Мазмұны
Кіріспе
Еліміздегі білім жүйесі
Пән мұғалімдерінің күнтізбелік - тақырыптық жоспарын құрастыру туралы ереже
Күнтізбелік жоспардың үлгісі
Негізгі бөлім
«Ақпарат» тарауындағы «Ақпарат. Ақпараттың мазмұны, түрлері және ақпараттың қасиеттері» тақырыбын оқыту әдістемесі
«Ақпаратты өлшеу» «Ақпаратты кодтау» тақырыбын оқыту әдістемесі
Информатика сабағында дидактикалық материалдарды қолдану
«Ақпарат тарауын» оқытуда дидактикалық материалдарды жасау мен оның ерекшеліктері
Дидактикалық материалдардың түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.
Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.
Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.
Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.
Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.
Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.
Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б. нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық - бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.
Жалпы білім беретін мектептің информатика 9-сыныбына арналған оқулықтарды көптеген авторлар қарастырған: Н.Т.Ермеков, В.А. Криворучко, Л.Н. Кафтункина, Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова және т.б.
Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және
программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.
Мемлекеттік стандарт бойынша 7-сынып Информатика пәні, негізінен мынадай бөлімдерді қамтиды:
Ақпарат ұғымы және ақпараттық процестер;
Компьютер;
Компьютердің программмалық жабдықтамалары;
Ақпараттық технология;
Әлеуметтік информатика;
Телекоммуникация;
Пән мұғалімдерінің күнтізбелік- тақырыптық жоспарын құрастыру туралы ережелер
1.Жалпы ережелер
1.1. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар - бұл білімдік мекеменің мектеп оқушыларын нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен мазмұндық минимум талаптарын іске асыруға арналған құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде педагогтың өздігінен құрастырылады. Онда берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша оқушылар даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар компоненттерінің қалайша іске асырылатыны жайында түсінік берілуі тиіс. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар ең бастысы - өздерін толығымен іске асыруға ықпал етуші жергілікті жердегі жағдайларды есепке ала отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың білім берудегі міндетті минимумдарды иегіруіне кепілдікті қамтамасыз етеді.
1.2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар – мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап Мемлекеттік білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді. Мұғаліммен әзірленген күнтізбелік- тақырыптық жоспар әдістемелік бірлестік жетекшісімен келісіліп, 3 қыркүйекке дейін мектеп директорымен бекітіледі.
1.3. Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың міндеттері:
Күнделікті сабақ жоспарын құру міндеттері:
- әр тақырыптың жылдық курстағы және әр сабақтың тақырыптағы орнын белгілеу;
- жеке сабақтармен, жылдық курстың тақырыптарымен өзара байланысын белгілеу;
- оқушы қызметінің нәтижесін нақтылау мақсатында оқу курсында тексерілетін мазмұн элементтері мен бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- білім алушыларды пән бойынша жүйелі білім, білік және дағдылармен қаруландыру бойынша тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.
1.4 Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың әзірлену деңгейі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өлшемі болып табылады.
1.5. Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде келесі қызметтер ретін іске асырады:
* жұмыс барысы мен нәтижесін болжау;
* қажетті шаралар мен әрекеттердің ретін әзірлеу;
* оларды жүзеге асыру үшін барынша тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау;
Ø Қызметті дәл есептеу және оның кезеңдерінің басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу; ;
Ø Қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау түрлері мен әдістемелерін анықтау;
Педагогтардың қызметі.
Ø Мұғалімнің өзі сабақ беретін барлық пәндерден міндетті түрде күнтізбелік –тақырыптық жоспары болу керек.
Ø күнтізбелік –тақырыптық жоспар бір жылға жасалуы тиіс.
Ø Мұғалім қажеттілігіне қарай өзінің күнтізбелік –тақырыптық жоспарына түзетулер енгізеді.
Ø Мұғалім мектеп әкімшілігінің немесе тексерушілердің талабы бойынша күнтізбелік –тақырыптық жоспарын ұсынуға міндетті.
Мұғалім ең алдымен жыл басында сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар жасап алғаны дұрыс. Өйткені сабақты қандай материалмен қамту керектігін, сабақ барысында қандай тапсырмаларды қолдану керектігі туралы ойланып оны жүзеге асыру керек. 7 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарды төмендегідей жасауға болады.
Бекітемін: Келісемін: Қаралды:
Утверждаю: Согласованно: Расмотрено:
Директор зам.директора УР на заседании М/О
Оқу ісінің меңгерушісі: Қаулы №
« » Протокол№
« » от « »
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР
КАЛЕНДАРНЫЙ ПЛАН
Сабақ
Уроков
Сынып
Класс
Мұғалім:
Учитель :
Сағат саны :
Количество часов:
Аптасында сағ.;
В неделю час.
Жоспарлық бақылау сабақтары сынақ тест сағ
Плановых контрольных уроков зачетов тестов час.
Оқулық: Н.Ермеков,Н.Стифунина «Информатика 7 сынып»
Учебник :
ТҮСІНІК ХАТ
«Информатика» пәні «Математика және информатика» білім беру аумағына кіреді. «Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.
Оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.
«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:
информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;
информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.
Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.
Курс мазмұнының жүйеқұраушы ұғымы «ақпараттық процесс», ал іргеліұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативтік құжаттардағыдай жеке-жеке дидактикалық бірліктер жиыны емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, әрі біртұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.
Курстың мазмұнына адамның жалпы мәдениеті, сонымен қатар білімін әрі қарай жалғастыруы үшін неғұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмір жайлы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар мен тәсілдер енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бағдарламада қоғамды ғаламдық ақпараттандыру жағдайында өмір сүретін әрбір сауатты адамға қажетті информатиканы оқытудың инвариантты бөлігінің құраушылары болып табылатын ұғымдар мен дидактикалық элементтер сипатталуы тиіс.
Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне жүйелілік, тұтастық, пәндік аумақтың толықтығы, логикалық қайшылықтың болмауы, минималды жеткіліктілік, сабақтастық, әдістемелік мақсатқа сәйкестілік, иерархиялық, аксиоматикалық, көзжетерлік, ашықтық талаптары қойылған.
Информатика курсы ұғымдарының қалыптасуының бірізділігі оқыту материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан кеңейтіп, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамыту, курстың себеп-салдар байланысын ескере отырып, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық процестердің бірлігін және оқу материалын теориялық жағынан жалпылауға мүмкіндік беруі керек.
Оқыту барысында жүйеқұраушы «ақпараттық процестер» ұғымы қалыптасуы, дамуы және жалпылануы қажет. Сонымен, ақпараттық процесс түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестер ретінде қарастырылады. Ол компьютердің функционалдық құрылғыларын оқытуда өте қажет. Ақпараттық процестерді автоматтандыру мүмкіндіктері үшін (табиғи ақпарттық процестерден жасанды процестерге өту) ақпаратты бірегей түрге (санау жүйелері) келтіру, ақпаратты компьютермен өңдеудің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың күрделі іс-әрекеттері: алгоритмдеу және модельдеу процестері қарастырылады. «Ақпараттық процесс» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, мәтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау және өңдеу ерекшеліктерін, сонымен қатар ақпараттық, телекоммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын үйрету барысында іске асырылады. Нәтижесінде ақпараттық процестердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады.
Анықталған жетекші ұғымдар материалды ғылыми, біртұтас және белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашуға, оларды нақты фактілерде және шынайы құбылыстарда көрсетуге мүмкіндік береді.
Бағдарлама мазмұны келесі аспектілерде қарастырылады:
1) мектеп курсында информатиканың іргелі ғылым ретінде қазіргі жағдайға сәйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық процесс» ұғымы аясында оқыту мазмұнын сабақтастыру негізінде информатика курсының тұтастығын көрсету;
3) оқу материалын гуманитарлық құраушыларымен, эмоциональдық-бағалық және адамгершілік қарым-қатынастармен толықтыру;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, шектен тыс ақпараттар бермеу;
5) ақпараттармен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын белсенді түрде қолдану;
7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай қолдану тәсілдеріне үйрету.
Пән бойынша оқу жүктемесі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 7-9 сыныптарындағы «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
7-сынып (34 сағат)
Ақпаратты бейнелеу және ақпараттық процестер (4 сағат)
Ақпарат, оның мазмұны, түрі және қасиеттері. Ақпарат көлемі және оның өлшем бірліктері. Әр түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық процестер.
Компьютер (12 сағат)
Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар. Сандық, символдық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды кодтау. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі мен мүмкіндіктері. Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы. Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері. Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар мен жарлықтар. Бумаларды, жарлықтарды құру және оның атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. Нысандарды көшіру. Қоржын. Нысандарды өшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру. Нысандарды іздеу. Сілтеуіш. Анықтама. Ақпараттарды жазу және оқу. Стандартты программалар.
Ақпараттық технология (14 сағат)
Ақпараттық технология құралдары және олардың даму эволюциясы. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор. Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Графикалық редактор. Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор. Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф.
Әлеуметтік информатика (2 сағат)
Ақпараттық технологияның қоғамдағы ролі.
Телекоммуникация (2 сағат)
Электрондық пошта. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жөнелту. Интернет мүмкіндіктері. Интернет желісінде ақпаратты іздеу.
III. СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ, БІЛІГІ ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
7-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
адамның іс-әрекетінде, табиғатта, қоғамда, техникада ақпаратты тасымалдау, сақтау және өңдеуге өмірдегі қарапайым мысалдар келтіру;
ақпаратты өлшеу бірліктерін;
ақпаратты кодтау әдістерін;
компьютер негізгі құрығыларының мәнін;
программалық жабдықтың топтамасы мен сипаттамасын;
операциялық жүйенің мәнін және қызметін;
программаларды іске қосуды;
файл мен файлдық жүйенің мәнін;
файлдарды ашу және сақтау тәсілдерін;
стандарттық программалардың мәнін;
мәтіндік және графикалық редакторлардың тағайындалуы және қызметтерін;
мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктерін;
электрондық пошта ұғымын;
Интернет мүмкіндіктерін.
Нені меңгеру керек:
ақпаратты өлшеуді;
ақпаратты әр түрлі тәсілдермен кодтауды;
компьютердің негізгі құралдарын қолдануды;
файлдармен жұмыс істеуді;
файлдарды құру, сақтау, көшіру, атын ауыстыру, іздеу, жоюды;
компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;
терезелердің өлшемдерін өзгерту, орындарын ауыстыру, сұхбат терезелеріне көңіл аударуды;
графикалық редакторларды сурет салу мен өңдеу үшін қолдануды;
мәтіндік ақпаратты өңдеу мен пішімдеуді;
мәтінге әр түрлі нысандарды енгізуді;
дыбысты, бейнені, анимацияны орындай алатын программаларды қолдануды;
Интернет желісінен ақпаратты іздеуді;
электронды пошта арқылы ақпараттарды жіберу және қабылдауды.
Күнтізбелік сабақ жоспары (Кесте1. Күнтізбелік сабақ жоспары)
Сабақ реті |
Сабақ тақырыбы |
С/с
|
Мерзімі
|
Сабақтың
мақсаты
|
Сабақ түрі.
|
4
|
Ақпарат. Ақпарат мазмұны, түрлері, және қасиеттері
|
1
|
|
Комп-ң ақпаратпен жұмыс жасау кезеңдерін таныстыру
|
Әңгіме сабақ
|
5
|
Қауіпсіз. техник. ережесі.Көзге жаттығы нұсқаулары.
|
1
|
|
ЕТ-пен жұмыс істеу кезіндегі ҚТЕ ережесімен таныстыру
|
Практикум элементі бар түсіндірмелікөрнекілікті
|
6
| Компьютердегі негізгі құрылғылардың қолда-нылуымен мүмкіндіктері |
1
|
|
ДК – мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.
|
Аралас сабақ
|
7
| Компьютер жадының түрлері |
1
|
|
Ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылқылар-дың мысалдарын келтіру
|
Аралас сабақ
|
8
| Дербес компьютердің құрылымы |
1
|
|
Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру.
|
Аралас зерттеу сабағы
|
9
| Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары |
1
|
|
Компьютердің негізгі құрылғысы процессормен, ЖЖҚ – мен ТЖҚ – мен таныстыру.
|
Зерттеу сабағы
|
10
| Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы сипаттамасы ж/е классификациясы |
1
|
|
Бағдарлама және бағдар-ламалық түсініктерімен таныстыру.Бағдарлама-лық жабдықтама мысалдарын келтіру
|
Аралас сабақ
|
11
| Жүйелік БҚ ж/е бағдарламау жүйелері туралы |
1
|
|
БҚ компьютердің өзіне қызмет көрсетуге, оның құрылғыларының жұмысын басқаруүшін қажет екенін түсіндіру
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
12
| Файлдар мен файылдық құрылымдар |
1
|
|
«Файл», «файл атауы», «файл түрі», «файл құрылымы ағашы», «каталог», «файлға жол» түсініктермен танысу
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
13
| Қолданушы интерфейсі |
1
|
|
Пайдаланушы мен бағдарламаның өзара байланыс амалдарын көрсету
|
|
14
| Информатика тарихының бастауы |
1
|
|
Пән тарихымен таныстыру
|
Әңгімесабақ
|
15
| Электронды - есептеуіш техникасының даму тарихы. |
1
|
|
ЭЕМ-нің даму тарихымен таныстыру. ЭЕМ буында-рының айырмашылықта-рын түсіндіру
|
Әңгімесабақ
|
16
| Тестілеу |
1
|
|
Оқушылардың білімдерін тексеру
|
Бақылау сабағы
|
17
| Ақпараттық технологиялардың құралдары және даму тарихы. |
1
|
|
Оқушыларды компьютердің символдық әліпбиімен таныстыру.
