Мектеп директоры: Мектеп директорының Пән бірлестік отырысында Р. Сайлаубаев оқу ісі жөніндегі орынбасары: Хаттама №1



бет1/6
Дата22.09.2023
өлшемі77,65 Kb.
#182015
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ктп 23-24
11 сынып нөлдік срез, Сборник стартовых диктантов

«Бекітемін»: «Келісемін»: «Қаралды»:
Мектеп директоры: Мектеп директорының Пән бірлестік отырысында ____________Р.Сайлаубаев оқу ісі жөніндегі орынбасары: Хаттама №1
«____» «_____________» 2023 жыл ______________С. Қабылбеков ӘБ жетекшісі: __________М.Тилемисова
«____» «_____________» 2023 жыл «____» «_____________» 2023 жыл
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Пән мұғалімі:Қабылбеков Сүйінжан Құрманұлы
Сыныбы: 6 А,Ә,Б
Пәні: Қазақстан тарих, дүниежүзі тарихы


2023-2024 оқу жылы
Түсінік хат

«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365; 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен


«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласы аясында: − бастауыш білім беру деңгейінде «Дүниетану» (1-4 сыныптар); − негізгі орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (5-9-сыныптар), «Құқық негіздері» (9-сынып); − жалпы орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады. Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 ,30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-15 (1-4 сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар) қосымшаларында, 21-30, 85-90 (10- 11 сыныптар) қосымшаларында берілген. «Адам және қоғам» саласы білім беру жүйесінде үлкен мәнге ие негізгі білім беру саласының бірі болып табылады. Бұл саланың маңыздылығының бірнеше себептері: Өзін және қоршаған әлемді түсіну: бұл білім саласы білім алушыларға өзін жеке тұлға ретінде және қоғамдағы рөлін жақсы түсінуге көмектеседі. Ол тұлғалық және әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыруға ықпал етеді. Азаматтық жауапкершілікті дамыту: осы сала аясында оқыту білім алушылардың азаматтық жауапкершілігін дамытуға және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Құндылық бағдарларын қалыптастыру: оқу пәндері білім алушыларға әділеттілік, төзімділік және адам құқықтарын құрметтеу құндылықтарын сіңіруге арналған. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту: білім алушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға ықпал етеді, бұл оларға ақпаратты талдауға, негізделген шешім қабылдауға және өз көзқарасын дамытуға көмектеседі. Қоғамдағы белсенді өмірге дайындық: білім беру саласы білім алушыларға өз құқықтары мен міндеттерін білуге, өмірде кездесетін ситауциялық жағдаяттарды шешуге, сондай-ақ күрделі әлеуметтік және мәдени ортада жұмыс істеуге көмектеседі. Тарих пен мәдениетті түсіну: «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» сияқты пәндер білім алушыларға қоғамның тарихи және мәдени аспектілерін және олардың қазіргі заманға әсерін түсінуге көмектеседі. Әлеуметтік дағдыларды дамыту: Бұл салада оқыту қарым-қатынас, ынтымақтастық, көшбасшылық, өзгерістерге бейімделу және топтық жұмыс сияқты әлеуметтік дағдыларды дамытуға ықпал етеді. 53 «Адам және қоғам» саласы бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылар үшін әлемді тарихи, географиялық және әлеуметтік тұрғыдан түсіну үшін маңызды рөл атқарады. Бастауыш білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы пәнінің мазмұны «Адам – Қоғам» жүйесі аясында пропедевтикалық білімді қамтамасыз етуге бағытталған. Білім алушылардың өткен және қазіргі әлеуметтік құбылыстарды және олардың өзара байланысын зерделеу, өз Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, отбасындағы, жергілікті, аймақтық, ұлттық және жаһандық қауымдастықтағы өз орнын түсінуге бағытталған. Негізгі орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны - білім алушылардың тарихи ойлау, бүгін және өткенді түсіну және пайымдау дағдыларын және олардың өзара байланысын, тарихи, құқықтық, экономикалық, саяси, әлеуметтанулық ақпарат көздерінің материалдары бойынша негізделген қорытындылар жасау, зерделеу, талдау дағдыларын қалыптастыру және олардың негізінде тәуелсіз пайымдаулар жасау, өз шешімдерін қабылдау; патриотизмге тәрбиелеуге, құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған. Жалпы орта білім беру деңгейінде «Адам және қоғам» білім беру саласы оқу пәндерінің мазмұны білім алушылардың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени тарихы мен құқықтық сауаттылығының негізгі мәселелері бойынша білімдерін қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғамның құндылықтарын түсінуге бағытталған. Білім алушыларда тарихи оқиғалар, құбылыстар мен процестерін талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және бағалауға негізделген тарихи ойлау дағдыларын, құқықтық нормалар, заңдар мен нормативтік құқықтық актілер негізінде құқықтық жағдаяттарды талдау, бағалау үшін қажетті құқықтық сауаттылығын дамытуды көздейді. Пәндік, мета-пәндік және негізгі құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар Пәндерді оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді, тәсілдерді және оқыту стратегияларын қолдану ұсынылады. Мысалы: Интерактивті әдістер: пікірталас, дебат, рөлдік ойындар және кейс-стади сияқты интерактивті әдістерді қолдану білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуына, өз пікірлерін білдіруге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл сыни ойлауды, коммуникативті дағдыларды және әлеуметтік белсенділікті дамытуға ықпал етеді. Жобалау іс-әрекеті: білім алушыларға әлеуметтік және тарихи проблемалармен байланысты жобаларды орындауды ұсыну оларға білімді практикада белсенді қолдануға, шығармашылық және зерттеу дағдыларын, сондай-ақ қоғамдық жауапкершілікті дамытуға мүмкіндік береді. Тарихи дереккөздерді пайдалану: тарих пен қоғамға қатысты оқу пәндерінде хаттар, фотосуреттер, артефактілер және құжаттар сияқты түпнұсқа тарихи дереккөздерді пайдалану маңызды. Бұл білім алушыларға тарихи шындыққа енуге, сол кездегі адамдардың тарихи оқиғалары мен тағдырларын түсінуге көмектеседі. 54 Сыныптан тыс іс-шаралар мен саяхаттар: сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру, музейлерге, тарихи орындарға саяхаттар білім алушылардың шынайы өмірмен танысуына, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға және материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог және талқылау: өзекті әлеуметтік және этникалық мәселелер бойынша диалогтар мен талқылаулар өткізу білім алушылардың әлеуметтік құзыреттілігі және өз көзқарастарын дәлелдей алу қабілетін дамытуға ықпал етеді. Құндылық бағдарларын қалыптастыру: құрмет, жауапкершілік және әділеттілік сияқты білім алушылардың құндылық бағдарларын дамытуға баса назар аудару маңызды. Бұл үйлесімді және этикалық саналы тұлғаны қалыптастыруға көмектеседі. Осы әдістердің бірігуі білім алушылардың белсенді азамат және терең ойлы тұлға ретінде дамуына ықпал ететін тиімді және қызықты оқу процесін құруға мүмкіндік береді. Тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру үшін «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша оқыту мынадай тарихи концептілер түсініктер) негізінде құрылуы тиіс: 1) өзгеріс пен сабақтастық (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңде қоғам қаншалықты өзгерді); 2) себеп пен салдар (мысалы, осы тарихи кезеңдегі саяси процестерге қандай негізгі факторлар әсер етті); 3) дәлел (мысалы, белгілі бір тарихи кезеңдегі өнер бізге құндылықтар, нанымдар мен технологиялар туралы не баяндай алады); 4) ұқсастық пен айырмашылық (мысалы, оқытылатын кезеңдегі мемлекеттердің саяси құрылысының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай); 5) маңыздылық (мысалы, Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызы неде); 6) интерпретация (мысалы , әр түрлі зерттеушілер осы немесе басқа тарихи оқиғаны қалай сипаттайды). Тарихи концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, процестер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл өз кезегінде пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи концептілерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде, білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу рәсімін, дағдылар мен біліктермен байланысты комбинацияларды игереді (материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет