Мемлекеттік қызмет-менің таңдауым



Дата21.04.2023
өлшемі15,06 Kb.
#175044
Байланысты:
жаным эссе


Мемлекеттік қызмет-менің таңдауым
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, көреді, тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, таңдаған мамандықтарының қызығын көруге Қазіргі таңда заман талабына сай тұлға болып қалыптасып, мақсат – арманыңа жету үлкен өнерді, өмір сүру өнерін меңгеруді қажет етеді. Әрбір адам өзін-өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек.
Мемлекеттік қызметші-менің таңдауым.
Мемлекеттік қызметшілердің міндеті – ең алдымен, халыққа қызмет ету. Олар ел-жұрттың мұң-мұқтажына құлақ аспағанда кімге құлақ асады?! Осы қағидатты барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің санасына сіңірген жөн.
Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы, қызметтен тыс уақыттағы жүріс-тұрысы қоғамның мемлекеттік органдарға деген сеніміне әсер етеді, мемлекеттік қызметкердің қызметінен тыс кезде де өзінің адалдығына, ар-ұятына, әдептілігіне қатысты жұрттың күмәнін тудырмау және оның әрекеттері, қылықтары және жүрісі мемлекеттік қызметкер деген атаққа кір келтірмеуі керек, сондықтан, әрбір мемлекеттік қызметкер қашанда жоғары моральдық әдеп нормаларын сақтаулары тиіс. Барлық мемлекеттік қызметкерлеріміздің одан әрі өркендеуіне аянбай еңбек етіп, күш-жігерін егеменді еліміздің дамуына жұмсап, қоғамға жат мінез-құлыққа жол бермей, халық игілігі үшін жауапкершілікпен қызмет атқаруы керек.
Бауыржан Момышұлы атамыздың "Тәртіпке бағынған құл болмайды!" деген қанатты сөзі мені әрдайым биікке жетелеп,қанаттандыра түседі.
Мемлекеттік қызметші бүгінгі алған білімін ертеңгі күні қажеттілігіне сездіре алатындай қасиеті бар,халықтың қамын, жағдайын ойлап әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға.
Осы бір биік тұлғаны көз алдыма елестете отырып ұзақ ойландым. Расында мемлекеттік қызметкерлер жан-жақты түсінігі мол, қандай істі болса да тез,әділ шешіп, тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген, батыл Һәм болуы керек.
Менің де осындай биіктерден көрініп және өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, мықты мемлекетке пайдасы тиер қызметркер болу үшін барлық күш–жігерімді сарп етуге әзірмін.
Осы мамандықты тандауымды,өз жүрегімнен шыққан өлең жолдарымен жеткізгім келеді:
Асқақ, биік астасқан арманыммен
Мемлекеттік қызметті таңдадым мен.
Осы жолда біліммен қаруланып,
Жасай алам нық қадам алға бірден.

Қадам баса беремін жайлап өрге,


Туған елім болсын деп әйгі әлемге.
Адал еңбек, нық сенім, жігерменен
Тие берсін әрдайым пайдам елге.
Асқаров Диас

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет