МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МЕЖДУНАРОДНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ КОРПОРАЦИЯ
ФАКУЛЬТЕТ СТРОИТЕЛЬНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ,
ИНФРАСТРУКТУРЫ И МЕНЕДЖМЕНТА
Студенттің өзіндік жұмысы
Анықтама
Тақырыбы; Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру негіздері. Геодезиялық қызметтің құрылымы, міндеттері және функциялары. Геодезиялық жұмыстарды жобалау.
Орындаған: Бактай А.
Группа: ГиК 19-1
Тексерген:ассоц.профессор
Картбаева К.Т.
Алматы 2022
«ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ»
Кіріспе.
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарын ұйымдастыру негізі.
Геодезиялық қызметтің құрылымы, міндеті мен функциялары.
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстар дәлдігі және көлемі бойынша
геометриялық параметрлерге және жобаға құрылыс объектілерін орналастыруына
сәйкес қамтуы және құрылыстық нормалар (СНиП ІІІ-2-75) мен ережелерге
сәйкес орындалу керек. Геодезиялық жұмыстардың құрамына :
- Құрылыс үшін геодезиялық бөлу негіздерін құру;
- Құрылыс процесіндегі геодезиялық бөлу жұмыстарының өндірісі;
- Құрылыстық-монтаждық жұмыстарының орындалуын геодезиялық бақылау
дәлдігі;
- Салынып жатқан құрылыстар мен ғимараттардың орын ауыстырулары мен
деформацияларында геодезиялық бақылау.
Құрылыс үшін геодезиялық бөлу негіздерін құру және салынып жатқан
құрылыстар мен ғимараттардың орын ауыстырулары мен деформацияларын
геодезиялық бақылау тапсырыс берушінің функциясы болып келеді. Құрылыс
процесіндегі геодезиялық бөлу жұмыстарының өндірісі және құрылыстық-
монтаждық жұмыстарының орындалуын геодезиялық бақылау дәлдігі мердігердің
міндетіне кіреді. Құрылыстық-монтаждық жұмыстарының орындалуын геодезиялық
бақылау дәлдігіне байланысты.
Құрылыс-монтаждықдық ұйымның құрылыстағы процессте (бас мердiгермен,
субмердiгер) құрылыстық және инженерлік коммуникациондық процестеріндегі
олардың монтаждарының (қою, қалау) уақытша бекіту және монтаждың аяқталуы
бойынша әрдайым бекітілген ғимараттың, құрылыстың және инженерлік
коммуникациялардың биіктік бөлімдері бойынша және пландағы нақты жағдайдың
атқарушы геодезиялық түсiруi, ғимараттың конструкциялық биіктігі мен
пландағы нақты жағдайларын геодезиялық (аспаптық) тексеру құрылыс монтаждық
жұмыстарының орындалуының геодезиялық бақылау дәлдігі орындалуы керек.
Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарды ұйымдастыру негізі. Геодезиялық
қызметтің құрылымы, міндеті мен функциялары.
Әрбір ғимарат, құрылыс немесе өндірістегі құрылғы жекелеген күрделі
техникалық жүйені құрайды. Бұл жүйенің пайдалану барысында сапасы,
конструкцияны, бөліктерін және желілерін әзірлеу кезінде, салунуы мен
монтаждауда, толық жөндеуден өткізуде, реконструкциялауда бақылануы тиіс.
Тек осындай толық бақылау нәтижесінде объектіні салу мен пайдалану
толыққанды басқарылады.
Геодезиялық бақылау осы техникалық бақылау жүйесінің бір бөлігі болып
табылады.
Ғимараттар мен құрылыста болып жататын оқыс жағдайлардың негізгі
себептерін былайша жіктеуге болады:
1) сапасыз жобалау (схемаларды сызуда кеткен қателік, материалды
таңдауда кеткен қателік, инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық
ізденістің мәліметтерінің мардымсыз болуы, табиғи-климаттық, күштік және
басқа да әрекеттерді есепке алмау, және т.б.);
2) құрылыста кеткен қателік (құрылыс-монтаждық жұмыстардың сапасының
төмендігі, құрылғы, желі сияқты элементтердің өзара байланысының ажырауы,
беріктігі төмен болатты ауыстыру, бетонның сапасының төмендігі, арматура
санының азайуы, бетондау технологиясының бұзылуы);
3) пайдалу кезінде конструкцияның бұзылуы (күштік әсерден жарықтардың,
ажыраудың пайда болуы, тұрақтылықтың бұзылуы, жалғасқан желілердің жылжып
кетуі, механикалық әсерлерден иілуі, мыжылуы, қисаюы, қажалуы, физикалық
әсерлерден жоғары және төмен температураларда жарықтардың пайда болуы,
металдың коррозияға ұшырауы және бетонның бұзылуы).
Оқыс жағдайлардың қазіргі кезде көбейіп кетуіне тек қана техникалық
себептер әсер етпейді, сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар:
жауапсыздық, үнемдеу, өртеу мен жарылыстар нәтижесінде зиян келтіру,
құрылыс салудың барлық кезеңінде жүргізілуі қажет болған геодезиялық
бақылаудың төмендеуі жатады.
Әрбір өндірістік немесе азаматтық кешен мына талаптарды орындаулары
керек:
- еңбек өнімділігін арттыра отырып, өнімнің өздік құнын төмендету
арқылы еңбек тиімділігін арттыру, орнатылған құрылғының күшін толыққанды
пайдалану;
- құрылыстың, құрылғының, басқару жүйесін қаіпсіз және оқыс жағдайсыз
сенімділігін арттыру;
- жаңа технологияларды, жөндеуді игеріп, еңгізу, еңбек өнімділігін
ұйымдастыру әдісінің тиімді және қауіпсіз түрін таңдау.
Жобалаудың, жасап шығарудың, монтаждаудың және құрылысты пайдалануға
беруді қабылдап алудың талаптары мемлекеттік және салаллық стандарттарда -
МемСТ, ТУ, ОСТ, СНиП, СП, РДС, ПТЭ, және басқа да нормативті құжаттарда,
халықаралық (ИСО) және европалық (EN) негізде жасалады.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі;
1. Левчук Г.П., Новак В.Е., Конусов В.Г. Прикладная геодезия. Основные
методы и принципы инженерно-геодезических работ. – М.: Недра, 1981.
2. Андреева Ф.В. Борисенков Б.Г., Бузятов В.Г., Сытник В.С. Геодезическое
обеспечение жилищно-гражданского и промышленного строительства. - М.,
Недра, 1988.
3. Сытник В.С. Основы расчета и анализа точности геодезических измерений в
строительстве. – М.: Стройиздат, 1987.
4. Инструкция по построению государственной геодезической сети СССР. – М.:
Недра, 1966.
5. Справочное руководство по инженерно-геодезическим работам. Под
редакцией. В.Д.Большакова и Г.П.Левчука. – М.: Недра, 1980.
Достарыңызбен бөлісу: |