Тақырып 1. Қызмет этикасының құрылымы және түсінігі,пәні Максаты:такырыпты жан жакты ашу,талқылау
Дәріс жоспары:
1.Этика пәнінің тарихи өзгеруі.
2.Этиканың түрлері
3.Этика ғылыми құрылымының дамуы
Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдің айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасып таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, — "малшашпақ" пен "дүниеқоңыздықтың" орта шені; батылдық — "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек қорқақтықтың" дәл ортасы; қарапайымдылық — "ұяңдық" пен "ұятсыздықтың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын құлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" — әсем, сұлу және "agathos" — ізгі, мейірімді) қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм — грек тілінің "ләззат іздеу, қызық құмарлық" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты — өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Мемлекеттік қызметші этикасыМемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени – ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік – философиялық пән болып табылады. Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен қателік. Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы. Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді. Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз – өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін – өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі. Талап ету – сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы – Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы – өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік. Мемлекеттік қызметші болу, бұл – адамдармен тең қарым – қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Жеке қарым – қатынастар. Өзін – өзі ұстау мәнері өзара амандасудан басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші амандасады». әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады. Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер адамға бірінші қолын ұсынады. Жеке қарым – қатынас – 60 см мен 1 – 2 метр қашықтықтан араласу. Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. Әлеуметтік ара қашықтық – 1,2 – 2,5 метрмен анықталады. Ол танымайтын адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді. Көпшілік ара қашықтық 3,5 – 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. Сіздің киіміңіз. Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап – таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер сенімге тез ие болады Тиімді қарым – қатынас.Тиімді қарым – қатынас үшін әңгімелесуші өзіне бейімдеудің, өзін – өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылыс білдіріп, мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра аласыз. Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей,