Мерзімі: 03. 2017жыл Мұғалім Абдижалелова Гулфиза Таңатаровна Сынып



Дата08.09.2017
өлшемі50,11 Kb.
#31220
түріСабақ
«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп: №60ЖББОМ

Мерзімі: 9.03.2017жыл Мұғалім Абдижалелова Гулфиза Таңатаровна



Сынып 10 Оқушылар саны 20 Тақырып : Қызмет етем халқыма Құндылығы: Дұрыс әрекет Қасиеттері : адалдық,жауапкершілік,шынайылық

Мақсаты :Оқушылардың бойына халқына қызмет етудің маңыздылығын түсіндіре отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушылардың еліне,халқына деген қызмет ету түсінігін кеңейту;

-Оқушылардың бойында жауапкершілікті дамыту;

-Оқушыларды адалдыққа,жауапкершілікке,шынайылыққа тәрбиелеу;




Ресурстар:құралдар,мәліметтер,өлеңнің аудиодискісі

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.5Т

Тыныштық сәті.»Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаныздар.Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз,күн нұры сіздің төбеңізден өтіп,кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және әсем гүл сіздің әр ойыңызды,әр сезіміңізді,эмоцияңызбен тілек-қалауыңызды шайып жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда.Қолымыз тек жаксы,ізгі істер істейді,және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін,жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді.Нұр көздерімізге де жетті,көзіміз тек жақсыға қарап,бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп,басыңызға тек сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бір қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып,жан-жағыңызға сәуле шашады.Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңызға,таныстарыңызға бағыттаңыз,нұрды уақытша түсініспей ренжесіп жүрген адамдарға да бағыттвйық,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын.Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз Мен нұрлымын.....Нұр менің ішімде....Мен нұрмын....Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру

№26 сабақ.115 беттегі К.Мырзабековтың “Отаныңа қызмет ет”өлеңін оқып келу.

Сұрақтар:

-Өлеңде баласына қандай бұйрық,бата беріп тұр?

-Ақын қандай рух пен ұраннан күш алу керектігін айтады?

-Отанға қызмет ету кімге және не үшін қажет?

-Адамға Отан,атамекен,туған жер неліктен ерекше әсер етеді?

-Отанына адал қызмет етіп жүрген адамдар деп кімдерді айта алар едіңіздер?

-Бүгінгі уақытта айналаңа қандай көмек немесе қызмет көрсетіп жүрсіңіздер?

3.Дәйексөз.

Егер сенің халыққа қызмет ету жалғыз қуанышын болса-одан артық рахаттың қажеті болмайды.

Махатма Ганди

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

2 рет ұлдар,2 рет қыздарға қайталату.Барлығы бірге 2 рет қосылып айту.Дәптерге жазу.

4.Әңгімелесу.Мұғалімнің сыйы.Туған өлке.(әңгіме).

Өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыра отырып,жас ұрпақтың еліне,халқына қызмет етуіне,өз туған жерін мақтан тұтуына із қалдыру-аға ұрпақтың парызы.Темір қаласы-тарихы мен тағылымы,кені мен байлығы қатар ұштасқан мекен.Тарихымыздың тайғанақ беттеріне көз жүгіртсек,патша үкіметі кезінде Темір өзенінің бойында Темір бекінісі салынған,осы өңірден көне заманда Ұлы Жібек жолы көші өткен,осыған байланысты Қарақамыс жәрмеңкесі жылына екі рет жұмыс жасап,бүкіл батыс аумағында тұратын халықтардың игілігіне қызмет еткен.Алтын Ордаға жорыққа аттанған Әмір Темірдің,алаш қайраткері Мұстафа Шоқай Ахмет Халфе мешітіне түнеген,киелі мекен.Еліне,халқына танымал тұлғалар-ақын Н.Байғанин,қазақтың тұңғыш генерал-лейтенанты Ж.Кереев,дума депутаты А.Қалменов,академик С.Бәйішев,ағайынды Жұбановтар осы қалада оқыған,Темір топырағының тумалары.Жері пайдалы кендерге бай,өрісі малға жай,өркен жайған қала.



Сұрақтар:

-Ұлы Жібек жолының халыққа қызметі қандай болды?

-Әмір Темір,Мұстафа Шоқайдың Темір қаласымен байланысы неде?

-Темірде оқыған ұлы тұлғаларды ата?

-Бұл адамдардың еліне,халқына деген сезімдері қандай?

-Еліне риясыз қызмет ету адам бойында нені қалыптастырады?

-Өзің оқып жатқан мектеп кімнің атында?Қалаңның өркендеуіне көмегің қандай?

5.Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс.

Карточка дайындалып ,үш топқа беріледі.

1 –Толғанай тобы(шежіре даярлау).

2-Ащысай тобы (мәлімет жинау).

3-Егіндібұлақ тобы(кітапханамен жұмыс).

Әр топ жоба қорғайды.



6.Топпен ән айту.

“Туған жерім Темірім”.Әні.С.Айтжанов

Сөзі.О.Байсеңгір

7.Үй тапсырмасы.

№27 сабақ,118 беттегі М.Мақатаевтың

“Тылсым дүние ғажаптары”өлеңін оқып келу.

8.Сабақтың қорытынды минуты.

Мен сіздерге ризамын!Жандарыңыз әрқашан нұрға бөленсін! Рахмет.Сау болыңыздар!



5-т

Татулық,


Тәртіп,

Талап,


Тыныштық,

Тазалық.


Волшебный композиция

Волшебный композиция




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет