Мазмұны
Марат Қабанбаывтың өмірбаяны.
5- 6 сынып оқырмандарына арналған «Арыстан мен виолончель және қасапхана» повесін талдау.
«Бақбақ басы толған күн» әңгімесіне берілген сұрақтар жобасы.
«Мир подростка в произведениях Марата Кабанбаева» (Примерная схема выставки )
Примерные темы к дискуссии по произведениям Марата Кабанбаева.
Марат Қабанбаев
(Материал к беседе о жизни и творчестве писателя)
Марат Қабанбаев 1948 жылы 22 наурызда Зайсан ауданындағы Қараүңгір ауылында туған. Орта мектепті бітіргеннен кейін құрылыста бір жылдай жұмыс істеп, содан соң аудандық газетке жұмысқа орналасқан.
С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін "Лениншіл жас" газетінде, "Жалын" баспасында, Қазақ ССР баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте қызмет істеді.
Әр жылдары балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың республикалық жабық бәйгесінде жүлделі орындарды жеңіп алған.
Жазушы Марат Қабанбаев бірнеше кітаптың авторы. Солардың ішінде сәтті шыққан туындыларының бірі - "Айшылық алыс жол" атты романы. Роман тақырыбы жетпісінші-сексенінші жылдар аралығын қамтиды. Суреттелген оқиғалардың бәрі дерлік күнделікті өзіміз көріп, басымыздан кешіріп жүрген жайлар. Туған ортасынан ертеректе қол үзіп кеткен жетім бала - Ертай ауылға келіп, еңбек адамдарымен араласып, нағыз өмірдің тер сіңген күпәйкесін кигенде ғана қала мен ауыл арасындағы қайшылықты мықтап сезінеді, ауылдағы халықтың рухани дамуындағы кенжелікті аңғарады. Бұл күнде нағыз өмір сүруге ынтық ақ қағаздай жандар бар да, өмірде актер болып ойнаушылар бар. Мысалы, басқаның қолымен от көсейтін Қали-рабкооп, қайда салсаң содан шығып майлы қасықтай жылпылдап ұстатпайды. Қарапайым еңбек адамы Елтайдың жүріп өткен айшылық алыс жолында бұғып жатқан "Бекежандар" бұлар. Роман сондай-ақ қыз бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді қозғайды. "Тұр", "Жат", "Оқы" деген бұйрықпен күн кешкен мектеп-интернаттағы қыз балалар күні ертең ошақ иесі, ана болғанда, тұрмысқа қажетті дағды, әдеттерді қайдан үйренбек ? Қыз баланың шешенің аялы алақанында дәстүрге тән тәрбие алып, бойжетуі табиғи заңдылық деген тұжырымға келеді. Жалпы роман бүгінгі таңдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді қамтыған.
Мараттың өзінің талантты, қалыптасқан қаламгер екенін дәлелдеген шығармасы "Пысық болдым, мінеки" повесі. Бұл бүгінгі балалар өмірін бейнелеген повесть. Басты кейіпкері - Досан деген ойлы оқушы, зерделі жеткіншек. Әсіресе оның туған жердің әр түйір топырағынан қасиет іздеп, әр тал шөбіне үңіле жүруін, Аққұм суының шипалық қасиетін ашуын азаматтық десек де жарасады. Повесть балалар өмірін, балалар арасындағы қақтығыстарды суреттесе де, мұндағы негізгі өзекті мәселе - туған жерге деген махаббат. Негізгі тақырыбы - Досанның жеріне, еліне деген ыстық сезімі. Повесть аяқталғанда аппақ топырағы бар, шаңды, шөлді, шипалы суы бар Аққұм ауылын қимайсың. Жігіттерді жігерлі, қыздарды қызыл шырайлы еткен туған жердің қадірін біле түсесің.
Жалпы Марат, дүниеге бала көзімен қарай білетін, сезіне білетін жазушы. Оның балаларға арналған шығармалары "Бақбақ басы толған күн", "Арыстан, мен, виолончель және қасапхана" повестері. "Бақбақ басы толған күн" повесінің бас кейіпкері - оқушы Заманбек. Өзі ақын, өзі өлең жазады. Мінезі де қызық, ойлағаны да күлкілі. Мұны повестегі он үш жасар баланың қызық қылығы мен қиял қуа жасаған іс-әрекетінен, көреміз. Мысалы, әкесінің томырық мінезін ұнатпауы жайында : "Жуықта Пионер газетіне "Мектебім" атты өлеңім жарияланғанда бетіме ежірейіп қарап отырып, "Ой-ит!"-деген. Басымнан да сипамады. Көкем сондай адам. Тентектік жасасам бишікпен тартып жіберуден тайынбайды, өлеңім шықса мәнерлеп тұрып ит дейді. Бала әкесі Сауытбекті мейірімнен тысқары, суық жан деп есептейді. Оның пікірі әділетті ме, мұны шығарманы оқи отырып оқырман өзі саралайды.
М.Қабанбаевтың бұл шығармалары "Философиялық ойларымен" ерекшеленеді, сонымен қымбат та. Өзгеге ұқсамауға тырысушылық, өмір шындығын өзінше бейнелеуге, соны соқпақ салуға құштарлық Маратқа, оның творчествосына ғана тән қасиет.
5-6 сынып оқырмандарына арналған
Жазушының повестеріне талдау
Марат Қабанбаев бүкіл одақтың оқырмандарына өзінің бірнеше ұлттық тілдерге аударылған «Арыстан мен вилончель және қасапхана» повесі бойынша таныс. Оның балаларға арналған барлық шығармаларында кейіпкерлерге тән қасиет, олардың өмірді өздерінше түсініп, әрбір оқиғаға өз ойын түйіндеуі болып табылады. Осының дәләлі ретінде жазушының бірнеше шығармаларымен қатар «Арыстан мен виолончель және қасапхана» атты повесі жасөспірімдер мен балаларға арналған шығармалардың республикалық конкурсында үшінші бәйге алған туынды. Осы туынды бойынша 5-6 сынып оқырмандарымен талдау өткізілмек. Осы талдауға арналған сұрақтардың төмендегідей жобасы:
Асан дос іздеген шақта сен оның жанында болсаң достасар ма едің? Не себепті?
Асанның көршісі Таймасты «Шынғысхан» атауының себебі не?
Таймастың бойындағы қатыгездікті ненің нәтижесі деп айтуға болады?
- Асанның кітапхананы өртеп жіберуінің себебін қалай түсіндіресің? Асанның орнында сен не істеген болар едің?
Қалай ойлайсың, жазушы неліктен повесін «Арыстан мен виолончель және қасапхана» деп атады?
Марат Қабанбаевтың «Жалын» баспасының дәстүрлі конкурсында екінші жүлдені женіп алған «Бақбақ басы толған күн» атты повесі бойынша 5-6 сынып оқушыларымен әңгіме өткізу арқылы балармен адамның жан- дүниесін дұрыс түсіне білудің маңызы туралы баларға түсінік беруге әрекет жасауды ұсынамыз.
Әңгімеде берілетін сұрақтардың жобасы:
Повестің негізгі кейіпкері – Заманбакке қандай сипаттама бересің?
Заманбектің өз әкесі мен Қоқай қартқа берген сипаттамаларымен келісесің бе?
«Жазушылар да өтірік жаза ма?»деген Заманбектің сұрағына сен қалай жауап берер едің?
Қоқай айтқандай Оқастың сотқарлығы оның әкесінің жоқтығынан деп ойлайсың ба?
Қоқай қарт туралы жаман ойлы Заманбектің оны сыйлауға көшуіне себеп болған қандай қандай жағдай?
«Мир подростка в произведениях
Марата Кабанбаева»
(Примерная схема выставки )
Цитата (на усмотрение библиотекаря):
«Я хочу защитить хрупкий мир детской души от безумного вмешательства в него взрослых,от взрослой терапии.»
Марат Кабанбаев.
«Чтобы понять наследие веков, великие произведения – достояние всех живущих на земле наций и народностей, - надо сначало суметь с честью перешагнуть свой родной порог.»
Бауржан Момыш-улы.
Произведения Маратта Кабанбаева.
Примерные темы к дискуссии
по произведениям Марата Кабанбаева.
Тема сиротства в произведениях писателя. Почему она проходит красной нитью сквозь все его произведения?
Сельский житель и город: взаимоотношения и противостояние?
Горожане и аульчане:их нравственные принципы и убеждения.
«Родной чужак» - сквозная тема многих произведений писателя. Что это за явление и может ли оно изчезнуть в ближайшее время?
Достарыңызбен бөлісу: |