Өскімбаева ГүлжаҺан Болатқызы
Ақтөбе қаласы,
№39 қазақ орта мектебінің
бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты
Мақсаты :1.Ертегіні түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып ,негізгі идеясын ашу;
2.Кейіпкердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз көзқарасын көркем тілмен жеткізе алуға дағдыландыру; шығармашылық қабілетін жетілдіру, ,тілдерін,ойлау қабілеттерін дамыту;
3.Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалана отырып, ауыз бірлікке,ұйымшылдыққа,қанағатшыл болуға ,жақсы қасиеттерді үйренуге
тәрбиелеу;
Көрнекілігі:оқулық,суреттер,интерактивті тақта , слайдтар,сюжетті суреттер
Сабақта қолданатын әдістер:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік,талдау,іздену,СТО стратегиялары, оқу,баяндау,бес жолды өлең
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, бейнелеу, музыка
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
-Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен
М.-Саламатсыздар ма,балалар?
-О.Саламатсыз ба!
Балалар,бүгін ерекше сабақ.Ашық сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қазақ
Әдебиетінен өз білімімізді көрсетуге дайынбыз ба?
.
2.Үй тапсырмасына шолу.
Тоқымқағар өлеңінің мазмұнын сұрау
Тоқымқағар деген сөзге түсініктеме бер
Енші деген сөзге түсініктеме бер
3.Үй тапсырмасын бекіту:Ассоциация әдісі
Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады?
4.Қызығушылықты ояту:
Жұмбақ шешу
Бір балуан ,өзі күшті қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр,мейлі жота,мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.
(құмырсқа)
Елек-елек тарым бар,
Көтере алсаң бәрін ал.
(құмырсқаның илеуі)
Құмырсқа туралы не білеміз?
аталық
қара құмырсқа
ҚҰӨ
аналық
жұмысшы қызыл құмырсқа
Мұғалім:Балалар ,қанағат деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
Осы ұғымды топтастырып көрейікші.Қанағат сөзін айқанда сендерге
қандай ой келеді?
Топтастыру әдісі.
Қанағат-барға риза болу,үнемдей білу,жоққа шыдау ,қарын тойғызады,ең асыл қасиет
5.Мағынаны ашу
Қанағат ұғымын топтастырып болған соң , құмырсқа туралы,құмырсқаның тынбай еңбектеніп жаткандығы туралы сюжет көрсету.
Суреттен құмырсқаның еңбек етіп жатқандығын көрдік және қанағат ұғымын топтастырдық.Осы екі жұмыс арқылы оларды бір-бірімен байланыстыра отырып,сабағымыздың тақырыбын шығарып
алайықшы
-Құ мырсқаның қанағаты.
Дұрыс айтасыңдар, құмырсқаның қанағаты атты тақырып бойынша
Тағы бір ертегімен танысқалы отырмыз.
Күннің жады,тақырыпты жазу.
Құмырсқа туралы қосымша деректер
Құмырсқа жер шарында кеңінен таралған.Денесі бас көкірек және құрсақтан тұрады.Көкірек бөлімі жіңішке,онда үш жұп аяқтары бар,құрсақ бөлімінде шаншары мен улы бездері жақсы дамыған.Құмырсқалар көбіне топталып арнайы илеу жасап, тіршілік етеді.Әрбір илеуде аталық,аналық,жұмысшы құмырсқалар болады.Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын,қант диабетін емдеуде,қан қысымын реттеуде қолданылады.Оңтүстік Азия елдері,Мексика тұрғындары құмырсқаны тағам ретінде де пайдаланады.Оның илеуі де ем болады екен.
6.Мәтінмен жұмыс.
а) Тізбектей оқу
-Бұл мәтін не туралы екен?
-Кейіпкерлерді ата.
ә) Рөлге бөліп оқыту (оқымыс,құмырсқа,автор)
-Тақырыпты қандай бөліктерге бөлуге болады?
1.Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.
2.Құмырсқаға сұрақтар қоюы.
3.Бір жыл өткен соң.
7.Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Допты алып қолына
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады
Сол жағына қарады
Тау екен деп ойлады
8.Сөздік жұмыс
Оқымысты- ғұлама,білімді,көзі ашық,данышпан.
Қанағат-үнемдей білу,барға риза болу,барды қадірлей білу.
9.Топпен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма
1-топ
«Құмырсқа» сөзінен бірнеше сөз шығар
2-топ
Құмырсқаға сипаттама беру.
3-топ
Жарнама
10.Ой толғаныс: Бес жолды өлең
Не?құмырсқа
Қандай?еңбекқор,үнемшіл
Не істейді? Еңбектенеді,жүреді,шағады
Сөйлем Құмырсқа азығын жазда жинайды.
Мәндес сөздер:Жәндік
11.Шығарманы талдау:
1.Халық ауыз әдебиетінің турі-ертегі
2.Ертегінің түрі-қиял-ғажайып
3.Тақырыбы-құмырсқа
4.Оқиға орны-бақ іші
5.Негізгі мақсаты-құмырсқаның қанағатын анықтау.
6.Кейіпкерлер-құмырсқа,ғұлама адам.
7.Негізгі идея-құмырсқа өзінің қанағатымен адамды таңдандырды.
Қанағат қарын тойғызар.
Құмырсқа туралы фильмнен үзінді.
12.Үйге тапсырма.
Мәтінді мәнерлеп оқу.Құмырсқа туралы эссе жазу
13.Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |