «Жаман жолдас» ( қара басының қамын ойлауды) «Баланың айласы», «Алтын шеттеуік» ( момындықты) «Қисық ағаш» ( қыңырлықты) «Таза бұлақ» ( адалдықты уағыздайды) т.б.

Халық мақалдарынан да орын алған хрестоматияға енген мақалдар да бар. Олардан кейбіреулерін мысал келтірейік: «Ерте тұрғанның ырысы артық», «Ойнақтаған от басады», «Ұят өлімнен күшті», «Талаптыға нұр жауар», «Саяқ жүрсең таяқ жерсің», «Ащы мен тұщыны татқан білер», «Алыс пен жақынды жортқан білер», «Кім жүгірсе сол озады», «Жатқанға жан жуымас», «Кім жүгірсе сол озады», «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», Еңбегі ештің күні кеш» т.б.


3 Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСЫ.

Ыбырай Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жыл ішінде әзер хат таныса, Ыбырайдың алдынан оқыған шәкірттер небәрі үш айдың ішінде хат танитын болды.

Оқу- тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласына енгізетін тұңғыш педагог болды.



Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасынан да бүкіләлемдік тәлім тәрбиенің алтын діндегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі кластық мектептерінің меңгерушілеріне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай және жұмсақ сөйлесуі және шыдамдылық етуі тиіс, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оқушыларға түсініксіз болады да жалықтырып жібереді... Оқушыларды бағалағанда олардың іске мәнді қатнасы жоқ сөздеріне қарап емес, олардың біліміне қарап бағалау керек», деп жазған еді, ал Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында: ., ... мен балаларды жазалауды сүйетін қатал адам емеспін. Бірақ тентек етіп өсірсең балалардың адамгершілік қасиетін бұзып аласың» - десе, «Жеміс ағаштары» атты әңгімесінде «тәрбиеде үлкен мән бар, ақыл кеңесті алмасаң анау тұрған үлкен ағашқа, қисық ағашқа ұқсап өсесіңә деп әке баласына берген ақыл ғибратын келтіру арқылы тәрбие жөніндегі көзқарасын білдіреді. Алтынсариннің мектептегі татарша діни жаттамалы оқудың орнына балаларды ана тілінде оқытуға ерекше мән берді, олардың халықтық дәстүр, аңыз әңгіме, мақал- мәтел негізінде оқытып тәрбиелеуге ерекше назар аударып, өз хрестоматиясына халық ауыз әдебиетінің материалдарын атап айтқанда жастарды ерлікке, өнерге жақсы адамгершілік қасиаттерге баулитын асыл үлгілерін көптеп енгізеді.

Ы. Алтынсариннің демократиялық- ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер д даярлауға, оларға күнделікті ғылыми- әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді.Үшіншіден шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде,болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық зорлық жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырады.

Қазақ халқының келешегі тек өнер білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл, кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатына жете білді. Ол қазақ даласында татар молдалары таратқан діни оқуға, сондай-ақ патша өкіметінің отарлау саясатына негізделген христиан дінін таратуға қарсы болды.

Ы. Алтансарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды халық арасына тарату арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. «Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол – қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан ұқұтқару үшін мазмұны бабалдың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек ол кітаптарды кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. «Ұлан байтақ қазақ даласында дүнияда мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту – оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: «Орыс-қазақ мектептері – қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы (бір жөні тәуір) білім беретін болсын. Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмнің де күлі көкке ұшады» деп дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.

Ұзақ жылдар бойы бізде «Ыбырай орыс алфавитінің қазақ тілінде негізін салушы» деген жаңсақ пікір уағыздалып келді.

Батыс Сібір генерал- губернаторының 1876 жылы Ішкі істер министіріне жолдаған жолдамасы да»... Торғай лблысының халық мектебінің инспекторы Алтынсарин өзі орыс алфавитін қолданып жазып, қазақтардың халық өлеңінің текстін маған әкеп тапсырды. Біз орыс алфавитімен қазақ грамматикасын жасауымыз керек. Бұл жұмыс Ильинскіге тапсырылды» деп хабарлауынан қазақтар үшін орыс алфавитін алғаш рет жасаушы Ильинский болғаны, ал оны тәжірибеде тұңғыш қолданушы Ыбырай екені анықталды.



Ал Ильинский орысалфавитін орыс-қазақ мектептеріне Ыбырайдың есімін бетке ұстап насихаттауда көздеген мақсаты, бірінщіден, ғасырлар бойы ислам діні жайлаған қазақ даласында сол елдің оқыған зиялы азаматының атымен ұсыну нанымдырақ деп есептесе, екіншіден орыстандыру саясатын біреудің қолымен от көсеу арқылы да насихаттады, іске асыру тактикасы болды. Н. И. Ильинский миссионерлік пиғылын өз жақтастары арқылы да айтты. Мысалы, өзінің бұрынғы шәкірті, Ор мұғалімдер курсінің менгерушісі А. Бессонов арқылы жүргізген. Бұл жөнінде Ыбырай Алтынсарин: «Бақсам, ол мұғалімдер мектебінің 3 және 4 кластарында оқушылардың қарсы болуына қарамастан, бір ай бойы інжіл мен оның парыздарын уағыздай бастапты. Осының нәтижесінде ол, екінші жағынан оқушылар одан бас тарта бастапты. Тіпті ол өз шәкірттерін залым деу сияқты сөздерге дейін және кластан жетелеп шығаруға дейін барыпты» деп жазды. Осы оқиғадан соң Ы. Алтынсарин төтенше бұйрық жазып, мұғалімдер дін сабағын жүргізуді мүлдем тоқтатсын, ал орыс-қазақ мектептерінде дін сабағында, қазақ балалары жекеленсін деп мұғалімдерге ескертеді, ал Краснауфимск қаласындағы ауыл-шаруашылық мектебінде оқып жатқан қазақ шәкірттері наразылығын естіп ызаланған Ыбырай өзінің досы В.В. катаринскийге жазған хатында «тағы бір наразылық, яғни қазақ оқушыларының наразылығы, Краснауфимскіде шошқа етін асып беру, оқушыларға бақтыру, орыс балаларымен бірге ғибрат еткізу деседі. Мұнің бәрі ұнамсыз нәрсе ғой... Сондықтан іс әзірше насырға шаппай тұрғанда сонда барып, оқушыларға түсіндіріп, наразылықты жойғым келеді, қажет болса директормен де сөйлескім келеді» деп хабарлады.

Ы. Алтынсариннің негізгі тақырыптарының бірі- талап. «Сәтемір хан», «Талаптың пайдасы», «Лұқпан әкім» сияқты әңгімелерінде талап етіп талпынбаса адам баласы алға баспаған болар еді, деген тұжырымға келеді. Жастық шақ жігер қайраттың толы кезінде бойдағы жасырын талант, өнерді жарыққа шығарып қалатын кез болады.

Ол үшін талап керек. Әр нәрсені де жігермен істе, өз қабілет ыңғайыңды таны. Кейде талаптың, жігердің жоқтығынан жап- жақсы өнердің жарыққа шықпай кетуі мүмкін.Сондықтан өз талабыңмен өрге шық дейді.

«Надандық», «Жамандыққа жақсылық», «Салақтық», «Таза бұлақ», «Әдеп» деген әңгімелерінің негізгі идеялары жастарды тазалыққа, адалдыққа, әдептілікке, қарапайымдылыққа, мейірбандыққа үйрету еді. Бұларға жалқаулықты, қиянатшылдықты, тәкәппарлықты, надандықты қарсы қойып, жастардың мұндай әдеттерден аулақ болуына жол көрсетті.

Ұлы ұстаздың қандай да шығармасын алсаң да оқушысының санасын оятып, жасөспірімдерге үлгі- өнеге берерлік, болашағана жол сілтерлік, оларды іс- әрекетке үйретіп өмір танытарлық ой тастайды. Өнерге ұмтылу, Отанын, елін сүю, талаптылық, жігерлілік, ізденімпаздық, кішіпейілділік, махаббат қайырымдылық, адамгершілік, жинақылық тағы басқа осылар тәрізді жақсы мінез құлыққа тәрбиелеуге қажетті мәселелерді қамтиды.

Сонымен қатар Ыбырай қазақ ауыз әдебиетінің шығармаларын да тәрбие мақсаттарына пайдалана білді десек артық айтпаған болар едік. Өз кітабының мазмұнын балаларға саралай отырып, Алтынсарин қазақ халқының бай қазынасына үлкен назар аударды. Қазақ халқының ауыз әдебиеті творчествосынан өзінің кітабына жеке ертегілерді, мысалы батырлар жырының үлгісі «Қобыландыны» алсақ. Қобыланды батыр—халқы үшін ең қиыншылық кезеңде тамаша ерлік көрсеткен жаудан елін қорғаған батыр. Бұл дастанда балаларға әсіресе батырдың аты Тайбурылдың шабысы қатты ұнайды.

Қазақ мектептеріне байланысты дидактикалық міндеттерді қоя білу және орындау саласында Алтынсарин үлкен табысқа жетті. Ол мектепте ұйымшылдық және тәртіп орнатып, оқу процесінде қатаң режим және оқушылар арасында тәртіп болуын талап етті. Алтынсариннің міндеттері мұғалімнің туралы нұсқаулары- оларға қалай оқыту керектігі, оқушылармен болатын байланыс, олардың қалай оқу керектігі- оның өз заманындағы методиканы терең және жан- жақты білгенін көрсетеді. Ауызша әңгіменің ойлау мен жазбаша жаттығулардың көптеген әдістері туралы түсіндірмесінде ол балалардың әрбір еңбегінің құр босқа ойсыз жаттауға жұмсалмай, мағыналы және жүйелі болуы керек екенін жазды.Әрі қарай ол балаларды тәрбиелеуде үстіртін және мардымсыз түсініктердің, шалағайлықтың болмауы керектігінескертті. Ол нашар оқыту мен нашар қарым- қатынас балалардың басын қатырып, шатастыратын ал, керісінше балалар сергек, олармен қарым- қатынас неғұрлым жақсы оқушылардың көңіл- күйіне әсер неғұрлым көп болса, сабақ соғұрлым табысты болатынын нақтылы мысалдар арқылы түсіндірді.

Алтынсарин қандай да болмасын оқулықтардың құнды жақтарын меңгеріп, оларды қазақ мектептерінде пайдалануға бар күштерін салды. Қазақтың тұңғыш педагогтарының бірі болған ол Ушинскийдің кітаптарын өте жоғары бағалады. Оның «Балалар әлемін алғаш рет баспадан шыққан кезінде – ақ, ол оны өзінің оқытушылық жұмысында пайдалануға асықты. Оның пікірі бойынша бұл оқулық әсіресе орыс емес балаларды оқытуға арналған деп тапты.

Оқу методтары мен балаларды оқыту тәсілдерін Ы. Алтынсарин мұғалімдерге олардың кең тәрбиелік мағынасында түсіндіретін. а) оқыту методтары- балалардың жүре келе мектепке, сабаққа кейіннен ғылымға, өз бетімен білім алуға құмарландыратын (ынталандыратын, ықыластандыратын) жол ә) сабақта балалардың ойлау қабілетін арттыратын жаттығулар қажет, мысалы, әңгіме, түсіндіру арқылы оқыту методы. Бұл көрнекілік заттарды және өмір фактілерін пайдалануға көмегін тигізеді: заттарды және құбылыстарды суреттеу, олардың қасиеттерін салыстыру, әр түрлі қортындылар жасау. Сондықтан да балаларда дұрыс ойлау қабілеті қалыптаса бастайды.

Сол заманның жағдайында, қазақ даласында, жапан түзде алдыңғы қатарлы орыс мектептерінің үлгісімен бірінші рет «халық мектебі» ашылған кезде, ол орыс білімінен, орыстың алдыңғы қатарлы мектебімен берік байланыс жасағанда ғана халықтың тіршілік тілегіне жауап берерлік мектеп бола алады.

Қазақ жастары үшін орыс оқу орындарына түсу орыстың бай мәдениеті мен ғылымын меңгеру—орыстың тілі мен әдебиетін білгенде ғана мүмкін еді. Осындай пікірді Алтынсарин да Абай Құнанбаев та айтқан болатын «орыс мектебі, орыстың ғылымы мен техникасы—бүкіл болашағымыздың кілті міне осында» .

Абай Құнанбаев бұл сөздерді Алтынсарин ашқан мектептерде оқыту тілі туралы мәселені шешуде анықтаған формула болды.

Абай Құнанбаев пен Алтынсарин жастар үшін өз ана тілін білуі және сонымен қатар орыс тілін меңгеруді де қажет деп санады.

Алтынсарин бастауыш мектепте және екі класты училищелерде сабақтың екі тілде жүргізуін ойластырды. Барлық оқу жылдарында оның жасаған хрестоматиялары бойынша орыс тілімен қатар қазақ тілі де оқылуға тиіс. Қазақтан шыққан мұғалімдер оқыту кезінде қазақ тілінің құралы етіп орысшадан қазақшаға және керісінше аудару арқылы пайдалануы керек.

Мектепте қазақ тілі мен орыс тілін қатар оқыта отырып, үш- төрт айдың ішінде айтарлықтай жақсы табыстарға ие болды. Егер орысша сөйлеу, орысша жазу және оқу оның өзінен асқан шеберлікті, қажырлылықты талап етсе, бұл міндетті орындауда ол «баланың соңынан қалмау керек» деп есептеді, ал ана тілін оқытуда ол оқушыға өз бетімен жұмыс істеуге ерік беруге болады дедеі.

Оның жеке ескертулерінен ( теориялық оқытумен тым әуестенбей, істі оқушылардың табыстарына, қабілеттілігіне қарай жүргізу) біз мынандай қорытынды шығарамыз : ана тілін меңгеру сауаттану, өзге тілді үйренумен салыстырғанда, оқушы үшін едәуір оңай міндет. Сонымен қатар көбінесе орыс- қазақ мектептеріне сегіз жастан емес, едәуір кешірек кейде 15-17 жастағылар түсетінін ескерту керек, кейбір оқушылар мектепке келгеннің өзінде- ақ сауатты болатын.

Алтынсариннің мектебінде ана тілін үйрету әжептеуір жоғары дәрежеде басталды. Балаларға неғұрлым түсінікті заттарды таныстырудың, осы заттарды қарапайым түрде суреттеудің қажеті болған жоқ. Алтынсариннің оқулығы неғұрлым қиын мазмұнды суреттеулер мен баяндаулардан басталады.

Балаларға оқу үшін ана тілінде қарапайым, қызықты, көңілді әңгімелерді, ертектерді, мысалдарды, өлеңдерді ұсына отырып Алтынсарин оларды осылар арқылы қызықтырды. Алтынсариннің хрестоматиясы тақырыптарының байлығымен және жанрлардың әр алуандығынан көзге түседі.

Балаларды ана тілінде оқытуда Алтынсарин белгілі мөлшерде Л. Н. Толстойдың методикалық көзқарастарын ұстады, сөйтіп ана тілінде оқуға және жазуға үйретудің дайындық сатысында көп тоқтау қажетсіз деп санады. Мұндай дайындық оқушылырда өзінен- өзі пайда болады. Оқушылар өздері ең жақсы жол іздеп табады.

Әрине баланың рухани күші мен мүмкіншіліктеріне тым сенушілікпен келісуге болмайды, оның салдарынан ана тілі қажетті системалы жаттығулар жүйесінсіз және грамматикалық формалар системасыз оқытылады. «Тіл сезімін» дамыту, оқушылардың мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын әрі қарай байыту, әрине оқушының басқаруымен сабақ пен жаттығудың әбден ойланған системасын талап етеді. Алтынсарин мектептегі оқытуда орыс графикасына негізделген жаңа алфавитті( әліппені) тұңғыш рет қолданды. Бірақ жаңа алфавитке көшудің табысты болуы, оның пікірінше, бұл алфавит нағыз бұқаралық баспасөзде—халыққа арналған оқу құралдарының қаруы болғанда ғана қамтамасыз етілуі мүмкін еді.

Қазақ халқының ауыз әдебиетінің бірі аңыз әңгіме негізінде жазылған. «Бай ұлы» шығармасында Алтынсариннің назарын аударған сірә екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының, достығы болу керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Дегенмен балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшкенде тай міне алмай, түйеге мінетінін біліп жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай «қайырымдылық» көрсетуі қажетті екендігін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан «Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер»- деп батасын берген екен.

Сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. «Он екі ата бай ұлы» содан шықты деседі. Бұл әңгіменің тәрбиелік, адамгершілік мәні бүкіл ғасыр бойы керектігі айқын көрініп тұр. Қазіргі жастарымыз да осы кішкентай мысалдан үлкен мағына тапса керек. «Жауынменен жер көгерер, батаменен ел көгерер»деген мақалға осы әңгіме дәлел іспетті.



Осы факторлардың бәрі Ыбырайдың патша әкімдерінің отарлау, жергілікті халықты орыстандыру саясатына іштей наразылығын, оның ашық қарсылық білдіруіне шамасы келмей, туған халқын осы кесапаттан аман алып қалу үшін дипломатиялық саясат ұстауға еріксіз мәжбүр болғанын дәлелдей түседі.

Орыс- қазақ мектептерін әр облыс сайын ашуды өкімет орындары алдына бірнеше рет қойған және осындай мектептердің миссионерлік саясаттан тысқары болуын талап еткен . Ы. Алтансаринді орыс шенеунигі ұнатпаған Орынбор генерал- губернаторы Проценко оны қудалап, мұндай, мектептерді жауып, Ыбырайды инспекторлық қызметтен босатып, сотқа беруді ұйғаруы да тектен тек емес. Бұл жөнінде Ы. Алтынсарин «Генерал сол мектептерге көп қаржы шығын болды деп есептейді, осыған шыққан қаржының мөлшерін өзі білмейді деп жазды.

Оқу ағарту ісін ұйымдастыруда үнемі патша әкімдерінен кедергілеріне ұшыраған Ыбырай өзінің Н. И. Ильинский 1881 жылы қарашаның 4-де жазған хатында : «Қазақ халқы оқу-білімге сусап отырған халық әттең, бұл іске оқыған адаидардың ғана жаны ашымайтыны есіңе түскенде күйінесің. Бұл жағынан алып қарағанда, кейде жылы сөзге ынтызар жетім бала сияқтымыз. Қандай қиыншылықтарға кездессек те, біз әйтеуір, өз ойымызды орындап келеміз» деп ренжіді.

Ы. Алтынсарин акғартушылық саласындағы мақсат мүдделерінің іске асуына оның 1879 жылы Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалуы және бұл қызметте өмірінің соңғы минутына дейін үздіксіз он жыл табандылықпен еңбек етуі үлкен пайдасын тигізді. Инспекторлық қызметке кіріскеннен кейін ол дүниеауи мектептерді ашуды мықтап қолға алды. ол Елек, Николаевск (Қостанай) Торғай, Ырғыз уездеріне бір-бірден екі кластық қазақ-орыс мектептерін ашты, олардың жанынан мектеп кітапханасын ұйымдастырды. Бұдан соң Алтынсарин болыстық бастауыш мектептер ашу ісін қолға алды . Генерал-губернатордың атына «болыстық қазақ мектептері туралы записке» жазды. Мұнда осындай мектептердің тек қазақ даласында ғана емес, Ресейдің барлық жазда көшіп, қыста отыратын аймақтарына қолайлы екенін айтып, мектептің жаңа түрін ашу жөнінде ұсыныс жасайды. Ол оқытушы кадрларын даярлау мәселесін де қолға алды. Оның ұсынысы бойынша 1888 жылы көкек айында Ор қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Бұл жөнінде 1882 жылы шілдеде Н.И. Ильинскийге жазған хатында «Халық мектептері үшін ең керектісі – оқытушысы Тамаша, жақсы педагогика құралы да, ең жақсы өкімет бұйрықтары да, әбден мұқият жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды,- жазды. «Мұғалім өз шәкірттерінің жан-тәнімен жақсы көрсе, оқу-тәрбие ісіне шексіз берілуі ғана емес,оның беделі тек шәкірт алдында ғана емес, бүкіл ата-аналар, жұртшылық алдында жоғары болатынын ескертіп былай дейді. «.. Мектеп бітіруші баланың болашағын болжай білу қабілеті, адамгершілік қасиеті ұстазға байланысты».

Алтынсарин мұғалім даярлау ісімен бірге оларға керекті оқу-әдістемелік құралдарын жазу мәселесімен де шұғылданды. Оның ұсынуымен орыс қазақ учищелерінде К. Д. Ушинский «Балалар дүниесі». Л.Н. Толстойдың «Әліппе жазу және оқу кітабы» Б. Ф. Бунаковтың «Әліппесі мен оқу құралы» Тихомировтың «Грамматикалық элементарлық курсы» оқу құралы ретінде пайдаланылды. Орыс педаогогтарының үлгісімен орыс-қазақ мектептеріне арнап Ы. Алтынсариннің өзі екі оқу құралын» Қазақ хрестоматиясын (1889) және қазақтарға орыс тілін уйретудің бастауыш құралын» (1889) жазып, бұларды мектептерге төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді орыс жазушылары Крылов, Толстой, Паульсон әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударды, енгізді. Ы. Алиынсарин өз хрестоматиясын екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, химия, физика сондай-ақ техника саласынан түсінік бергісі келетінін, сөйтіп білімді жан-жақты алып топтап беруді көздйтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы күнге дейін табылмаған. Ы. Алтынсариннің оқыту әдісі мәселелеріне де еерекше мән берді. Өзінің А. А. Мазохин. Ф. Д. Соколов Ғ. Балғынбаев т.б мұғалімдерге хаттарында балабалға тиянақты білім, беру, оқыту әдісін жетілдіруді айтады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет