Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары туралы қазақша реферат



Дата08.07.2018
өлшемі27,11 Kb.
#48394
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары туралы қазақша реферат

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:

1) физкультура сабақтары;

2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);

3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).

Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.

Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.

Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).

Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.

Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.

Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл – қозғалдыс кезіндегі бірте – бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.

Балаларды таза ауадағы қимыл –қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.

Физкультура сабақтары – балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.

Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.

Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.

Тәрбие-білім беру міндеті сабақ процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, физкультура мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған. Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.

Ертеңгілік гимнастика– баланың отбасындағы, балабақшадағы күнделікті режимінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады.

Ертеңгілік гинастиканың маңызы саналуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады

Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі.

Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.

Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) – естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.

Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканыңэмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.

Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.

Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.

Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін қызықты дене жатттығуларымен және ойындармен ұштастырылған шынықтыру шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін вегативтік жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды.

Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді.

Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен балаларының өз беттерінше айналысуы.

Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.

Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.

Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.

Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.

Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.

Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.

Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.

Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.

Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады7

КМҚК «Балерке» балабақшасы


Баяндама


Тақырыбы: Мектепке дейінгі дене тәрбиесінің әдістемесі мен теориясы

Орындаған:Жумашева А.Ж.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет