Мерзімі: 22. 09. 2019ж. Білім беру саласы



Дата21.10.2019
өлшемі45,11 Kb.
Мерзімі:22.09.2019ж.

Білім беру саласы: Таным,,коммуникация,қоршаған орта.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қ.М.Ұ.Қ.

Тақырыбы: 5 санымен және таңбасымен таныстыру тура және кері санау.

Мақсаты:5 саны мен оның таңбасымен таныстыру,қатарда орналасқан заттарды көрсете отырып,сандарды ретімен атауды үйрету.Жұмбақтарды тапсырма барысында шешуді,санамақтар айтуды үйрету.

Көрнекілігі:Кәрзіңкедегі гүл,слайд,алма ағашы.

Билингвальді компонент:Бес,пять,fiqht.

Оқу қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Психологиялық сәт: «Гүл шоғы»

-Сәлемсіздерме ме,балалар!

-Көңіл күйіміз қандай?

-Ендеше,осындай көтеріңкі көңіл- күймен менің қолымдағы әдемі кәрзіңкедегі гүлді «бүгінгі күніміз сәтті өтсін» деп сендерге ұсынбақшымын.Ал,сендер бір-бірлеріңе жылы тілектеріңді арнай отырып,достарыңа ұсыныңдар.


-Сәлеметсізбе.

-Жақсы.

-Балалар,бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.



-Аспанымыз ашық болсын!

-Елбасымыз аман болсын!

-Деніміз сау болсын!


Ұйымдастырушылық ізденістік

Бүгін біз сендермен ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.Ертегі желісі бойынша тапсырмалар орындаймыз
«Сұлушаш пен Бағдаулет» оқиғасы.

1-тапсырма:Орманда орманшының үйі бар.Оның Сұлушаш пен Бағдаулет атты екі баласы бар екен.Бағдаулет кішісі үш жаста екен ал Сұлушаш одан екі жас үлкен екен.Сонда Сұлушаш неше жаста?


Ендеше Сұлушаш үлкен екен.
Бір күні Сұлушаш пен Бағдаулеттің ата-анасы қыдырып кетеді,кетерде Сұлушашқа інісін тапсырып кетеді.Есік алдында ойнап Сұлушаш кетіп қалады.Сол кезде Бағдаулетті«ғажайып» аққу ұшып келеді де алып кетеді.Сұлушаш келіп інісін іздейді. Үйінің алдында алма ағашы бар еді Содан сұрайды.

-Сонда алма ағашы былай деп жауап береді.

Көмектесейін бірақ сен де маған бір көмегіңді бер.Мынау алмаларым қып-қызыл болып пісіп,басымды көтере алмай тұрмын.Менің алмамды жинауға көмектес (Сұлушаш алмасын жинасады).

Қане,балалар біз де Сұлушашқа көмектесеміз.


Бір,екі,үш,төрт,бес.

Один,два,три,четыре,пять,

-Біраз жүрген соң Сұлушаш бір өзенге кездеседі.Өзен балықтарын суға салуды тапсырады.Сұлушаш балықты суға салуға көмектесеміз.

1,2,3,4,5.балық.


-Сұлушаш егістік алқапқа келеді.Егістік алқап:Математикалық жұмбақтар шешсін,содан кейін барып,менің егістік алқабымнан өтесің дейді.


Логикалық жұмбақтар.
Төменде үш қаз ұшады.

Үшеуі бұлтты құшады.

Өзеннен көрдік екеуін.

Айтыңдаршы қаз нешеу екенін.


Қасқыр қақты қақпаны.

Ашыңдар,тез!-айтқаны.

Сол-ақ екен лақтар-

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі- төсек астына,

Бірі-пештің қасына,

Бірі-сәкі астына,

Бірі-астына кереует,

Бірі-тапқыр керемет,

Отыр бөшке түбінде.

Қанша лақ бар бұл үйде(5).


Сергіту сәті. (слайдпен қызыл өрік).

-Сұлушаш Мыстан кемпірге кездесіп,сәлем береді.

Сәлеметсізбе әже?

-Неге ренжіп келесің балам?



Мыстан кемпір:Алдымен сен маған сандарға байланысты көңілді санамақтар айтып бер.Содан кейін мен ініңді тауып беремін
Тәрбиеші:Балалар Сұлушаш әбден шаршады олай болса біз көмектесіп жіберейік.


Мыстан кемпір:сендер менің айтқанымды орындап маған көңілді санамақтар айтып бердіңдер сендерге рахмет.Үлкенді сыйлай білетін тәртіпті бала екенсіңдер.Менде сендерді көріп бұдан былай жауыздық жасамаймын.Менде жақсылық жасайын деп «Ғажайып аққуымды» жіберіп ініңді алдырттым.Бірақ Сұлушаш сен ініңді жалғыз тастап кеткенің дұрыс емес.Екінші бұлай етуші болма.

Сен үйіңе қайта бер,ініңді үйіңе жеткізіп саламыз дейді.



Тәрбиеші:Сұлушаш үйіне келсе,есік алдында інісі отыр.

Міне осымен ертегіміз аяқталды.




-Бес жаста.

Сұлушаш:

-Алма ағашы,менің інімді көрдіңбе?Інімді табуға көмектесші-дейді

Балалар Сұлушашқа алма жинауға көмектеседі.

1,2,3,4,5.алма.


1,2,3,4,5 балық.

Бесеу.


-Бесеу.

Балалар қимылмен сергіту жаттығуын жасайды.


Сұлушаш:

Інімді жоғалтып алдым көмектесіңізші.



Жансерік:

Бір дегенім-бүркіт,

Қалады аңдар үркіп.

Абылай:

Екі дегенім-есек,

Білмейді ол есеп.

Нұрхан:

Үш дегенім үккі

Ұстап жеді түлкі.

Н.Кәусар:

Төрт дегенім тиын,

Есебі оның қиын.

Нұрлыбек:

Бес дегенім бұлбұл,

Сайрағанда дүлдүл.


Рефлексиялық-түзетушілік

Ұйымдастырылған оқу қызметін ойын арқылы қорытындылау.

Ойынның шарты:1-5 дейінгі сандарды қимылмен шапалақтап санаймыз.



Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

Балалар қызығушылық пен ойынға қатысады.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Балалар 5-ке дейінгі реттік сандарды ауызша санау арқылы салыстыра білуді білді.

Білуі керек:Сандарды танып,көрсете білуді,неше деген сұраққа толық жауап беруді, сандарды ретімен қоюды меңгереді.

Түсіне біледі:Өз бетімен іс-әрекет жасап,математикалық жұмбақтарды шеше алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет