МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ 1. Қаржы ұғымы. 2. Мемлекеттік қаржы қызметінің ұғымы. 3. Қаржы жүйесінің ұғымы. 4. Мемлекеттік қаржы жүйесі және оның құрылымы. 5. Мемлекеттік қаржы қызметінің әдістері.
Қолданылатын әдебиеттер:
Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, Баспа,-2001.
Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Особенная часть. — Алматы, Норма-К, - 2002.
Худяков А.И. Основы теории финансового права. - Алматы, Жеті Жарғы, - 1995.
Найманбаев С. М. Финансовое право. Общая и особенная части. –Алматы, Данекер, 2004
ҚР Бюджет кодексі. 04.12. 2008
ҚР салық және басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі. 10.12.2008
«ҚР-да банк және банктік қызмет туралы» ҚР-ның Заңы. 31.08.1995
«Ұлттық банк туралы» ҚР-ның Заңы. 30.03.1995
«Сақтандыру қызметі туралы» ҚР-ның Заңы. 18.12.2000
«Валюталық реттеу және бақылау туралы» ҚР-ның Заңы. 13.06.05
1. ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫ Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп-дамуымен тығыз байланысты және мемлекетпен бір уақытта пайда болды және ақша қозғалысымен байланысты. Сондықтан, қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. “Қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың ауқымын қамтиды және ақшалай сипатта болады, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. “Қаржы” термині латын сөзі finis – істің аяқталуы, төлеу мерзімі, тартыстың аяқталуы дегенді білдіреді. Германияда finans сөзі ХVІ-ХVІІ ғғ. парақорлық, алдау мағынасын білдірген. ХІХ ғасырдың соңында “қаржы” термині тек ақша құралдары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің материалдық құндылықтарын да білдірген.