Мектеп гигиенасына негізделген дене шынықтыру және спорт гигиенасы



бет3/6
Дата18.06.2017
өлшемі1,18 Mb.
#19307
1   2   3   4   5   6

2. Ауаның ылғалдылығын әрқашанда ауадағы су буларының әрдәйым болуы айқындайды. Ол кейбір жағдайларға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін: ауаның температурасы, теңіз деңгейінен биіктігі, жақын жердегі су қоймалары, өсімдіктер сипаты ж.б.

Ауадағы су булары серпімділіктермен айқындалады және мм сынап бағанасымен өлшенеді. Су буларының ауадағы мөлшері өскен сайын серпімділік арта түседі. Әрбір ауаның температурасына белгілі бір су буларының қаныққан шегі бар. Су буы шегінен шыққанда ылғалдылық тұманға айналады, шыққа, қырауға ж.б. айналады. Ауаның ылғалдылығы келесі негізгі түсініктемелермен берілген: абсалютті, максимальді және салыстырмалы ылғалдылық деп.

Абсалютті ылғалдылық – немесе су буының (г) 1 м3 ауадағы сол уақыттағы саны, немесе олардың мм с. Бағанасымен өлшенгендегі серпімділігі.

Максимальді ылғалдылық – белгілі бір температурадағы 1м3 су буымен қанықтыру үшін кететін мөлшері немесе белгілі бір температурада немесе су буының (г) ауаны толық қанықтыру кезіндегі серпімділігі.

Салыстырмалы ылғалдылық – абсалютті ылғалдылықтың максмальдіге пайызбен есептегенде, басқаша айтқанда су буымен ауаны сол тексеру уақытына қанығу пайызы. Салыстырмалы ылғалдылық келесі формула бойынша есептележді: О с.ы. = А : М . 100 %; бұндағы О – салыстырмалы ылғалдылық (%); A – абсалютті ылғалдылық ( мм с. б.); М – максимальді ылғалдылық (мм с. б.).

Атмосфералық қысым. Жер шарын қоршап тұрған ауаның қысымы бар және оны атмосфералық немесе барометрлік қысым деп атайды. Ол мм с. б.



Тексеру сұрақтары: Ауаның адам үшін маңызы қандай? Климат деген не? Ауаның физикалық қасиеттеріне не жатады? Ауаның химиялық құрамы қандай? Механикалық қоспаларға нелер жатады? Бактерийлермен ластану қалай жүреді? Ауаның адам үшін қолайлы температурасы қандай? Ауаның ылғалдылығы деп нені айтады? Ол неге байланысты? Абсалютті ылғалдылықты қалай есептеуге болады? Максимальді ылғалдылық неге байланысты? Салыстырмалы ылғалдылықтың формуласы қандай?

Әдебиет: 1. : Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

3. Тақырыптың аты: Су және топырақ гигиенасы

Мақсаты: Cудың адам өміріндегі алатын орнын, гигиеналық маңызын, ауыз судың сапасына қойылатын талаптарын, судың органолептикалық қасиетін: иісі, түсі, мөлдірлігі, дәмі, температурасы, судың химиялық құрамын, судың эпидемиологиялық маңызы мен бактериологиялық ластануынын студенттерге толық деңгейде жеткізу.

Тірек сөздер: судың физиологиялық қажеттілігі, санитарлы-гигиеналық шаруашылық қажеттілігі, шыңдалу, емдік дене шынықтыру, су спорт түрлері, топырақтың құрамы, қасиеті, биохимиялық процестер, эпидемиологиялық қауіпсіздігі, радиоактивті бүліну, органолептикалық қасиеттері, ішек таяқшаларының топтары, коли – индексі, коли – титрі, иісі, түсі, дәмі ж.б.

Негізгі сұрақтар:

  • сумен қамтамасыз ету көздеріне гигиеналық сипаттама

  • топырақтың химиялық құрамы

  • сулы тазалау және зарарсыздандыру

  • ауыз суының химиялық құрамы

Қысқаша мазмұны: 1.Су – сыртқы ортаның ең негізгі факторы болып есептеледі. Ол адамның физиологиялық, санитарлы-гигиеналық және шаруашылық қасиеттерді қанағаттандырады. Су адамның ұлпалар мен мүшелер құрамына кіреді де, барлық физико-химиялық үрдістерге қатысады, көптеген физиологиялық қызметтер атқаруда, ағзадан зат алмасудан қалған заттарды сыртқа шығару, дененің жылу беруін тер бөлу арқылы реттеу. Су дене тәрбиесінде (шыңдалу, дене жаттығуларының емдік қасиетінде, жеке гигиена да, су спорт түрлерінде) кеңінен пайдаланылады.

2. Топырақ – бұл да сыртқы ортаның бір факторы болып есептелінеді. Онда, оның құрамында биохимиялық үрдістердің қарқынды өтуіне, адамның өмір сүру жағдайына әсері көп. Кейбір жағдайларда топырақтың адамға теріс әсері тиуі мүмкін; өсімдік пен жануарлар азықтарының сапасына және жалпы тіршіліктің санитарлық жағдайларына тікелей байланысты.

Судың пайдалы әсерінен кейбір жағдайларда кері әсері болады. Бұл тек ауыз су үшін және тамақ әзірлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге суға шомылу кезінде және су спорт түрімен шұғылданғанда да болады. Ластанған су жұқпалы аурулардың жұғуына себепші болады: сүзек, іш өту және б. Су арқылы личинкалардың гельминттері және протозоо қоздырушы аурулары жұғады. Патогенді микробтар суға әртүрлі лас қалдықтар мен өнімдердің ақырғы заттарымен түседі. Дүниежүзілік дәрігерлер қоғамының деректері бойынша ауыз суының сапасының төмендігінен жыл сайын 5 млн. Адамдай қайтыс болады.



3. Гигиеналық қалып бойынша ауыз суына келесі талаптар қойылады: 1) эпидемиялық жағынан ауыз суы қауіпсіз болуы қажет, патогенді микробтар, бактерийлер болмауы керек, гельминттердің жұмыртқалары мен личинкалары және басқа да ауру қоздырғыштардың да болмағаны жөн; 2) химиялық құрамы жағынан таза болуы керек, тұздардың мөлшерден тыс болм ағаны, адам денсаулығына теріс әсері, улы және радиоактивті заттардан бос болуы керек.; 3) органолептикалық қасиеттері жағынан жағымды болуы қажет (мөлдір, түссіз, иіссіз, белгілі бір температурада, дәмі болмағаны жөн).

Эпидемиялық жағынан судың қауіпсіздігін бактериологиялық көрсеткіштерін жанама әдіспен анықтайды: 1) жалпы бактериологиялық ластану деңгейі, 2) құрамында ішек таяқшаларының болуы. Біріншісі микробтардың суда өмір сүруіне қаншама қолайлы немесе қолайсыз жағдайлардың болуы, соның ішінде ауру тарататын. Бұнда 1 мл судағы микробтардың жалпы санын анықтау, қалып бойынша 1 мл ауыз суында 100 микробтан артық болмауы керек.

Судағы патогенді микробтарды анықтау күрделі және ұзақ уақыт алатын жұмыс. Судың бактерийлермен ластануына адамның фекалиі (нәжіс пен несеп) көп әсер етеді. Оның көрсеткіші ретінде ішек таяқшасы алынған, ол таяқша адам мен жануарлардың ішектерінде кездеседі, сонда паналайды.

Екінші көрсеткіш – ішек таяқшаларының судағы құрамы – коли – индексі немесе коли – титрімен анықталады. Коли –индекс – бұл 1 л судағы ішек таяқшаларының саны; коли – титр – бір ішек таяшасын табу үшін кеткен ең аз су мөлшері (көлемі). Коли – индексті анықтау үшін жарғақты фильтр (сүзгіш) тәсілімен анықталады. Судың су құбырының коли – индексі үштен аспауы керек, ал коли – титр 300 мл болуы қажет. Жасанды бассейіндердің суының коли – титрі 100 мл болуы керек.



4. Органолептикалық қасиеті: 1) иісі, дәмі, түстілігі, лайлығының рұқсат етілген өзгерістерінің қарқындылығы; 2) химиялық заттардың құрамы, сол көрсеткіштерді нашарлататын ең аз концентрациясының зияндылығын анықтау.

Көрсеткіші

нормативі

Иісі 200C және 600C қыздыру кезінде, баллдан артық болмауы керек

Дәмі, татымы 200C кезінде, баллы артық болмауы керек

Түстілігі, градусы, артық болмауы керек

Лайлылығы стандартты шкала бойынша, мг/л, артық болмауы керек



2
2

20
1,5




Сутегі көрсеткіші, рН (органолептикалық қасиеті)

Темір(Fe), мг/л, артық болмауы керек

Жалпы кермектілігі, мг- экв/л, артық болмауы керек

Марганец, мг/л – 0,1; Мыс – 1,0; Хлоридтер – 350; Цинк – 5,0



6,0-9,0

0,3


7,0

Ауыз суының химиялық қалыпты құрам көрсеткіші: Алюминий- 0,5 мг/л, артық болмауы керек; Берилий – 0,0002; Молибден – 0,25; Мышьяк – 0,05; Нитраттар – 45,0; Қорғасын – 0,03; Cелен – 0,001; Стронций – 7,0; Фтор – 0,7 – 1,5.

Cумен қамтамасыз етуге гигиеналық сипаттама беру

Жерасты сулары

Ашық сулар

Су көздерін санитарлық жағынан зерттеу

Суды тазарту және зарарсыздандыру: хлорлау, суды озондау, ультракүлгін сәулелерімен.

Тексеру сұрақтары: Судың адам ағзасына қажеттілігі қанша? Судың құрамы қандай? Судың дене шынықтыру қалай пайдаланады? Судың гигиеналық сипаттамасы қандай? Судың зиянды қасиеттері қандай? Коли индекс пен коли титр деген не? Олар қандай өлшемдер? Судың органолептикалық қасиеті дегенді қалай түсіндіруге болады? Судағы микроэлементтердің құрамы қандай және қанша болуы тиіс?

Әдебиет: : Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

4. Тақырыптың аты: Спорттық ғимараттардың гигиеналық негіздері

Мақсаты: Спорт құрылыстарының жарықтандырылуына, ауа тазартылуына, жылу жүйелеріне, жасанды бассейіндерге, сауықтырушы дене тәрбиелеу құрылыстарына қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды студенттерге үйретіп мағлұмат беру.

Тірек сөздер: Спорттық құрылыстар, ғимараттар, администрациялық, шаруашылық, инженерлік – техникалық қызметтер, трибуналар, павильондар, фойе мен буфеттер, гардеробтар, душтар, массаж жасайтын жерлер, арбитрлер бөлмелері ж.б.

Негізгі сұрақтар:


  • Құрылыс материалдарына қойылатын гигиеналық талаптар

  • Спорттық ғимараттардың жарығына қойылатын гигиеналық талаптар

  • Спорттық ғимараттардың жылуы мен желдетілуіне қойылатын гигиеналық талаптар

Қысқаша мазмұны: 1.Спорттық ғимараттар – бұл арнайы салынған және соған сәйкес жарақталған жабық немесе ашық, оқу – жаттығу үрдісін және әр түрлі спорт түрінен спорттық жарыстар өткізетін арнайы құрылыстар.Олар негізгі топқа (А) және қосалқы бөлмелер мен құрылымдар (Б) болып бөлінеді. Жанкүйерлер мен көрермендерге (В) және дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындарға арналған бөлмелер. Сонымен бірге спортпен шұғылданатындар мен жарысқа қатысатындарға қызмет атқаратын: гардеробтар, душтар, массаж жасайтын бөлмелер, моншалар, арбитрлер бөлмелері ж.б.

1.1. Құрылыс материалдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Бөлмелерді қыста салқыннан, жазда ыстықтан қорғайтын, атмосфералық жауындарға және шулардан құрылыс материалдарының белгілі қолайлы физико – гигиеналық қасиеттері болуы керек: жылу мен дыбысты нашар өткізетін, ылғалды аз өткізетін және ауа өткізгіштігі жеткілікті.

Әшекейлеу материалдарын таңдағанда, олар денсаулыққа зиянсыз, ұзақ қызмет ететін, жақсы дыбысты сіңіретін қасиеттері, өртке қарсы тұра алатын және эстетикалық жағынан қолайлы болғаны жөн.

Спорт объектілерінің (нысандарының) құрылыстарын жүргізгенде салыну бағытын түстікке қарай байланысты болуы керек (оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс).

2.Спорттық нысандардың жарықтандырылуына қойылатын гигиеналық талаптар

Спорттық нысандарды табиғи және жасанды жарықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарықталуы жеткілікті, бірқалыпты және шағылыспауы қажет.

Жарықтың қалықаралық бірлігі ретінде люкс (лк) – 1 м2 жазықтыққа 1 люмен (жарық ағымының бірлігі) жарық ағыны тең бөлініп түсуі қажет.

Тікелей табиғи жарық спорт залдарында, сабаққа дайындалу залдарында, ванналар мен бассейіндерде, жабық жасанды мұз айдындарында, қызметтік бөлмелерде, шаңғы трассаларында, сөре мен мәреде тау шаңғы трассаларында.



3. Спорттық нысандардың жылу мен желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар.

Жылу жүйелері

Желдету жүйелері

Жасанды желдетулер

Спорттық саймандар, құралдар мен синтетикалық еден жапқыштарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Дене шынықтыру- сауықтыру нысандарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Ашық спорт нысандарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Жеңіл атлетика жаттығуларына арналған нысандарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Шаңғы спортының нысандарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Коньки спортының нысандарына қойылатын гигиеналық талаптар.

Ескек есу базалары.

Ашық жүзу бассейіндері.



Тексеру сұрақтары: Спорттық нысандар мен гимараттарға қойылатын гигиеналық талаптар қандай? Олар қандай топтарға бөлінеді? Көрермендерге салынатын нысандар қай топқа жатады? Жаттығулар мен жарысқа дайындық нысандары қандай топқа жатады? Көрермендерге салынатын нысандардың ішіне қандай қосалқы бөлмелер мен құрылыс объектілері жатады? Құрылыс материалдарына қандай гигиеналық талаптар қойылады? Спорт нысандары мен гимараттарды жарықтандыруға қандай гигиеналық талаптар қойылады?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

5. Тақырыптың аты: Спортшының жеке басының гигиенасы

Мақсаты: Жеке бас гигиенасына: күнделікті тәуліктік кесте, дене мен ауыз қуысының тазалығы, жыныстық өмірдің гигиенасы, зиянды әдеттерден арылу үшін студенттерге тек қана мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен бірге денсаулыққа тікелей маңызы бар екенін түсіндіру.

Тірек сөздер: Күнделікті тәуліктік кесте, биологиялық ырғақ, жауапты жарыстарға дайындық, терініт күту,қол мен аяқты күтіп бағу, шашты күту, пиодермия, су сабындар, кремдер мен майлар, децибел ж.б.

Негізгі сұрақтар:

  • Спорт ғимараттардағы шудың алдын алу

  • Жауапты жарыстарға дайындық кезіндегі спортшының тәуліктік кестесі

  • Тері ауруларының алдын алу

Қысқаша мазмұны: 1. Спорт нысандарындағы шудың алдын алу үшін құрылыс кезінде ескерілетін жағдайлар. Әрдайым спортшының ағзасына жағымсыз себептердің сыртқы спорттық ортадан әсері патологиялық немесе патология алды жағдайларға әкеліп соғады.

Спорттық нысанға байланысты шулар сыртқы (мысалы, автокөліктердің) және ішкі (спорттық шулар мен көрермендердің шуы). Шулар тұрақты және тұрақсыз болып бөлінеді. Тұрақтыларына жататындары ол желддеткіштің шуы, тұрақсыздарға (құбылмалы, уақытқа байланысты, үзілді – кесілді және импульстік) – ауыр атлетикамен, ату спорттарымен айналысқандағы шулар.

Тұрақты шу дыбыс қысымы деңгейінде децибелмен (дБ) бағаланып білгілі бір октавалық жолақтарда болса, тұрақсыздары – дыбыс деңгейінің эквивалентті қуатына (дБА) байланысты. Спорттық қарулардың атылуы кезінде 96 – дан 128 дБА дейін болады, ауыр атлетика залдарында 80-нен 132-ге дейін.

2. Жауапты жарыстарға дайындық кезінде тәуліктік кесте болатын күндеріне қарай есептелініп негізделеді (аптаның күніне, жарыс уақыты, уақыт айырмашылығына). Жаттығу үрдісі мен күн кестесін солай жоспарлау қажет, ең максимальді жұмыс қуаттылығы сол күндер мен сағаттарға келуі тиіс.

Көп күндік жарыстар мен турнирлерде қалыпты кестені бұзудың қажеті жоқ. Жаттығу сабақтарын жарыс болар алдында бірер сағат бұрын өткізнген жөн. Кейбір адамдарда тәуліктік жұмыс қабілеттілігінің ауытқуы байқалады. Соған байланысты шартты түрде адамдарды үш категорияларға бөледі: «кептерлер»(аритмиктер), «жапалақтар», «бозторғайлар».

Ел бойынша халықтың жартысына жақыны «кептерлерге», немесе «аритмиктерге» жатады. Олар көбінесе кез келген жұмыс кестесіне бейімделе алады, сондықтан да кез келген уақытта жақсы жұмыс атқара алады, егер ондай қажет туып жатса. Халықтың 35% - «жапалақтар». Бұлардың жұмыс қабілеттіліктері әсіресе таңғы сағатарда өте төмен. Күннің бірінші жартысы бойына олардың жұмыс қабілетіліктері, көңілдері жоғарлай түседі де екінші жартысында өзінің шыңына жетеді. Әсіресе «жапалақтар» кешкі уақыттарда тиімді жұмыс атқарады. Халықтың 15% - «бозторғайлар». Олар ерте тұрады, көңіл- күйлері жақсы және жоғары жұмыс қабілеттілікті күннің бірінші жартысында көрсете алады.

3. Іріңдеген тері ауруларының алдын алу үшін ол теріні жақсы күту керек. Іріңдеген аурулар жарақатталған теріге немесе май және тер бездеріне патогенді микробтардың келіп түсуінен болады. Ол дегеніміз жеке гигиенаны сақтау, таза киіну (спорт киімдеріде), спорттық саймандардың да таза болғаны жөн.

Тексеру сұрақтары: Спорттық орта себептері дегеніміз не? Сыртқы шу қайдан пайда болады? Ішкі шулардан қалай құтылуға болады? Егер болса, оның қандай амалдары бар? Децибел дегенімі не? Ол нені көрсетеді? Шулардан адам ағзасының қай жерлері зардап шегеді? Тері қотырларынан қалай арылуға болады? Оларды қалай емдеу керек? Тазалықтың бұнда атқаратын қызметі қандай?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

6. Тақырыптың аты: Денсаулықты бұзатын – зиянды әдеттер

Мақсаты: Сауықтыру өмір салтының денсаулықты бұзатын зиянды әдеттерден: темекі тарту, алкоголь ішімдңктеріне салыну және есірткіге әуестенуден жастардың мүлдем бас тартуын үгіттеу және насихаттау.

Тірек сөздер: Сауықтыру, зиянды әдеттер, темекі (шылым) шегу, арақ пен шарап ішімдіктеріне салыну, есірткілерді спортта пайдалану, этиль спирті.

Негізгі сұрақтар:


  • Темекі тарту

  • Алькогольді ішімдіктер

  • Есірткілер

Қысқаша мазмұны: 1. Темекі тарту, алкоголь ішімдіктер мен есірткілерді пайдалану бұл денсаулықты бұзатын (кейбір мүшелерге тікелей әсер етуі) зиянды әдеттер. Олар адамның жұмыс қабілеттілігіне, еңбек пен шығармашылық қызметтеріне теріс әсерін тигізіп қауіпті ауруларға әкеліп соғады да, әлеуметтік талан – таражға сүріндіреді. Зиянды әдеттер спорттық кестеге мүлдем қайшы келетін, спорттық «формасын» жоғалтатын жағдайға әкеледі.

Темекі тарту – зиянды және қауіпті әдет, оның дамуы шартты рефлекс негіздері бойынша дамиды.

Темекі тарту кезінде темекі түтінімен бірге қырықтан астам адам ағзасына зиянды заттар енеді: никотин, көміртегі тотығы, синиль қышқылы, шайыр (смола) заттары. Никотин күшті у; адамды өлтіру үшін 50 мг жеткілікті. Бір сигаретаны шеккенде адам ағзасына 1 мг никотин енеді екен.

Жүйелі темекі шегу орталық нерв жүйесіне, яғни бүкіл ағзаға әсері бар деген сөз. Олардың бастары жиі ауырады, басы айналады, құсқысы келеді, ұйқы кетеді, ой жұмысы мен жалпы жұмыс қабілеттілік төмендейді. Темекі тартатындарда жүрек қан тамырлар ауруларымен қатар тыныс алу жолдары да зардап шегеді.



2.Алкогольді ішімдіктер денсаулықты бұзып қана қоймай сонымен бірге жалпы жұмыс қабілеттілікті төмендетеді. Алкогольді (этиль және шарап спирті) алу үшін бидай мен көкөністерден немесе синтетикалық жолдармен алады. Дұрыс тазартылмаған спирттің құрамында улы қоспалар болады. Этиль спирті белгілі бір тазартудан өткенде оны ректификациядан өткесін оны таза немесе ректификат.

Этиль спирті есірткі заттарына жатады. Ол жасушалардың тіршілік деңгейін төмендетіп ферментативтік және тотықсыздандыру үрдістерін бұзады. Алкоголь сонымен бірге нерв талшықтары бойымен импульстердің өтуін тежейді, зат алмасу үрдісі бұзылады.

Қанда алкоголь ұзақ болмайды, бірақ маңызды мүшелерде (мида, бауырда, жүректе, қарында) жиналып кідіреді (15 күннен 28 күнге дейін).

3. Есірткіні тек бір рет пайдаланғанның өзінде ағзаға әсері өте зор болады да наркомания ауруына шалдықтырады. Есірткілерге жататын: опиум және оның туындылары (морфий, героин, деонин, кодеин ж.б.); кокаин; үнді сорасы (конопля)(гашиш, шира, анаша ж.б.); кейбір ұйықтататын дәрілер (веронал, люминал, барбамил ж.б.). Есірткілік заттар кейбірде медицинада қолданылады, себебі ауруларды уақытша басады, тыныштандырады, ал кейбірде қоздырады да. Ондай дәрі-дәрмектерді қолдануға тек қана дәрігер бере алады.

Ағзаға енгеннен кейін сірткі ағзада эйфория (қозу) жағдайын туғызады. Сонымен бірге сана сезімде «естен тану», шындықты қабылдау әсері бұзылады, қозғалыс координациясы мен ойлау қасиеті жоғалады.



Тексеру сұрақтары: Зиянды әдеттерге нелер жатады? Денсаулықты ауруға шалдықтыратын зиянды әдеттерге не жатады? Темекінің зияны неде? Зияндылығына қарамай көп адамдар неге темекі шегеді? Темекінің құрамында қандай зиянды заттар бар? Адамды өлімге әкелу үшін никотиннің қанша мг жеткілікті? Алкогольді ішімдіктердің зияны неде? Тазартылған спиртті қалайдеп атайды? Зияндылығына қарамай адамдар неге қолдан улы ішімдіктер жасайды? Алкогольдің нерв жүйесіне әсері қандай? Әсіресе қандай мүшелер алкогольдан зардап шегеді? Адамдар неге есірткіге әуес? Оның зияндылығы неде? Адамдар қандай есірткі заттарды пайдаланады?

Әдебиет: Лаптев А.П., Полиевский С.А. Гигиена: Учеб. для ин-тов и техн. физ. культ. –М.: Физкультура и спорт, 1990. 2. Лаптев А.П., Малышева И.Н. Практикум по гигиене: Пособие для инститов физической культуры. М., Физкульура и спорт, 1981.

7. Тақырыптың аты: Шыңдалудың гигиеналық негіздері

Мақсаты: сауықтыру мен шыңдалудың денсаулыққа қаншама пайдалы екенін түсіндіру. Олардың ой және жалпы жұмыс қабілеттілігіне тигізетін әсері (өзін жақсы сезіну, сергектік, көңіл-күйдің жоғарлылығы) туралы толық мәлімет беру.

Тірек сөздер: Шыңдалу, гигиеналық шаралар, ағзаның тұрақтылығын жоғарлату, метеорологиялық себептер, салқын, жылы, күн радиациясы, шыңдалу негіздері, жүйелілік пен бірте-бірте шыңдалу, шыңдалудың әр түрлілігі мен амалдары, ауамен шыңдалу, ауа ванналары, сумен шыңдалу, су құю мен ысқылау, душ қабылдау, ашық суларда қыста суға түсу, қармен ысқылау.

Негізгі сұрақтар:

  • Шыңдалудың гигиеналық негіздері

  • Ауамен шыңдалу

  • Сумен шыңдалу

Қысқаша мазмұны: 1. Шыңдалу бұл гигиеналық шаралардың жүйелі түрі, адам ағзасының сыртқы қоршаған ортаға оның жағымсыз әсерлеріне қарсы тұру амалдарының бірі. Әсіресе метеорологиялық себептерге (салқындыққа, ыстыққа, күн радиациясына, төменгі атмосфералық қысымға) қарсы тұру. Жүйелі түрде өткізілген шыңдалудан адамдар көптеген аурулардан аулақ жүруге, өмірін ұзартуға және көп жылдарға жұмыс қабілеттілікті сақтауға тікелей әсері бар.

Шыңдалу дене тәрбиесінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Адамдарды жоғары өнімді еңбекке және Отан қорғауға тиімді амалдардың бірегейі.

Шыңдалу бүкіл ағзаны жаттықтырудың өзіндік түрі, термореттеу аппаратының әртүрлі метеорологиялық әсерлерге дайындау. Арнайы тітіркендіргіштер арқылы және де нерв арқылы реттеу кезінде ағзада белгілі қызметтік жүйелер құралады, олар бейімделу әсерін қамтамасыз етеді.

Сонымен шыңдалу кезінде ағза өзінің температурасын сақтауға мүмкіншілік алады және басқа да физиологиялық қызметтердің көрсеткіштері метеорологиялық себептерге тұрақтылық сақтайды. Оны шыңдалудың арнайы эффектісі деп атайды.

Арнайы емес шыңдалу ағзаға сауықтыру әсерінің ең маңыздысы болып айқындалады. Шыңдалу процедуралары (жосығы) дене және ой жұмыстарын жоғарлатуға, денсаулықты нығайтуға, аурушаңдықты төмендетуге бағытталған.

Шыңдалу негіздері: жүйелілікті, бірте-біртелілікті және ақырындықты, бір ізділікті; жеке адамның ерекшеліктерін есептеу; амалдар мен түрлердің әр түрлілігі, белсенді күнделікті кесте, жалпы және жергілікті жосықтарды үйлестіру, өзін-өзі бақылау.



2. Ауамен шыңдалу (ауа ванналарын қабылдау) – ең «нәзікті» және қауіпсіз шыңдалу жосығы. Шыңдалуды ауа ванналарынан бастаған жөн.

Ауамен шыңдалу ол оның температурасына байланысты. Сонымен бірге ауаның ылғалдылығы мен ауа қозғалысының жылдамдығында ескерген жөн. Ауа ванналары: жылы (ауаның температурасы 20-300C), салқын (ауаның температурасы 14-190C) және өте салқын (100C төмен). Әрине бұндай градацияға бөлу шартты және жәй адамдарға ғана есептелген.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет