Батыс Қазақстан медициналық колледжі
Тақырыбы:
«Мен және менің ортам»
(психологиялық тренинг)
Өткізген: психология пәнінің
оқытушысы Махуова Г.Е.
Орал қ, 2015 жыл
Тақырыбы: Мен және менің ортам
Мақсаты: Өмірде адамнын асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Түрі: тренинг
Тренинг міндеттері:
- адамдар арасындағы қарым-қатынастың мәнін түсіну;
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру.
Көрнекіліктер: «Топтағы жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
ІІІ. Негізгі бөлім.
А) Амандасу- «танысу» жаттығуы.
Б) «Автопортрет» жаттығуы.
В) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Е) «Өрмекші торы» жаттығуы.
ІV. Қорытынды бөлім.
А) «Жүйрік ой» жаттығуы.
Б) «Қайта байланыс» жаттығуы.
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.
- Тренинг сөзінің қазақша мағынасы ойын немесе жаттығу дегенді білдіреді. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік - психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлығыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
Тренингке дайындық ережесімен таныстыру.
- тренинг ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.
/психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әрбіреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./
Топта жұмыс істеу ережесі:
-
Бір-бірін «Визиткада» көрсетілген есім бойынша атау
-
Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.
-
Болып жатқанға белсенді қатысу.
-
Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.
-
Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.
-
Басынан аяғына дейін жұмыс істеу.
ІІІ. Негізгі бөлім.
А) Амандасу- «танысу» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Әйгерім әдемі, әдепті қызбын...
Б) «Автопортрет» жаттығуы.
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б.
Рефлекция келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
В) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау:Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруына болады.
Рефлекция: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
Е) «Өрмекші торы» жаттығуы.
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің досына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлекция: Айтылған тіліктер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді-дегендей, айтылған ескертпе, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.
Тыныштық сәтін ұйымдастыру.
ІV. Қорытынды бөлім.
А) «Жүйрік ой» жаттығуы.
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз:/ музыканың ақырын әуені ойналады/
- маған қажетті қасиеттер, мыналар....
- сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ....
- әліде жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар....
- менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі....
Рефлекция: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.
Б) «Қайта байланыс» жаттығуы.
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен-кезек ала отырып тренингтің өтілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
- тренингке ең бірінші не ұнады?
- не ұнаған жоқ?
- өзің жаңадан не білдің?
Алған әсеріңіз қандай?
- үйлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
- тренигке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
Тренинг барысныдағы қызықты сәттер
Достарыңызбен бөлісу: |