Мәдениет теориясының жалпы мәселелері
Мәдениеттi қазiргi кезеңдегі түсiнігі оның дағдарысын, адам мен табиғат арасында үйлесiмнiң мүмкiн болмайтындығын ұғыну ретiнде қалыптасты. Қазiргi уақытта мәдениеттердiң алуан түрлi типiн енгiзуге, мәдениеттiң негiздерi туралы теориялық ойлардан нақты мәдениеттану зерттеулерiн өткiзуге көшу мүмкiндiгiне жол ашылды.Сөз жоқ, мәдениеттанушы, ең алдымен мәдени қызметтiң нәтижелерiмен (мәдени шығармашылықтар тақырыбымен, өнiмдерiмен — мысалы, музыкамен, сурет өнерiнiң туындыларымен) айналысады, сондай-ақ музыкатанушылар, өнертанушылар қандай теориялық позицияны ұстанатындығына тәуелсiз, мәдениет рухын (менталитетiн, мәдени парадигманы) игеруге бет бұрғанда мәдениет танушыларға айналады. Мәдениеттану философиядан бөлiнiп шығып, өзiнiң зерттеу тақырыбына ие болады, «мәдениет археологиясына» көңiл аударады, оның генезисiн, жұмыс iстеуiн және дамуын анықтайды, мәдени мұрагерлiк және тұрақтылық тәсiлдерiн, мәдени даму «кодын» ашады. Ол келесi функцияларды қамтамасыз етедi:
— мәдениеттi, оның ауызша және символдық қабықшада жасырынған базалық негiздерiн сақтау;
— мәдениеттiң, жаңару, инновация институттарының қалыптасуы;
— мәдениет трансляциясы – мәдениеттiң заттану әлемi индивидтiң әлеуметтенуы мен мәдениеттiң даму әлемi ретiнде.
Мәдениеттану тақырыбы жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени процесстердің объективтi заңдылықтары, «тiрi» ескерткiштер және материалдық пен рухани мәдениеттiң құбылыстары, адамдардың мәдени қызығушылығы мен қажеттiлiктерiнiң пайда болуын, қалыптасуын және дамуын басқаратын факторлар мен алғышарттар болып табылады.Мәдениеттану объектiсi әртүрлi табиғи жүйелердегi мәдени өмiр, негiзгi мәдени-тарихи типтердiң ерекшелiктерi мен жетiстiктерiн айқындау, қазiргi әлеуметтiк мәдени ортада тенденциялар мен процестердi талдау болып табылады.Мәдениеттану ғылымының маңызды проблемаларының қатарына әлемдiк және отандық мәдениет теориясы мен тарихының маңызды мәселелерi жатады.«Мәдениет» сөзi тек XVIII ғасырда тұрақты түрде қолданысқа енiп, кең тараған. Алайда бұл сөз Рим антикасында пайда болды, ал латын тiлiнде «агромәдениет» дегендi бiлдiрген, яғни жердi өндеу, өсiру, егу. Бұл бастапқы мәнi уақыт өте келе басқа, адамның жеке қасиеттерiмен байланысты мағынаға ие болады. Ағарту заманы деген атпен тарихқа енген XVIII ғасырда мәдениет ұғымы тек рухани мәдениет болып шектелiп қалады. Бастысы адамның бiлiмдiлiгi, окығандығы және тәрбиелiлiгi болады. Мұнда бiлiм шешушi роль атқарады, алайда сол кездің өзінде бiлiмнiң қажеттiлiгi айқын болды, бiрақ мәдениеттi болу үшiн ол жеткiлiктi шарт емес екендiгi де анық. XX ғасырда мәдениеттану философия мәдениетімен тығыз байланыста бола отырып жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Мәдениет теориясының мәселелері шамамен осы уақыттары көрінді. Жалпы мәдениеттанудың күні бүгінге дейін талқылап келе жатқан объектісі: мәдениет пен өркениеттер арақатынасы, мәдениет дағдарысы, мәдениеттердің орнын басушылығы және сұхбаты, мәдениет құрылымдары және функциялары. Жалпы ғалымдардың шығармашылығында философия мен мәдениеттану мәселелері бірімен бірі араласып, иінтіресіп, өріліп, тығыз байланыста болады.
Алайда мәдениеттануды мәдениет туралы ғылым ретінде айқындау өте абстракцияландырып жібереді. Ол тек қана мәдениетті зерттеудің объектісі екендігін көрсетеді, бірақ тап осы объектінің ерекше өзгешеліктерін айқындамайды. Мәдениеттануды ғылым ретінде айқындау үшін ең алғаш оның зерттеу объектісі мен пәнін анықтап алу керек. Кез келген ғылымда зерттеу объектісі ретінде нақты ақиқаттың айқын бір бөлігі әрқашан алға шығады. Яғни, кейбір құбылыстың пайда болуына байланысты, соған сәйкес ғылым пайда болады.Негізінен мәдениеттану жинақталған идеяларды, көптеген деректерге негізделген жадығаттарды кбмплексті түрде пайдаға асырады. Кей жағдайда мәдениеттану басқа ғылыми білімдерді тікелей пайдаланып қана қоймай, оларды мәдениет туралы біртұтас ғылымның жүйесіне түрлендіріп енгізеді. Нәтижесінде адамдар өздерінің әралуан мәдени ортада өмір сүруі үшін мәдениеттану арқылы өздері туралы білімнің ерекше түрін табады. Мұның өзі, өзге мәдениеттің өмір сүру әлеміне енуге, олармен сұхбаттасу арқылы өз мәдениетін тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Оның ең бір амалтәсілі мәдениеттанудағы түсіндіру мен түсінудің бірлігі. Рационалды ұғыну жолы арқылы түсіне алатын, өзінің ішкі логикасы, өзіндік мәні бар әрбір мәдениет жүйелі мағыналар тұрғысында қаралады. Белгілі бір құбылыстарда мәнді мағына, не адамдардың шығармашылық рухын жүзеге асыру орын алған жағдайда мәдениеттану кез келген пәнді, обьектіні зерттей алады. Мәдениеттанудың дамуының нәтижесінде, мәдениет туралы философиялық білім қабатымен қатар ғылыми білім қабаты бар екендігіне көз жеткізетін деректер пайда болды. Яғни, табиғат туралы, мәдениеттің генезисі, функциясы, мәдениеттің әр түрлерінің ерекшеліктері туралы, мәдениет элементтерінін өзара байланыстары туралы мәліметтерді жинақтау философиялық рефлексияның арқасында ғана емес, сонымен қатар, табиғат зерттеушілері және қоғамтанушылар кеңінен қолданылатын жаратылыстану ғылыми әдістерінің арқасын-да да жүргізілді. Осы тұрғыдағы мәселелер мәдениеттанудың заңды тұрғыдағы ең қомақты бөлігі болып, қазіргі мәдениеттану оқулық-тарында, «мәдениет теориясы» делініп қабылдануда. Мәдениеттану объектiсi әртүрлi табиғи жүйелердегi мәдени өмiр, негiзгi мәдени-тарихи типтердiң ерекшелiктерi мен жетiстiктерiн айқындау, қазiргi әлеуметтiк мәдени ортада тенденциялар мен процестердi талдау болып табылады.