Мейірбекова г‡лжазира болатќызы


§ 6. Бұлтартпау шараларын қолдануда адвокаттың қызметі



Pdf көрінісі
бет25/41
Дата28.11.2022
өлшемі0,81 Mb.
#160179
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41
Байланысты:
Адвокатура лекция

§ 6. Бұлтартпау шараларын қолдануда адвокаттың қызметі 
Қамауға алғанда немесе ұсталынған кезде адвокаттың тұлғаға қорғаушы 
боп қатысқанда ерекше белсендiлiгiн көрсету керек. Себебi тергеушiлер мұндай 
әрекеттерiн жүргiзгенде көп қателiктер жiбередi. 
Айыпталушының қамауда қандай негiзде ұсталғанын адвокат қорғаушы 
ретiнде тексеруге құқылы. Қылмыстық iс жүргiзу органдарына қылмыстық iс 
жүргiзу Заңы қоғамға аса қауiптi қылмыскерлердi тез арада қамауда ұстауға 
құқық берген. Қоғамнан аса қауiптi қылмыскердi бөлiп ұстамаған жағдайда 
қоғамымыздың тұрғындары орынды ренiш бiлдiредi. Себебi қылмыскер 
жауаптылықтан заңсыз босатылса қайтадан қылмыстық әрекетке бел бұрады. 
Ал егер де, кiнәсiз немесе жеңiл дәрежеде қылмыс жасаған тұлғаны тұтқынға 
алса адвокат өз құзыретi шегiнде, кәсiптiк бiлiктiлiгiн көрсете отырып көмек 
көрсетуi тиiс.
Адвокат осындай жағдайларда қорғау қызметiн жақсы атқару үшiн тергеу 
органдарының қанда жағдайда мiндеттi түрде тұтқынға алатынын қандай 
жағдайда рұқсат етiлетiндiгiн және қандай жағдайда Заңмен тыйым 
салынатынын мiндеттi түрде бiлуi керек. 
ҚIЖК-нiң 130 бабының тәртiбiнде қамауға алу бұлтартпау шарасы ретiнде 
прокурордың санкциясымен не соттың шешiмi бойынша ғана және тек заңмен 
екi жылдан артық мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген 
қылмыс жасағандығына сезiктiге, айыпталушыға қатысты шаралары ретiнде – 
алдын ала тергеу органдары прокурордың санкциясымен немесе соттың 
шешiмiмен күзетпен ұстайды. 
Қорғауындағы адам қамауға алынған жағдайда адвокаттық қорғау iсiн 
жүзеге асыру үшiн, бiрден бiр бағыты ол – жоғары тұрған прокурорға 
бұлтартпау шарасын өзгерту немесе заңсыз деп табу туралы өтiнiш жасайды. 
Адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдану 
негiздерне қарсы өтiнгiш жасау үшiн дәлелдi негiздер қажет. 
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер: 
- айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан 
жасырынғанда; 
- iстi сотта объективтi зерттеуге және талдауға бөгет жасағанда; 
- қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырса; 
- қамауға алу, үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн қолданылады. 
Қамауға келiспеген жағдайда қылмыстық iстi жүргiзу органына қарсы 
төтеп бере алатын бiрқатар аргументтер бар. Мысал: 
1. Қамауда ұстау кiнәсiздiк презумпциясына қайшы келедi, әр адам оның 
қылмыс жасағандығы дәлелдегенге дейiн және соттың заңды күшiне енген 
үкiмiмен белгiленге дейiн Айыпталушы кiнәсiз деп саналады. Айыптаушының 
айыбын кiм мойнына қойып,айыпталушы деп табады? Бұған жауап: мемлекет, 
қылмыстық жаза құқығының субъектiсi ретiнде анықтама және ішкі істер 
органдарының тергеушілері,прокурордың санкциясымен қылмыстық іс 
қозғап,қамауға ала алады. 


64 
Мемлекет үкiм шығармас бұрын айыпталушыны әлеуметтiк құқықтық 
және тағы басқа құқықтарынан айырмайды. Адвокат қорғауындағы адамның 
айыптылығы дәлелденбегенше кiнәсiз деп тануды талап етедi. 
Тергеушi мемлекет атынан әрекет жасай отырып айыпталушыға 
бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алады. Мұндай әрекеттi жүзеге асыру 
себебi айыпталушының кiнәлiлiгiне сенiмдi болу үшін және де алдын ала тергеу 
әрекеттеріне зиянын тигізіп, бас сауғалап қашып кетпеуі үшін жасайды. 
Тергеушiнiң өз сенiмдiлiгi жеткiлiксiз, нақты негiздер қажет. 
Сонымен қатар адамды кiнәлi деп тануға құқығы жоқ. Сот қана адамды 
кiнәлi деп таба алады. Сотқа осындай өкiлеттiлiк бере отырып, мемлекет iске 
қорғаушының араласуына кепiлдiк бередi. 
2. Қамауға алу – бұл бұлтартпау шарасының ең қатал түрi, күштеп 
қоғамның бөлiп қамайды. Бөлек ұстау шарты денсаулық талабына сәйкес 
келмейдi, айыпталушы сырқат (медицина, мекемесiмен сәйкес анықтама 
тiркеледi), бөлек отырғаны оның өмiрiне қауiптi (жүрек ауруының болуы т.б.) 
немесе денсаулығына қауiптi (мұндай қауiптiң туындау себептерiн көрсету 
керек). 
3. Жоғарыда көрсетiп өткендермен қоса адвокат басқа да деректерге 
сүйенуi керек. Жеке қарастырсақ: отбасы жағдайы (жақсы отағасы, екi баланың, 
кәрi ата-ананың қамқоршысы, қорғаушысы); тұрақты тұрғылықты жерiнiң 
болуы, тұрақты жұмыс орнының болуы (нақты жұмыс орнын мекен жайы мен 
қызмет түрi). Қамауға алу, қамауға алынғанның отбасы мүшелерiн және 
туыстарын материалдық және моральдық қиындықтарға соқтырады. Сондықтан 
да бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолданбас бұрын бұлтартпау 
шараларының басқа түрлерiн қарастыруы керек. 
Практикада қамауға алу бұлтартпау шарасы аса қауiптi қылмыс 
жасалғанда қолданылады. 
Кез келген бұлтартпау шарасын заңға қайшы әрекеттер жасауға бел буған, 
дәлелдемелердi жоюға әрекеттенген, куә, сарапшыларды қорқытқан 
айыпталушыға және бостандықта жүрсе тағы қылмыстық әрекеттер жасайды 
деген күдiк келтiрсе қолданады. 
Тәжiрибеде қамауда ұстау шарасын көбiнесе қылмысты тергеу кезiнде 
қолданады. 
Анықтама тергеу органдарының, прокурордың шығарған бұлтартпау 
шарасына қамауға алу, мерзiмiн ұзарту шарасына мына тұлғалар шағым бiлдiре 
алады: 
- сезiктi; 
- айыпталушы; 
- сезiктiнiң, айыпталушының қорғаушысы; 
- сезiктiнiң, айыпталушының өкiлдерi. 
Қамауда ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн тексеру үшiн сотқа 
материалдар жiбередi. Бұл материалдарда: 
- қылмыстық iстi қозғау қаулысының көшiрмесi; 
- сезiктiнi ұстау хаттамасы; 
- айыталушы ретiнде ретiнде тарту қаулысы; 


65 
- бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қаулысы; 
- тергеушi, прокурор күзетпен ұстаудың заңдылығын, негiздiлiгiн дәлелдеу 
үшiн тұлғанын жеке басы туралы және басқа да мәлiметтер ұсынылады.
48
Осы бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзартуына шағым жасаған кезде 
бұлтартпау шарасының мерзiмiн ұзарту туралы қаулының көшiрмесiн де сотқа 
жiбередi. Қамауда ұсталынып отырған тұлға және оның қорғаушысы, заңды 
өкiлi берген шағымдарының дұрыс шешiлуiне әсер ететiн мәлiметтер ұсынуға 
құқылы. Осындай мақсатта сот қорғаушыдан, заңды өкiлiнен тағы басқа 
тұлғалардан шағымның шешiлуiне көмегi тиетiн материалдарды сұрата алады. 
Сотқа шағым түскеннен кейiн бұлтартпау шарасы ретiнде қамауда ұстау 
және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен негiздiлiгiн тексередi. 
Судья қылмыстық iзге түсу органынан iстi талап ете отырып, шағым түкен 
кезден бастап үш тәулiктен кешiктiрмей жабық отырыста прокурордың 
сезiктiге, айыпталушыға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдануға 
берген санкциясының заңдылығы мен негiздiлiгiн тексерудi жеке өзi жүзге 
асырады. Қылмыстық iзге түсу органы судьяның сұрау салуын алғаннан кейiн 
бiр тәулiктiң iшiнде оған қылмыстық iстi ұсынуға мiндеттi. Заңдылық пен 
негiздi тексеру жабық сот отырысында жүргiзiледi және прокурор мiндеттi 
түрде қатысуы керек. Отырысқа қорғаушы сезiктiнiң, айыпталушының заңды 
өкiлi де қатыса алады, шағымның қаралатын күнi туралы уақытында 
хабарландырылған кезде олардың дәлелдi себептерсiз келмеуi соттың қарауына 
кедергi келтiрмейдi. Егер де адвокат басқа сот процесiнде отырса сотқа хат 
арқылы немесе телефон арқылы шағымды қарауды басқа күнге ауыстыра 
отырып уақытын белгiлейдi. Ал егер де өз өтiнiшi бойынша белгiленген 
уақытта адвокат келмесе сот шағымды қарай бередi. 
Қажет болған жағдайда судья отырысқа сезiктiнiң, айыпталушының 
қатысуын қамтамасыз етедi. 
Қылмыстық iс бойынша адвокат iс жүргiзуде мiндеттi қатысса, ал сезiктi 
мен айыпталушы келмеген жағдайда сот тексерiсiне өздерi таңдаған 
қорғаушының қатысуына өтiнiш жасайды. Осы жағдайда сот тексеруге 
таңдалған адвокаттың қатысуын қамтамасыз етуi тиiс. Егер де таңдалып 
алынған қорғаушы ұзақ мерiзiмде (кемiнде бес тәулiк) қатысуы мүмкiн 
болмайтын жағдайларда қылмыстық процестi жүргiзушi орган сезiктiге, 
айыпталушыға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға немесе басында 
тағайындалған қорғаушыны қайта шақыртуға немесе адвокаттардың кәсiптiлiк 
ұйымы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға 
шаралар қолдануға құқылы.
49
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен 
негiздiлiгiн тексеру барысында қамауда жатқан адамның кiнәлi немесе 
кiнәсiздiгiн талқыламауы тиiс. Тексерiсте тек қана қамауға алу мен мерзiмiн 
ұзарту негiздерi қаралады. 
48
Булгакбаев А.Б. Советская адвокатура. Алма-Ата.1982. 
49
ҚР ҚIЖК 13 .12.1997. 


66 
Қамауда ұстау және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың заңдылығы мен 
негiздiлiгiн тексеруге негiздер жоқ болған жағдайда сот iс жүргiзудi, яғни, 
тексерiс жүргiзудi қысқарту қаулысын шығарады. 
Егер де сот отырысына қамауға алу және қамауға алу мерзiмiн ұзартудың 
заңдылығы мен негiздiлiгiн дәлелдейтiн материалдарды ұсынбаған жағдайда, 
солт бұл бұлтартпау шарасының түрiнiң күшiн жою туралы қаулы шығарады, 
және қамауда ұсталынған тұлғаны босатады. Судья қамауға алу бұлтартпау 
шарасының күшiн жоя отырып заңда көрсетiлген басқа да бұлтартпау шарасын 
қолдана алады. 
Сезiктi, айыпталушы, олардың қорғаушысы прокурор санкцияландырған 
қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы, сондай-ақ қамау мерзiмiн ұзарту 
шарасы жөнiнде шағымы қанағаттандырылмай қалдырылған жағдайда белгiлi 
бiр адамды нақ iс бойынша нақ сол негiз бойынша алу мерзiмi жаңадан әрбiр 
ұзартылуы кезiнде шағымның қайталап қаралуға құқығы бар. Қайталама шағым 
ҚIЖК-нiң 110 бабында көзделген тәртiппен қаралады. 
Шағым жасай отырып адвокат ҚIЖК-нiң 139 бабында көрсетiлген қамауда 
ұстау негiздерiнiң жоқ екенiн, осы бұлтартпау шарасы Заңсыз қолданылып 
отырғанын дәлелдеу керек. Қамауға алу шарасы сезiктi, айыпталушы кiнәларын 
мойындайды деп қолданылмайды. Сезiктi мен айыпталушының кiнәсiнiң 
мойындауы – бұлтартпау шарасының мақсаты емес. Егер адам көп уақытта 
қамауда болса, тiптi кiнәлi болмаған жағдайда сот алдында еркiн, сенiмдi болса 
алмай қалады. 
Қазiргi уақытта шетел азаматтарына қамауға алу бұлтартпау шарасын 
қолдануын, қолданылмауын ерекше қарастырады.
50
Егер де қамауға алу шарасы 
қолданылмаса азамат өз елiне кетiп қалу қауiпi бар, мұнын салдарынан iс 
бойынша iс жүргiзу қиынға түседi. Осындай жағдайларда адвокат жұмысы 
күрделi болады, себебi тергеушiде дәлелдi негiз болады. Мысалы,айыпталушы 
алдын ала тергеуден және соттан жалтаруы мүмкiн. Осындай негiздер 
болғандықтан бұлтартпау шарасының қамауға алу шарасын қолданады. Ал 
адвокаттың мiндетi сезiктiнiң, айыпталушының қашып кетуiне кедергi 
келтiретiн мән-жайларды көрсетуi тиiс: 
- сезiктiнi, айыпталушыны белгiленген жерде тұрғылықты жерлерiне 
тiркеуге келiсiм берiп отырған жақын туыстарының болуы.
- белгiленген жерде айыпталушының iрi мөлшердегi меншiгiнiң болуы
- жасаған әрекетiнiң қоғамға аса қауiптi дәрежесiнiң болмауы 
айыпталушының белгiленген территориясында қалуына басқа да себептер әсер 
етедi. 
Заңсыз қамауға алу, билiгiн, өкiлеттiгiн терiс пайдаланып адам, 
құқықтарын қорлау болып табылады. 
Қазiргi уақытта заңсыз қамауға алудан тұлғалар бiрнеше құқықтық 
актiлермен қорғалады. Құқықтық актiлер: халықаралық және iшкi мемлекеттiк 
болып бөлiнедi. 
Халықаралық актiлерге: 
50
Адвокатура в странах СНГ. Материалы съезда адвокатов,состоявшегося в Минске 19 апреля 1994 г. 
Ч.Адвокат. 1995.№ 8-9. 


67 
1. Адам құқықтары жалпыға бiрдей декларация (1948ж), бұл декларацияда 
әр адамның құқықтары жөнiнде жеке өмiрiне қол сұғушылық туралы, сонымен 
қатар заңсыз қамауға алынуға, ұсталынуға немесе қудалануға жол 
берiлмейтiндiгi белгiленген.
Азаматтық және саяси құқықтар жөнiнде халықаралық Пакт (1966) 
белгiлеген, әрбiр адам бостандықта өмiр сүруге және жеке өмiрiне қол 
сұғушылық құқыққа ие. Ешкiм де заңсыз қамауға немесе күзетте үсталынуға 
жол берiлмейдi. 
Iшкi мемлекеттiк актiлерге: Конституция, ҚIЖК жатады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясы тұлғаларды заңсыз қамауға 
алудан қорғайды. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар. 
Заңда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың 
санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға 
сотқа шағымдану құқығы берiледi. Прокурордың санкциясынсыз адамды 
жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ғана ұстауға болады. 
Бұлтартпау шарасы ретiнде қолданылған қамауға алу шарасына адвокат: 
1. прокурордың тiзбесi бойынша шағымданады. 
2. сотқа шағымдана алады. 
Прокурордың тiзбегi бойынша шағымдануға қадағалаушы прокурор 
қамауға алуға санкциясын бергенi жөнiнде шығарған шешiмi жатады. Егер де 
iстiң мәнi өзгерсе алдында шығарылған шешiмдi қайта қарауды қадағалаушы 
прокурордан екiншi қайтара жолығып сұрайды. 
Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқан жағдайда адвокат басқа 
өтiнiшiмен жоғары тұрған прокурорға шағымдана алады. Бұл өтiнiшiнде қандай 
себептерден қадағалаушы прокурор өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартқанын 
көрсету керек. 
Прокурордың тiзбегi бойынша өтiнiш бiлдiруге құқығы бар тұлғалар: 
сезiктi, айыпталушы, қорғаушы және заңды өкiлдерi.
Адамның ең бiрiншi, басты өтiнiш беру құқы ол – қамауға алу бұлтартпау 
шарасына және күзетпен ұстау мерзiмiнiң ұзартылуына. Азаматтық және саяси 
құқықтар жөнiнде халықаралық Пактiге сәйкес қамауға алу және күзетпен 
ұстау шарасының себептерiнiң бас бостандығынан айырылған тұлғалар сотта 
осы мәселенi талқылай алады. Сот бұл бұлтартпау шараларының заңды 
жүргiзiлгенiн тексерiп тексерiске сай қаулы шығарады. 
Адвокат бұлтартпау шарасының қамауда ұстау түрiнiң заңсыздығына 
шағымданғанда қамауда ұстамаудың себептерiн көрсетедi. Мысалы, 
сезiктiлердiк кәмелетке жасы толмаған балаларының болуы, тұрақты мекен-
жайының болуы, оң мiнездемесiн көрсетедi. Сезiктiнiң, айыпталушының 
жасаған әрекетiнiң ауыр қылмыстарға жатпайтыны және қылмысты бiрiншi рет 
жасауы, өкiнуi, тергеу органдарына жәрдемдесетiндiгi.
51
Адвокат жазалау шараларын қолдану кезiнде сотқа құқық бұзушылық 
жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның терiс қылық 
жасағанға дейiнгi мiнез-құлқын ескертуi тиiс. Сонымен қатар адвокат 
тағайыналатын жазаның сотталған адам жасаған терiс қылықтың сипаты мен 
51
Арсентьев.О.В. Адвокат в уголовном и гражданском процессах.г.Костанай.1998. 


68 
ауырлығына сәйкестiгiн қадағалауы тиiс. Егер жазаның мөлшерi сотталушының 
жасаған әрекетiне сәйкес келмесе адвокат он тәулiктен кешiктiрмей шағым 
жасауы тиiс. Тексерiлу жүргiзгеннен жаза бiр айдан кешiктiрiлмей 
тағайындалады. Жаза 24 сағаттың iшiнде, ал ерекше жағдайларда –ол 
тағайындалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей атқарылады. 
Шағымдар ауызша не жазбаша болуы мүмкiн. Ауызша шағымдар 
қорғаушы мен шағымды қабылдап алушы лауазымды тұлға қол қоятын 
хаттамаға енгiзiледi. Адвокат шағымға қосымша материалдар тiркеуге құқылы. 
Сезiктi мен айыпталушы қорғаушының берген шағымын қайтарып алуға 
құқылы. Адвокат анықтаушының, анықтау органының, тергеушiнiң, 
прокурордың, судьяның немесе соттық iс-әрекеттерi мен шешiмiне 
шағымдарды барлық анықтау iсi, алдын ала тергеу және сот талқылауын 
жүргiзу барысында бере алады. Адвокат анықтаушының, анықтау органының 
және анықтауды жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалау жасайтын 
прокурорға шағымданады. Ал прокурордың iс-әрекетi мен шешiмiне адвокат 
жоғары тұрған прокурорға шағымданады. 
Прокурор анықтаушы мен тергеушiнiң, анықтау және тергеу 
органдарының iс-әрекетiне, шешiмдерiне келiп түскен шағымды ол алынған 
кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қарауға мiндеттi. Прокурор адвокаттың 
қанағаттандырмаған жағдайда, қанағаттангдырудан бас тартқандығы туралы 
прокурордың хабарлауын алған күннен бастап бiр айдың iшiнде тиiстi 
прокуратураның орналасқан жерi бойынша аудандық сотқа бере алады. 
Осы келiп түскен шағымды он тәулiктiң iшiнде жабық отырыста судья өзi 
қарайды. Адвокат шағымдану себептерi мен прокурордың заңсыз әрекетiн 
дәлелдейтiн негiздер, құжаттар iске қатысты материалдар ұсына отырып өзi 
түсiнiк бередi. 
Iс сотта қаралып жатқанда күзетпен ұстау шарасын заңды негiз болған 
жағдайда сот шығарады. Сонымен қатар үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету 
үшiн күзетпен ұстау шарасын шығаруға құқылы. 
Адвокат күзетпен ұстау шарасын шығарғанда, үкiмнiң орындалуының 
осыған байланыстылығының тексеруi керек, яғни үкiмнiң орындалуына 
айыпталушының кедергiсi тиетiндiгiн. Егер де айыпталушының кедергiсi 
тимесе, оған бұлтартпау шарасын қолданбауын қадағалауы тиiс. Мысалы, 
шығарылған шешiм заңсыз болады, егер үкiмнiң орындалуына айыпталушы 
емес, объективтi деректер кедергi келтiрсе. Объективтi деректер: ауа райының 
тиiмдi болмауы, көп мөлшерде қар жауып, сут астқыны болса; соттың және 
басқа да әкiмшiлiк органдардың толық көлемде жұмысын орындалмауы 
(канцелярия қызметкерлерiнiң жұмысын дұрыс орындамауы, керектi 
құжаттарды кiдiрткенде, құжаттарды басқа мекемеге жiберген жағдайда сот 
орындаушылары құжаттарды жоғалтқан жағдайда). 
Мұндай қателiктер әрине тек қана алда ұйымдардың үкiмдi орындау iсiн 
жақсартады, ал күзетпен ұсталынып отырған сотталушыға өзгерiс болмайды. 
Жасы кәмелетке толмағандарға және қарт адамдарға қамауда ұстау шарасы 
қолданылмайды. Сонымен қатар адамдарға қамауда ұстау шарасы, 
мүгедектерге, ауыр сырқат жағдайында, отбасы жағдайы, аяғы ауыр әйелдерге, 


69 
нәрестесi бар әйелдерге, жалғыз аналарға, балалары көп ата-аналарға 
қоданылмайды. 
Қамауда ұстау шарасы мына жағдайларда қолданылады: 
- егер де айыптаушының әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi 
келтiрсе; 
- басқа тұлғалардың туыстарының, таныстарының, бөтен адамдардың өз 
бетiнше жасаған әрекеттерi шындықты айқындауға кедергi келтiрсе, онда 
айыпталушыны күзетпен ұстауға негiз болмайды. Ал егер де туыстары, 
таныстары бөтен адамдар айыпталушының үркiтуiмен, қорқытуымен 
шындықты айқындауға кедергi келтiрсе, онда айыпталушыға қамауда ұстау 
бұлтартпау шарасын қолданады. Бұндай жағдайларда адвокат ешқандай әрекет 
жасай алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет