04.04.2021
ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ
Бейнелеу өнері
Өнер атаулының табиғаты мен оның дамушы бала тұлғасына әсер ету ерекшеліктерінен шыға отырып, «Өнер» білімдік аймағына кіретін пәндерді оқытудың негізгі мақсаты мен міндеттерін төмендегідей айқындалды:
рухани бай және эстетикалық тұрғыдан дамыған, өз халқын, оның мәдениеті мен өнерін сүйетін, өзге халықтардың дәстүрі мен әдет-ғұрпын құрметтейтін адам тәрбиелеу;
оқушылардың бойында білім мен нақты өнер түрлеріндегі қалыптастыру, әртүрлі өнер түрлерінің тілін меңгеруге көмектесу.
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерi пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – оқушылардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, қоршаған орта әсемдігін сезіну және өнер шығармаларын бейнелi қабылдау қасиетін, көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру. Бастауыш деңгейінде композициялық шешім негізінде бейнелеу, безендіру, құрастыру, живопись, графика, жапсыру және сәндік-қолданбалы өнер бойынша қарапайым бiлiктер мен дағдылардың негiзi қаланады.
Пәннiң оқу-тәрбиелiк мiндеттерi:
- оқушылардың көркем-шығармашылық қабiлеттерi мен бейiмдерiн, фантазиясын, көру-бейнелiк жадысын дамыту, шығармашылық даралығын қалыптастыру;
- композициялар, гүлтану, пропорция, көлем, перспектива, көлеңке түсiру, техникалардың әрқилылығы заңдары туралы алғашқы бiлiмнiң қажеттi көлемiн қалау;
- кеңiстiктiк түсiнiктi, болмысты көркем-бейнелi қабылдауды, түстiк байлықтардың үйлесiмдiлiгiне деген сезiмд i қалыптастыру;
- отандық және әлемдiк өнер мұраларымен таныстыру.
2010-2011 оқу жылында «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010 ) сәйкес дайындалған бастауыш білім берудің типтік оқу жоспары мен білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары арқылы жүзеге асырылады.
Тапсырма: Презентация жасау
Достарыңызбен бөлісу: |