Тақырыбы: Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда!
Тренинг ережесі:
Тыңдай білу
Сөзді бөлмеу
Белсенділік
Шығармашылық
Төзімділік
Сыйластық
Мақсаты:оқушылардың өзіне деген сенімділігі мен өзін өзі көрсете алу дағдыларын қалыптастыру. Алдына қойған мақсатына жетуге деген тілегін қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- топтағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
Өтілу барысы:
Кел танысайық жаттығу. 5 мин
«Жетістік қадамы» жаттығуы. 7 мин
«Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда » видеосы. 7мин
«Бес саусақ » жаттығуы. 10 мин
«Ризамын» релаксациясы. 10 мин
«Рахмет саған !» рефлексиясы. 6 мин
Кел танысайық жаттығуы.
Мақсаты: оқушыларды бір-бірімен амандасуы.
Шарты: жүргізуші алқанын соғады,оқушылар бір –бірінің қолын қысады. жүргізуші қоңырау соғады,оқушылар бір –бірінің арқаларын сипайды.
жүргізуші сылдырмақты сылдырлатады,оқушылар мұрындарымен амандасады.
Талдау: сізге қай қимылды көрсеткен қиын болды? Қай қимыл сізге ұнады?
«Жетістік қадамы» жаттығуы
Мақсаты: үлкен жетістіктерге кішкене қадамдар арқылы жете алатындарын түсіндіру.
Шарты: оқушылар біраз күн бұрын жасаған жетістіктерімен бөліседі.
Талдау: еске түсіру қиын болды ма? жетістікке жету жолы қиын ба?
« Жетістікке жетудің кілті өз қолыңда» видеосы.
Мақсаты: жетістікке жетудің жолдарын түсіндіріп, көрсету.
Талдау: видеоден не түйдіңіз?қандай әсер алдыңы?айтылған ойлармен келісесіз?
« Бес саусақ» жаттығуы
Мақсаты: жетістікке байланысты құндылықтарды тұлға бойына қалыптастыру.
Шарты: оқушыларға бес саусақтың суреті беріледі,әр саусаққа оқушылар өз қалаулары бойынша жетістікке жету жолдарын жазады.
Талдау: жетістікке жету жолдарын жазу қиын болды ма? сіздің ойыңызша жетістікке жетудің басты құндылығы не?
«Ризамын» релаксациясы
Мақсаты: оқушыларды тыныштандырып,ойларын бір жүйеге келтіру.
Шарты: Барлығымыз денемізді бос ұстап, өзімізді еркін сезінейік. Тынышталамыз.
Көзімізді жұмайық, ішімізден 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-ға санаймыз. Бүкіл болмысымызбен өзімізді тыңдаймыз. Айналамызды қоршаған орта – орман, көл, тау, бұлт, жарқыраған күннің нұры бізді шуағына бөлеп тербейді. Қоршаған әсем табиғатқа зер салып, үңілейік. Мөп-мөлдір көлдің суына үңілсек, өзімізді көреміз, таудың аппақ ұшар басы біздің көңіліміздей аппақ, аспандағы ақ мамық бұлт бізді қол бұлғап алдағы армандарыма шақырады.
Бір сәтте бұлттың үстіндемін.
Мен өзімнің арманыма қол жеткіздім!
Мен ризамын, мені дүниеге әкелген ата-анама!
Мен ризамын, маған алғаш қолыма қалам ұстатқан ұстазыма!
Мен ризамын, мені қоршаған достарыма, ұстаздарыма!
Мен ризамын, орман, көл, тауларға, ақ мамық бұлттарға!
Мен ризамын, кешегі күніме!
Мен ризамын, бүгінгі күніме!
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!
Мен сенімдімін ертеңгі күніме!
Ризамын, мен бәріне, бәріне, бәріне!!!
Енді ішімізден 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1-ге дейін ішімізден кері санаймыз!
Көздерімізді ашамыз, жинақталамыз!!!
Талдау: қандай әсер алдыңызы?көз алдыңызға елестете алдыңыз ба?қандай сезімде болдыңыз?
« Рахмет саған!» рефлексиясы
Мақсаты: бүгінгі тренингден алған әсерлерін жазып және айту.
Шарты: тақтаға гүлдің суреті ілінеді,әр оқушы өз пікірлерін көбелекке жазып гүлдің үстіне орналастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |