Менің Отаным.
Ойын мақсаты: «Астана бас қала» туралы білімдерін толықтыру.
Ойынның мазмұны: Астана туралы кім көбірек жауап берсе, сол «билет сатушы» болып тағайындалады. «Серуен жетекшісі» де солай сайланады.
Мектеп құралдары
Ойын мазмұны: Сыныптағы оқу құралдарының біреуін таңдап алып,атын атамай, негізгі белгілерін сипаттау: «Бұл не?», «Неден жасалған?», «Не үшін қажет?», «Қай жерде орналасқан?» және т.б.
Ойынның тәртібі бойынша тек қана сынып ішіндегі оқу құралдары туралы айтылуы тиіс. Сипаттау бойынша бала сыныптан оқу құралдарын іздеп табуы керек. Ойын шартын түсіндіргеннен кейін ойлануға біраз уақыт (оқу құралдарын таңдау, маңызын түсіну, сипаттама беру т.б.) беріледі.
Ойынға барлық балалар қатысады.
Үй жануарлары
Ойын мақсаты: Үй жануарларының дауыстарын анықтап, олардың мінез құлықтарын, дауыстарын еліктеп көрсету.
Ойынның мазмұны: Ойынды ересек адам немесе балалардың үлкені басқарады. Ол алдымен ойынға қатысатын балаларды кең бөлмеге (аулаға, жазық алаңға) жинап алып, айнала отырғызады. Ойын басталады.
Ұқыпты ұтар,
Іздеген табар.
Оқыған озар,
Еріншек тозар.
Мұқият тыңдап отыруды тапсырған соң, ойын жүргізуші:
-Балалар, малды қалай шақыруды үйренейік!
-Биені құраулап,
Түйені көс көстеп.
Сиырды аухаулап,
Ешкіні шөрелеп.
Шақыра аламыз,
Сауамыз, бағамыз – дейді.
өлең аяқталған соң бұрынғы тәртіппен ойын жүргізуші балалардан біртіндеп:
-Биені қалай шақырамыз?
-түйені қалай шақырамыз?
-сиырды ше?
-ешкіні ше? – деп сұрайды.
Жауап айтылған соң жүргізуші:
-Енді малды суға кім шақыра алады? – деп сұрайды. Егер бала әлі кішкентай болса өзі былай айтып шығады...
-Жылқыны «моһ - моһ»
Қойды «пұшайт пұшайт»
Ешкіні «шөре шөре»
Түйені «сорап сорап»
Сиырды «әукім әукім»
Жүргізуші:
-Мал қалай дауыстайды? – деп сұрақ қояды да, оған өзі былай жауап береді:
Қой маңырайды,
Қозы жамырайды.
Жылқы кісінейді,
Сиыр мөңірейді,
Түйе боздайды.
-Малдың төлдеуін қалай айтады? – деп сқрайды.
Ойынның сөздері балаларға бұрын таныс болмаса, әрі олардың жасы тым кіші болса, жүргізушінің өзі алдымен айтып береді.
-Бие құлындайды,
Қой қоздайды,
Лақ лақтайды,
Түйе боталайды,
Сиыр бұзаулайды,
Ит күшіктейді,
Мысық балалайды,
Енді жүргізуші бұрынғы тәртіппен ойыншылардан өлеңде айтылған жануарлардың түрлерін жеке жеке сұрап шығады.
Сөзді дұрыс айтып, жауабын анық бере алмаған ойыншылардан өлеңде айтылған жануарлардың түрлерін жеке жеке сұрап шығады.
Жеңілгендер көпшіліктің қалауы бойынша ән салып, тақпақ айтып не билеп береді.
Шегіртке мен құмырсқа
Ойын мақсаты: шегіртке мен құмырсқаның әрекеттерін, сөздерін, олардың көңіл күйлерін қайта жаңғырту.
Ойынның мазмұны: педагог балаларды шегіртке мен құмырсқаның әрекеттерін, сөздерін, олардың қарым қатынасын бөлек атап көрсетуді сұрақтар бойынша талап етеді.
Тіршілік нәрі
Ойынның мазмқны: педагог «жер, су, ауа» деген сөздерді жеке айтқанда, балалар керекті суреттерді көрсетеді.
Жаңылып, шатасып қалған бала мақал мәтел, жұмбақ, тақпақ айтуы тиіс
Керек сөзді тап
Ойынның мазмұны: педагог сөйлемдерді оқып отырғанда, бала керекті сөзді табады.
Қыста өте суық және жиі ... (жаңбыр, қар, бұршақ) жауады.
Жазғы каникулда Ермек ... (конькимен, шанамен, велосипедпен) ойнады.
Тамақ үстінде ең дұрысы - ... (оқу, ойнау, үндемеу).
Қызық кітапты... (суға, қошақанға,досыма) беремін.
өзенге үлкен ... (үй, көпір, қақпа) салынды.
Адамдардың көңілі... (жөтелді, көтерілді,жиналды).
Автобус Алматының шетіне дейін... (жүзеді,ұшады,барады).
Шаңды ... (ағашпен, темірмен,шүберекпен) сүрттім.
Жас табиғат зерттеушісі
Ойынның мазмұны: балалар суреттерге қарап, жыл мезгіліне байланысты әңгіме құрастырады. Жыл мезгілі туралы толық әңгімелеп берген балаға педагог асық сыйлайды. Асықты көп жинаған бала «Жас табиғат зерттеушісі» деген атқа ие болады.
Жыл мезгілдеріне саяхат
Ойынның мазмұны: балалар, біз жыл мезгілдеріне саяхат жасаймыз. Билет сатушылар күз, қыс, көктем, жаз бекеттеріне билеттер сатады. өзі ұнататын жыл мезгілдері туралы әңгімелеп бергеннен кейін бақылаушыдан өтіп, пойызға отырады. Пойыз жүргеннен кейін Б. Чайковскийдің фортепьяноға арналған «Жыл мезгілі» пьесасын тыңдайды.
Жол әліппесі
Ойынның мақсаты: балаларды алдын ала көшеде жүру ережесімен, жүргіншілерге арналған жол және сызылған белгілермен таныстырады.
Ойынның мазмұны: жаяу жүретін жол айрығында балалар ары бері жүреді. Полиция жол жүру тәртібін, бағдаршам қозғалысын бақылап тұрады. Ережені дұрыс орындаған, жол ережесін бұзбаған балаларға сыйлық тапсырылады.
Керекті сөздерді тауып ал
Ойынның мазмұны: бір бала жаңғырық рөлін орындайды. Педагог жай дауыспен бір сөз айтады. «ЖАҢҒЫРЫҚТЫҢ» рөлін ойнаған бала бар даусымен сол сөзді қайталайды. Қалған балалар жаңғырық бойынша естіген сөздерін қайталайды. Осылай ойын жалғаса береді.
Телефоншылар жарысы
Ойынның мазмұны: балалар екі командаға бөлінеді. Педагог топ басшыларының құлағына жаңылтпаш айтады. Топ басшылары айтылған жаңылтпашты одан әрі жалғастырады. Қай топ тез аяқтап, дұрыс айтып шықса, сол топ жеңеді.
Достарыңызбен бөлісу: |