Мектеп: №17 жом
|
Тәлімгер:
|
Пәні: математика
|
Тақырыбы: Математикалық әткеншек
|
Күні: 10.11.16 жыл
|
1 сынып
|
Оқу мақсаттары:
|
Бірінші тоқсанда алған білімдерін қорытындылау; шамалар мен сандарды салыстыру дағдыларын бекіту; сандар тізбегіндегі санның орындары туралы білімдерін бекіту; геометриялық пішіндер мен фигураларды анықтай білу дағдыларын дамыту.
|
Бағалау критерилары:
1.1-10-ға дейінгі сандарды қосу, азайту, компоненттерін атау. -3 балл
2.Шамалар, өлшем бірліктерді қолдану-3 балл
3.Салыстыру-3 балл
|
Дискрипторлар:
тура және кері ретпен санау дағдыларын; геометриялық фигуралар туралы білімін; шамалар туралы білімін бекітеді.
|
Тілдік мақсат:
|
Математика, шамалар
|
Сабақ барысы:
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Мұғалімнің іс –әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Ұйымдастыру кезеңі:
5 минут
Сабақтың басы
|
Психологиялық дайындық
Шамалар, фигуралар, сандар деп топқа бөлемін.
1.Литрмен нелерді өлшеп алуға болады?
Масса өлшем бірлігін ата
Ұзындық немен өлшенеді?
|
Математика сабағы қызықты өтсін деп тілек айтады.
Тобына отырады
1.Жауап береді.
2. Фигураларды атап, ережесін айтады.
3. Кеспедегі мысалдардың мәнін табады, компоненттерін атап оқиды.
|
Сандар, фигуралар
Шамалар
өлшем бірліктері
|
Сабақтың ортасы
18 минут
|
№1. 3 топқа: Математикалық пойыз.
Санға байланысты тапсырма.
№2. 2-топқа: «Қорған»
Қорған қандай фигуралардан жасалғанын табады.
№3. 1 – топқа: Орындап көр. “Сандар мен өлшемдерді салыстыру” бөлімі бойынша алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар орындатамын.
«Шығарып көр» тапсырмасын сыныпқа орындату
|
№1.Тура және кері бір таңбалы сандарды санату.Көршілерін атайды. Әр оқушы мәні 3,4,5,6,7,8,9,10 қосу, азайтуға мысалдар шығарады.Жұбы тексереді.
№2.
Конус, Цилиндр, текше, шар, пирамида.
№3. 1-кабинада “Қайсысы биік?”. Жауап: керік қояннан биік;
2- кабинада “Қайсысы ауыр?”. Жауап: піл түлкіден ауыр;
3- кабинада “Қайсысы жеңіл?”. Жауап: тышқан мысықтан жеңіл;
4- кабинада “Қайсысы аласа?”. Жауап: ит түйеден аласа;
5- кабинада “Қайсысы артық?”. Жауап: үкілер тиіндерден артық;
6- кабинада “Қайсысы кем?”. Жауап: қарғалар жолбарыстардан кем.
Жаппай орындайды, талқылайды.
|
әрбір топтағы оқушылар үшін “кабиналар” нөмірі;
әрбір оқушыға арналған әткеншекке кіру билеті.
|
Сергіту сәті
1минут
|
Қатты нөсер басылды
Күн жарқырай ашылды
Көктен төмен әдемi Кемпiрқосақ шашылды
|
жаймен тырсылдатады
қолдарымен күн жасайды
жарты доға жасайды
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
1-т: салыстыру
2-т: фигура сызу
3-т: 5,2,3 л суы бар ыдыс салу
|
Ламинадталған қағазға берілген тапсырмаларды орындайды.
|
Ламинад қағаз
|
Аяқталуы
8 минут
|
Компоненттерді атату, мысалмен
Өлшем бірліктерді атату
Кім 100-ге дейін санай біледі, санату.
|
Ауызша орындайды
|
Оқу құралдары
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
-Қай тапсырма сендерге ең қызықты болып көрінді?
-Қай тапсырма ең оңай болды?
-Қандай тапсырма ең қиын болды?
— Барлық математикалық білімді алдық деп ойлайсыңдар ма?
— Тағы не туралы білгілерің келеді?
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты.
|
|
Рефлексия
|
Жоспарланған әрекет тиімді болды ма?
|
|
Жоспарланған әрекетте не тиімсіз болды?
|
|
Келесі сабақта нені жетілдіру қажет?
|
|