|
|
18
| Мәтіндік ақпаратты өңдеу және басып шығару |
1
|
|
Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламамен, кодтау кестелерімен танысу
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
19-20
| Мәтіндік редакторлары |
2
|
|
Файлдарды сақтау, мәтінді енгізу және редакторлаудың негізгі тәсілдерін қарастыру
|
Практикум
|
21-22
| Мәтіндік редактормен жұмыс істеу |
2
|
|
Мәтінді аудару, түзету, орфографиялық тексеру, шрифтермен жұмыс жүргізу.
|
Практикум
|
23-24
| Графикалық ақпаратты компьютерге өңдеу |
2
|
|
Компьютерлік графиканың қолдану аймағымен, суретті бейнелеудің екі принциптарымен танысу.
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
25
| |
1
|
|
Растрлық дисплейдің, сұйықкристалды монитордың жұмыс істеу принциптері түсіндіру.
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
26-27
| Суреттерді кодтау |
2
|
|
Пиксель түсінің экранда қалыптасу принципіпімен танысу.
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
28
| Нуктелік (растрлы) және векторлық графика |
1
|
|
Растрлы және граикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіру.
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
29
| Растрлы түрдегі графикалық редакторлар |
1
|
|
Сурет салуда шеңбер, тіктөртбұрыш, сызықтарды пайдалануды үйрету.
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
30
| Тестілеу |
1
|
|
Оқушылардың білімдерін тексеру
|
Бақылау сабағы
|
31
| Қазіргі қоғамның ақпараттық ресурстары |
1
|
|
Ұлттық ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру міндеттері туралы түсіндіру
|
Аралас сабақ, сұрақ- жауап
|
32
| Ақпараттық қоғам ж/е ақпараттық қауіпсіздік |
1
|
|
33
| Компьютерлік желілер. Электрондық пошта.
Тестілеу
|
1
|
|
Оқушылардың Интернет
желісінен ақпарат алу, электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру
|
Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті
|
34
| Интернет ж/е ғаламтор. Интернет желісінде ақпарат іздеу. |
1
|
|
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Ақпарат» тарауын оқыту әдістемесі. Бұл тарауды біз қалай оқытуға болатындығын, сабақ барысында қандай тапсырмаларды қолдану керектігін, сабақтың түрін, оқушыларға қандай тапсырмаларды беру керектігі жайлы ашып талдау қажет.
1-ші параграф бойынша «ақпарат, ақпарат мазмұны, түрлері және қасиеттері» қарастырайық. Сабақта ең алдымен мұғалімнің сабақ жоспары болуы тиіс.
Күні____________ Сыныбы_________________
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Ақпарат мазмұны, түрлері, және қасиеттері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқулық
Сабақтың өту барысы:
1.Оқушыларды ұйымдастыру.
2.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3.Тапсырмаларды орындау.
4.Сабақты бекіту.
5.Үйге тапсырма беру
Жаңа сабақты түсіндіру
“Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.
Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.
Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.
Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.
Ақпарат түрлері
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
басқарушы және мәлімет беруші;
объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:
Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?
2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?
3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?
4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?
5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?
Үйге тапсырма: 1.1 тақырып. Ақпарат тақырыбын мазмұндау және өмірден мысал келтіру.
Осы сабақта қолданылатын дидактикалық материалдарды көрсетейік:
Cурет1.Оқушыларға көрсететін слайдтың алғашқы беті. Оқушылар кез келген ақпаратты көру мүшесі арқылы қабылдайды, сол себепті олардың визуальды түрде есте қалу үшін көп суреттерді қолданған жөн. Бұл бетте ақпарат ұғымына анықтама берілген және ақпаратты қабылдау туралы жазылған.
Сурет1.Алғашқы бет
Сурет2. Екінші бет
Сурет3. Үшінші бет
Сурет4. Төртінші бет Сурет5. Бесінші сурет
Сурет6. Алтыншы бет Сурет7.Жетінші бет
Жалпы 1- ші тақырыпқа жасалған слайд оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыруға, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыруға мүмкіндік бере отырып білімін тереңдетуге жол ашады.
Сурет8. Сегізінші бет
№2 сабақ
Сыныбы: Күні: Мүғалімі:_____________ Тексерген____________
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу
Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты жеткізудің, өңдеудің техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабардың ақпаратық көлемін есептеуге үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабакта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, слайд.
Сабактың өту барысы:
Оқушыларды ұйымдастыру .
Үйге берілген тапсырманы тексеру .
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |