Мектепте, сыныпта тәрбие жұмыстарын жоспарлау Орындаған: Қалдыбек Айша, Керімқұлова Гүлжанар мо-21-1 тобы Тексерген: Ордабаева Раушан Билановна Жоспары
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау. Жоспарлаудың қызметтері. Жоспарлауға қойылатын талаптар және жоспарлаудың түрлері.
Педагогикалық моделдеудің қағидалары – сынып жетекші іс-әрекетінің негізі.
Жалпы мектептік тәрбие жұмыстарының жоспары, оның құрлымы мен мазмұны.
Тәрбие жұмыстарын жоспарлау процесінде педогогикалық және оқушылар ұжымының өзара әрекеттестігі.
Жоспарлау – бұл тәрбиешінің педагогикалық және сынып ұжымының оқу-тәрбие процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын.
Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді
Жоспарлау – мақсатқа жетудің бірден-бір негізгі жолы
Тәрбие берудің стратегиялық жоспарын әзірлеу алдында әр буындағы тәрбиешілермен ұйымдастырылатын жұмыс формалары мен тәрбиеленушілердің жас ерекшелігіне сай тақырыптарын айқындап алуы шарт. Басым стратегиялық 5 бағыты айқындалды
Психологиялық сөздіктерде «Мотивация – түрткі, ниеттену, жеке тұлға әрекетінің сипаты, мазмұны және оның мінез-құлқының жиынтығы» деп қарастырылған. Мотивация өзіңді немесе басқаны жеке тұлғалық мақсатқа және ұйымның мақсатына жетуге әрекеттенуге ниеттену процесі.
Тәрбиеленушілердің сапалық деңгейлерін бағалау өлшемдерін қалыптастыруда алшақтату мотивациясы – бұл төменгі деңгейдегі (тұрақсыз, қызығуы жеткіліксіз, немқұрайлы) тәрбиеленушілермен жұмыс жасау.
Жетістікке ұмтылу мотивациясы – бұл орта деңгейдегі (қызығушылығы бар, бірақ бағдары айқын емес) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.
Белсенділік мотивациясы – бұл жоғары деңгейдегі (ізденімпаз, өзіндік идеясын ұсына білетін) тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізу.